0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу 690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. 10 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 30 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу5 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
1 - айлық
Стандарт
2990 ₸ / айына
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 30 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 150 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 10 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
1 - айлық
Шебер 7990 ₸ / айына
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 150 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 300 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 50 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
Материалдың қысқаша нұсқасы
І Кіріспе
Көне түркі даласын мекен eткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Тарих төрінде көне түркі ұрпағы болып, саңлақ «сақтар» деген асқақ атпен де танылып, бүгінде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп өткен жолы – шежірелі, қазыналы ғұмыр. Біздің ел алдымен тәуелсіздікті аңсады, соған қол жеткізе алды.
Тәуелсіздік — қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы. Әлем халықтарының арасында дүниенің бір қиырынан бір қиырына өтіп барып ел болғандары да, сан түрлі ұлт пен ұлыстың араласуы нәтижесінде қалыптасқандары да баршылық. Қазақ — тамырын тереңге жіберген, осынау қасиетті даласынан табан аудармаған көне дәуірдегі сақтардың, ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, ата жұртта қара шаңырақты сақтап қалған халық.
Сіздер мен біздер жаңа мыңжылдықтың есігін аштық. Адамзат тарихындағы өсу мен өркендеудің, даму мен болашаққа ұмтылудың қадамын бастадық. Осы тұрғыдан ойға батқанда, Отанымыздың тарихынан оқшау орын алатын он жылдықтың осы кезеңмен ойлас келгенін мен жақсылыққа жоримын. Тәуелсіздіктің он жылдығын лайықты қарсы алу жолындағы сәтімен басталған іс-қимылымыздың көші қозғалар тұсында бәріміз бас қосып, жеткенімізді саралап, тапқанымызды бағалап, келер күндерге деген бақыт – бағдарымызды шамалап алатын кез келді.
Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі
картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің
Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса
ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы
өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні
теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген
мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк
байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады!
Еліміз
Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол
жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған,
кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады.
Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты
дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына
қосылды.
Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір – бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай- талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Бүгінде
Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян
халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең
елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татар халықтары.
Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне
қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы,
Конституциямыз.
Бүгінгі
Қазақстан — өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік
проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын
ел.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының мәңгілік ел болу жолында өз астаналарын құрып, нығайтудағы еңбектеріне жан-жақты зерттеу жүргізу, тарихи деректерге сүйене отырып, олардың ел бірлігін, ынтымақтастығын сақтап қалудағы өзіндік орнын, астана құрудағы ел азаматтарының ерен еңбектеріне баға беру.
Зерттеудің міндеттері:
Қазақстан астаналарының құрылу кезеңдеріне сипаттама жасау;
Ондағы қоғам қайраткерлерінің өмір жолы, ерен еңбектері туралы тарихи-тәлімдік, әдеби көзқарастарға талдау жүргізу;
Ел тұлғаларының тағылымдық, батырлық танытуы заман талабымен сай салыстыру.
Қазақ қоғамындағы тарих пен тұлғаға қатысты идея сабақтастырылып, жаңа көзқарастар тұрғысынан түсіндіру.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қазақ астаналарының түп тамыры
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың
дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Қазақ қазақ болмай тұрып, «қазақ» деген
айбынды атты еншілемей тұрып түркілік дәуірдің бір бұрышында жүрген
кезден-ақ өзінің елдік, қағандық, хандық дәрежесін дәлелдей білді.
Ол замандағы көрші елді мойындататын таңбасы, елдігінің айғағы – ол
мемлекетті бір ортаға біріктіре алар астанасының болуымен
ерекшеленді. Қазіргі таңда да ел астанасы маңызды орынға ие.
Мемлекеттік нышандардың бірі десек те
болады.
Қазақстанның астанасы біреу ғана, ал түріктің ішіне қаншама ұлт кіріп кетеді, сондықтан қазақтың деп алдым. Тарих қаншама көштен өткенмен, ол қазақ тарихының үлкен арнасы. Тарихымызға енген барша астаналарды біліп жүргеніміз артықтық етпес деген ниетте жазып отырмын.
Қазақстан тарихында Суяб қаласының орны ерекше. Ең алғашқы қағандықтың астанасы болып, бар рухани-мәдени, әкімшілік, сауда орталығына айналып, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болған алғашқы астана. Үш мемлекеттің: Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағандықтарының дамуына септігін тигізіп, астанасы болған Суяб қаласы өз дәуірінде сәнді де салтанатты қалалардың алды болды.
Түркілік кезеңдегі ең ірі қалалардың бірі Баласағұн қаласы өз заманында көрші елдерді мойындатқан астаналардың бірі болды. Ол да үш мемлекеттің Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекетінің негізгі орталығы болды.
Қазіргі кезде де іргесі сөгілмеген көне қалалардың бірі – Тараз қаласының тарихта орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы Ұлы Жібек жолындағы жетекші сауда орталықтары орналасқан қала, Х ғасырдан бастап Қарахан мемлекетінің астанасы саналды.
Жазба шежірелердегі «Бірінші қала» деген атпен белгілі Испиджаб (Сайрам) қаласы өте көне қала, сонымен қатар көптеген мәдениет орталықтарының ірі көзі болды.
Әлемдегі «екінші ұстаз» әл-Фарабидің кіндік қаны тамған киелі мекен саналған Отырар (Фараб) көне астаналардың қатарында. Қаланың қайсарлығын Шыңғыс ханның өзі мойындаған.
Оғыздардың астанасы болған Жанкент (Янгикент), Қимақтарға киелі пана болған Имақия қалаларының да тарихта маңызы зор. Дешті Қыпшақтың астаналары Орда Базар мен Женд, Ақ Орданың орталығы саналған Сауран мен Сығанақ, қазақтың бірнеше ханына астана болған Ташкент қалаларының тарихтың терең қойнауында қалдырған мұрасы мәңгілік.
Қазақ хандығының астанасы болған – Түркістан қаласының маңызы әлі күнге өз қасиетін жойған жоқ. Екінші Мекке саналатын қала өз заманында Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Семеке (Тәукеұлы), Әбілмәмбет, Сейіт, Есім, Болат, Абылай, Тоғай сынды хандардың билігін нығыздай түсті.
Олардың кейбіреулері бірнеше жылдың ішінде ғана астана болып табылған, ал басқалар ғасырлар бойы астана мәртебесіне ие болып тұрған. Әр қаланың өз міндеті болған, олардың әрқайсысы қазақстандық мемлекеттіліктің тарихындағы өз дәуірін бейнелеген еді.
