Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстаным жүрегім!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін»
Мектеп директоры: М.Абилова
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
КММ Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп
Тақырыбы: «Қазақстаным- жүрегім,
Түркістаным – тірегім»
Сыныбы: 8
2018-2019 оқу жылы
«Қазақстаным- жүрегім,Түркістаным – тірегім»
«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының
отаншылдық сезімі мен өз еліне деген
сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз».
Н.Ә.Назарбаев.
Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – азаматтық-патриоттық тәрбие болып табылады. Тәрбие тұжырымдамасында «Гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс» - деп, нақты мазмұны айқындалған .
Қазақстанда тұратын әрбір азамат өз елінің адал перзенті болуға тиіс. «Қазақстаным-соғып тұрған жүрегім» деп елі үшін аянбай еңбек етуге дайын болуы тиіс.Яғни нағыз өз елінің патриоты болуға тиіс.
«Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауырбасушылықты білдіреді «Қазақстан ұлттық энциклопедиясында»: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі» – деп анықталған. Педагогикалық сөздікте «…патриотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік …пролетарлық интернационализммен берік байланысқан» – деп көрсетілген. Еліміздің егемендігінен кейін «Ұлттық патриотизм», «жалпыұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдары қолданысқа енді
“Патриотизм - адамның өз туған жеріне, еліне, тіліне, тарихына сүйіспеншілік танытып, мақтаныш етуі және құрметтеуі, елдің тұғырын биіктетуге адал қызмет етуі, Отанының құдіретін, өзінің онымен рухани байланысын, елін қорғауға даярлығын танытатын қасиеті“.
Патриоттық тәрбие болашақ Отан азаматы тұлғасын қалыптастыруды мақсат тұтады. «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында атап өткен болатын
Сондықтан, бүгінгі таңда біздің бүкіл патриоттық тәрбие жұмысының міндеті – қазақстандық патриотизмді әрбір азаматтың өмірлік серігіне айналдыру»
Жастарымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Назарбаев мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жазады: «Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...».
Ал қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға тән. «Қазақстаным –жүрегім» деп елжіреген әрбір тұдға үшін ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері өз ана тілімен қоса қазақтың тілін білуі тиіс. Әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек.
Шөбі шүйгін, шұрайлы жеріміз бар,
Бірлігіміз жарасқан еліміз бар.
Даудың басын қайтарып, жауға шабар
Елдің қамын ойлайтын еріміз бар.
Өзге ұлтпен жарасқан көгіміз бар,
Тамылжытып сөйлейтін тіліміз бал.
Бармақтай бағымызға көз тимесін.
О, АЛЛА бола көрші бір өзің жар.
Қазағым қайран елім несібелі,
Басыңнан небір дәурен көшіп еді.
Орыстың озбыр оты өршігенде,
Батырлар өз жанымен өшіргенді.
Әр тарихтан көш үні естіледі,
Жүріп өткен жолдарың кестеленді.
Артқа тастап қанша қыс, жаз, көктемді.
Жасалынып болып жатыр шаралар,
Атқарылды қаншама іс өктемді.
Сұлу жерге тамсанып, көз телмірді,
Күннен күнге жайқалып өскен елді.
Алға жылжып, жүйрік ой жаһанданып,
Қазақстан көп елден көш ілгері келеді.
Қазағым күн көзіндей болсын жарық.
«Тәубе» деп тура жолдан жаңылмайық,
Білім, өнер, іспенен танылайық.
Әрбір өзге ұлт, қауымына
Көш болып, жақұт болып жалындайық.
Тәуелсіздік тірегім деп ұрандайық,
Қазақстан жүрегім деп жыр арнайық.
Қазаққа көзін сүзген дұшпандардың,
Тұқымы көз алдымнан болсын ғайып!
Күннен күнге өркендеп қарқын басым,
Қазақстан гауһардай жарқылдасын.
Айрандай ұйып отқан татулықтың
Береке, несібесі сарқылмасын.
Бейбіт оты алауы жалындасын!
Пендешілік пейілің тарылмасын.
Көк туымыз желбіреп көк аспанда,
Тәуелсіздік бақытың арылмасын!
«Түркістаным—тірегім»
Түркістаным--тірегім,
Сен деп соғады жүрегім
Түркістаным--тірегім,
Саған бәрін беремін...
Түркістаным, киелім,
Сені қатты сүйемін.
Жылу берген әр жанға,
Құшағың ыстық білемін...
