Материалдар / Қазақстанның жеті кереметіне жататын Қожа Ахмет Яссауи,Сауран қалашығы,Бәйтерек монументінің құндылығы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның жеті кереметіне жататын Қожа Ахмет Яссауи,Сауран қалашығы,Бәйтерек монументінің құндылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық жоба. "Менің отаныма - менің бастамам". Қазақстанның жеті кереметіне жататын Қожа Ахмет Яссауи,Сауран қалашығы,Бәйтерек монументінің құндылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2022
663
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Тұрар Рысқұлов мектеп- лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Тақырыбы: Қазақстанның жеті кереметіне жататын Қожа Ахмет Яссауи,Сауран қалашығы,Бәйтерек монументінің құндылығы







Бағыты: « Қазақстанның жеті кереметі »

Орындаушы: Білікбай Айдана Тұрсынбекқызы 10 «В» сынып оқушысы

Жетекшісі: Бадирбек Акмарал Жусубкызы





Лугавой ауылы 2021-2022 оқу жылы



МАЗМҰНЫ :

І. Кіріспе.......................................................................................................5

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақ жеріндегі тарихи Қожа Ахмет Яссауи кесенесі........................7

2.2. Ұлы даланың көне қаласы- Сауран.......................................................10

2.3. Нұрсұлтандағы Бәйтерек монументі.....................................................18

ІІІ. ҚОСЫМША АҚПАРАТ

ІV. ҚОРЫТЫНДЫ

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

























Аннотация

Тақырып өзектілігі: Қазіргі заманда адамзатқа мәдени мұраның қажеттілігі өз тарихыңды, өз жеріңді танумен бастау алады. Қазақ сан алуан өнерге бай халық. Барлығын қазіргі жастар тобы өкіншке орай біле бермейді, өйткені бұл өнердің, қоғамның өзгеруіне байланысты, кейбіреулері ұмытылып бара жатқандай. Біздің қазіргі ұрпақтарға өз халқының тарихын біліп, оқып, оны елге цифрлық технологияларды қолданып, әлеуметтік желілер арқылы таныту керек.

Жобаның мақсаты: Қазақ халқының ұлттық қазынасын жинақтап, қазақтың жеті кереметі ретінде бөліп алып, қазіргі жастарға үлгі-өнеге етіп таныстыру. Және де қасиетті ұлттық құндылықтарымызды баршаға паш ету.

Міндеттері:

  • Қазақ халқы құндылықтарының қазіргі мен өткен дәуірдегі ұқсастығы мен айырмашылығын көрсету;

  • Қазақстанның жеті кереметі арқылы жастарды отансүйгіштікті насихаттау;

  • Қазақ халқының мәдениетін, байлығы мен құндылықтарын таныстыру

Жұмыстың кезеңдері:

  • Қазақстанның жеті кереметіне қатысты деректермен таныстыру;

  • Кереметтер әлеміне үңілу;

Зерттеу әдістемесі: Деректермен танысып жүйелеу,талдау жасау,салыстырмалы зерттеу құрастыру,т.б.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Тарихи орындар мен ескерткіштердің теориялық тұрғыда жан-жақты,байыпты талдануы, ақпараттық технологиялар арқылы насихатталуы зерттеу жұмысының басты ғылыми жаңалығы болып табылады.

Зерттеу маңыздылығы:Тарихи орындар мен ескерткіштерді тану арқылы ұлттық менталитет көріністері жастардың танымдық дүниесін кеңейтіп,салт-дәстүрін сақтауға негіз болады.

Зерттеу кезеңдері:2021-2022 жыл



































КІРІСПЕ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ ҚАЛАЙ ТАҢДАЛЫП АЛЫНДЫ?

«Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдайы атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті деген санға табынды.

