Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Аттестация Іс-шаралар Байқау Турнир Орталық туралы
Материалдар Журнал Көпшілік талқылауына арналған
білім беру бағдарламаларының белсенді жобалары
Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    Мейрбекова Гульнара Тагаевнаның « «Қазақтың 100 әні» жобасы- оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің тиімді құралы» тақырыбындағы педагогикалық идеясына

    АННОТАЦИЯ

    Мақалада қазіргі жаһандану дәуірінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің өзектілігіне тоқталып, «Қазақтың 100 әні» жобасын мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында қолдану жолдары ұсынылған.

    «Қазақтың 100 әні» жобасының тиімділігі нақтыланып, автордың жеке тәжірибесі жайлы баяндалған.

     Педагогикалық идеяда айтылған негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша сыныптан тыс шараларда және үйірме курстарында пайдалануға болады.

    АННОТАЦИЯ

    К педагогической идее Мейрбековой Гульнары Тагаевны по теме "Проект " 100 казахских песен " - эффективное средство патриотического воспитания школьников».

    В статье подчеркнута актуальность патриотического воспитания школьников в эпоху современной глобализации, предложены пути использования проекта “100 казахских песен " при организации воспитательной работы в школе.

    Уточняется эффективность проекта "100 казахских песен", рассказывается о личном опыте автора.

    Основные теории и выводы, выдвинутые в педагогической идее, могут быть использованы на внеклассных мероприятиях и кружковых курсах по организации воспитательной работы в образовательных учреждениях.

    Алматы облысы Көксу ауданы

    Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы

    Мекенжайы: Балпық би ауылы Измайлов көшесі 17-үй

    Байланыс телефоны: 8-728-38-2-01-16

    «Қазақтың 100 әні» жобасы- оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің тиімді құралы

    Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейрбекова Гульнара Тагаевна

    Мекенжайы: Балпық би ауылы, Т.Нүсипов көшесі 1-үй,6-пәтер

    Байланыс телефоны: 87073721851

    e-mail: gmejrbekova@mail.ru

    Бүкіл қоғамды біріктіріп, табыс негізі болып табылатын Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың стратегиялық міндеті: «Қазақстан – біздің жеріміз. Бұл жер ерте заманнан бері ата-бабаларымызға тиесілі болды. Бұл жерді біз келер ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз қажет».

    Н.Ә. Назарбаев

    «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы.

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы», - деп атап өткен еді.

    Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай, тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру -елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.» деп атап көрсетуі- балалар мен жасөспірімдерді патриоттықа тәрбиелеудің өзектілігін айқындайды.

    Біздің еліміздің азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет болып қалыптасуы- азаматтардың білім деңгейі мен патриоттық сезіміне байланысты. Қазіргі кезде азаматтар жеке тұлға ретінде өздерінің қабілеттерін шыңдап, белгілі бір жетістіктерге жете білумен қатар, өз тағдырымен қоса, басқа адамдар алдында, қоғам алдындағы жауапкершілігі артты. Осындай жағдайда патриотизм- әлеуметтік, рухани-адамгершілік, идеологиялық, мәдени, тарихи, әскери-патриоттық және т.б. аспектілерді қалыптастыратын маңызды құндылық болып табылады. Патриоттық тәрбие жұмысына жаңа серпін беру мақсатында енгізілген «Қазақтың 100 әні» жобасы оқушыларды ұлттық ән өнері негізінде халықтық педагогика құндылықтарымен сусындатып, рухани тұрғыдан саналы азамат тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

     Азаматтық-патриоттық тәрбиені тек білім беру арқылы іске асыру мүмкін емес. Заман талабы тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жаңашылдықты қажет етеді. Азаматтық-патриоттық тәрбиелеуде тәжірибелік компонент қажеттілігі туындап отыр. Оқушыларды әлеуметтік іс-әрекеттерге араластырып, өз бетінше жасалған жұмысының нәтижесін саналы байыптауға бағыттай білетін орта қалыптастырып, білім ордасында соған лайықты жағдай жасалған жағдайда ғана, осы бағыттағы жұмыс нәтижелі болмақ.

    Заманауи қоғамдағы азаматтық-патриоттық тәрбие- табысқа жету жолындағы жеке бас қабілеттерін дамыта алатын, өзінің саяси және рухани, құқықтық таңдауын саралап, демократиялық қоғамда бастамашыл еңбекке араласып, әлеуметтік құнды істерді басқара алатын өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті қажеттілік. Азаматтық-патриоттық тәрбие өз Отанын шексіз сүйіп, оның дамуына жан аямай үлес қосатын азамат тәрбиелеуге ықпал етеді.