Әзіреті-Сұлтан төріңде,
Киелі қазақ жерінде
Әр қаладан келеді,
Тайқазанды көруге...
Шет елден де келеді,
Түркі бауыр елдерден
Қазағымның Рухани
Астанасын ежелден
Сенімен мен мақтанам,
Сенімен атар әрбір таң
Күнің де ыстық, түнің де,
Өзіңмен ғана бақ табам!
«ҚАСИЕТТІ ТҮРКІ ЖЕРІМ –
ТҮРКІСТАН»
ҮІІІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында жазылған шығыс жазба деректерінің мәліметтерінде Түркістан атауы бірнеше мәнде қолданылады. «Түркістан» атауы жазба дерек мәліметтерінде ҮІІІ-ІХ ғасырлардан бастап кездесе бастайды да, парсы тілінде «Түркілер елі» деген мағынаны береді.
Алғаш рет бұл атауды ҮІІ-ІХ ғасырларда араб-парсы тарихшылары қолданды да, оған барлық түркі тілдес тайпалардың мекендеген жерін жатқызады. ІХ ғасырдағы араб географы Ибн Хордабек «Китаб ал-масалик уа ал-мамлмк» атты еңбегінде: «Мервтен екі жол шығады, бірі Шашқа және түркі еліне, келесісі- Балх пен Тохаристанға апарады» деп жазса, оның замандасы, тарихшы, әрі географ ал-Якуби бұл ұғымды нақтылап көрсетеді. Ол өзінің «Китаб ал-булдан» атты шығармасының бір тарауын «Түркістан» деп атап: «Барлық түркі елдері Хорасан мен және Седжестанмен шектеседі. Ал Түркістанда түркілер бірнеше елге, тайпаға бөлінеді», дей келе, түркі тайпаларының атауларын жазады. Осылайша, Түркістан атауы ІХ –Х ғасырлардан бастап этно-географиялық мәнге ие болады да, кең түрде қолданыла бастайды. [1. 12-б]
ХІ ғасырда түркі тайпаларынан шыққан атақты ғалым Махмуд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» атты кітабында бұл атауды жиі қолданады. Кітаптың «Түркі халықтарының мекен жайлары мен тау- теңіздері» деген тарауында М.Қашқари: «Кейбіреулер бүкіл Мауреннахрды Түркі елі деп те есептейді. Ол Янкикенттен басталады. Қазір Түркі елінің шекарасы Абискүн /Каспи/ теңізінен айналып, Рұм елі мен Өзкенттен Шынға /Қытайға/ дейін сщзылады. Ұызындығы сегіз мың персех»,- деп баяндайды.
Монғол шапқыншылығына дейінгі жазба деректердің мәліметтері бойынша, Түркістан- шығыста-Қытаймен, батыста-Каспий теңізінің шығыс және солтүстік жағалауларына дейінгі жерлермен, оңтүстікте-Хорасанмен шектесіп жатқан орасан зор аймақ болып саналады. Бұны Түркістан атауының кең мағынада қолдануы деуге болады.
Академик В.В. Бартольд түркі тілдес халықтар мен тайпалардың саяси- экономикалық және мәдени тарихына арналған көптеген зерттеу еңбектерінде Түркістан ұғымына монғол жаулауына дейінгі араб-парсы тілдерінде жазылған атауды пайдаланады. Ол да Каспий теңізінен Қытайға дейінгі жерлерді Түркістан дей келе, бұл ұғымның мәндеріне терең тоқталып өтеді. «Саяси және этнографиялық тұрғыдан қарағанда Түркістанға Каспий теңізі мен Қытай аралығындағы жерлер жатады, ал ортағасырлардағы мұсылман авторларының терминологиясы тұрғысынан қарасақ, Түркістан Мауереннахр енбейді», деп жазады. [1. 15-б]
ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы парсы- тәжік, түркі, шағатай тілдеріндегі деректерде Түркістан ұғымы өзінің алғашқы мәніне қарағанда бірқатар өзгеріске ұшырайды. В.В. Бартольд көрсеткен «Түркістан» атауындағы терминологиялық айырмашылық ХІҮ ғасырдан бастап, саяси жағдайға да әсер етеді. Монғол шапқыншылығына дейінгі Мауереннахр атауы Түркістан ұғымының шеңберінде айтылып келсе, ХІҮ ғасырдан бері Мауереннахр-тарихи географиялық және саяси аймақ ретінде Түркістан ұғымынан бөлектенеді. Ал, Түркістан ұғымының географиялық аумағы анағұрлым кішірейеді. [2. 79-б.]