Әлемде жеті керемет бар, олар:

1.Пирамидалар ( Мысыр)

2.Семирамида бағы ( Вавилон )

3.Зевс мүсіні ( Олимпия )

4.Артемида храмы ( Эфес )

5.Родос алыбы ( Родос аралы )

6.Галикарнас кесенесі ( Кіші Азия )

7.Александрия шамшырағы ( Мысыр)

Бүгінгі қазақстандықтар да ондай бақыттан кенде болмаса керек. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 25 000-ға жуық тарихи, археология, сәулет ескерткіштері бар. Бұл салада Қазақстан,Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытай, Үнді және Жерорта теңізі бойындағы мемлекеттермен теңеседі. Жеті деген қазақ үшін қасиетті сан. Бүгінгі жас буын «Міне, біздерде мынадай бар!» деп, өз Отанының тарихы мен мәдениетін мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс. Қазақ халқының санасында жеті саны сонау ерте заманнан қасиетті саналатыны белгілі. Мысалы: «Жеті оқ елі», «Жеті нан» (құдайы беру), бұрын қазақтар жеті атадан асқанша құда болмаған. Әрине қазақтың маңдайына біткен қайталанбас кереметтер жетіден асып кететіні айдан анық. Дегенмен, «Әлемнің жеті кереметі» секілді қазақтың да жеті кереметі болмасқа?!

«Қазақстанның жеті кереметіне» үңілсек

1. Үш жүз алпыс екі әулиенің мекеніне айналған Бекет ата мешіті

2. Қазақ жеріндегі тарихи Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

3. Ұлы даланың көне қаласы- Сауран

4. Қаратау жотасы және Тайқазан

5. Қазақстандағы ең терең Қарақия ойпаты

6. Шерқала

7. Нұрсұлтандағы Бәйтерек монументі





















НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қазақ жеріндегі тарихи Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Қазақстанның жеті кереметіне ежелден атағы жер жарған Түркістан қаласында орналасқан, орта ғасырдан қалған көгілдір күмбезді ғаламат ғимарат – Ахмет Иассауи кесенесі жатады.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темір тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. Кесене - үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені - 46,5 м, ұзындығы - 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі - онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші-шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Кесенеде аса үлкен портал (ені - 50 метрге жуық, порталдық арканың ұзындығы - 18,2 метр), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың биіктігі 37,5 м. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы - 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы - 3 м. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мешіт, медіресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан «Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім», «һижраның 800 жылы» деген сөздерді оқуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу-маржандарының қатарына жатады. Бұларда оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һижраның 799 жылы 20-рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі - қабірхана ортасында Қожа Ахмет Яссауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Кесене мешітінің 16 терезесі, қос қабат күмбезі бар. Мешіттің батыс жақ қабырғасына Меккедегі Қағба іспетті 3,5-2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Кесененің оңтүстік-батыс жағындағы Аллаға құлшылық етуге арналған жер асты ғибадатханалары Яссауидің тірі кезінде жасалып, кейін қайта жаңғыртылған. 16 ғасырдан кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары (Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б.) жерлене бастады. 19 ғасырдың алғашқы ширегінде Қоқан билеушілері кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оның төңірегіне қамал-бекіністер салуды қолға алды. 1864 жылы Түркстан қаласын жаулап алған Ресей отаршылары зеңбірекпен атып, кесененің 11 тұсына зақым келтірді. 19 ғасырдың соңына қарай Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

Кесененің ерекшеліктері:

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:

  1. Қазандық;

  2. Үлкен Ақсарай;

  3. Кіші Ақсарай;

  4. Құдықхана;

  5. Кітапхана;

  6. Асхана;

  7. Көрхана;

  8. Мешіт





2.2. Ұлы даланың көне қаласы- Сауран

Сакралды Қазақстан ғылыми - зерттеу орталығы «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында киелі жерлерге электронды карта жасады.

Бірақ археологиялық нысандардың бәрі бірдей қасиетті мәнге ие емес. Отырар, Сауран, Сайрам, Сығанақ бар. Әрине, бірегей тарихи ескерткіштерді тізімге енгізу керек. Бұл – Қазақстанның киелі астаналары. Бұл туралы білу керек, айтылуы керек.. Тізімде жалпы қазақ үшін қасиетті саналатын жерлер де, аты сәл көмескі тарта бас­таған орындар да, тіпті күні ке-ше салынған, тәуелсіздікпен құр­дас ғимараттар да бар.

Мысалы, қазіргі күні Түркістан кішкене қала болғанымен ертеден сақталып келе жатқан үлкен қалалық аймақтың орталығы, Орталық Азиялық Тұран өркениетінің алтын бесігі болды.

Түркістан маңындағы қалашықтардың ішіндегі үлкені Сауран деп есептеледі. Оның жан - жағындағы қамал - қорғанының өзі де еңселі. Қаланың орталығында әдемі құрылыс - әлемнің жеті жұмбағына жататын теңселмелі екі мұнарасы бар - Сауран мешіті. Бұл шығыстық қала салу, құрылыс орнату өнерінде теңдесі жоқ ескерткіш.

Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік - батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі. Сауран туралы алғашқы деректер 10 - ғасырдағы еңбектерде кездеседі. 13 - ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14 - ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16 - ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Қазіргі кезде Сауран – қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады.

Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солтүстік- шығыстан оңтүстік – батысқа қарай 800 м. Солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10 - ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» - деп жазған.

Сауран мешіті

Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13 - ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14 - ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен.

16 - ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі - ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17 - ғасырдың аяғы мен 18 - ғасырдың басында әлсіреп, 19 - ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді.

Сауранның қираған қамалдары

Шыңғысханның шапқыншылығы жайлы жазылған деректерде Сауранның аты аталмайды. Бірақ ХІІІ ғасырда Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум қаланы Савран деп, Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харачук), Иасы (Асон) қалаларымен бірге атап жазған. Ғалымдардың пайымдауынша, моңғол шапқыншылығынан кейін қала орнын ауыстырып, басқа жерден салынған.

ХІІІ ғасырға дейінгі Сауранның орны қазіргі Қаратөбе қала жұрты. Онда жүргізілген зерттеу жұмыстары қалашық бірнеше қорғаныс қабырғасымен қоршалғанын анықтаған. Қазба материалдары қаланың тіршілігі моңғол шапқыншылығынан кейін тоқтағанын көрсетеді. Оның есесіне жаңа қаланың орны Қаратөбеден солтүстікке қарай үш шақырым жердегі кең жазықтан бой көтерген. Сауран қаласы ХІV ғасырда Ақ Орданың құрамына кіріп, бір кездері оның астанасы да болған. 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың билеушісі Сасы Бұқа осы қалада жерленді. Сауран үшін өзбектер мен Қазақ хандары арасында қаншама қанды шайқастар өткен. Қазақ хандығының құрамына шаһар толығымен ХVІ ғасырдың соңында өтіп, оның басты қалаларының біріне айналды. Дегенмен Сауран бұған дейін де белгілі бір уақыт аралығында қазақтардың билеуіне өтіп тұрды. Мысалы, қазақтың алғашқы хандарының бірі, Жәнібектің ұлы Жиренше хан ХV ғасырдың 80 жылдарында шаһарда бірнеше жыл билік құрған.

Деректерде Сығанақ пен Сауранның маңында тонаушылықпен айналысып жүрген Мұхаммед Шайбанидің әскери тобын Сауранның билеушісі Жиренше ханның жасақтары талқандағаны жайлы айтылады.

Ол заманнан қалған құрылыстар сирек. Сауран қаласының сыртын ерте заманда қоршаған күйдірген кірпіштен салынған ескі қамалдың іргелері әр жерден көрінеді, оның үстінен хам кірпіштен бертін көтерілген қабырғалар бар. Нияз аталық заманында Сауранды қайта жаңғырту мәселесі хан кеңесінде бірнеше рет көтеріліп еді, бірақ Түркістан атырабында сауда әлсірегелі, Шығыстан Батысқа ағылып жатқан сауда керуендері тиылғалы өндіріс пен қала ғимараттарын салатындай халықтың дәрмені де жоқ, құрылыс өнері де бәсеңдеген. Осы ғаламат қалаға таласып үш жақтап бұхарлық Абдоллах, Ташкенттік Бабасұлтан, қазақтан Хақназар хандар соғыс ашқанда енді қайтып жөнделместей бұзылды. Бұхаралықтар әдейілеп тас атқыш қаруларды алып келіп, қаланы қиратып, кәріздің бәрін құдығымен қосып ағызып жіберді. Орыс халқының өлкетанушысы П. И. Рычковтың жазуына қарағанда қазақ жерінде де біршама зерттеулер жүргізу кезінде «ХҮІІІ ғасыр ортасында Сауранда бар - жоғы 100 үй қалған. Сол сияқты Отырарда да ХҮІІІ ғасырда 50 шақты үй. Түркістан қалаларында үлкен өндіріс жоқ. Қажетті металды маңайдағы кен орындарынан керегінше алады, мыс, қорғасын, қалайыны Сарыарқа даласындағы кен орындарынан қазақтар алып келіп сатады»,- деген.

Сауран үйінің маңдайшасы Сауран үйлеріндегі хауыз, жылыту орындары

Ашық даладағы жазық жерге салынған осы шаһардың тамаша табиғаты мен жаныңды жадыратар тұнық ауасы, оны айнала қоршай салынған алып қорғаныс қабырғалары жайлы көптеген жылнамашылар жазған. Сол кездегі жаугершілік жағдайға лайықтап тұрғызылған қалың қорғаныс дуалдары осы күнге дейін жақсы сақталған. Шаһар Қазақ хандығының құрамына толықтай өткеннен кейін ерекше көркейіп, ірі рухани орталыққа айналады.

Сол кезде қаншама мешіт, медреселер салынған. Сондай керемет құрылыстардың бірі қос мұнаралы медресе мен жұма мешіті жайлы ХVІ ғасырда бір жылға жуық Сауранда тұрған ақын - жазушы Уәсифи қызыға жазған.

Шаһарды сумен қамтамасыз ету әлемде сирек кездесетін суландыру тәсілі «кәріздер» арқылы жүргізілген.

Саурандағы көне құдық

Уәсифидің (тәжік жазушысы) айтуынша осы суландыру жүйесін шаһарға мұсылман әулиелерінің бірі Мір Араб сыйға тартқан. Басын шаһардан 7 шақырым жерден алатын осы кәрізді каналды салуға 200 үнді құлдары пайдаланылған. Сол әулиенің есімі осы күнгі Саураннан солтүстікке қарай 6 - 7 шақырым жердегі Міртөбе бекінісінің қираған орнында қалған. Әлгі кәріздердің басы да сол маңнан басталады.

Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін көрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары көп табылады. Қабырға бұзғыш қондырғылардың домалақ тас оқтары мен орға құлап өлген жау әскерінің қурап қалған қаңқалары да кездесіп жатады. Қазіргі кезде шаһардың орнындағы көне ғимараттарды қалпына келтіріп, туристер көретін музей жасау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«Сауран қамалы – өте берік бекітілген қорған, оның мықты және күшті қамал болғандығы соншалықты, тағдыр тәлкегінің қолы оның қорғанының түбіне жетіп көрген емес, және көктегі аспанның өзі де әлем жерінің төрттен бірінде мұндай берік қамал көрген емес. Оның биіктігі соншалықты, күннің көзі де одан асып көрген емес. Қамалдың беріктігі соншалықты,, оның мұнаралары мен дуалын қирату ешкімнің ойына да кіріп шықпайды».

Сауранды жаулап алмақшы болған Абдаллах - ханның әскери жорығын суреттеген (ХVІ ғ. екінші жартысы) автор қамал - қала туралы осылай деп жазған. Аталмыш шайбанилік билеуші және оған дейін басқа да жолы болған және болмаған жаулап алушылар Сауранды (Сабранды) ұлан - ғайыр Дешті - Қыпшақ даласын мекен еткен тайпалар мен халықтарға үстемдік орнатуға мүмкіндік беретін стратегиялық бекініс ретінде қарастырған. Үй орындарының, үлкен сарайларының орналасауының сызбаларына қарағанда бұл жердің басқа ескерткіш ретінде сақталған тарихи орындардан ерекшелігі бар. Кейбір ғимараттар орындарының сызбаларына қарағанда ежелгі Бұхара мен Ташкенттің құрылыс нысандарына ұқсап келгендігі көрінсе де Жаңа Сауран – өз алдына ортағасырлық архитектураның жаңа да ерекші үлгілері болып табылады. 1924 жылы шығарылған 5 теңгелік құны бар күміс теңгелер табылған кезінде зерттеулердің қорытындысына қарағанда ХХ ғасырдың 30 - шы жылдарына дейін бұл қалада тіршілік тоқталмағандығы айқын. Бұл Совет дәуіріндегі ең алғашқы теңгелердің бірі болған. 50 - 60 жылдары жергілікті мал бағушылар бұл орындардағы кең қорғандарды жазғы жайылым мен қашар ретінде қолданған. Оның дәлелі ретінде кейінгі зерттеулер мен қазба жұмыстарында айқын көрініп тұр.

Қазба кезінде шаһардың бас қақпасы мен оның сыртынан қазылған орға салынған аспалы көпірдің тұғырлары табылды. Қорғаныс қабырғасын қоршай қазылған терең ордың ішіне кезінде су жіберілген. Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін көрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары көп табылады. Қабырға бұзғыш қондырғылардың домалақ тас оқтары мен орға құлап өлген жау әскерінің қурап қалған қаңқалары да кездесіп жатады.

1994 жылғы «Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №636 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Жалпы қорғау аймағы 50 га.

Тарихи жазбалардағы деректерге қарағанда Көне Сауран қаласының үш рет көшіп, қонысын жылжытқаны анықталған. Оның біріншісі Қаратөбе - Сауран, екіншісі – Сауран, үшіншісі – Жаңа Сауран.

Қаратөбе – Сауран бұл қабырғалары өз алдына ерекше таңбаланған қалқан тәрізді үш сатылы қиыснсыз бес бұрыштың үлгіде көрініс тауып тұрған төбе. Оның дарбазаларының орны солтүстік, солтүстік – шығыс, оңтүстік – шығыс және батыс тұстарында сақталып қалған.

Қаланың тарихын біліп, іздену мақсатында бірінші археологиялық қазба жұмыстарын Александр Натанович Берштаймның (совет археологы) басқаруымен бұған дейінгі Оңтүстік Қазақстан облысының археологиялық эспедициясы жүргізген. Сол кезде VІ - VІІІ ғ. жайындағы деректерге сүйене отырып, жергілікті жердің планы көзбен шолу арқылы сызылып дайындалған. Бұл туралы қазба жұмыстарында көптеген деректер келтірілген. XIV - XVIII ғғ. тұсында айтылған кейінгі деректердің барлығы XIVғ.- да құрылымдалған Сауран туралы болып келеді. 1987 ж. сауалнамаларға жауап іздеу барысында Сауранның оқшауланған жерлерін Карл Молдахметұлы Байпақовқа (совет археологы, ҚР ғылыми академиясының академигі) осы деректерге толықтыруға септігін тигізді.

Сауран – солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан көпбұрышты және көпқабырғалы жер көлемі көне қала. Қала ішінде екі дарбаза болған. Бірінші қазба жұмыстарынан кейін, қайта қазба жұмыстарын жүргізу барысында қаланың ертеғасырдағы және ортағасырдағы орындары анықталғандығы айтылады. 1999 жылы Түрк

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!