Қазақстанның жеті кереметі
Мазмұны
1 Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. «Бәйтерек» монументі
2. Қазақтың қара домбырасы
3. Қазақтың киіз үйі
4. Алтын адам
5. Таңбалы тас суреттері
6. Яссауи кесенесі
7. Маңғыстаудың жер асты мешіті
3. Қорытынды бөлім
4. Пайдалынған әдебиеттер
Кіріспе
Барша әлем мойындаған Жеті керемет тізіміне Мысыр пирамидалары, Зевс мүсіні,Бабылдың аспалы бағы,Артемида ғимараты, Галикарнастағы табытхана, Александрия шамшырағы және Гелиос мүсіні енгізілгенін жақсы білеміз. Кең байтақ қазақ даласы да мұндай кереметтен кем емес.Қазақ халқы қашаннан «жеті» санын киелі деп санайды. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша – бір аптада жеті күн бар, сондай-ақ «жеті ата», «жеті амал», «жеті жұт», т.б. сол сияқты тілімізде, қазақтың тұрмыс-салтында сақталған әдет-ғұрыптық атаулар өте көп.Осылайша «Жеті» санын қадірлеу көне заманнан басталып, әлі күнге дейін қасиетті сан болып есептеліп келеді. Осы орайда, алысқа бармай-ақ, еліміздің жеті кереметін өскелең ұрпаққа дәріптеп, жеткізіп отыруымыз қажет. Қазақ даласының жеті кереметіне тоқталар болсақ, олар: «Таңбалы тас суреттері», «Алтын адам», «Қазақтың киіз үйі», «Домбыра», «Яссауи кесенесі», «Маңғыстау жерасты мешіті», «Бәйтерек» монументі болып табылады. Ендігі кезекте, олардың әрқайсысына толық мәлімет бере кетейік.
«Бәйтерек» монументі
Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние – төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстанның астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы ретінде орын алады. Ұлы даланың жеті кереметі тәуелсіз елдің тарихынан сыр шертіп, көкірегіңе мақтаныш ұялатады. Осы жеті керемет еліміздің қазақи нысандарынан, тарихынан сыр шертіп отырғандай. Ата-бабамыздан қалған киелі мекеннің ғажаптары. Тарихымызды біліп, мәдениетімізді ұғынып, өткеніміз бен бүгінімізде болып жатқан өзгерістерден хабардар болып жүрейік. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болғай! «Астана-Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, сондай-ақ егемен Қазақстанның аса маңызды символдарының бірі болып табылады. Монумент құру идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап, берік негізі мен болашақ өркендеуге ұмтылған мемлекетті әйгілейді. Монумент мағынасының эпикалық түсіндірмесі де бар, оған сәйкес Бәйтерек қазақ халқының дүниетаным туралы көрінісін білдіреді. Аңызға сәйкес Бәйтерек – қасиетті Самұрық құсы ұмтылатын өмір діңгегі. Самұрық өмір мен үміт сыйлайтын алтын жұмыртқа – Күнді дүниеге әкелу үшін оның биік ұшарбасынан пана табады. Ал бұл сәтте діңгектің жанында жұмыртқаны қарпып қалғысы келетін аш құрсақ Айдахар тасаланып тұр. Осылайша жақсылық пен жамандықтың мәңгі күресі көрсетілген. Айналасында Әлемдік өзен ағып өтеді, ал жағалауында ұшарбасымен аспан тіреп, тамырымен жерге ойысқан Бәйтерек тұр.
«Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы ашылды. Металдан, шыны мен бетоннан жасалған бұл бірегей сәулет құрылысының ауқымы таң қалдырмай қоймайды: биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тонна металл конструкциясына 500 қада тірек болып тұр. Әлемде тұңғыш рет диаметрі 22 метр және салмағы 300 тонна болатын, күн сәулесіне қарай түсін өзгертетін «құбылмалы» шар 97 метрге көтерілді. Құрылыс кезінде жерге орналастыру жұмыстарының алаңы 8600 м³, бетон жұмыстары 2900 м³, металл конструкциялары 999 тоннаны, күмбезді шынымен көмкөру жұмыстары 1555 м² құрады.
Бәйтерек монументі өз тұрғысында символ болса да, оның әрбір бөлшегінен символикалық жолдаулар оқуға болады, мысалға, мұнарасының биіктігі 97 м құрайды, бұл 1997 жылы елорданы Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстыру күнін айшықтайды.