ХІҮ ғасырдың ІІ жартысы мен ХҮ ғасырдың І жартысында өмір сүрген тарихшы Муйн ад-дин Натанзи ХІҮ ғасырдың 70-ші жылдарында Мауереннахр мен Дешті Қыпышақта болған тарихи оқиғаларды баяндай келе, Ақсақ Темірдің Сауран, Отырар және Сығанақ қалаларын Тоқтамыс ханға сиға бергені жөнінде айтады және де ол осы еңбегінің келесі бір жерінде жоғарыда айтылған қалалардың бәрін, бір ғана Түркістан атауымен айтады. Осы кездерден бастап жазба дерек мәліметтерінде Түркістан деп нақты бір аймақ, өлке немесе уалаят айтыла батайды. «Тауарих-и гузида-йи нусрат неме» атты ХҮІ ғасыр басында жазылған авторы белгісіз шығармада «Түркістан уалаяты» деп жазылса, «Фатх-намада» Отырар және Сауран бір сөзбен «Түркістан» деп аталады. Сондай-ақ, ХҮІ ғасырдың басы мен ортасына дейінгі жазылған «Шайбани-наме», «Зубдат ал-асар», «Тарихи Абулхайрхани» секілді шығармаларда жеке иелікті, өлкені, елді Түркістан деп атайды. «Бадай ал-вакай», «Тарихи-и рашиди» еңбектерінде Түркістан деп нақты әкімшілік-
географиялық аймақжазылады. ХҮІІ ғасыр тарихшысы Махмуд ибн Уәли «Түркістан бұрын қалалары көп, үлкен ел болған»,- деп түсіндіреді. [1.16-б.]
Сөйтіп, ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Түркістан атауы Сырдария өзенінің бойындағы әкімшілік аймаққа ғана қолданылған. Ал ХҮІІІ ғасырдың ортасынан бастап Түркістан деп Сырдария өзенінің бойындағы жеке бір қала айтыла бастайды. Бұл туралы Махмуд ибн Уәли: «казір Түркістан-Сақси қаласы, жергідікті халық оны Иассы деп атайды»,- деп жазады.
Жалпы, Түркістан атауының ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қолданылуы тарихына қарасақ, ірісаясиөзгерістерге байланысты атау өз ұғымын үнемі өзгертіп отырған. Ортағасырларда Түркістан атауының үш мәні болғанына көз жеткізуге болады. 1-ҮІІІ-ХІІ ғасырларда түркі тілдес тайпалардың мекендеген жалпы аймағы жатады. 2- ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы Сырдария өзенінің бойындағы жерлер, 3- ХҮІІІ ғасырдан бастап Сыр бойындағы Иассы қаласының жаңа атауы енген.
Біз екінші мәнді қолданамыз. Себебі, ХҮ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Түркістан аймағы, яғни Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы қалалар мен өңірлер Қазақ хандығы мен Мауереннахр арасындағы саяси қарым- қатынастың негізгі өзекті мәселесіне айналды.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы жазба деректер мәліметтері Түркістан аймағының алып жатқан жерін, шекарасын анықтауға мүмкіндік береді. К.А.Пищулина ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы жазба деректерге сүйене отырып, Түркістан деп Сырдария өзенінің орта ағысы бойын, дәлірек айтсақ, өзеннің сол жағалауындағы кең жазық даланы айтады.
«Түркістан аймағы оңтүстік-шығыста Шыршық және Бадам су айрықтарындағы жазықтармен, солтүстік- шығыста Қаратаудың таулы жоталарымен шектеседі», -деп анықтай түседіК.А.Пищулина. Ал археолог К.М.Байпақов Түркістан аймағына Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белі мен қаратау баурайларын түгел қамтитын үлкен аймақты жатқызып, К.А.Пищулинаның ойын оңтүстік-шығыс бағытта кеңейте түседі.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы деректерде Түркістан аймағының шекаралары анық көрсетіледі. Түркістан аймағының солтүстігіндегі жерлердегі Дешті Қыпшақтың оңтүстік далаларымен, оңтүстіктегі жерлерді Мауереннахрдың солтүстік иеліктерімен, шығысындағы жерлерді моғолстанның батыс иеліктерімен бірде- бір зерттеуші шатастырмайды. Түркістан аймағының ең оңтүстігіндегі қамалы Аркук болып саналады, «Аркук... Түркістанға кіре берер жерде орналасқан қамал», -дей келе, «Ол Түркістанның шекаралық тірек пункті, бұхара мен самарқанд жақтан Түркістан аймағына қарай жолға шыққандар ең бірінші осы қамалға келіп жетеді», -деп, ХҮІ ғасыр басында одан әрі толықтыра түседі.
Ал Түркістан аймағының солтүстігіндегі орналасқан қалаға «Михман наме-йи Бұхара» авторы сығанақ қаласын жатқызады. Ол: «Сығанақ солтүстікке қарай Сейхунға қарама- қарсы биік төбе жатыр. Жұрттың айтуынша бұл биік төбе Түркістанның ең шеткі және өзбектер /қазақтар/ иелігігің басталар жері», - деп түсіндіреді. Сондай-ақ «Иассы, Сауран және тағы басқа қалаларды», ибн Рузбехан «Түркістанның шығысындағы қамалдар», -деп баяндайды.
Аймақтың оңтүстік –батыс бағыттағы шекарасы ұзыннан-ұзақ Сырдариямен қатар созылып жатқан Қызылқұм құмдарымен шектеледі. Бұл құмды өңір аймақты оңтүстік бағытта Мауереннахр және Хорезм жерлерінен бөліп тұрады. [1. 18-б.]
Сонымен, монғол жаулауы мен одан кейінгі ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы Дешті Қыпшақ пен Мауререннахда болған саяси өзгерістер Сырдария өзенінің орта ағысы бойы ерекше аймаққа айналдырды да, оған Түркістан атауы берілді. ХІІІ-ғасырдың соңы мен ХІҮ ғасырдың басында бұл аймақ Ақ Орданың саяси орталығына айналып, Дешті Қыпшақтың өзге аймақтарымен салыстырғанда экономикалық, сауда- айырбас, мәдени даму тұрғысынан алғанда анағұрлым жоғары болды. Сол себепті де ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы авторлар Түркістан аймағын жеке ел деп те, өлке деп те, уалаят деп те атай берген.
ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Түркістан аймағының гүлденуіне оның қолайлы географиялық орында орналасуы күшті әсер етті. Географиялық тұрғыдан аймақ территориясы көшпелі және отырықшы мәдениеттердің ортасында орналасып, өзінің дамуымен қатар, көшпелі және отырықшы шаруашылықтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, этникалық қарым- қатынастарда дәнекерлік, байланыстырушы роль атқарды.
Міне, бүгінде жаңа облыс пайда болды! Оңтүстік Қазақстан енді ресми түрде
Түркістан облысы деп аталады. Бұл туралы Елбасы жарлыққа қол қойып,
жаңа облыс орталығын Түркістанға ауыстырды. Ал, миллионнан астам
тұрғыны бар Шымкент –енді үшінші дербес шаһар статусын
иемденді.
Облыс орталығының Түркістанға ауысарын және Шымкенттің дербес қала
атанарын тұрғындар күтіп-ақ жүрген. Тек, шындығын айту керек
мұншалықты жылдам болар деп ешкім ойлаған жоқ. Алайда, Елбасы
Оңтүстік Қазақстан облысының атауын Түркістан облысы деп өзгерту
туралы тарихи жарлыққа қол қойды. Иісі қазақ үшін қасиетті ұғым
Түркістан атауын тұтас өңірге қойылуы да тегін емес. Ғасырлар бойы
алты алаштың рухани әрі саяси ордасы болған Түркістан қаласының өзі
енді жаңа өңірдің орталығы болды. Бұл әкімшілік аумақтық құрылымға
өзгеріс енгізу арқылы осы өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді
көздеген тарихи құжат боп саналады. Оңтүстік Қазақстан еліміздегі
экономикалық, көлік-логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ.
Ал, облыс орталығы Түркістан қаласына көшіріледі. Қазақ хандығының
ордасы болған әрі рухани тағылымы мол тарихи мекен. 20-шы ғасырдың
басында қазақтың біртуар азаматтарының ел мүддесі үшін жүргізілген
күресі де Түркістан атауымен тығыз байланысты болғанын білеміз.
Ендеше ,өркен жайған қанатын кеңге салған Қазақстаным - жүрегім
деген әрбір азамат құрбан болған азаматтарымыздың ізімен енді облыс
орталығы болған ,рухани бай қазыналы қаламыз Түркістанды -
тірегіміз дейтіні анық.