Созақ. Ежелгі Созақ қаласы Қазақстан хандығының алғашқы астанасы болған (1465–1469). Ол Жәнібек пен Керей — Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың ордасы болып табылған. Бірақ та Әбілқайыр ханның өлімінен кейін даладағы билік үшін күрес қайта басталды. Астана осы қаладан көшірілген. Кейбір деректер бойынша, XVI ғасырда Шығай хан билегенде, Созақ қаласы Қазақ хандығының астанасы болып қайта аталған. Осы кездегі хандықтың ордасы ретінде Сығанақ қаласы болып саналған. Қазіргі кезде Созақ — Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын ауыл. Оның ортасында ортағасырлық бекіністердің қалдықтары сақталған.
Сығанақ. Сығанақ қаласының Қазақ хандығының астанасы қай кезде болғанын айту қиын болады, өйткені бұл туралы нақты деректер жоқ. Бәлкім, XV ғасырдың 70-ші жылдарынан XVII ғасырға дейін ол қала астана болған. Оның қалдықтары Сұнақата ауылынан солтүстікке қарай екі шақырым жерде орналасқан. Аталмыш ауыл Қызылорда — Шымкет тас жолында орналасқан. Қаланың атауы жазба деректерден және XIV ғасырда мұнда шығарылатын монеталардан белгілі болды. Сығанақ қаласы алғашқыда X ғасырдың деректерінде кездеседі, ал XI ғасырда Махмұд Қашқари оны оғыздардың қаласы деп атаған. Бір кезде ол керуендердің жолындағы сауда мен қолөнер орталығы болған. Қазіргі кезде шаһардың жанында құрғақ дала, мұнда сексеуіл, тікенекті бұталар өседі. Қыш тақталары мен күйдірілген кірпіштердің қалдықтары бар биік емес дөңдер ежелгі сәулеттік құрылыстардың дәлелі болып табылады. Сығанақ маңайында осындай құрылыстар аз емес болған деп көрінеді.
Түркістан. Түркістан қаласы (Яссы) түркі тілдес халықтардың рухани мен саяси орталығы ретінде белгілі болып, XVI ғасырдың аяғынан бастап XVII ғасырдың 30-ші жылдарына дейін Қазақ хандығының астанасы болған. Орта Сырдария Қазақстан хандығына кіргеннен кейін Яссы қаласы қазақ хандығының резиденциясына айналып кеткен, осы кезде ол ірі сауда мен қолөнер орталығы болып саналған. Қазақ хандары жас мемлекеттің құрамында болған көшпелі тайпаларды нығайту үшін осы қаланың геосаяси мен рухани маңыздылығын түсінген еді. Қазіргі таңда осы қалаға Қазақстанның, Орта Азия мен басқа елдердің мұсылмандары қажылық жасау үшін барады. Қажыға барушылардың сөзіне қарағанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жасаған үш сапар ұмраға — кіші қажылыққа теңестіріледі.
Ташкент. Қытайдан Еуропаға апаратын Ұлы Жібек Жолындағы ежелгі қалалардың бірі болған. Б. з. д. II ғасырда қалалық қоныс ретінде Ташкент туралы алғашқы мәліметтер шығыс дереккөздерде пайда болған. Қазақтар Ташкенті 1586 жылы жаулап алған, ал 1630 жылы осы қала Қазақ хандығының астанасы болып бекітілген. Шамамен жүз жыл бойы Қазақ хандығының ордасы болған. Есім хан Ташкент басшылығын жойып, Ферғана қаласын жаулап алғанда, бейбітшілік үшін Самарқанд, Бұқара қалаларынан бас тартады. Ташкент астана мәртибесіне ие болғанда, мұнда жыл сайынғы Мәслихат (заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі ) жиналысы өткен. Бірақ та Ақтабан шұбырынды жылдарында (1723-1727) жоңғарлар қытайлықтармен бірлесіп, қазақтарға қарсы соғысып жүрген, осы кезде қазақтар Ташкент қаласынан айырып қалған.
Семей. Семей қаласы — Алаш автономиясының астанасы (1917-1920 годы). Семей қаласының тарихы 1718 жылы басталған. Ол Петр I дәуірінде салынған. Осы кездегі шығыс жерлерді қорғау мен Иртыш маңындағы бекіністерді салу туралы Петр I Жарлығы шыққан. Одан кейін Семей бекінісі өзінің әскери-стратегиялық нысан ретіндегі қызметінен айырмай, сауда орталығына-да айналып кетті. Сауда орталығы ретінде ол Ресей мен Қазақстанды, Ресей мен Орта Азияны, Батыс Қытайды байланыстырды. XIX ғ. мен XX ғасырдың басында осы қалаға Ресейдің зиялы қауым өкілдері жер аударылып жіберілген. Сол себептен де, Алаш автономиясының Орынбордағы жалпықырғыздық съезінде Семей қаласы астана ретінде таңдалған.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары Орынбор (1925), Қызылорда (1925-29), Алматы (1929-97) болды. Қазақ қазақ болып өз егемендігіне жеткелі бері баршамыздың көз қуанышымыз болып Есіл өзенінің бойынан тұңғыш астанамыз Астана қаласы ірге көтерді.
Қазақстан – Орталық Еуразия алабындағы іргелі, ғажайып, қайталанбас тарихы бар байырғы өркениетті өңір. Бұл жерді мекен еткен көшпенділер мен отырықшылардың бір-бірімен шектескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен қағанаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасын жалғап жататын болған.
Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Тәуелсіз, дербес мемлекеттің басты белгілері өз ақшасы, әскері, мемлекеттік басқару органдары және осыларға сәйкес мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болса, мұның бәрі де Қазақстан сонау Тәуелсіздігін жариялап, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданғаннан бері жүзеге асқанын білеміз. Ал мемлекеттіктің тағы бір белгісі – астана, ол – Тәуелсіз мемлекеттің әкімшілік, саяси, экономикалық, мәдени орталығы. Астана – өкімет пен мемлекеттік басқарудың жоғары органдарының және жоғары сот, әскери, әкімшілік мекемелердің орналасқан жері.
Әлемде 140-тан астам астананы көшіру оқиғасы болған. Еске түсірер болсақ, басқаны былай қойғанның өзінде, Қазан төңкерісінен соң Ресей астанасы Петербордан Мәскеуге көшірілді. Батыс және Шығыс Германия мемлекеттерінің бірігуіне орай астанасын Бонн қаласынан (екінші дүниежүзілік соғыстан соң құрылған Германия Федеративтік Республикасының астанасы) қайтадан Берлинге көшірді. Қазақстан да солардың бірі болғанымен, қоныс аудару процесінің жүру тұрғысынан, оның жеделдігі жағынан бірден-бір мемлекет болып тарих бетінде қалғанына ешкім де талас тудырмасы анық.
