
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Қазақтың ою өрнектері»
Қазақтың ою - өрнектері
Ұйымдастырылған қалалық ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жанаөзен қаласы.
Тәрбиешісі: Онгаева Назира
№15 «Самал» мад тобы
Кіріктірілген. Ұйымдастырылған ойын іс – әрекет.
Тақырыбы: Қазақтың ою - өрнектері
Балаларға қазақтың ою - өрнектері туралы түсінік беру арқылы мағыналы ою элементтерінен әдемі өрнектермен құрастыра білуге, түстердің үйлесімділіктеріне қарай отырып,пішініне,көлеміне және жазықтықта орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру
Ою-өрнекті әсемдеу арқылы көркемдік талғамдарымен эстетикалық сезімге баулу.
киіз басу арқылы, қазақ ою - өрнектеріне қызығушылығын арттыру.
Халық шеберлерінің еңбектеріне құрметпен қарауға, ұлттық салт - дәстүрді жалғастыруға тәрбиелеу. Ойын іс-әрекет барысында бір-біріне кедергі жасамауын қадағалау.
Әдіс – тәсілдері: үйрету, көрсету, айтып түсіндіру, естеріне түсіру, әңгімелесу,сұрақ-жауап,үлгіге қарап жапсыру
Сөздік жұмыс: қошқар мүйіз,түйе табан,жапырақ,гүл т.б.
Алдыналаатқарғанжұмыс: Әңгімелесу
Көрнекіліктер: Жүн, сабынсу,құм, сүлгілер,сақина,суреттер,үлгі.
Қызмет сатысы |
Педагогтыңіс-әрекеті |
Балалардыңіс-әрекеті |
Коммуникативтік дағды Шығармашылық дағдысы деңсаулық дағдысы |
Ұйымдастыру. Балалар музыка әуенімен кіреді. Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Сендерде сондай әдемі, жарқын, жайдарлы болып келген екенсіндер. Қараңдаршы балалар! Бізге қонаққа көптеген апайлар келген екен амандасып алайықшы. Жарайсыңдар! Балалар бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейікші. Жылулық шеңбері: Балалар бір - бірімен құшақтасып амандасып алады. |
Балалар саз бөлмеге әуенмен кіреді. Сәлематсыздарма! Жол бойымен келемін топ-топ-топ, Кележатыпкөрдім мен дос-дос-дос. Салем-салемдосым-ау жан-жақақара, Күннұрындайкүлімдеп, ал ендіқұшақта. |
Коммуникативтілік дағды Танымдық дағды Әлеуметтік дағды Коммуникативтілік дағды Әлеуметтік дағды Коммуникативтілік дағды Шығармашылық дағды Коммуникавтілік дағды Шығармашылық дағды Шығармашылық дағды Әлеуметтік дағды Коммуникативтілік дағды Шығармашылық дағды Танымдық дағды Шағармашылық дағды |
Тәрбиеші:Балалар мен бүгін сендермен қызықты ойын ойнағым келіп тур,дайынсыңдарма? Д/ойын: «Ойлан тап.» Мақсаты: Балаларды ойын арқылы ойлау қабілетін артырып, сөздік қорын дамыту. Шарты:Төстерінде белгі бойынша екі топка бөлініп. Бірінші топ 1 ден 5 ке дейін секіріп санап жүріп қуыршақты жыл мезгіліне сай киіндіреді. Екінші топ пішіндерді түстерімен атап секіріп қуыршақты жыл мезгіліне сай киіндіреді, осылайша жыл мезгілін анықтайды. Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар сонымен қуыршаққа қандай киім кигіздік? Демек казір жылдың қай мезгілі? Өте жақсы Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер мұқият тыңдандар, жарайма. Жұмбақ: 1.Баға білсең мың боламын, Киіз болам, жүн боламын. Етім де бар, сүтім де бар, Білсеңдер айт, кім боламын? 2.Иір-иір денесі, Сахараның кемесі, Ащы шөптер тамағы Шөлге шыдап бағады. Жарайсыңдар! Балалар, қой мен түйе қандай жануарлар? Бүгінсолүйжануарларыныңадамғақандайпайдасыбарекенің, оданбізнеаламыз, оларғақандайкүтімкерекекенің білу үшін әжеміздің ауылына саяхатқа барайық.Олайболсабалаларәженіңауылынасаяхаттауғадайынсыңдарма? Жарайсыңдар! Кәнебәріміз қауіпсіздік ережені сақтап бір-бірлеп автобусқажайғасайық. Алихандырульгеотырғызайық, әжемізгебарғанша «Қошақаным» туралыәніміздіәндетіпбарайық. Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы ауыл көрінген сияқты. Асықпай бір-бірден автобустан түсеміз. Балалар ауылдың иісі, құстардың, қошақандардың дауыстары , самал желдің соқаны ерекше ия балалар. Балалар қараңдаршы қорада нені көрип тұрмыз? Қой, түйе, сиыр, ат қандай жануарлар? Демек үй жануарлары ауылда, қорада тұрады адамдар оны баптайды екен. Үй жануарларын немен қоректенеді? Балалар үй жануарларының бізге қандай пайдасы бар екенің, жүндерінен не жасауға болатының, ою өрнектердің қайдан шығатының осы ауылда Ақілес әжеміз тұрады екен сол әжемізден барып білейік. Қараңдаршы балалар ағаш үйдің жаныңда әжеміз отырған сияқты жақындап қасына барып амандасайықшы. Сәлематсыз ба! Әже Қалыңыз қалай! Аман есенсіз бе! Әже: Амансындарма балалар қош келдіңдер! Аманбыз шырақтарым, Көп жасаңдар балалар. Тәрбиеші:Әже нестеп отырсыз? Әже: Жүнді сабаумен сабап қоқыстан тазартып отырмын. Тәрбиеші:Әже сізден қазақтың ою-өрнектің қалай шыққаның оны қалай қандай жерде қолдануға болады текеметке яғни киізге оюды қалай түсіруге болатының, киізге жүнді қайдан алатының қалай жасалатының сұрап білуге келдік. Әже: Солай де жарайды. Олай болса бірінші кәне маған көмектесетің кім бар ? Бірінші балалар үй жануарларды суарып, жемдеп, баптаймыз. Қораны тазалап күтім жасаймыз. Ал олар болса бізге етін, сүтін береді. Еттен тамақ жасап, сүттерінен шұбат, қаймақ, құрт, балғаймақ,ірімшік жасауға болады. Ал жүндерінен түрлі текемет, киіз, қоржын жасауға болады. Алдымен жүнді жуып , күннің көзіне кептіріп алып, сабаумен сабап қоқымнан тазалап аламыз содан соң жақсылап түтіп жұмсартып аламыз.Балалар, мен сендерге киізге оюды қалай орналастырып басуға болатының көрсетіп үйрететін боламын. Кәне маған кім көмектеседі. Тәрбиеші:Балалар алдымен екі топқа бөлініп аламыз. Қошақан тобы киіз басады, Ботақан тобы жүнді оюлап желім арқылы қағаз бетіне жапсырады. Әже:Үстел үстінде киізге дайындап қойған шиге түтілген жүнімізді бірінші көлденен бир тегіс қылып жайып алып оның үстіне екінші қатар тігінен жайылған,енді үстіне оюмызды орналастырамыз , су өтетін матананы үстіне төсейміз ,содан соң сабын суымызды бүркіп сеуіп шығамыз, бетіне жұқа матамызды төсеп ораймыз да оны жақсылап елейміз иы қанғанша. Иы қанып болған соң ашып қараймыз шиден бөлек алып киізді бир тексеріп аламыз да тығыздалғанша қайта орап қолымызбен илеп жазамыз. Бұл балалар жаңа технологиямен яғни жаңа әдіспен жасалған киіз басу түрі. Бұрындары, шиге салып ыстық сумен илеп білекпен білектейтін болған және жаңа әдіс түрі желіммен жапсыру түрі бар. Тәрбиеші:Балалар, Қазақтың ою-өрнек деген сөзінің мағынасы сәндеу, әсемдеу. Күнделікті тұрмыста үй жиhаздарында, сырмақ, текемет, көрпеше, бөстек, сандық, кебеже сондай - ақ киім-кешектерде безендіруде қолданылады Әже: Әр оюдың тілі, мән мағынасы бар. Ою-өрнектердің барлығын қоршаған ортадан алынған. Көне заманнан қазіргі кезге дейін халықтың тұрмыс-дәстүрімен тығыз қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі – ол қолданбалы өрнек өнері. Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. 360-қа тарта түрлері бар. Ою — өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі — ою-өрнек элементтерін меңгеру болып табылады. Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы, өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болады балалар. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйетабан», «түйемойын», «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз» т.б. Тәрбиеші: Әже сізге рахмет балаларымыз қазақтың ою-өрнектерімен танысып олардың атауы қалай шыққаның біліп киіз басып үйренді. Әже: Балалар сендерге киізге оюды орналастырып, желімменде жүнді жапсыра отырып оны әшекейледіңдер сендерге ұнадыма, жарайсыңдар! Тәрбиеші:Әже биз сізден ою-өрнектің қайдан қалай шыққаның үйрендік, сізге рақмет ауырмаңыз келесі кездескенше әже сауболыңыз. Әже: Сауболыңдар балалар Тәрбиеші: Әже сауболыңыз. Балалар олай болса автобусымызға бір бірден жайғасып «Біздің балабақшамыз» әнің әндетіп бөбекжайымызға жол тартайық Тәрбиеші: Балалар,бөбекжайымызғада келіп қалдық. Асықпай автобустан түсіміз. Балалр, әжемізден не үйрендік. Сендерге ұнадыма балалар. Құм терапиясы: Мақсаты: балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі-бейнелік ойлауды, сөздік-логикалық ойлауды көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту. 1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру. 2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, қолдардың ұсақ моторикаларын дамыту. 3. Ауызша және ауызша емес әдіс тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелік қарым — қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру. 4. Қиялды, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік — логикалық ойлауды, көрнекі іс — әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, балаларды белсенді іс — әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу. Тәрбиеші:Енді балалар, осы оюды құммен де салуға болады, олай болса алдарындағы төс белгі бойынша, екі топқа бөлініп, бірінші топ құммен сурет салса, екінші топ жарық арқылы суретті бастырып саламыз. Өздеріңіз әжеміздің ауылынан не көрдіңдер, не үйрендіңдер соны бейнелеп салуға болады. Бірінші саусақтарымызды бір сергітіп жаттықтырып алайық. Саусаққа арналған жаттығу Тәрбиеші: Балалар ал кәне бастаймыз Айару сен ненің бейнесін құммен бейнелеп түсірдің? Жарайсың! Ал Алихан сен ненің суретің салдың әңгімелеп бересің ба? Жарайсыңдар балалар! |
Ия Бас киім,күртеше, етік,шалбар. Казір жылдың қыс мезгілі. (Қой) (Түйе) Үй жануарлары ИЯ Балалар автобусқа жайғасып «Қошақаным әнің айтып барады. Ән: «Қощақаным» Қой, түйе Үй жануарлары Су, жем, шөп Балаларда әжемен амандасады Салематсыз ба! Әже Балалар әжеге көмектесіп әженің әр бір айтқан сөздерін мұқият тындайды. Балалар екі топқа бөлініп тапсырманы орындайды. Балалар әженің тәрбиешінің әр бір сөздерін мұқият тындап отырып тапсырманы орындап отырады. Ия ұнады Сауболыңыз әже Балалар әндетіп автобуспен бөбекжайға жолға шығады. киіз басуды үйрендік, ою-өрнектің қайдан шыққаның білдік, оюды желіммен жүнді қағазға жапсыра отырып жасауға болатының үйрендік. Ия Саусақтарым иіліп, Билей - билей жөнелді. Бас бармағым, сұқ саусағым, Қосып ұстап бояуды. Ортан терек, шылдыр шүмек, Кішкентай бөбек. Бүгіліңдер бәрің де! 1,2,3 жина бойға күш, 1,2,3 жина бойға күш. Айару: Қошқар мүйіз оюын бейнелеп салдым оның түсі қызыл Алихан : Бұл ағаш үй әжеміздің ауылында көрдім, ол үлкен, биік, өте әдемі, түрлі түсті ою –өрнектермен әшекейленген киіздер бар. |
Коммуникативтілік дағды Коммуникативтілік дағды |
Тәрбиеші:Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр ойнаймызба Бұлойын «Сақина салу» депаталады. Д/О: «Сақина Салу» Мақсаты: Балалардыептілікке,шапшаңдылыққатәрбиелейотырып, ойлауқабілетінартырып, сөздікқорындамыту. Шарты:Ақшамшық (сақина салу) Бұл – қазақхалқыныңертезаманнанкележатқандәстүрліойыны. Оны сақина салу, сақинатастаудеп те айтады. Ойынережесібойыншабалалардөңгеленеотырып, екіалақанынбір-бірінеқабыстырыпалғасозады. Ойындыжүргізушініңалақанындағысақинаныкімгесалса да өзеркі. Олбарлықадамдардыңалақанынасақинасалғанболады, «Тұрсақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымдыбер!» депдауыстайды. Солсәтсақинатасталғанадаморнынанатыптұруғатиісті, «Сақинаменде», - деп. Оны көршісіұстайалмайқалса, балалардыңалдындаөзөнерінкөрсетеді. Тәрбиеші: Балалар, сендергебүгінгіашықоқуісәрекетіұнадыма, сендерөтежақсыжауапберіп ,жақсықатыстындар. Осыменбүгінгіашықоқуіс-әрекетімізаяқталды, қонақтарымызбенқошайтысамыз, сауболыңыздар! |
Балаларқызығаотырыпойнайды. Ойындыойнапотырыпсұрақтарғажауапбереді |
Күтілетін нәтижелер:Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікпен қарау керек екендігін түсінеді.
Білуі қажет: Ою – өрнек сырларын біліп, оның жасалу жолдарын білуі қажет.
Қалыптастыру түсініктері: Ұлттық киімдердің, бұйымдардың ою-өрнекпен әсемделетінін білу.
Орындалуының қабілеті: жақсы деңгейде.

