Материалдар / Қазақтардың қонақжайлық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары Реферат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақтардың қонақжайлық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары Реферат

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал толық өз ойымнан жазылған. 4 бет Кіріспесі, жоспары, қортындысы бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2024
69
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
900 тг 675 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары

Жоспар

1.Кіріспе

2.Қазақ қонағының этикасы мен дастарханы

3.Қазақтың әдет-ғұрыптары

4.Қортынды

Кіріспе

Баяғыда қазақ тұрмысын зерттейтін америкалық ұлы ғалым, Қазақстанды аралап жолға шығады. Ішкен тамағына ақша береді алмайды, мінген көлігіне ақша береді алмайды. Сонда жер бетінде ақшасыз, керемет қонақ жайлылықпен өмір сүріп жатқан бір халық қазақ деп айтқан екен. Менім ойымша осыдан артық қазақтын қонақжайлылығына берер баға жоқ. Қонақ келсе, құт келер дейді қазақ.

«Құт» ұғымын ежелгі түркілер, өмірлік қуат, рух, бақыт, дәулет, жақсылық деп қабылдаған. Сол себепті үй иесі қонақты қарсы алғанда, алдымен мейманды үйге кіргізіп, сонынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл қонақпен еріп келген құт бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда есікті қонаққа аштырып, сонынан өзі жауып шығатын болған. «Құтты қонақ келсе, қой егіс табады. Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабады» деген сөз бар дана қазағымызда. Қонақ қырық несібесімен келеді, қырық несібесінін біреуін ғана жейді, қалғанын сол үйге тастап кетеді. Бұл қонақ жайлық деген қазақтын дүниетанымымен,жалпы қазақтын ұлттық болмысымен тұтасып кеткен дүние.

Қырықтын бірі қыдыр, қызыр дейді. Бұл жерде біз екі нәрсенің айырмашылығын ұғып алуыымыз керек. Қыдыр деп бақ пайғамбарын айтады. Қызыр деп жер пайғамбарын айтады. Біз осыны анықтап алумыз керек. Наурызда күн мен түн теңелгенде қызыр пайғамбыр келеді, қыдыр көктен түседі дейдіғой.

Қазақ қонағының этикасы мен дастарханы

Ғасырлар бой өзіне тиесілі жайлау, қыстау және күздеуін, егістік жерін, әр маусымға сәйкес ауыстырады. Көшіп қонып жүрген халық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттерін ту еткен. Сол себепті сайын даланы еркін кезген қазақ, ешқашан өзің жалғыз сезінбеген. Қайда барсада жылы жүзбен қарсы алып, жайулы дастархан жайғастыратын пейілі кең жандар табылады.

Қазақ жалпы қонақ жайлылық дәстүрін, негізінен ерте замандарда аңыздардан келтіреді. Алашахан кезімен байланыстырып, мынандай аңыз бар. «Алашахан өзінен тараған үш ұлын жинап, малын төртке бөліп, еншісін беріпті . Үш ұлына, үш бөлігін беріп бір бөлігін қазақтын, еншісі қонаққа арнап бөлінген екен». Демек бауыр еті балаларына қалдыратын мұранын, бір бөлігін қазақтар қонаққа тиесілі енші деп қалдырған. Осының өзі бұл халықтын мейманға деген ерекше ықыласын таңытады. Қазақ қонақ қарсы алудын жөнін, бабын білген халық.

Қонақжайлық дәстүрі ғасырлар бой қалыптасқан ережелерге сай қазақ қоғамында қалыптасып, бұлжымай сақталған моральдық,этникалық норманын ажырамас бөлігі. Қазақ қонағының этикасы өте керемет этика. Мысалғы үшін сырттан келген қонақты ең алдымен өте кеңпейілділікпен қарсы алады. Келген қонақ сенің тамағына қарамайды, қабағына қарайды. Бірінші күндей шуақты жылы қабағы, жылы көз қарас болуы керек. Жылы мейріммен, ыстық ықыласпен келген қонақты аттын үстінен, қолтығына сүйеп түсіріп алады. Қолына су құйады, астына көрпе жайады, шыңтағына құс жастық қойады, төрге жайландырып отырғызады. Кейін атын барып байлап,оның атына жем, шөп беріп, суарып атында күтіп жатады. Келген қонақты ренжітсе, үйдегі бақ-ырыс кетеді. Келген қонақ ренжіп қайтатын болса, қыдыр ренжіп қайтады деген нақыл сөздерде бар. Жалпы қонақ, қазақ халқында ауылға түскен кезде ең бірінші кезекте, жағдайы жақсы байдың үйіне түсуге тырысқан. Себебі кедей адамды ұялтпау үшін, жағдайы бар қонақ күте алатын адамның үйіне түскен.

Қонақ күту дала дипломатиясынын жарқые үлгісі. Дастарханға барын салып, сыртан келген адамды сый құрметке бөлеген қазақ, битаныс адаммен жақындасудын, өрісін кеңейтудің амалын жақсы білген. Қытайдан келе жатқан Абылайды Санқай төре күткен кезде жүз он бес тай сойған дейді. Кейінен ол жер «Тай сойған» деп аталып кеттіпті. Осындай қонақ күтудін ерекеше жомартық үлгілері қазақ даласында бар деп айтсақа болады.

«Қонақ атанан да үлкен» деген халық даналығынан арнайы шақырылған немесе дәм бұйырылып ойда жоқта келе қалған, мейманның қоғамдағы рөлін білуге болады. Қандай жағдайда да болмасын қазақ қонақты жасына қарамастан,төрге отырғызып ерекше құрмет көрсеткен. Қонақ келгеннен кейін, қонақтан жоғары үйдін адамдары жоғары отырмайды, әдеп бар, этика бар. Қонаққа табақ тартылмас бұрын, сол қолына леген оң қолына құман ұстаған бала дастархан басында отырған адамдардың қолына жағалай су құйып шығады. Содан кейін келіп отырған қонақ дастарханнан әрі қарай аттамайды,дастарханнын шетін баспайды, қисайып жатып тамақ ішпейді. Қонақ өзінің этикасын сақтап отырады.

Үйінен қонақ арылмайтын қазақ оларды арнай қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ деп бөлген. Қайсысы сүйкімсіз екенін атауынан білуге болады. Қылғыма қонақ деп үйді аралаумен күнін өткізетін, қонақ түскен үйді аңдып жүріп келіп қалатын,сүйкімсіз қонақты атайды.Ал қыдырма қонақ әдеттегі алыстағы ағайынын арнайы іздеп келіп бір неше күн туған-тумасын аралап шығады. Құдай қонақ дегеніміз ешкімді таңымайтын жол жөнекей келіп кез келген ауылға түсіп, құдайы қонақпыз деп арнай түсетін болған. Ал арнай қонақ дегеніміз бір ашық жиындарға, той жиындарға арнайы шақырылған қонақтарды айтады.

Қазақ елінде кез келген уақытта қонағына мал сойып бермеген, бірақ қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Жазды күні қонаққа ең болмағанда марқа сойылса, қысты күні соғым етіннен тартылған мүшелі табаққа риза болады. Қазақтын өзінің дастарханы киелі дейді, қазақтын дастарханында жайылатын 54 түрлі табақ бар, 54 түрлі дастархан бар. Қыз дастархан, құдағый дастархан, құда дастархан, беташар дастархан, батырға жайатын дастархан, той дастархан, ас дастархан деп кете береді. Сондай табақтын бірі, Құнанбай қажыға ұсынылған екен. Болат Бопйұлының айтуынша «Бірде жолшылап келе жатқан Құнанбайдың алдынан, Шәку би Есілбайұлы шығып, аман саулығын сұрап өзің таныстырып болған соң, жалғыз ұлынын қазасына жайылған дастарханға шақырады. Сонда Құнанбай аруақ аттап кетпейміз деп, асқа барады». Этнограф мамандардың айтуынша, қонаққа тартылатын дәмнін өзі төрт ырыс деп бөлінеді. Қызыл ырыс деп ет, қазы қарта, жал жайа аталса, ақ ырыс дегеніміз қымыз, шұбат, айран, құрт, ірімшік, сүт. Көк ырысқа жеміс жидек жатады және тағы біреуі дақыл ырыс, яғыни бидай, тары, арападан жасалатын тағам түрлері. Дәстүрлі қоғамда жұрт жиналған жерде ән айтылмай, күй тартылмай, жырдан шашу шашылмаса дастарханның сәні қашады. Ауылдын алты ауызын айтқан жастар, кезекті қонаққа береді. Қонақтын тартуы «қонақ кәде» деп аталады. Ал өнерден құр алақан, адам болса есек болып айқайлатып, тауық болып шақыртып сайқымазақ жасайды. Дей тұра өнер десе ішкен асын жерге қойатын қазақ мұндайда әу демей қоймайтын.

Қазақтың әдет-ғұрыптары

Сайын сахараны мыңдаған жыл бойы мекен еткен, қазақ халқы ежелден ғұрыпқа бай ұлт. Халқымды қандай десен, салтымды сына деген. Көрші ақысы тәңір ақысы деп іргесіне кең пейіл құшақ жайа білген қазақта, ереулік деген ерекше салт бар. Ауылына енді көшіп келген, үйіне жапсарлас жаға көршінізге алғаш дәм беру, қонақасына шақыру бұлжымас борыш болды. Жалпы қазаққа ежелден етене таныс бұл ереулік, түсінген адамға туыстықтын тұғырындай, бірліктін байрағындай ерекше дәстүр. Біз жалпы өзіміздің салт санамыз, әдет ғұрпымыз туралы жақсы білеміз дегенімізбен де, бодандықтын бұғауында болған біраз уақытта көп жайттан көз жазып қалғанымызды жасырмаумыз керек.

Қазақтың дәстүрлі жүйесінде ас беру деген салт бар. Ас беру қонақ күтудін ерекше дайындықты қажет етеді. Себебі ас берудің алдында арнайы сауын айтылады. Сауын дегеніміз көрші ауылдардан руларданын асқа өз үлесін қосуы. Он жылқы, саба-саба қымыз тағамдарын жібереді.

Асар - өзгелерді көмекке шақыру. Қолқанаттан тапшы адамдар пішен, егін уағанда жақын-жуықты асарға шақырады. Асардан ешқандай адам бас тартпайды, тіпті азық-түлігін қоса апарып, шаруаға аянбай көмек көрсететін салт қалыптасқан. Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешіттер салып алды.

Қортындылай келе айтқанда қазақтың қонақжайлығына қатысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер өте көп. Қазақтын қонақ жайлылығынын ішінде жатқан береке, үлкен дәстүр, салт, білім, этика, ғылым бар. «Қонақ ырыздығын тәңір жеткізет» деп сенген қазақ, қонақ күтуге асқан жауапкерщілікпен қараған.Мамандардың айтуынша, қонақ күту халықтын әдебі, ибасы, сонау сақтар, ғұндар, аландар, көктүріктер заманынан бері қарай қалыптасқан мәдениет. Бұл дәстүр ел жұрт арасындағы ізгі қарым қатынастарды нығайтуға, ағайын туыс, көрші қоланнын алыс берісіне, үлкенді кіші болып сыйласуына ықпалдасады. Өскелен ұрпақты жастайынан көпшіл, мейрімді,бауырмал болуға баулыды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!