Қазақ елі қай кезде де өз болмысын ордасын тіккен қалаларымен байланыстырып, танымал болған. Ондай орталықтар елдігіміздің символына айналып отырған. Ендеше, қазақ елінің кеңес тағдырымен байланысып жататын астаналардың тарихына шолу жасап көрейік.
2. 2 Қазақстан астаналарының тарихи кезеңдері
Орынбор қаласы
Орынбор (1938-57 жылға дейін Чкалов) — қала, РСФСР-дің Орынбор облысының орталығы (1934 жылдан). Жайық өзенінің бойында, Сакмар өзенінің Жайыққа құйылысына жақын жерге орналасқан. Самара, Ақтөбе, Орск қалаларына баратын темір жол торабы. Халқы 800 мың адам (1998) болған еді. Орынбор алғашында қазіргі Орынбор қаласының орнына 1735 ж. қамал ретінде салынды, аты да Op өзенінің атына байланысты қойылған. Қазіргі орнына 1743 ж. көшірілді. Орынбор 18—19 ғасырдың 1-жартысында Орынбордың әскери шекаралық шебінің (1862 ж. таратылды) негізгі қамалы, 1744 ж. 15 мартынан Орынбор губерниясының, 1748 жылдан Орынбор казак-орыс әскерлерінің әскери және әкімшілік орталығы, 1881 жылдан (ген.-губернаторлықтың) орталығы, сондай-ақ Торғай облысы губернаторының мекені. 1868 жылдан Орынбор Россияның Қазақстанмен және Орта Азиямен ірі сауда орталығы болды Орынборды 1773 ж. 5 октябрьден 1774 ж. 23 мартқа дейін Е.И. Пугачевтің әскері қоршады. Патша өкіметі тұсында жер аудару орны болды. 18 ғ-дың аяғында декабристік бағыттағы Орынбор үйірмесі пайда болды.
Самара — Орынбор (1877) және Орынбор — Ташкент (1905) темір жолдарының салынуына байланысты Орынборда өнеркәсіп (ұн тарту, май шыжғыру, тері өңдеу, май айыру) өркендей бастады. 1912 ж. 37 фабрика, заводтық кәсіпорын (оларда 1794 жұмысшы істеді) және 7135 қолөнері болды. Ташкент темір жолдарының негізгі шеберханаларында 2 мыңға жуық жұмысшы істеді. РСДЖП-нің алғашқы топтары 1905 ж. мартта құрылды. Қала жұмысшылары 1905 ж. октябрьдегі бұқараның саяси ереуіліне белсене қатысты. Жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Советтері 1917 ж. март айының басында құрылды. 1917 ж. ноябрьдің 15 (28)-не қараған түнде Орынборда өкіметті атаман А.И. Дутов басып алды. 1919 ж. 22 январьда Қызыл Армия бөлімдері қаланы ақтардан біржолата азат етті. 1919 ж. апрельде Орынбор жұмысшылары қаланы Колчак пен Дутов әскерлерінің шабуылынан ерлікпен қорғады. Сол үшін Орынбор жұмысшылары БОАК-тің қаулысымен 1920 ж. Революциялық құрметті тумен наградталды.
1920 ж. 4 октябрьде Орынборда Қазақ өлкесі Советтерінің Құрылтай съезінде Қаз. АССР-і құрылды. Орынбор 1920—22 ж. Қазақ АССР-інің астанасы болды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ интеллигенциясының едәуір бөлегі Орынбордың оқу орындарында оқып, білім алды.
Өнеркәсібінде машина жасау және металл өңдеу басты роль атқарады. Станоктар жоне құрал-сайман, тамақ, өнеркәсібі үшін машиналар, электро-механикалық және тоңазытқыш жабдықтарын жасайтын, темір жол транспортын жабдықтайтын т. б. заводтар бар. Дала маңынан ірі газ орны табылып игерілуде. Тамақ, жеңіл және жергілікті өнеркәсіптері де өркендеген. Жібек мата комбинаты, қолмен және машинамен тоқылатын шәлі комбинаты шығаратын бұйым жоғары бағаланады. Орынбордың негізгі тарихи орындары 1734 ж. салынған қамалға орналасқан (қала қақпасының қалдықтары сақталған). Архитектуралық ескерткіштердің арасында сауда үйі (1749— 54), Керуен сарайы (1836—42, арх. А. П. Брюллов) бар. Қала 1930 жылдан жедел қарқынмен өркендеп келеді. Ауыл шаруашылық, медицина, педагогтық институттар, арнаулы орта білім беретін оқу орындары, драма, музыкалы комедия, татар театрлары, филармония, өлкетану және бейнелеу өнері музейлері бар.
Қызылорда қаласы
1920 жылы байырғы қазақ елі өз тарихында тұңғыш рет автономияға ие болды. 1925 жылы 15-19 сәуірде ҚАССР Советтерінің 5-съезі қазақ халқының тарихи атауын қалпына келтіру және Қазақ АССР-і деп атау жөнінде шешім қабылдады. Оның астанасы әуелі Орынборда, одан кейін Сырдариядағы ежелгі бекініс – бұған дейін Ақмешіт және Перовск аталып келген Қызылорда болды. Орынбордан Ақмешітке көшу жөнінде мына қарар қабылданған-ды.
Бұнда былай деп жазылған:
Үкімет қарары
Қазақстан Республикасының астанасы Ақмешітте болу туралы
Қазақстан орталығы қайда болуы Республикамыз құрылған күннен бері Үкімет шешуін күтіп келе жатқан мәселе еді. Уақытша қаланған Орынбор дәл астана болуға лайық есім еді. Бұл тек Қазақстанның солтүстік-күнбатыс жағының, онда да халқының бәрі орыс дерлік жағының орталығы болып келді. Іргелі халқы қазақ болған жерлерден Орынбор (жүздеген, мыңдаған шақырым) қиыр шетте жатты. Мұндай алыстық кей кезде жол бұзылу себепті (өзендер тасығанда, тағы сондай реттерде) Орынбор Қазақстанның іргелі тұрғын елдерінен бөлініп те қалып жүрді.
Орта Азия жұрттары ұлт жігімен ажыраса бастаған кезден кейін, бұрынғы Түркістан Республикасынан шыққан қазақ елдері Қазақ Республикасына қосылып, тұтас бір мемлекет құрылғаннан кейін Орынбор астаналыққа бұрынғыдан да жарамсыз болып қалды.
Орынборда отырып Қазақ Үкіметі еңбекші қазақ жұртының көпшілігі арасындағы кеңес жұмыстарына жақыннан басшылық етуі, Қазақстанның іргелі елдерін шаруашылық, мәдениет жолында ілгері бастыруға төтесінен жетекші болуы мүмкін болмай қалды.
Осындай себептермен Қазақстан Республикасының Орталық Кеңес Комитеті президумы Қазақстан орталығын Орынбордан Сырдария губернесінің Ақмешіт қаласына көшіруді лайық көріп, 9 ақпанда қарар шығарды.
