Материалдар / Қазақтың біртуар ұлы—Тұрар Рысқұлов

Қазақтың біртуар ұлы—Тұрар Рысқұлов

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұалімдерімен сынып жетекшілерге Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
474
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың біртуар ұлы -Тұрар Рысқұлов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Тұрар Рысқұловтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметі,

1937-1938 жылдардағы Сталиндік зобалаң тұсындағы қуғын-сүргінге ұшырағаны жөнінде мағлұмат беру. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың шейт болғандығын түсіндіру;

Дамытушылық: ізденімпаздыққа дағдыландыру, терең ойлап, пікір қорытуға бейімдеу, мәтінді өздігінен түсініп айтып беруге бағыттау.

Тәрбиелік: төзімділікке баулу, елін, халқын сүюге үйрету, еңбекке құштарлық сезім туғызу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ойлау, дәлелдеу, топтастыру.

Сабақтың типі: топпен жұмыс

Көрнекі құралдар: Қазақстанның картасы, қазақ зиялыларының суреттері, слайд шоу.

Техникалық құралы: Интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану, еңбек, география

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Буриме - берілген ұйқастарға өлең жолдарын құрастыру.

ІІІ. Тұрар Рысқұлов туралы сунтрек көрсету

ІV. Бұл осылай болған еді ...Тұрар Рысқұловтың өмірі жайлы деректер.

Жаңалықтар айдары

V. «Дау-дамай» стратегиясы бойынша «иә, жоқ» сөздерін айта отырып, сұрақтарға жауап беру.

VI. «Арпа ішінде бір бидай» - артық сөзі байланыстыра отырып сөйлем құрау

VІI. Үйге тапсырма:

VІIІ. Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасып, түгелдеп, олардың сабаққа қатысуын тексеру.

  2. Сынып оқушыларын бес топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру.

Алаш

Атамекен

Азат

Түрксіб

Оян қазақ

  1. Психологиялық дайындық

ІІ. Буриме- берілген ұйқастарға өлең жолдарын құрастыру.

Не көрмеді, бұл қазақ, қайран қазақ,

Қой бақты, ойды бақты көргені азап.

Егеменді ел болды елім міне,

23 жыл болды бұғаудан болды азат.


....................................... қайран қазақ,

.........................................көргені азап.

..........................................елім міне,

..........................................болды азат.

Мұғалім: Қазақ тарихының өткеніне үңілсек бұрмаланбаған беттері кемде-кем. Кім батыр? Кім сатқын? Кім халық үшін қам жеді? Кім жеке басының қамын ойлады? Кім өз өмірін туған елі үшін киды? Кім қасақана халқының канын төкті? Әрине, бұл сауалдарға жауап беру оңай емес.

Бұл – қазақ тәңірге зар еткен қазақ!

Қиналып, қанды азап шеккен қазақ.

Әйтеуір қанды азаптан құтқарар деп,

Оқыған азаматын күткен қазақ.

Ұлы тұлғаларды білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес”.

Қазақстан тарихында із қалдырғандар қатарында сталиндік зұлматтың құрбаны болған, жарық жұлдыздай жарқырап халық жүрегінде қалған азаматтардың бірі Тұрар Рысқұловты айтуымызға болады. Тұрар Рысқұловтың қазіргі таңда республика көлемінде 120 жылдығы мерей тойы тойланып жатыр. Бүгінгі сабағымыз «Қазақтың біртуар ұлы -Тұрар Рысқұловқа» арналмақ.

ІІІ. Тұрар Рысқұлов туралы сунтрек көрсету

ІV. Бұл осылай болған еді ...Тұрар Рысқұловтың өмірі жайлы деректер.

  1. Алаш- Тұрардың отбасы

  2. Атамекен- Қызметкер Тұрар

  3. Азат- Шығармашыл Тұрар

  4. Түрксіб- Бала Тұрар

  5. Оян қазақ- Елін сүйген Тұрар


Жаңалықтар айдары

Қуғын-сүргін жылдары атылып кеткен ақтаңдақтарымызға қатысты тың деректер табылды. Ресей мұрағаттарындағы құжаттарға сенсек, қазақтың біртуар ұлдарының бірі Тұрар Рысқұлов НКВД-ның бірінші комиссары Генрих Ягоданың саяжайына жерленіпті.  Алты жарым мың адам көмілген  бауырластар зиратында Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов сынды қайраткерлеріміз де атыр.  Қаншама жыл сабылып іздеп, топ-топ тарихшы жіберіп таппай жүрген жауһарымызды деректі фильм түсірмек болған бір топ қандастарымыз тапқан. 

Жер жәннаты Жетісуда туып, қызыл империяның қылбұрауы құлын шағында мойнына түскен Тұрар Рысқұловты ақыры таптық. Бала күннен түрмені тазалап, тегінен тірісінде айырылып,  “Қырғызбаев” атанған қоғам қайраткері Мәскеу шетіндегі  “Коммунарка” зиратында жерленіпті. Кезінде НКВД-ның бірінші басшысы Генрих Ягода тұрған бұл саяжай 1999 жылға дейін құпия, жабық нысан болды. Қуғын-сүрген жылдары атылып, асылғандардың көбі осында көмілген. Шаң басқан құжаттардан ұлы қазақ туралы тілдей ақпарат алуға барған қандастарымызды қапияда қайран қалдырған сол бауырластар зиратының шырақшысы екен.

Қазақ 73 жылдан бері табанынан таусылып, таппай іздеген ақпарды ақтарып айтқан осы шіркеу қызметкері. “Коммунаркада” жерленген 4 жарым мың адамның тізімі арнайы кітап болып басылыпты. Бірақ одан бөлек тағы 2 мың адамның тізімі әлі жарыққа шықпаған. Арасында қарадан шығып хан болып, «Елім!»  деп еңіреп,  ақыры атылған ақтаңдақтарымыз бар. Әзірге тек үшеуі табылды. Осылайша деректі фильм деп жүріп,  аяқасты құнды дерекке дөп түскендер Тұрарды түгендеуді  «тоқтатпау керек»  деп түйді.


V. «Дау-дамай» стратегиясы бойынша «иә, жоқ» сөздерін айта отырып, сұрақтарға жауап беру.

1.Тұрар Рысқұлов еңбекқор адам? (Ия)

2. Бағбан болып жұмыс істеді? (Ия)

3.1915ж.Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын толық оқып бітірді? (Жоқ)

4. 1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. (ия)

5.Тұрар 1957ж. ақталды? (жоқ)

6. Шерхан Мұртазаның романындығы «Тұтқын бала» Тұрар Рысқұлов па? (Ия)

7.Тұрар Рысқұлов Қазақстан аумағында жерленген? (жоқ)

8.Түрмеде суық тиіп қайтыс болды? (Жоқ)

9. Тұрар тегін бір кездері «Қырғызбаев» деп ауыстырды ма? (Ия)

10.Тұрар Рысқұловтың әкесі 5 жасында сотталған (жоқ. 10 жасында)

11. Тұрар Рысқұлов Мәскеу шетіндегі  “Коммунарка” зиратында жерленген бе?. (Ия)

12. Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы тойланып жатыр ма? (Жоқ 120 жылдығы)

13. Т.Рысқұлов халқын шексіз сүйген патриот (Ия)

14. Алаш арысы үлкен қайраткер Мұстафа Шоқай Тұрарды «Сталиннің фавориті» деп атаған. (Ия)

15. 1943 жылдың 19 сәуірінде жүрек дертінен қайтыс болды. (жоқ)

16. Тұрар Рысқұловты ату туралы бұйрыққа Сталиннің өзі қол қойыпты. (Ия)

17. И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты.

18. М.Әуезовтың «Қараш-қараш» хикаясындағы оқиға желісі мен «Тұтқын бала» әңгімесі байланысты? (Ия)

19. Т.Рысқұлов «Қазақ» газетінің бас редакторы (жоқ)

20. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе»  «Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты романдарында Рысқұлов келбеті сомдалған. (Ия)

21. Тұрар Рысқұлов Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясын қолдады ма? (жоқ)

22. Т.Рысқұлов КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының шешімімен 1956 жылы

8 желтоқсанда ақталды ма? (Ия)

23. Оңтүстік Қазақстандағы Әулиеатада дүниеге келген бе? (жоқ)

24. Рысқұлов Тұрар қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері ма? (ия)
VI. «Арпа ішінде бір бидай» - артық сөзі байланыстыра отырып сөйлем құрау

  1. Алаш- Туған жер, Тұрар Рысқұлов, роза гүл, үкімет, қайраткер

  2. Атамекен- Тұрар Рысқұлов, Компьютер, Түрксіб, темір жол, Сәуле Тұрарқызы,

  3. Азат - Тұрар Рысқұлов, халық жауы, қалпақ, Ташкент, Әулиеата уезіндегі 

  4. Түрксіб- Тұрар Рысқұлов, Алаш, жолбарыс, АЛЖИР, Жетісуда.

  5. Оян қазақ- Тұрар Рысқұлов, Сталин, туфли, Москва, бесеудің хаты, аштық

Қорытындылау: Тұрар Рысқұлов-ол ұлт жанашыры болды,оның бүкіл саналы өмірі ұлт мүддесі жолындағы жалынды күреспен өтті.Ол кезде жиырмасыншы жылдары ұлт мүддесі үшін күресу оңай емес еді. Сталин оның әр қадамына аңду ұйымдастырды. Т.Рысқұловтың арман-тілегінің орындалғанына бүгінде тарих куә, ол бұл бақытты күнді көре алмаса да, оның туатынына сенген еді.

VII. Үйге тапсырма:

Шығармашылық тапсырма: Тұрар Рысқұлов туралы эссе жазу.

VIIІ. Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек». Оқушыларға сабақта ұнаған екі сәтті жазып, өзінің сабаққа қатысты бір ұсынысын жазуға мүмкіндік беру.



Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

«Ақалтын» жалпы орта мектебі











Қазақтың біртуар ұлы-

Тұрар Рысқұлов

/Ашық сабақ/





Тарих пәні мұғалімі: Муратиярова Ж.Ж.













2014-2015 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