«Астана-Бәйтерек» монументінің негізгі идеясы – Бейбітшілік Діңгегі. Діңгектің негізгі қызметі: дүниетанымның негізгі үш – төменгі (жер астындағы), орта (жер үстіндегі) және жоғарғы (аспандағы) деңгейін біріктіру. Монументтің сәулетінде төменгі деңгей жер астында -4.5 метрде орналасқанынан көрініс табады, онда кафе, аквариумдер, сондай-ақ танымал суретші Ерболат Төлепбайдың жұмыстарын қамтитын кіші галерея де бар. Панорамалық жеделсатыларда «Бәйтерек» ағашының бойымен (орта деңгей) көтерілгеннен кейін қонақтар аспандағы деңгейді – бар мен панорамалық залды, әлемдік діндердің өкілдері қолдарын қойған 17 жапырақтан тұратын ағаш глобус орнатылған шарды тамашалай алады. Сондай-ақ мұнда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев алақанының бедерлемесі - Қазақстан халқының ғаламшарымыздағы бейбітшілік пен тыныштыққа деген аялы қарым-қатынасының символы «Аялы Алақан» да орналасқан.
Мұнда Астананы – Есілдің сол жағалауындағы заманауи іскер аудан мен өзеннің оң жағалауындағы алаңы кең жайлы аудандарды «қалықтаған құс» биіктігінен тамашалауға болады.
Жыл сайын Монументті тамашалау үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ алыс және таяу шет елдерден келген туристер көптеп келеді. Қонақтарға өз өнімдерін ұсынатын екі кафе-бар, «Астана – Бәйтерек» символикасы бар кәдесый өнімдері мен ұлттық кәсіпшілік бұйымдарын сататын дүкен қызмет көрсетеді. Қонақтарды қабылдаумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорынның барлық қызметкерлерінде бейдждер мен әрбір қызмет үшін арнайы әзірленген және жыл сайын жаңартылып тұратын, ұлттық ою-өрнек элементтерімен нақышталған дербес униформа бар. «Астана-Бәйтерек» монументінің жарық та, кең де көрініс залдарында ресми және мәдени іс-шаралар өтеді. Экскурсия жетекшілері мемлекеттік, орыс, шет тілдерінде Қазақстанның барлық аймақтарынан, сол сияқты таяу және алыс шет елдерден келген елорда қонақтары үшін шолу экскурсияларын өткізеді, қызығушылық танытып отырған сұрақтарына тілектестікпен жауап береді.
Бүгінде «Астана-Бәйтерек» монументі ұлттық брендке айналды, әлемдік қоғамдастық оны елордамен ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстанмен орнықты түрде байланыстырады. Бәйтерек Астана қаласының ғана емес, бүкіл қазақ халқының игілігіне айналды.
Қазақтың қара домбырасы
Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі – домбыра туралы. Домбыра – халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасыме ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспапты бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Домбыра – әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында.
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын -өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы.
Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуанышта да, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Олар домбыраның сыңғырлаған үнімен халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Ал домбырада ойнау өнері мен күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып отырған.
Әрбір шаңырақтың төрінде ілулі тұратын домбыра ұлттық өнерді ұлықтайды. Оны ұлтымыздың жаны дерсің. Халқымыз бабаның көзіндей, қазақтың өзіндей болған қастерлі дүниенің қадір-қасиетін құрметтей біледі. Әдетте домбырасы жоқ шаңырақты мұрасы жоқ үй ретінде бағаланады. Ғасырлар бойы сақталған даланың рухы мен бабаның ғұрпын бүгінге жеткізген ұлттық құндылықтың тамыры тым тереңде жатыр. Домбыраның өзіне тән үні бар, сол қоңыр үнді нағыз шебер ғана өз нақышына келтіріп орындай алады.
Қашанда қазақ пен домбыра егіз екенін айтады. Екеуінің біртұтас ұғымға айналып кеткеніне тарих куә. Сол қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үні талай қазаққа рух береді. Оның шанағынан төгілген әсем әуен мен тәтті күйге тәнті болып, құлақ құрышын қандырамыз.
Домбыраға деген қызығушылық әрі музыкалық аспаптың танымалдылығы ешқашан да тоқтаған емес. Бүгінде домбыраның құлағында ойнайтын жастар көп. Бұл қуантарлық жайт. Бұл дәстүрді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат етіп тапсыру біздің қолымыздан келеді
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Қазақтың киіз үйі
Киіз үй – көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы – І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) – киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды. Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың көшпелі өмір салтын ұстанғаны белгілі. Көшпелі өмірге ыңғайлы болғандықтан киіз үйді пайдаланған. Климат жағдайына және мекендейтін ауданына байланысты қазақтардың қыста немесе жазда тұратын тұрғын үйлері әртүрлі болған. Олар жазда киіз үйде, қыста тұрақты салынған жылы жайларда тұрған. Олардың барлығы дерлік киіз үй формасын сақтаған. Қазақтардың өте ертеде тұрған тұрақты үйлері шошала деп аталған. Ол дөңгеленген бір бөлмелі конус немесе жарты ай сияқты күмбезделген. Шошаланы ағаштан кесіп, тоқып немесе ойылған тастан, күйдірілген кірпіштен қалаған.
Ал Қазақстанның оңтүстігі мен орталық аймағында дөңгелек күмбезді қыпшақ үлгісіндегі киіз үйлер басым болды. Жетісу аймағында құрылысы конус тәрізді, күмбезді келген қалмақ үлгісіндегі киіз үйлер сақталған.
Кей деректе киіз үйдің қазақ және қалмақ үлгісіндегі екі түрі бар екенін айтылады.
Киіз үй негізгі үш элементтен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Жылжымалы тор көз – кереге, кереге басы мен шаңырақты жалғастыратын ағаш – уық, киіз үйдің төбесі – шаңырақ. Керегенің әр бөлігі қанат деп аталатын қабырғалардан тұрады.
18 ғасырдан бастап 19 ғасырдың бірінші жартысына дейін 12, 15 және 18 қанатты киіз үйлер болған. Керегелер торкөз, желкөз деп бөлінеді. Керегенің басы мен шаңырақтың ортасын ұзын ағаш шыбықтар – уық тұтастырып тұрады. Үйдегі кереге басы қанша болса, сонша уық керек.
Академик Әлкей Марғұланның "Казахская юрта и ее урбанство" деген еңбегінде "30 қанатты хан ордалары болған" деген дерек келтірілген.
Алтын адам
1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған, олардың саны төрт мыңға жуық. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген «Алтын адам» да қазақтың жеті кереметіне енді.Есік қорғанынан табылған Алтын адам 1970 жылы Есік қорғанында табылды. Темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін белгілі археолог Кемел Ақышев тапқан еді. Содан бері алтын адамның табылғанына 50 жыл өтті. Алтын адам туралы мәліметтерге келсек, бұл адамның жасы шамамен 16-18-де. Табылған қорғаны б.з.б. VII-VIII ғасырға яғни, темір дәуіріне жатады. Алтын адаммен қатар 4000-нан аса алтын заттар, қылыш, қыштан жасалған 31 ыдыс, күміс табақтар, ағаш қасық, қола айна болған. Ғалымдар оның бас киіміндегі төрт жебесіне қарап, билеуші әулетке жатады деп топшылады. Сонымен қатар ғалымдар табылған адамның қалдықтары әйелдікі болуы да мүмкін дейді. Себебі, басындағы 70 сантиметр сәукелеге ұқсайтын баскиім мен саусақтарында екі сақина киілген. Сақинадағы суретте Күн құдайы Митра бейнеленгенін де айтады. Осындай құнды мұрамыздың ендігі бас сүйегіне келетін болсақ, оның қайда кеткені бізге әлі де беймәлім күйде. Бұл жөнінде Ерлан Жасыбаев Алтын киімді ханзаданың моласын ашқанда оның басының да бірге табылғанына күмәні жоқ екенін айтады.
Кейбір ақпараттарда антрополог Бекмұханбет Нұрмұханбетов Оразақ Смағұлдың бөлініп қалған бас сүйекті желімдеп, бір-біріне жапсырмақ болғанын талай рет есіне алған. Бірақ осыдан кейін бас сүйектің қайда кеткенін ешкім білмейді. Бастың денеден ажыратылу себебі еш құжатта көрсетілмеген. Оразақ Смағұловтың алғашқы сараптамасынан кейін экспедиция басшысы болған Кемел Ақышевтың сүйекті тағы да қосымша зерттеу үшін бір жаққа жібермек болғаны ғана белгілі. Бірақ сүйек сол бойы жоғалып кеткен. Ал кейбір ақпарттар бойынша Бекмұхамбет Нұрмұханбетов бас сүйекті көзбен көргені жөнінде жазылған. Яғни, қазба жұмыстары кезінде құралдардың бірі шалыс тиіп, бас сүйек екіге бөлініп қалған екен.