    «Қазақтың 100 әні » жобасының мақсаты:

    білімдік – оқушылардың ана тілін білу мен түсіну тәжірибесін  жетілдіруге мүмкіндік туғызу;

    тәрбиелік – ұлттық ән, музыка, салт- дәстүрлер негізінде қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру;

     дамытушылық – оқушылардың музыка мәдениеті мен рухани-адамгершілік деңгейлерін жетілдіруге және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету.  

      міндеті: ұлттық құндылықтар мен қазақтың дәстүрлі ән өнерімен таныстыру; халық әндері мен қазақ сазгерлерінің әндерін насихаттау; оқушылардың музыкалық білім деңгейін көтеруге ықпал ету.

    Бұл жобаны іске асыру үшін, жалпымектептік іс-шараларда   оқушылардың әндерді бірлесіп, орындау мүмкіншілігі қамтамасыз етіліп, ол әндердің мазмұнын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алсақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке шақырып, байсалды мінез-құлықты, ақылдылықты насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Қазақ әндерінің дидактикалық, танымдық қасиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

    Қазақтың халық әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, көзғарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.

    Қазақ әңдерінің музыкалық-поэтикалық құрылымының күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.

    «Қазақтың 100 әні» жобасы аясындағы жұмыс түрлері оқушының рухани жан дүниесін байытып, идеялық-эстетикалық талғамды дамытуға және өмірді саналы да, терең түсіне білуге баулиды.

    Біріншіден, оқушылар әнді жаттап, музыканы тек қабылдап қана қоймайды, оның өмірмен байланысы жайлы түбегейлі мәліметтер алады.

    Екінші жағынан, басқа да халықтың ән-күйін түсінуге талпыныс пайда болады.

    Енді бір көңіл аударарлық мәселе- әндерді орындауды тәжірибе жүзінде ұйымдастыру көзделген. (аспаппен ән айту, би билеу, сұйемелдеу, т.б.) «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында белгілі бір кезеңді ғана қамтитын шығармалар ғана емес, ХІХ ғасырдан бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық белгілі әндер қамтылады (1-қосымша).

    Жалпы алғанда, жоба 3 жылға есептелген. 2017-2018 оқу жылынан бері осы жұмысты жүргізіп келеміз.

    Әр оқу жылында аптасына бір әннен, жылына 34 ән таңдап алынды. Апта сайын жатталған әндер мектеп-гимназия фойесінде орындалып, әр сынып жаттаған әндерді дискіге жазып, жинақтады. Оқу жылы барысында өтетін іс-шараларда жатталған әндер орындалып, мазмұнына сай сахналық қойылым ұйымдастырылды, әннің шығу тарихы туралы презентация дайындалды.

    «Қазақтың 100 әні» жобасының ұтымды жақтары (2-қосымша):

    1. Оқушылар қазақтың ән өнері туралы түсінік алады.

    2. Әндердің авторы мен шығу тарихымен, мазмұнымен танысады.

    3. Әнді жаттап, орындайды.

    4. Халық әндерімен және қазақ композиторларының әндерімен танысады.

    5. Әнді жаттап орындауда сыныптың оқушылары түгел қамтылады.

    6. Презентация мен сахналық қойылымдар әннің есте сақталуына тиімді әсер етеді.

    7. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң әсер етеді.

    8. Ата-ана -бала- мектеп байланысын нығайтуға оң ықпал етеді. Өйткені, балалар әнді ата-аналармен бірлесіп жаттап, бірге орындайтындығы анықталды.

    9. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытып, тіл ұстартуға тиімді әсер етеді.

    Жаттаған әндер бойынша өткізілген ән байқауында «Шаңырақтардың» (оқушылар қауымдастығы) қойылымдары өте әсерлі шықты. Әннің мазмұнына қарай ұйымдастырылған көріністердегі образдар өте шебер сомдалды. Патриоттық әндерді орындау барысында, қазақ елінің көк байрағын желбіретіп, халық әндерін орындағанда, нағыз жайлаудағы дархан пейілді қазақ ауылы, ондағы ата мен әже, асық ойнаған балалар, қонақтарды иіліп сәлем салып, қарсы алып жүрген инабатты қазақ келіндерінің бейнелері еріксіз көңіл толқытты.

    Айта кететін жайт- оқушылар әндерді орындап қана қоймай, әннің мағынасын терең түсінетіндіктерін паш етті. Әсіресе, халық әндерін орындау барысында, қазақ халқының салт-дәстүрлері шебер сомдалды: «Бастаңғы» салты көрсетіліп, «Орамал тастау» сияқты жастар арасында өткізілген ойын тәртібі таныстырылды.

    Сахналық қойылымдар өте мазмұнды шықты. Сахнада қазіргі кезде ұмыт бола бастаған қазақ ауылының бейнесі балалық қөңілмен шынайы бейнеленді.

    «Қазақтың 100 әні» жобасы тәрбие жұмысының 8 бағытын түгел қамтиды десек, қателеспейміз. Өйткені, қазақ әндері-тұнып тұрған даналық, ұлттық педагогиканың қайнар көзі деуге болады.

    «Қазақтың 100 әні» жобасының ең ұтымды жағы- қазіргі жаһандану үрдісіндегі ұлтсыздану кезеңінде, балаларды ерте жастан қазақ әндерінде насихатталатын ұлттық құндылықтармен сусындатып тәрбиелесек, Елбасымыз мақсат еткен «Мәңгілік елдің» ертеңі-жарқын болады деп сенеміз.

    «Қазақтың 100 әні» жобасы- қазіргі ғылым мен білім дамып, әлем жаhандану сипатына енген дәуірде оқушыларға ән өнері туралы түсінік бере отырып, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырумен бірге, қазақи рухын көтеру мен отансүйгіштікке баулудың тиімді құралы болып табылады деп санаймыз. Өйткені, ұлттық рухы мықты халық текті ұрпағымен мәңгі жасамақ.

    Біздің ойымызша, Елбасымыз «Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың табысының негізі» деп атап айтқандай, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қайнар көзі- ұлттық патриотизмді қалыптастыру.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында: Бүгінгі, жолындағысын жұтып жатқан жаһандану дәуірінде «Мәңгілік Ел» идеясы – бағзы түркілік тектілік- болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі», –деп атап өткен болатын. Бұл тұрғыда «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру арқылы оқушыны еліне, халқына қызмет етуге дайындау –өзекті мәселе.

    Қорытындылай келе, «Мәңгілік Ел» идеясын, оның құндылықтарын, ұлттық дәстүрлерімізді баланың жастайынан түсініп және түйсініп өскені маңызды. Ал бұл таным-түсінік мектеп, қоғам және отбасы арқылы қалыптасатындығы баршамызға зор жауапкершілік жүктейді.

    1-қосымша

    №

    Әннің аты

    Әннің авторы, композиторы

    Ән арқылы насихатталатын құндылықтар

    1

    Қамажай

    Халық әні

    Ұлттық салт-дәстүрге құрмет

    2

    Ұстазым

    Сөзі: Аманжол Шамкенов

    Әні: Әбілахат Еспаев

    Мектепке, ұстаздарға деген құрмет

    3

    Дедімай - ау

    Халық әні

    Ұлттық салт-дәстүрге құрмет

    4

    Елім менің!

    Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев

    Әні:Бекболат Тілеухан

    Еліміздің тәуелсіздігі, отансүйгіштік

    құндылықтар насихатталады

    5

    Гауhар тас

    Халық әні

    Ұлттық салт-дәстүрге құрмет

    6

    Үшқоңыр

    Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев

    Әні: Алтынбек Қоразбаев

    Елбасының туып-өскен өлкесіне деген перзенттік махаббаты сипатталады

    7

    Ахау, керім

    Халық әні

    Ұлттық салт-дәстүрге құрмет

    8

    Желсіз түнде жарық ай

    Сөзі, әні: Абай Құнанбаев

    Табиғат көріністері, махаббат сырлары

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    Мейрбекова Гульнара Тагаевна
    07 Қазан 2021
    2010
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    «Қазақтың 100 әні» жобасы- оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің тиімді құралы

    Тақырып бойынша 11 материал табылды

    «Қазақтың 100 әні» жобасы- оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің тиімді құралы

    Материал туралы қысқаша түсінік
    Тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы педагогикалық идея. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен сынып жетекшілерге ұсынылады.

    Файл форматы:
    docx
    Завучтарға Басқа Барлық сыныптар
    07.10.2021
    2010
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    Мейрбекова Гульнара Тагаевна
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации