Материалдар / Қазақтың би-шешендері

Қазақтың би-шешендері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әйтеке би,Қазыбек би,Төле би Мөңке би тұсындағв қазақ қоғамының көрінісі. Туылған жылдары тарихы,сол уақыттарда жүргізілген билігі мен әділет шешімдері.Халық арасындағы беделі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2021
1120
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


9. Практикалық сабақтар жоспары.

Тақырыбы мен тапсырмалары:Қазақтың би- шешендері сөзіндегі тапқырлық, ұтқырлық мәселелері

Жоспары:

  1. Қазақтың би- шешендері сөзіндегі тапқырлық, ұтқырлық мәселелері.

Қазақ би-шешендері сөз өнерін барлық өнерден жоғары қойып, «Өнер алды — қызыл тіл», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, хас шешендер сөз табар», «Тілі мірдің оғындай» сияқты көптеген қанатты сөздер мен мақал-мəтелдерді, сөз оралымдарымен тұрақты теңеулерді тілдік қолданысқа кеңінен енгізіп, келер ұрпаққа шешендік өнердің мол асыл мұрасын қалдырды [3; 25].


Қазақ халқы шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Шешендіктің арнайы мектебі дегенді білмеген қазақ даласында «би» мен «шешен» атанудың жазылмаған өзіндік қағидалары мен ережелері болған. Мəселен, «би шешен» дегендегі «би» сөзінің өзінің беретін мəні, атқаратын қызметі ерекше болған.


«Би» атанған адам қандай болуы шарт? Би сайланбалы қызмет емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дəстүрін білетін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, шаруасы түзу, ата тегі белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам болған; би жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет.


Ертедегі ділмəр шешендердің көсем де, шешен сөздері кім туралы, кімге, не мақсатпен айтылғаны əр түрлі жағдайларда жүзеге асқан. Би-шешендердің құнды ойлары тегіннен тегін айтыла салмаған, орынды жерде, белгілі бір мақсатта жүйелі қолданыс тапқан. Мəселен, келелі мəселелер үлкен жиын-топтарды, тіпті отбасы, ошақ қасын да қамтыған. Онда тез арада шешімін табуы тиіс мəселелер дидактикалық ақыл-өсиетке толы философиялық ой-түйіндер де молынан кездеседі.

2.Төле би – шешен


Төле XVII – XVIII ғасырларда өмір сүрген. Кейбір деректерде Төле Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауларында дүниеге келген. Кейін Ташкент маңында, Жиделібайсан жерінде, Сырдың бойында көшіп жүерген. Көп тұрған жері – Шыназ, сол жерде 1756 жылы қайтыс болған.

Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Құдайберді би. Құдайбердінің тоғыз ұлының бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады, аңыз, хисса – хикаяларды көп оқиды.Бір жағынан қазақтың аңыз - әңгіме, өлең – жырларын, шежіре- тарихтан ел арасынан тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер мен хандар, әсіресе өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі, нақыл, щещен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар, шешен би болған кісі. Төле әкесіне еріп, ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.


3.Қаз дауысты Қазыбек би..



Қазақтың аса айтулы, айбынды, аруақты биінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек. Оның өмірі, негізінен, қазақ-қалмақ шапқыншылықтары өршіп тұрған жаугершілік заманда өтті. Қазыбек есімі ел аузындағы әңгімелерде, тарихи деректерде көбінесе абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады. Халық оны “Қазып айтқан Қазыбек” деп қастерлеген. Қазыбек бидің: “Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз; елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан баспаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз – қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең, жөндеп бітіміңді айт!” – деп келетін жай оғындай отты сөздерін жатқа білмейтін қазақ аз.

Қаз дауысты Қазыбек айтты” деген аталы сөз ел ішінде көп сақталған. Қазібек бидің тіршілік ортасы, өз тұлғасы жайлы мәнді әңгімелер халық жадында әлі де мол.

Қазыбек есімі халыққа қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасында бітімші-бүтінші болған батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек(14 жасында) Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтажыға барып, батылдылығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазыбектің табандылыгы мен тапқырлығының арқасындағана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап әкеткен адамдарын, айдап әкеткен малдарын қайырып алып қайтады, “Қаз дауысты Қазыбек” деген құрметті атаққа ие болады. Ш.Уәлиханов “XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар” деген мақаласында былай дейді; “Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз” – деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: “Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып қалған Қаракесек Қазыбек және тағы да сондай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған, ал соңғысы өз ауылында жатып, дұшпанын қорқытып алдырған”.

Халық шежіресі бойынша, Қазыбектің Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет деген бес ұлы, Маңқан есімді бір қызы болған


4.Әйтеке би-шешен

Әйтеке Кіші жүздің Әлім руынан. Әлімнің алты баласының екіншісі – Қарамашақ, одан Оразгелді, Ораз, Жаншұқыр, Қараш деген төрт ұл туады. Сол төрт ұлдың бірі – Ораз 1299 жылы туып, 1385 жылы қайтыс болған. Ол кезінде қажы атанып, Тұран мемлекетін құрушы Әмір Темірдің ең сенімді жеті кеңесшісінің бірі ретінде танылған. Ораздан Тоқаш, одан Сейітқұл қажы туып, оны жұрт кезінде “Синесоп баба” деп атаған. “Синесоп” – парсы тілінде “көңілі пәк жан” деген сөз. Сейтқұлды өзбек, парсы, қарақалпақ елдері осылай атаған (М. Есламғалиев).


5.Мөңке би-шешен

Мөңке Тілеуұлы (1675 – 1756) – дала тарихының ғана емес далалық діл мен танымның, философияның, эстетиканың, поэзияның Асан қайғыдан бері қарайғы дәстүрлі жолын ғажайып дарынымен жалғаған ұлы ақын, көреген ойшыл, әйгілі би.

Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді.

Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған.

Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі. Оның “Түрлі-түрлі халық болады‚ Күндіз-түні жарық болады… Дүниенің жүзіне‚ Өре мен темірден жол тартылады… Адам ақысыз жұмыс істемейді‚ Дүниені түрлеп кестелейді” деген толғау жолдарынан келер күнді болжаған сәуегейлік көрінеді. Сондай-ақ,



Құрамалы-қорғанды үйің болады‚

Айнымалы‚ төкпелі биің болады.

Халыққа бір тиын пайдасы жоқ

Ай сайын басқан жиын болады.

Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады‚

Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады,

Алашұбар тілің болады‚

Дүдәмалдау дінің болады.

Әйелің базаршы болады‚



Еркегің қазаншы болады” деп келетін жолдардан болашақтың бет алысын‚ бағыт-бағдарын тап басып танығандығы аңғарылады.

Мөңке бидің Сырым батырға қойған астыртын сұрақтары мен оған Сырымның қайтарған жауаптары, сондай-ақ оның шеркеш Түрке би, тана Нүрке билермен кеңесе отырып айтты дейтін «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» дейтін толғаулары белгілі.Оның көркем бейнесі Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы мен «Ел қорғаны» пьесасында, Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романында көрініс тапты. Мөңке бидің өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы әр жылдары А. Жұбанов, Т. Кәкішев, С. Негимов, Б. Адамбаев, Қ. Сыдиықұлы, М. Тілеужанов,С. Байменше, Б. Омаров, Ж. Асанов, К. Төлеубайұлы, тағы басқалар ғалымдар ғылыми-зерттеу еңбектерін жазды.



«Шекті Мөңке би жеті жасында билік айтып, кісі құны дауды бітірген екен». (А.Байтұрсынов).

Мөңке би, тарихымызда есімі құрметпен аталатын, үлкен философ, терең ойшыл, ұлы ақын. Қара қылды қақ жарған, мың жылдығын болжаған дала кемеңгері Мөңке бидің ұрпақтары Ақтөбе облысы көптеген аудандарында тұрады.

Республикаға танымал мүсінші Құрақбай Егізбаевтың граниттен ойып жасаған Мөңке бидің мүсіні Ақтөбе қаласының 101 атқыштар дивизиясы атындағы көшеде орнатылды. Мүсін ақшыл түсті мәрмәр тастан жасалынған. Тұғырдың биіктігі — 2,7 м, ескерткіштің биіктігі − 1,5 м. Суретші С.Әлімбетов.[2]

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