«Алтын адамға қатысты «Есік» қорық музейінің директор орынбасары Досым Қуатұлы Зікірияға бірер сұрақ қойып көрді:
— Өздеріңізге мәлім 1970 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының маңынан Қазақстанның әйгілі олжасы Алтын адам табылды. Өз кезегінде, тіпті күні бүгінге дейін осынау әйгілі қазына Қазақ археологиясының алдыңғы қатарлы олжаларының бірі болып келе жатса да біз оның алтынына ғана мән беріп келдік. Ал негізгі мәлімет беретін сүйекті мүлде ұмытып кеттік. Дегенмен, Алтын адамның сүйегі табылғаны туралы барлығыңызға мәлім болғандықтан, оны қайталап айта бермеймін. Ең бастысы, сүйек табылғанымен, бас сүйегі жоқ боп шықты. Ал бас сүйектің өзі 1970 жылы қазба жұмыстары барысында қатты бүлінгені белгілі болған еді. Қабірдің бетіне жапқан бөренелердің бірі шіріп құлаған кезде тура басына түсіп, бет сүйекті талқандап кеткен екен. Алтын адам табылғанда оның шүйдесі, астыңғы жағы мен маңдайы ғана аман сақталған еді. Ал біз бас сүйекті іздестіру барысында архив құжаттарын көтеріп көрдік. Алайда еш мәлімет табылмады. Әйгілі антрополог Оразақ Смағұлов өзінің бір бір сұхбатында бас сүйекті зерттеп қорытынды берген соң оны К. Ақышевқа қайтарып бергенін айтады. Дегенмен, әлі де болса үміт үзбейміз. Табылып қалар деп жүрміз. Қаңқа сүйек ашықтан ашық керуетте шашылып жатқан емес, жатқан жоқ және жатпайды да. «Есік» қорық-музейі 2013 жылы «Алтын адамның ашылу және зерттелу тарихы: аңызы мен ақиқаты» жобасы аясында Алтын адам табылған экспедиция жайлы мәліметтер іздестіруге кірісті. Қаншама архив құжаттарын ақтара жүріп Алтын адамның да сүйегінің де ізіне түстік. 2014 жылы сүйек табылып, 2015 жылдан бастап сүйекке арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ДНҚ сараптамасын жүргізіп көрдік. Бұл орайда Ресей, Венгрия, Дания, Германия елдерінің ғалымдарымен де жұмыс жүргіздік. Өкінішке қарай, кезінде сүйекті сақтау шарттары дұрыс орындалмағандықтан зерттеулер еш нәтиже бермеді. Ал, сүйектің өзі бүгінгі таңда «Есік» қорық-музейінің қорында сақтаулы тұр. Яғни, жоғарыдағыдай сұраққа ешбір негіз жоқ,-деді.
Таңбалы тас суреттері
Қола дәуірінің тасқа салынған
суреттері көрген адамды таңғалдырары хақ. Ертедегі адамдар күнге
күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды,
соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін,
анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы
саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және
әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы
жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді.
Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Ол
суреттерде ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі,
діни наным-сенімдері, аңшылық пен соғыс ісіне байланысты көріністер
бейнеленген. Алматы облысындағы таңбалы тас суреттері – бүкіл
әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында.
Ескерткіш өзен жағалауындағы өте үлкен емес
жартас алабына шоғырланған, етектегі 15 жеке тұрған үлкен тастар
бетіне Будда құдайларының үлкен бейнелері мен әр уақыттағы тибет
және ойрат жазбалары салынған. Орталығы үлкен жартас бетіне
салынған үш құдай бейнесі болып
табылады: Шакьямуни, Бодхисаттва Авалокитевары және емші ұстазы Манла (тибет тілінде,
ал моңғол тілінде Оточи). Әулиелердің аты мәтінде моңғол және тибет
тілдерінде кездеседі. Бодхисатва Авалокитевара бейнесі орталық
фигура болып табылады. Оның бейнесі ережеге сай орындалып, бейнесі
бүге-шігесіне дейін салынған: ол лотос тағында аяқтары айқастырылып
отырған және төрт қолды құдай кейпінде
бейнеленген.
Жартастың тегіс беттеріне лотос пен таспиқ
қашалып түсірілген.
Манла Буддасы (моңғол тілінде Оточи) лотоста
отыр, оң қолына тибет медицинасында белгілі барлық аурудан
айықтыратын миробалана жемісін ұстап тұр. Ал сол қолында садақа
жинауға арналған тостаған. Төмен жағында тибет тілінде "Дәрі құдайы
– Буддаға тағзым етем" деп
жазылған.
Баурайдың төмен
жағында Ваджраян буддизміндегі бес Данышпан Буддасының
бірі Акшобхьи бейнесі қашалып
салынған.
XIX ғасыр ортасынан бастап фигуралар мен дұға
мәтіндерін көптеген зерттеушілер
зерттеді: Ш.Ш.
Уәлиханов (1856 ж.), К.А. Ларионов (1877 ж.),
Ф.В. Поярков ( (1896–1898
жж.).
ХХ ғасырда олардың
зерттеулерін Ә.Х.
Марғұлан, И.В. Ерофеева, Ф.П. Григорьев, А.Е.
Рогожинский, Б.А. Железняков және басқалар
жалғастырады.
2008-2010 жылдары Таңбалы таста XVII–XVIII
ғасырлар монументалды өнер мен тарих ескерткіші ретінде мамандар
тобы (И.В. Ерофеева, А.Е. Рогожинский, Б.Ж. Әубәкіров, Р. Сала,
Ж.-М. Деом) Санкт-Петербург қаласынан келген ресейлік
моңғолтанушылардың (Н.С. Яхонтова, Ю.И. Елихина) қатысуымен кешенді
пәнаралық зерттеу жұмыстарын
жүргізеді
Яссауи кесенесі
Түркістан – Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан – руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қожа Ахмет Ясауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрынғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында ислам дінін уағыздаушы Ахмет Ясауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен.
Қожа Ахмет – өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады.
Қожа Ахмет Ясауи кешені – порталды-күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5 х 65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы. Бұл күнде Қожа Ахмет Ясауи ғимараты – шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.
Яссауи кесенесі масштабы бойынша орасан зәулім порталды-күмбезді ғимарат болып табылады. Оның енң – 46,5 м, ұзындығы – 65,5 м. Кесене қазандық бұрыштарынан таралатын және орын-жайды 8 бөлікке бөлетін өткелдер, баспалдақтар және дәліздермен байланыстырылған 35 орын-жайдан тұрады. Құрылыс алебастр ерітіндісі негізіндегі күйдірілген кірпіштен қаланған. Ғимараттың оң жақ порталы екі биік мұнарадан және аркадан тұрады, айтарлықтай биіктігінің (39 м) және арканың үлкен өткелінің (18 м) арқасында ол негізгі ғимараттың көлемінен ерекшеленіп, оның сәулеттік бейнесінің алыптығын айқындай түседі. Пропорциялардың жетілдірілгендігімен және әшекейдің байлығымен қасбеттің солтүстік жағы ерекше көзге түседі. Салыстырмалы түрде кішігірім порталының бұрышындағы үштенбір бөлікті бағаналар лиратәрізді капительдермен ұштасады. Бағаналардың негізгі бөліктері алтықырлы майолик тақтайшаларымен қапталған. Үйлесе келе олардың өрнегі үзілмейтін сурет құрады. Портал үстінде жоғары барабанда Ахмет Яссауи мазарының күмбезі тұр. Ғимараттың батыс және шығыс қасбеттері жылтыраған кірпішпен қапталған. Ғимараттың қасбеті көгілдір гаммада жасалған. Қасбет көптеген әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілген, десе де, әшекейдің негізін эпиграфиялық ою түзеді. Қабырғалардың барлығы діни мазмұндағы мәтіндер және қасиетті жазудан алынған дәйексөздермен толтырылған.
Маңғыстау жерасты мешіті
Бекет Ата жер асты мешіті – Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш-төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды. Бекет ата жер асты мешіті Маңғыстау облысының Оғланды жерінде орналасқан. Бұл діни сәулеттің ескерткіші XVIII ғасырмен даталанады. Бекет ата маңыздылығы бойынша Қожа Ахмет Яссауи жерлеу орнымен қатар бірге тұрған киелі орын болып саналады. Екі жүзжылдық бойы осы жерге әулиенің рухына сыйыну үшін қажылыққа келген адамдар барып жатады.Бекет ата Болмыс кітабы ашық болған көріпкел мен әулие ретінді белгілі. Сонымен қатар ол емдеуші, физика, математика, астрономия заңдарын білген адам ретінде де белгілі болған.Аңыз бойынша, Бекет ата XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Ол Атырау облысының Күлсары аулылының жанында туған, ал 14 жасында ол өзі қастерлеп, құрметтеген дана Шопан атаның мәйітіне иілуге келген. Үшінші түнге Шопан ата жас жігітке оқуға өсиет берген. Әулиеден өсиет алып, жас жігіт алыстағы Хиваға аттанды, сол жердегі медреседе ол ғылым оқыды. 40-қа келгенде әулие Бекет ата сопы болып, балалардың сауатын ашқан. Өзінің жолында әулие Бекет ата көптеген жерде болып, Маңғыстауға қайтадан оралады. Ол адамдарды емдеген: оған азап шегушілер келген, оларған ден саулық пен өмір күшін берген. Даулы мәселелерін шешкен кезде, ол екі жақты келісімге әкелген даналығын көрсеткен. Бекет ата өзінің діни өсиетінде діндар адамдарды шындықпен өмір сүруге, адал болуға және қайрымдылық жасауға үйреткен.Дана мен әулие халық есінде қалмықтарға қарсы ұрыста ерлік жасаған жауынгер ретінде қалды. Ол оның ата-бабасы Есет батыр сияқты батыр күші мен батылдығына ие болған.Әулие Бекет ата шамамен 1813 жылы дүние салды, ол өзі салған жер асты мешіттің жанында Оғланды шатқалында жерленген. Аңыз бойынша Бекет ата түрлі жерлердегі төрт мешітті салған. Олардың бірі Маңғыстаудан алыс емес жерде, Оғландыда орналасқан, екіншісі- Бейнеуде, үшіншісі-Жем өзені бойында, ал төртіншісі Арал жағасында, Баялыда орналасқан.Ең ірісі Оғландыдағы мешіт болып табыады. Ол биік жартастың орта қабатында салынған, ол кертпешімен бұта қалың өскен терең қоунауға, түскен. Оның сатысы мешітке кіреберістің алдында салынған шағын алаңға апарады. Бірінші жай – күмбезтәрізді төбенің орталығында тесілген терең жарық саңылауымен жарықтандыратын вестибюль.Вестибюльдің батыс жағында оңтүстік қабырғасында михрабы бар намаз залы, ал оңтүстік-шығыс жағынан екі жай орналасқан, ал олардың бңрңнде Бекет ата жерленген.Мешіт вестибюлі жобасы бойынша дөңгелеек болып табылады (диаметрі шамамен 4,5 м ). Төбесі тегіс күмбездің формасына ие. Жалпы айтқанда ішкі көрінісі қазақтың киіз үйіне ұқсас. Оңтүстік-батыс қабырғасында михраб текшесінің бар болуына қарағанда, бұл намаз залы болып саналады. Батыс жағынан оған сопыға сәйкес еденнің деңгейі бұрыш пилондарының артында жарты шеңбер жай жанасады. Сірә, солтүстік жағынан зал көлемі жағынан кем болмайтын үшінші жаймен кең өтпе жолымен біріккен. Осы жайдың міндеті бәріне түсінікті емес. Ол намаз залының қосымша алаңы немесе қойма жайы болуы мүмкін. Осы жайдың тар кіреберісі оны шығыс жағынан жанасатын төртінішімен біріктіреді. Соңғысының қабырғалары мен төбесі қираған, ал еден бетінде құлпытастардың қалдықтары табылған. Мешіттің барлық жайларының қабырғалары жұқа тақтайлармен тегістелген және шамдарға арналған терең емес текшелерден басқа қолданбалы түрде безендірілмеген.
Жер асты мешіттің ерекше акустикасы таң қалдырады – барлық жайлардың ішінде оқылатын намаздар естіледі. Есік ашық болған кезінде өтпе желі жоқ. Сопы ғылым заңдарын интуициялық сезіммен меңгерген деген пікір пайда болады. Ғалымдардың батыл болжамы бойынша, Бекет ата мешіті обсерватория сияқты болып, әулие сол жерде аспан денелерінің қозғалысын бақылап отырған. Бұл оған қатты қысты, қапырықты ыстықты, нөсерді алдын ала болжауға, жайлауға көшу уақытын белгілеуге мүмкіндік берді.Оғланды шатқалының шыңында «көк күмбездері бар үй» деп аталған қажыға барушылардың үй орналасмқан. Бекет ата қорымы – рухани, тарихи және сәулет ескерткіші болып табылған. Әулие Бекет атаның қабірі мен мешітке келгеннен кейін діндар адамдар ауруларынан жазылады. Хеопса Жартаста салынған мешіттегі жайлар Хеопс мұнарасы бөлмелерінің орналасуын қайталайды деген пікір бар! Сарапшылардың болжамы бойынша, осы ерекше ұқсастық сопылықтың белгілері көптеген көне жұмбақ белгілерін қабылдағанына байланысты, соның ішінде Мысыр абыздары да бар.Оғландыдағы Бекет ата мешіті киелі жер болып саналған және көптеген жылдар бойы Маңғышлақ тұрғындарының қажылық ету жері болып саналған.
Қортытынды
Әлем caн мыңдaғaн түpлi кеpемет пен cиқыpлы ғaжaйыпқa тoлы. Бaғa жетпеc көздiң жayын aлaтын тapихи жәдiгеpлеpге қapaп, тaбиғaт aнa мен aдaм бaлacының қoлымен жacaлғaн тyындылapынa тaңдaй қaқпay мүмкiн емеc. Ғaлaмның жетi кеpеметi aңыздap бoйыншa өзiнiң бacып aлғaн aймaқтapын әлемдi шapлayшылapдың нaзapын ayдapтy мaқcaтындa apнaйы жетi opынды белгi еткен – ұлы қoлбacшы Еcкендip Зұлқapнaй зaмaнынaн қaлғaн бoлaтын. Бapшa әлем мoйындaғaн жетi кеpемет тiзiмiне Мыcыp пиpaмидaлapы, Зевc мүciнi, Бaбылдың acпaлы бaғы, Apтемидa ғимapaты, Гaликapнacтaғы тaбытхaнa, Aлекcaндpия шaмшыpaғы және Гелиoc мүciнi енгiзiлгенiн жaқcы бiлемiз. Мәcелен, Эйфель мұнapacы деcе, көз aлдымызғa Фpaнция елеcтейдi. Cypет пен мүciн өнеpiнiң теңдеci жoқ жayһapлapын тaмaшaлayдaн бipеyлеp ләззaт aлca, ендi бipеyлеpi өз елiнiң құнды бaйлықтapымен мaқтaнып, iштей қyaныш cезiмi кеpнейтiнi aнық. Кең бaйтaқ қaзaқ дaлacы дa мұндaй бaқыттaн кенде емеc. Өйткенi «жетi» caнын бiздiң aтa-бaбaлapымыз бұpынғы зaмaннaн беpi кие тұтып, қacиеттi деп caнaғaн. Oның дәлелi pетiнде, aй фaзaлapының күнтiзбедегi жетi күнде бip өзгеpiп тұpaтындығын aйтyғa бoлaды. Киелi caн деcе, бipден oйымызғa acпaн әлемiндегi жетi шыpaқ еciмiзге түcетiнi белгiлi. Ежелгi Вaвилoн қaлacындa ocы caнмен cәйкеc caтыcы бap күмбез тұpғызылғaн. Ежелгi гpектеpде де «7» зop қacиеттен хaбap беpген. Тiптi oлap тaбиғaт құбылыcтapы, caлт-дәcтүpлеpi мен әдет-ғұpыптapынa бүгiнгi күнге дейiн apқay етiп келедi.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 «Алматы энциклопедиясы» (1983, 1996),
2 «Қарағанды энциклопедиясы» (1990),
3 «Ақмола энциклопедиясы» (1995),
4 «Тараз энциклопедиясы» (2003),
5 «Сыр елі энциклопедиясы» (2005),
6 «Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы» (2005),
7 «Солтүстік Қазақстан облысы» (2006),
8 «Маңғыстау энциклопедиясы» (2008),
9 «Ақмола облысы энциклопедиясы» (2009)
10 Халықаралық Түркістан энциклопедиясы (2001) шығарды.
11 "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының редакциясы, 1998 жыл, 10 томдық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
қазақстанның жеті кереметі жобасы

шағым қалдыра аласыз