Бұл қарарды іске асыру жағы Қазақстанның халық кемесерлері кеңесіне тапсырылды.
КирЦИК
ағасының орынбасары
Байсалықұлы.
КирЦИК
хатшысы
Исаұлы.
Қызылорда (Ақмешіт) қазақ елінің бұрынғы астаналары Сығанақ пен Түркістан орналасқан аумақта болды. Қала Орынбор – Ташкент темір жолының бойында орналасқанына қарамастан, көлік жолдарының жеткіліксіздігі салдарынан астана мәртебесіне лайық болмай шықты. Сонымен, екі жыл Қызылорданы мекендеген орталықты қайта көшіру туралы қаулы қабылданды.
Бұнда мынадай мазмұн қамтылған:
Жалпы Қазақстанның 6-кеңестер съезінің
ағасы – Ерназарұлы Елтай.
Съез хатшысы – Аралбайұлы Бек-Айдар.
Қазақстанның астанасын белгілеу тақырыбы
Қазақстанның астанасын белгілеу туралы Нұрмақұлы Нығымет жолдастың хабарын тыңдағаннан кейін, жалпы Қазақстанның 6-кеңестер съезі қаулы қылады:
Қазақстанның орталығын Қызылордадан Алматы қаласына көшіру тақырыбы Қазақстан орталық кеңес комитеті халық кемесерлері кеңесінің 1927 жылғы наурыздың 3-індегі қаулысы бекітілсін.
Жалпы
Қазақстанның 6-кеңестер
съезінің
ағасы –
Ерназарұлы
Елтай
Съез
хатшысы Аралбайұлы
Бек-Айдар
Қызылорда, Ақмешіт — Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі ірі қала, Қызылорда облысының әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығы. Автомобиль, су, әуе және темір жолдардың маңызды торабы. Сырдария өзенінің (төменгі ағысында) оң жағына орналасқан. Қала салынған өңір шалғынды, сортаң топырақты, құмды жазық болып келеді, климаты тым континенттік, қаңтардың орташа температурасы — 9,3° С, кейде ауаның суықтығы — 38° С-қа дейін төмендейді, шілдеде 25,7° С, кей жылдары ыстықтық 46° С-қа жетеді. Қызылорда 1853 жылға дейін Ақмешіт болып аталып, қоқандық шағын қамал болды. Орыс әскері келгеннен кейін оған Перовск деген ат берілді. Ақмешіттің салынуы туралы екі ұдай пікір бар. Оның бірінде Ақмешіт Қоқан хандығының қамалы ретінде 1820 жылдың шамасында салына бастады делінсе, екіншісінде 1817 ж. шамасында, қоқандық қамал Ақмешіт салына бастады делінген. Октябрь социалистік революциясына дейін қала Түркістан өлкесі, Сырдария облысының уез орталығы болды. Революциядан кейін Ақмешіт аты қайтадан қалпына келтірілді де, ал 1925 жылдан бастап Қызылорда атала бастады. 1926-1929 жылдары Қызылорда Қазақ АССР-інің астанасы болды. Совет өкіметі тұсында қала қатты дамып ірі орталыққа айналды.
Қызылорда – Қазақстанның бұрынғы астанасы Ақмешіт (1818 жылы), Перовск (1853 жылы), қайтадан Ақмешіт (1922 жылы), Қызылорда (1925 жылы) сынды бірнеше атауға ие болған Қызылорда қаласы талай тұлғаны құшағында тәрбиеледі. Тарихи деректерді ескерсек, Сыр бойы өлкесінің ең маңызды қалаларының бірі болған. Жалпы көлемі 2 400 00 шақырым километрді құрайды. Ең алғаш 1818 жылы Сыр бойына қорған салдырып, оны Ақмешіт деп атаған. Артынша 1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовский орыс әскерімен қамалға басып кіреді. Осыдан кейін қала Перовск аталып, көп ұзамай сол аймақтың орталығына айналады. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1922-1925 жылдары қайтадан алғашқы атауын иемденіп, 1925-1929 жылдары еліміздің астанасы болып сайланды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқ киім, күріш зауыттары іске қосылып, көлемі ұлғая түседі. 1980-1990 жылдары Абай даңғылы, Желтоқсан сынды көшелердің бойына жаңа ғимараттар салына бастайды. Құтты мекен Қорқыт, Жалаңтөс, Жанқожа батыр, Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев секілді даңқты тұлғаларды дүниеге әкеліп, жүйрік желімен жарыстырған. Қызылорда Қазақстан астанасы болып жарияланғаннан бері елімізде үлкен өзгеріс болды. Және ең бастысы ол өзгерістердің жақсы арнаға қарай бағытталуда. Дәл қазір бұл статусынан айырылса да, экономикалық маңызы бар қалалардың қатарына кіруде.
Мұнда химия, жеңіл, тамақ және құрылыс өнеркәсібі салаларынан 30-дан астам кәсіпорындар бар. Олардың ішіндегі ірілері: целлюлоза-картон комбинаты, ет, сүт, нан, құрылыс материалдар комбинаттары, аяқ киім, трикотаж, тігін, мебель фабрикалары, күріш тазалау, арақ, балық заводтары. Қызылорда кәсіпорындарында өндірілген өнеркәсіп өнімдері, әсіресе целлюлоза-қағаз, картон, күріш еліміздің көптеген аудандарына тарайды.
Қызылорда жалпы білім беретін 30-дан астам мектеп, педагигкалық институт, бірнеше орта арнаулы оқу орындары, Н. Бекежанов атындағы қазақ драма театры, облыстық тарихи-өлке тану музейі т.б. бар.
Алматы қаласы
1927 жылы 3 сәуірде Советтердің бүкілқазақстандық 6-съезі Қазақстан астанасын Алматыға ауыстыру туралы ҚАССР ОАК мен Халкомсовының қаулысы бекітілді. Бұл қаулы 1929 жылы ғана жүзеге асып, ел астанасы Алматыға көшірілді. Алматы қаласының республика астанасына айналуының зор маңызы бар. Өйткені ол тарихи, ғылыми, мәдени орталыққа айналды. Сонымен қатар, қаланың Орта Азия астаналарына және ірі қалаларына қатынайтын қолайлы көлік қатынасы да болды. Осының әсерінен қала күннен-күнге қуаттанып, өркениеттің орталығына, қазақтың рухани бесігіне айналды.
Жетпіс жылға жуық Қазақстанның астанасы болып, Алаштың қасиетті қарашаңырағына айналған Алматы тәуелсіздік таңы атып, ел еңсесін тіктеген тұста да өз маңыздылығын жойған емес. Алайда тұңғыш Президентіміз Н. Назарбевтың батыл шешімімен Қазақстан Республикасының астанасы төртінші рет ауыстырылды. Сонымен, 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Төрағасы Ә. Кекілбаев Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы Қаулысын жариялады.
Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Қаулысы
Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының Президені Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы ұсынысы мақұлдансын.
Министрлер кабинеті үстіміздегі жылдың аяғына дейін астананы көшірудің техникалық-экономикалық негіздеуін және мерзімін әзірлесін.
Министрлер кабинеті, Жоғары Кеңестің мемлекеттік құрылыс және аймақтық саясат жөніндегі комитеті Алматы қаласының әкімшілігімен бірлесе отырып, үстіміздегі жылдың аяғына дейін Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеп, енгізетін болсын.
Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің
Төрағасы
Ә. КЕКІЛБАЕВ
Алматы. Парламент үйі. 1994 жылғы шілденің 6-сы.
Қазақ АССР-інің астанасы (1929-1936 жж), ал 1936 жылдан бастап Қазақ ССР-ның астанасы болды. республикалық деңгейдегі қала. Республиканың саяси, экономикалық, ғылыми жэне мәдени орталығы, басты транспорт торабы. Қалада 1980 жылдардың басында 1 млн. адам болатын халқы бар қала болды. 6 қалалық ауданға (Түрксіб, Әуезов, Бостандық, Медеу, Алмалы, Жетісу) бөлінеді. Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейінің 900 м-ге дейінгі биіктіктегі етегін ала, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің ысырынды конусында орналасқан. Төңірегінің табиғаты өте көркем. Алматы — дүние жүзіндегі ең көгал қалалардың бірі (әр тұрғынына 20 м2 жасыл желектен келеді). Климаты континенттік. Ауаның жылдың орташа температурасы 7,8°С, қаңтарда — 8°С, шілдеде 22,3° С. Жауын-шашын көбінесе көктем айларында жауады. Қар жамылғысы жұқа әрі ұзақ сақталмайды. Қала сейсмикалық ауданда орналасқан.
1887 ж., 1910 ж. апатты жер сілкінулер болды.
Тарихи анықтама. Қазіргі қала атырабын халық ерте заманнан бері мекендеген. Негізінен Сақ, кейін Үйсін тайпаларының мекені болған бұл жерде орта ғасырда Алматы қаласы ірге көтерді. Қазақ жерінің толассыз шапқыншылықтарға ұшырау салдарынан қирап, шағын қыстаққа айналған бұл ежелгі қаланың орнына, осы өңірдің Ресейге қосылуына байланысты, 1854 ж. Заилийское (Верный) орыс бекінісі салынды. 1854 жылы майор Перемышльский басқарған отряд Алматы өқірінде Верное бекінісін салуды аяқтады, ал екі жылдан кейін, 1856 жылы, Заилийск өлкесіне енгізілген приставтық тәртіп орталығы Верный қаласы болған Алатау округі болып қайта құрылды.
Верное бекінісінің салынуымен солтүстіктегі қырғыздардың жері Россияның құрамына енген территорияға іргелесіп жатты. 1854 жылғы 26 сентябрьдеақ Ыстықкөл өңірінің қырғыздары өздерін Россияның қол астына қабылдау туралы Сібір генерал-губернаторына өтініш жасады, ал 1856 жыл.ғы 17 январьда Омбыда олар адал болатындықтары жөнінде ант берді. Осы кезден бастап Ыстықкөл өңірі қырғыздарының 10 мың түтіні Алатау округінің құрамына кірді. Оңтүстік-шығыс Қырғызстан мен Ферғана аңғарының халқы Қоқан хандарының билігінде қалып қойды.
1867 ж. Верный жаңа құрылған Жетісу облысының әкімшілік орталығына айналып, қала саналды.
Революция қарсаңындағы Верныйда негізінен жергілікті ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеуге байланысты шағын кәсіпорындар ғана болды. 1913 ж. барлық «өнеркәсіп орындарында» 313 жұмысшы істеді. Мұнда спирт-арақ (10 жүмысшы), сыра (40 жұмысшы) заводтары, темекі фабрикасы (100 жұмысшы), 7 май шайқайтын шағын завод, тері өңдеу, сабын қайнату, жүн жуу және ұн тартатын кәсіпорындар болды. Қала өзінің алма бағымен (9,2 мың га, 1917 ж.) әйгілі еді.
Верный өз уақытында едәуір мәдениет ошағына айналды. Мұнда оқу және мәдениет орындары ашылды. Қалада сол кезде Орталық және Орта Азияны тұңғыш зерттеуші көптеген белгілі ғалымдар болды. 1856 ж. қалада Алматы туралы және Іле Алатауы белдеулеріне алғашқы рет сипаттама берген географ П. П. Семенов-Тян-Шанский, 1875 ж. геолог И. В. Мушкетов (1887 жылғы Верный жер сілкінуі туралы елеулі еңбек жазды), географтар Н. М. Пржевальский, Г. Н. Потанин, А. Н. Краснов және В. В. Сапожников, зоолог Н. А. Северцев, тарихшы В. В. Бартольд т. б. тұрды. 1856—64 ж. арасында қазақтың ұлы галымы Ш. Уәлиханов Верныйға жиі келіп тұрды.
19 ғасырдың соңында Верный қаласы патшалық Ресейдің саяси тұтқындарды жер аударатын орнына айналды және революциялық қозғалыс орталықтарының бірі болды. Жер аударылған социал-демократтар мұндағы бұқара арасында революциялық үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Алматы қаласы – Қазақстан Ресубликасының мәдениетті және сәулетшілік орталығы. Ол – өте әдемі, көркем, әсем және үлкен қала. Алматыда Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Медеу мұз айдыны Алматыға жақын. Алматы көшелері тузу және кең. Қең көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар, троллейбустар жүріп жатыр.
Алматыда көп қабаты үйлер, театрлар, кинотеатрлар, мұражайлар, мәдениет сарайлары, дүкендер өте көп.
Қаланың орталығында қонақ үйлер, цирк, орталық әмбебап дүкені, вокзалдар, кітапханалар және институттар бар.
Алматы қаласындарғы ықшамаудандар: «Көктем», «Самал», «Орбита», «Ақсай», «Айнабұлақ», «Таугүл», тағы басқалар.
Оңтүстік астана мейманханаларында бүкіл бір қабатты алып жатқан президенттер мен корольдердің әсем безендірілген номерлері бар. Әр түрлі санаттағы 3 жұлдыздан 5 жұлдызға дейінгі мейманханалар қабылдап алады.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы мен Ә. Қастеев атындағы Бейнелеу өнері мұражайының мол коллекциялары назар аударуға тұрарлықтай. Қазақ халық аспаптарының 60-тан астам түрінің коллекциясы бар халық аспаптарының мұражайы да бірегей орында. Алтын мен құнды метеллдар мұражайында Қазақстанның зергерлік өнерінің тарихы сыр шертеді. Қалада көптеген сурет галереялары бар.
Алматыда аса ірі театрлар, концерт залдары, филармония, кітапханалар жұмыс істейді, сондай ірі кітапхананың бірі 1931 ж. құрылған Ұлттық кітапхана болып табылады, оның қорында 5 млн-нан астам томдар бар.
Халықаралық “Азия дауысы” фестивалі саз өнерінің өміріндегі жарқын оқиға болып табылады, ол жыл сайын табиғаты тамылжыған Медеу қойнауында жаз аяғында өткізіліп отырады.
Алматының түнгі тынысы да әсерге бөлейді. Мұнда дастархан басында экзотикалық дәмдер татып, саз әуенін тыңдап, дискотеканы қызықтаушылар үшін бәрі де жасалған, казинода көңіл көтеріп, отыруға болады. 1999 ж. діндарларға арналған жаңадан отралық мешіт ашылды. Мүбәрақ атындағы Ислам мәдениет орталығы мен университет жұмыс істейді. Архиепископ басқаратын орыс православие шіркеуінің, Астана – Алматы епархиясында Әулие Вознесенский және Әулие Никольский шіркеулері бар.
Алматы – елдің спорт орталығы. Алматылықтар мен қаламыздың меймандарына бес стадион, бәйге алаңы, теңіз деңгейінен 1700 м биіктіктегі Медеу мұз айдыны мен аспалы тербелмелі жолдары бар, теңіз деңгейінен 2200-2780 м биіктігіндегі аса күрделі шаңғы жолдары бар таудағы Шымбұлақ шаңғы курорты айғара есігін ашады.
Әлемге әйгілі биік мұз айдыны қаладан 15 шақырым жерде орналасқан. Оның мұз айдынының көлемі 10500 шаршы метр – коньнимен шапшаң жүгіру, хоккей, мәнерлеп сырғанау жөніндегі ашық халықаралық жарыстар өткізетін орын. Мұнда 120-дан астам рекордтар жасалды. Жайманшуақ ауа райы, күн радиациясның ұтымды деңгейі, тынық ауа райы мен таза мұздай суынан қатқан мұз айдыны “Медеуді” әлемдегі ең жақсы мұз айдыны, ал оның орналасқан жері ең көрікті өңір болып табылады. Мінберден Алатаудың қарлы шыңдардың және кіші Алматы алқабындағы су тасқынына қарсы салынған бөгесінің (200м) әсем көрінісі ашылады. Нақ осы бөгесі 1979 ж. аса қатерлі су тасқынынан құтқарған болатын.
Осындағы 1450 м биіктіктігінде “Самал” рестораны орналасқан. Оның жанында Сиверс алма ағаштары, жабайы өрік, терек, итмұрын т.б. өседі. Бөген салынған жерінен 2-3 км қашықтықта “Горельник” спорттық базасы салынған, тағы 2-3 км-ден кейін туристік және тау шаңғы базасы орналасқан. Осында 1,5 шақырымдық аспалы тербелмелі жолы теңіз деңгеінен 2200 м-ден 2860 м биіктікке апарады. Осындағы қар жатуының тұрақтылығы мен қыстың ұзақ болуының әсерінен мұнда халықаралық жарыстар өткізіледі.
Тағы бір көрнекті, жиі қоныстанатын жер Үлкен Алматы шатқалы. Осында алғашқы 7 км Үлкен Алматы өзенінің бойымен асфальт жолы төселген. Оның екі жағында бау-бақшалар, коттедждер, “Орбита” теледидар станциясы, 1070 м биіктігіндегі “Алматы” санаторийі орналасқан.
6-шы км-де асфальт жолдары 1977 ж. 3 тамызда болған селдің әсерінен бұзылып, жоғарғы деңгейді бұл жол үшке бөлінеді. Ең ұзын жол — ортаңғы жол.
Бұл жол Үлкен Алматы көліне әкеледі. Бұл көл қаланың орталығынан 38 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Бұл көлге Үлкен Алматы өзені құйып шығады. Сондықтан бұл көл суық (тереңдігі 38 м), таза, көк жасыл түсті болып келеді. Көлдің жанындағы табиғат ерекше болып келеді: жартасты, мореналы, Тянь-Шань шыршаларының ормандары өседі. Ал осы көлден жоғарырақ жүрсе, Ыстық көлге баратын асу көрінеді.
Астана қаласы
Іле-шала, бір жыл өткен соң, Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күші бар Жарлығына (15.09.1995 ж.) сәйкес, республиканың Парламенті мен Үкіметі Ақмола қаласына көшірілуіне шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Заң күші бар
Қазақстан Республикасының астанасы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 3-тарауына сәйкес «Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына және 1994 жылғы 6 шілдедегі Республика Жоғары Кеңесінің Қаулысына сәйкес қаулы етемін:
1. Былай деп бекітілсін:
Республиканың Парламенті мен Үкіметі Ақмола қаласына көшірілгенге дейін Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласы болып табылады;
Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып табылады.
2. Жоғары және мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік комиссиясы құрылсын, оған бұл мақсатта орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру құқығы берілсін.
3. Республика Үкіметі:
Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында бюджеттен тыс «Жаңа астана» қоры тағайындасын.
Ақмола қаласының құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға қатысушы инвесторларға салық, кеден және өзге де жеңілдіктер беру жөніндегі ұсыныстарды дайындап, Республика Президентінің қарауына енгізсін.
Осы Жарлықты жүзеге асыру жөнінде өзге де қажетті шараларды қолдансын.
4. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан
Республикасының Президенті
Н.
Назарбаев.
Алматы, 1995 жылғы қыркүйектің 15-і.
Жарлық жарияланысымен астананы Алматыдан Ақмола қаласына көшіруге байланысты нақты жұмыстар қолға алына бастады. Бұл маңызды міндеттің мінсіз орындалуын мемлекеттік басқару жағынан қамтамасыз ету, Ақмола қаласын кешенді дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру мен ұйымдастыру үшін арнайы комиссия да құрылды. Соның нәтижесінде болашақ астанаға алғашқы көшті Көлік және коммуникациялар министрлігі бастады.
Елбасының 1997 жылғы 20 қазандағы қаулысынан кейін өкімет те Ақмолаға бет алды.
«Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 15 қыркүйектегі Заң күші бар Жарлығына «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі №106 Қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ақмола қаласы 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялансын.
2. Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретінде тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз ететін болсын.
4. Осы Жарлық жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан
Республикасының Президенті
Н.
Назарбаев.
Алматы, 1997 жылғы 20 қазан.
Сонымен, 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Ақмола қаласына – Астана деп жаңа атау берілді.

Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы
Жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың өтініштерін, Ақмола қаласы жұртшылығының талап-тілектерін ескере отырып және Қазақстан Рспубликасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы шешімінің негізінде қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласы
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан
Республикасының Президенті
Н.
Назарбаев.
Ақмола, 1998 жылғы мамырдың 6-сы.
Біз аз ғана жылдар ішінде әлемді аузына қаратар айбынды да әсем, қазақы болмысы бар қала – Астананы тұрғыздық. Бұл – тарих талғамы, ежелден еркіндік аңсаған ер қазақ баласының батырлығының, батылдығының тағы бір көрінісі екендігіне көз жұма алмаймыз.
Аңыз ақиқатқа айналды. Ғасыр ғажайыбы – ару қала Астана, шынымен де, жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп келеді. Астана экономика, құрылыс және әлеуметтік салада ғажайып қиялдарға ғана парапар жетістіктерге жетті. Астана қаласы әлі де шырайлана түсуде.
Астана бас-аяғы он төрт жылдың ішінде ел экономикасының қозғаушы күшіне, рухани орталыққа, қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Елорда арқылы өңірлер бой түзей бастады. Республика көлемінде бұрын болмаған алып құрылыс жұмысы тоқырай бастаған өндірісті қайта жандандырды. Қазақ елі үшінші мыңжылдыққа сай қимылдай алатынын дәлелдеді. Әлемдік өркениетке үлес қосуға қабілетті екенін паш етті. Елбасының жемісті халықаралық қызметінің арқасында Астана даусы әлемде айқынырақ естіліп, қажеттілігі артуда. Оның анық дәлелі – мемлекет басшыларының басқосулары, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, дүбіріне дүние куә болған ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі аясында ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада жоғары деңгейде ұйымдастырылуы және табысты өтуі.
Қазақ даласының қасиетті төріне айналған Астананың ақ самалын жұтудың өзі алыстағы ағайынға арман бола бастады. Елорда еліміздің жүрегінде орын тепсе, оның көрікті де келісті келбеті әр көңілдің төрінен орын ала бастады.
Елордада Кисе Куракава және Норманн Фостер сынды әлемге әйгілі сәулетшілердің тамаша жобалары жүзеге асырылды. Солардың ұсынған тұжырымдарының арқасында Астана қоршаған ортамен үйлесімдікте дамып, қазіргі заманға лайық бейнесімен көз тартады. Астананың салынуы және қарыштап дамуы Қазақстанға ғана емес, басқа да шет мемлекеттерге пайдасын тигізіп отыр. Неге дейсіз ғой, өйткені қазіргі нарық заманында салынған инвестиция оны салған ел үшін пайда келтіретінін бәріміз ескергеніміз жөн.
Қазіргі таңдағы Астана – тас пен темірден, әйнектен тұрғызылған ғимараттар ғана емес, өз рухы бар қала. Ерекше құрылыстар мен ғимараттар адамдарға айбындылық пен әсемділікті ұғындырса, Астананың рухани және мәдени тынысы технологияның тасасында қалып қойған жоқ. Барлық климаттық қолайсыздықтарға қарамастан, Елорданың қайталанбас бейнесі жастар мен мәдени қайраткерлердің шабытты шығармашылығының бастау көзіне де айналды. Жастар қаласы болып қалыптасып үлгерген астанамыздың дәстүрін жалғап, болашағын баянды ететін буын да осы жас қалада тамыр тартып келеді.
Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін — Ақмола) 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің қолдауымен еліміздің орталығы, астанасы болып тарихқа енді.
1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық презентациясы болып өтті.
Алматыдан астананы көшірудің бірнеше себептері болған болатын. Оның негізгілері Алматы сейсмикалық зонада орналасқан, елдің бір түкпірінде және экологиялық жағдайдың күрделілігіне байланысты еді.
1992 году қалаға бұрынғы өз атын қайта бергеннен соң Ақмола атала бастаған еді.
Қараөткел, Ақмола, Целиноград, Астана қаласы – Қазақстан Республикасының қазіргі орталығы. Сарыарқаның солтүстік бөлігінде, далалық зонада, Есіл өзенінің биік оң жағасынеда орналасқан. Оңтүстік Сібір және Петропавл-Шу темір жолдарының түйіскен жеріндегі ірі темір жол жәие автожолдар торабы. Әуе жолдары арқылы Мәскеу, Алматы және еліміздің басқа да қалаларымен, облыстың көптеген елді мекендерімен байланысады. Халқы 500 мың. Қала 1961 жылдан Целиноград деп аталды.
Есіл өзені мен керуен жолдарының түйіскен жеріндегі Қараөткел тұсында сыртқы әскери округтың орталығы ретінде 1830 ж. іргесі қаланды. 1832 ж. қалаға айналып, Ақмола (қаланың оңтүстігіндегі саз жыныстардан түзілген төбеге байланысты) аталды. Ол —1862 ж. Ақмола далалық генерал-губернаторлығының басты қаласы, ал 1868 ж. Ақмола облысының уезд орталығы.
Совет өкіметі жылдары қала Солтүстік Қазақстанның ірі өнеркәсіп пен мәдени, ғылыми орталығы дәрежесіне жетті. Ақмоланың тез өсуіне Петропавл—Ақмола (1930), Ақмола — Павлодар (1953) темір жолдарының салынуы, облыс орталығына айналуы (1939), тың және тыңайған жерлердің игерілуі (1954 жылдан бастап), бұрынғы Тың өлкесінің орталығы (1960—65) болуы орасан зор әсер етті.
Өнеркәсібінің негізгі саласы — машина жасау және металл өңдеу. Ірі кәсіпорындары — «Казахсельмаш», «Целиноградсельмаш», насос, сауда жабдықтары, сантехникалық бұйымдар мен электр тетіктері, газ аппараты заводтары, автомобиль, вагон, аспап, тұрмыстық техниканы жөндеу заводтары, медициналық техниканы жөндеу-құрастыру, су шаруашылығы мен жол техникасын жөндейтін шеберхана, техникалық қызмет көрсететін станция, қара металлургия заводды. Құрылыс материалдары, темір-бетон бұйымдары мен құрылыс конструкциялары комбинаттарының, керамзит заводының, тұрмыстық химия заводының, ет, сүт комбинаттарының, балық, арақ-шарап, сыра заводтарының, нан бірлестігінің, астық-азық комбинатының да қала экономикасындағы маңызы зор. Астанада соңғы жылдарда көптеген көп қабатты жаңа тұрғын үйлер мен қоғамдық, мемлекеттік маңызы бар ғимараттар Есіл өзенінің сол жағына салына бастады. Қала негізінен көгалдандырылған.
Қалада агробиржа, фондтық биржа, валюталық биржа, ірі банктер, сақтандыру, көліктік компаниялар, тұрақты жәрмеңкелер және көрмелер және басқалар салынады. Сөйтіп ірі орталыққа айнала бастайды.
Соңғы жылдардың өзінде қала құрылысы Қазақстанның бүкіл экономика салаларының локомотиві іспетті болып отырғаны даусыз, өйткені жылына 700-800 млн. доллар көлемінде қаржы игеріліп қала қауырт өсіп барады. Бұл қаражат Қазақстан Республикасының жылдық бюджет табысының үштен бірі шамасында болып отыр.
Астанада Ұлттық музей, бірнеше бизнес-орталықтары, аквапарк, этнопарк, Ұлттық кітапхананың бөлімшесі тәрізді мәдени-ғылыми ғимараттар бой көтеріп үлгерді.
Мұнда оқу орындары өседі деп күтілуде. Қазірдің өзінде Евразия университетінде мыңдаған студенттер білім алуда.
1998 жылы қаланың инфрақұрылымын көтеру үшін Астанаға «Гүлдер» мемлекеттік бишілер ансамблі, фольклорлық «Сазген» ансамблі көшірілді.
Парламент және Үкімет үйлері тұрғызылды. Елбасының резиденциясының көк күмбезді ғимараты көз жауын алады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен жиналыстары өтетін ғимаратта бұл күндері алыстан мен мұндалап тұрады.
«Интерконтиненталь» және «Финтрако-Комфорт» қонақ үйлері, «Әл-Фараби», «Самал» атты шағын аудандар іске қосылды.
Астана қаласының даму приоритеттері
Қаланы энергетикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып энергияны өндіру әрі сақтау,
Сумен және канализациямен қамтамасыз ету,
Қазіргі заманғы телекоммуникациялар құралдарымен қамтамасыз ету,
Алматы-Астана автобанын халықаралық стандарттарға сай сервистік желілермен салып шығу,
Есіл арқылы бірнеше көпірлер салу және айналып өтетін жолдар салу,
Халықаралық аэропорт салу,
Халықаралық сыныптағы бизнес-орталықтар, отельдер, сауда үйлерін салу,
Тұрғын үйлер салу,
Қазіргі заманға сай құрылыс индустриясын дамыту.
Мемлекет басшысы, Ұлт лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің бас қаласын салуға бүкіл жан діниесін салды. Оның архитектуралы пішіні, инвестициялық тартымдылығы, әлемдік даңқы тікелей Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің атымен байланысты.
Осы жылдар ішінде біздің астана әсерлі жетістіктерге жетті. Оның экономикалық көрсеткіштері он есе өсті, еліміздің ЖіӨ-де астананың үлесі айтарлықтай ұлғайды. Қала экономикасының динамикалық дамуы оның тұрғындарының әл-ауқатының өсуіне ықпал етті. Астанадағы құрылыс қарқыны мүлдем теңдесіз: мұнда бір уақытта жүз шақты объектілер тұрғызылады. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылуда. Еліміздің астанасы бизнес-климат және іскери белсеңділіктің дамуына арналған бірегей тұғырнамаға айналды. Қазіргі таңда ол өмірдің барлық салаларында ең жоғарғы және алдыңғы қатарлы стандарттарды көрсетеді. Астана өмір сүру мен жімыс істеуге өте жайлы мегаполиске айналды.
Астананың халықаралық маңызы айтарлықтай өсті, аймақтық және глобальные қауіпсіктің нығаюына айтарлықтай үлес қосқан көптеген форумдардың өткізілетін орнына айналды. Астана еуразиялық интеграция мен жалпы әлемдік конфессияаралық диалогтың астанасы ретінде мәлім. Қазір біздің астана «Болашақ қуаты» ұранымен «ЭКСПО - 2017» Дүниежүзілік көрмесін өткізді.
Астана - бұл қазақ халқының орындалған арман мен үміттерін кейіптеу. Астана - бұл біздің азаматтарымыздың болашаққа деген үміті мен сенімділігіній символы. Қазір мемлекетіміздің елбасымен Астананың алдына әлемнің табысты қалаларының 10-на кіру міндеті қойылды, біз бұл мақсатқа жетеді деп сенеміз.
ІІІ Қорытынды
Қазіргі Қазақстан — әлем таныған егеменді ел. Өзінің ұзақ жылдарды қамтитын тарихында еліміз сан алуан қиыншылықтарды өткерді. Алайда көкірегінде:
«Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген!»,-
деген ұран оты сайрап тұрған ержүрек бабаларымыз отанымыз және астанамыз үшін тайсалмай күресті. Соның арқасында ғана бүгінгі таңда бақытты өмір сүріп отырмыз. Мемлекетіміздің саяси дамуына қолайлы жағдай жасау ниетімен астанамыз болашағы зор қалаларға көшіріліп отырды. Бұрынғы және қазіргі елордаларымыздың қайсысы болмасын, әрқайсысының еліміздің тарихында алатын орындары ерекше.
Көк байрақ көтерген он бір жылды саралап қарасақ, жүз жылда атқарылатын істер істелініпті. Ғасырлар тоғысында астанамыз жаңарды.
Бас қаламыз – Астана Қазақстан жүрегіне, ұлттың ұранына, азаттықтың асқақ арманына, қазақтың қастерлі де қасиетті мекеніне айналды. Болашақта Астана әлемнің ең ірі, ең әсем де көрікті қаласына айналады. Себебі, қазақ халқы – ертеңі үшін, келер ұрпағы үшін өмір сүріп келе жатқан халық.
Ұсыныс:
Қазақстан астаналарын айшықтап, оларға терең түсінік беретін энциклопедиялар жарық көрсе;
Астанамыз Астананың көрікті жерлеріне облыс оқушыларын саяхатқа жіберу ұйымдастырылса.
ІҮ Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1-12 томдар, 1973-1980 жж.
2. Қазақтар. І-VII том, Құрастырғандар Әбен.Е. Шалғынбаева Ж. Алматы, 1998 ж.
3. Маданов. Ұлы дала тарихы, Алматы, 1997 ж.
4. Қазақ ССР тарихы, 2 том. Алматы, 1980 ж.
5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы, 2003 ж.
6. Қазақ тарихы, очерктер. 1998 ж
14
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу
1 - айлық
Материал тарифі-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
Абдуллапева Айжан АбилашимовнаШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Қазақстанның көне астаналары
Тақырып бойынша 31 материал табылды
Қазақстанның көне астаналары
Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның көне астаналары тақырыбында ғылыми жұмыс. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиетті қамтиды.

Файл форматы:
docx
11.01.2025
144
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз