ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫНЫҢ ҚҰНДЫ ЕҢБЕКТЕРІ ҚАШАН ДА ҚАСТЕРЛІ МҰРА
Жумагалиева Тойдык Сейткуловна
Сам жалпы білім беретін мектеп КММ
Еліміздің зор революциялық өзгеруі және ғылыми өрлеуі дәуірінде партиямен, қоғаммен біте қайнасқан, халық ішінен шыққан, бар өмірін социализм құрылысына сарп еткен жаңа типті ғалымдар буыны өсіп, шыңдалды. Аңызға айналған алғашқы бесжылдықтың халық шаруашылық проблемаларын, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қиын міндеттерін және соғыстан кейінгі кезеңде социализмді нығайту ісін шешу өз үлестеріне тиген сол буынның тобына қазақ халқының талантты ұлдарының бірі, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев та жатады.
Ол еңбегін бүкіл еліміз танып, бағалап отырған тамаша геологтардың бірі, заманымыздың көрнекті ғалымы, белгілі қоғам қайраткері болды. Қазақстанның бір кездегі елсіз шөл даласының алып индустрия орталығына айналуы оның есімімен тығыз байланысты. Орталық Қазақстанның жер қойнауындағы минералдық ресурстарды ашып игеру, Жезқазған кен орнының нақты байлығын анықтау, республикада геология қызметін ұйымдастыру, Қазақ ССР Ғылым Академиясын құрып, оны алдыңғы қатарлы ғылым ордасына айналдыру – Қ.И.Сәтбаевтың өмір жолындағы ең басты кезеңдер, міне, осылар. [1, 13 б.]
Ол «Жезқазған кенінің ауқымы шамалы» деген сол уақытта қалыптасқан көзқарастарға қарамастан, оны мыс өнеркәсібі өндірісінің негізгі базасының біріне айналдыруға болатынын айтты. Кейін осы жерде ғалым есімімен аталатын еліміздегі ең ірі Жезқазған кен – металлургия комбинаты құрылды. Мыс рудаларын алу мәселелерін шешумен бірге, Қ.И.Сәтбаев Орталық Қазақстанның жер қойнауындағы халық шаруашылық маңызы зор басқа да көптеген пайдалы қазбалардың кен орындарын зерттеуге, олардың өндірістік маңызын бағалауға жедел кірісті.
Қаныш Имантайұлы геологияда үлкен із қалдырды, оның ғылыми шығармашылығының ең басты металлогения мәселелері болды. Сондықтан да Қ.И.Сәтбаевты еліміздің басқа да ғалымдарымен бірге металлогения ғылымының және Қазақстандағы металлогения мектебінің салушы деп атайды. [2,5 б.]
1928 жылы «Қарсақпай ауданы және оның перспективасы» деген мақаласында Қ.И.Сәтбаев былай деп жазады: «Жезқазған ауданы өзінің потенциалы бойынша келешекте дүние жүзінің ең бай мысты провинцияларының біріне айналады, оған бірінші жүлдені алуға Орал кен орындары ғана емес, Американың да белгілі мыс провинциялары жол беретін болады» [3, 109 б.]
Қ.И.Сәтбаевтың бүкіл шығармашылығы оны қажырлы, жігерлі еңбекке шабыттандырған идеясымен құнды. Ол жоғарыдағы мақаласында тағы да былай деп атап көрсетті: «Ұлытау түкпірінде естілетін алғашқы завод гудогіне Қазақстанның барлық аймағынан алып үн қосылатыны сөзсіз. Бұл «жаңғырықты» күшейтуші себептердің бірі деп қазақ халқының өлең шығаруға бейімділігін де санауға болады, сонымен бірге бұл жаңа өлеңдерде, сөз жоқ, өткен замандағы зарығу, күдер үзу ноталары емес, жаңа, көтеріңкі, қуатқа, айбынға толы ноталар үні естілетін болады. Олар жаңа туған, өскелең, индустриялы Қазақстанның өлеңдері болады». Бұл сөздерден жас инженердің социалистік құрылыс уақытында өте қысқа мерзім ішінде орындалған ақындық қиялы мен армандары көрінеді.
Оның осы мақаласында Ұлытау аймағын дамытудың экономикалық проблемалары және республика мен бүкіл еліміздің халық шаруашылығы үшін оның түрлі табиғи ресурстарының мәнін көрсететін негізгі мәселелер қаралған. Қаныш Имантайұлы бұрыңғы деректерді және өзінің жинақтаған жеке геологиялық бақылауларын талдап, қорыта отырып, Жезқазған келешекте Кеңес үкіметіндегі мыс өндірісінің басты руда базасының бірі болатындығын негіздеді. Сөйтіп, еңбек жолының алғашқы кезінде – ақ оның ой өрісі кең және осы бай өлкенің экономикасы мәселелерін анық түсіне білген жан – жақты дарынды зерттеуші және көрнекті ұйымдастырушы екендігі байқалды.
Ғалым өзінің батыл, бірақ толық негізделген геологиялық болжамын тезірек тексеру үшін геологиялық – барлау жұмыстарының қарқынын шұғыл жылдамдату қажет деп білді және Бүкілодақтық СССР Халық шаруашылығы Советінің алдына бірінші бесжылдықта Жезқазған рудасы негізінде жаңа мыс комбинатын салудың қажеттілігі туралы мәселе қойды.
Бастапқы жылдары мұнда барлау жұмысын кең ауқымда жүргізу үшін техникалық құрал – жабдықтар, бұрғы мастерлері, инженер – техник кадрлары жетіспеді, игерілмеген шөл далаға мамандар келмеді. Осыған қарамастан Қ.И.Сәтбаев қысқа мерзімде жергілікті тұрғындарды өндіріске тартып, олардың ішінен білікті жұмысшылар мен техникалық кадрлар даярлап шығарды. Ол бастаған осы барлаушылар коллективі зор ынтамен жұмыс істеп, небәрі үш жылдың ішінде үлкен жетістіктерге жетті. 1931 жылдың аяғында Жезқазған кен орыны ашылған руда қоры бойынша СССР мыс кен орындарының ішінде алдыңғы орынға шықты. 1932 жылы Жезқазған – Ұлытау аймағында жүргізілген көлемді геологиялық – зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша Қаныш Имантайұлының «Жезқазған мыс кені ауданы және оның минералдық ресурстары» атты монографиясы басылып шықты. Онда бұл аймақта одан әрі жүргізілетін жұмыстардың кең бағдарламасы белгіленді. Қ.И.Сәтбаевтың Жезқазған кенінің болашағын жоғары бағалауының, оның геологиялық барлау жұмыстарымен расталуының терең ғылыми негізі болды. Жезқазған кен орыны туралы бұрын қалыптасқан көзқарастарды түбірінен қайта қарап, өзгертуі және оны өндірістік ауқымдағы нысандар қатарына жатқызуы – ғалымның маңдай термен келген, қажырлы шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Қ.И.Сәтбаев негізделген Жезқазған типтес кен орындарының жаратылу, жер қыртысында орналасу заңдылықтары өзінің теориялық мәнін бүгінгі күні де жоғалтқан жоқ және болжау, барлау жұмыстарын үнеммен, тиімділікпен жүргізіп, дұрыс бағыттауға мүмкіншілік тудыруда.
Жезқазғанда жүргізілген соңғы геологиялық зерттеулердің нәтижелері Қ.И.Сәтбаевтың отызыншы жылдары ұсынған басты ғылыми барлау көрсеткіштерінің дұрыстығын толық дәлелдеді.
Геолог ретінде Қ.И.Сәтбаев Жезқазғанмен қатар өсті. Мұнда ол кең даланың кереметтерін тікелей іздеп табушы геолог – барлаушы тәжірибесіне ие болды, маңдай алды маман дәрежесіне көтерілді. Оның он бес жыл бойы атқарған жұмысының нәтижесінде Жезқазған өңіріндегі зерттеліп ашылған кен қорының бірнеше есе өсуін бағалай келіп, Орталық Комиссия Қаныш Имантайұлының жұмыс тәжірибесі «Түсті металдар барлау басқармасының барлық геологиялық – барлау кеңселері үшін, күллі кен геологиясы қызметкерлері үшін үлгі болып табылады» деп атап көрсетті. Сол тұста көптеген геологтар Жезқазғанға келіп, Қаныш аға бастаған ұжымнан тәлім – тәжірибе үйреніп қайтты. [4, 2 б.]
Жезқазған – Ұлытау өңірінің геологиясы мен пайдалы кендері жайлы Қ.И.Сәтбаевтың баяндамалары, мақалалары, жеке кітаптары асқан маман, инженер – геологтың есімін еліміздегі даңқты геолог – барлаушылардың алғы сапына шығарды. Ал Орталық Қазақстанның прогноз – металлогения картасын жасауы оның бүкіл шығармашылық өмір жолының ең биік шоқтығы, еңбек зейнетінің сөзқарасы болды.
Қаныш Имантайұлы Жезқазған – Ұлытау аймағын шұғыл зерттеумен қатар, Қазақстанның барлық аймағында да геологиялық зерттеу, барлау жұмыстарын ұйымдастыруға белсене қатысты. Атасудың темір, мыс, қорғасын, Торғайдың темір, боксит, Алтайдың т.сті металдар кен орындарының жедел барланып игерілуі қажет екендігін көрсетіп, Орталық Қазақстанда қара металлургия индустриясын құру мәселесін көтерді. Жезқазған – Ұлытау аймағының қазба байлықтарын тез арада еліміздің халық шаруашылығына пайдалану үшін қажетті мына мәселелерді алға қойды: Жезқазғаннан Атасу темірлі ауданы арқылы Қарағанды көмір бассейініне дейін темір жол салу; Үлкен Жезқазған комбинатын салу; комплексті геологиялық барлау жұмысын жеделдету; Жезқазған ауданында ферромарганец заводын салу; болашақ зор өндіріс комплексін тез арада сумен қамтамасыз ету т.б. Міне, осындай Жезқазған болашағына қатысы бар, маңызы зор мәселелер Қ.И.Сәтбаевтың іскерлігінің, ұйымдастырушылық талантының арқасында қысқа мерзімде іске асырылды.
Ол орыс және қазақ тілдерінде көптеген ғылыми еңбектер жазды. 1942 жылы «Қазақ СС-індегі Жезқазған аймағының кен орындары» деп аталатын күрделі еңбегі үшін Қ.И.Сәтбаевқа СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Сол жылдың тамыз айында ғылыми еңбектерінің жинағы бойынша және ғылымды ұйымдастырудағы зор еңбегі үшін ол геология – минерология ғылымдарының докторы дәрежесін алды.
Елуінші жылдардың бас кезінде республикада жаңа институттар бірінен соң бірі ашылып, ғылыми кадрлар сан және сапа жағынан да өсіп жатты. Қаныш Имантайұлы басқарған Геологиялық ғылымдар институты өзінің зерттеу жұмыстарының маңыздылығы жағынан еліміздің алдыңғы қатардағы мекемелерінің біріне айналды.
Ол үшін бұл кезең шығармашылыққа қызу кіріскен өнімді еңбек жылдары болды. Қ.И.Сәтбаев және оның әріптестері еліміздің ауыр өнеркісібінің дамуы үшін Қазақстан негізгі шикізаттар базасының бірі екендігін, сондықтан оның жер қойнауындағы барлық байлықтарды зерттеп, анықтауды және халық шаруашылығында пайдаланудың тиімді тәсілдерін тауып, жүзеге асыруды тездету керектігін жақсы түсінді.Осыған орай олар пайдалы қазбаларды алдын – ала болжаудың ғылыми негізін зерттеп, ұсынуды геология ғылымының басты міндеті деп білді. Қаныш Имантайұлы Геологиялық ғылымдар институтын үзіліссіз басқара отырып, Орталық Қазақстанның металлогениясы бойынша жиналған ұшан – теңіз геологиялық материалдарды тұңғыш рет талдап қорыту жұмысын ұйымдастырып басқарды және оған тікелей қатысты.
Қ.И.Сәтбаев қазақтан шыққан тұңғыш геология – минералогия ғылымдарының докторы, СССР Ғылым академиясының академигі, 1946 жылы құрылған Қазақ ССР Ғылым академиясының алғашқы президенті болды. Қадірмен қазақ зиялыларының бірі ретінде ол өз бойында нағыз ғалымның болмыс – бітімін және өз дәуірінің азаматтық тамаша қасиеттерін сіңіре білген, өзін түгелдей ғылымға арнаған, азаматтарға, Отанына адал болған жан. Оның жоғары эрудициялығы, ғылымның көптеген бағытында нағыз энциклопедиялық білімі болғандығы өз замандастарын да, бүгінгі ұрпақты да таңқалдырмай қоймайды.
Қаныш ағамыз қазақтың маңдайына біткен текті тұлғасы. Ол ғылымды қалай құрметтесе, ұлттық құндылықтарға да ерекше құштар болды. Мәдениетті мәйегіне көтеруге ат салысып, біліммен қатар өнердің де өресін кеңейтуге тырысты. Оған Қаныштың Семей қаласындағы Абай кешін ұйымдастыруға белсене араласуы, А.Затаевичке қазақтың 25 әнін айтып беріп, нотаға түсіртуі, Баянауыл тауының бөктерінде «Еңлік - Кебек» спектакілін қойып, өзі де рөлде ойнауы, Мәскеуден «Ер Едіге» дастанын кітап етіп бастыруы, қазақтың тұңғыш театры туралы мақала жазуы айқын дәлел. Мұның бәрі – бәрі атақ – даңқ қуғаннан емес, еліме, халқыма пайдам тисін деген елгезек ниеттен туған ізгі істер болатын.
Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдарында қандай қиындықтарға тап болса да рухы мен үміті жанып, алыстан бағдар сілтеп жымыңдайтын да тұратын Темірқазық сынды жұлдыз тұлғалар болады. Қазіргі кез келген қазақ баласы үшін, барша қазақ халқы, тіпті бүкіл адамзат ұрпағы үшін Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сондай тұлға. [5, 2 б.]
Қазақтың қастерлі азаматына деген құрмет ешқашан ортаймақ емес. Жүрегі елім деп соғып, білімі болашақтың жарқын болуына негіз болған жан мәңгі тарихта алтын әріптермен таңбаланып қалатыны айдан анық.
Әдебиеттер тізімі:
-
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев / ; Қазақ ССР Ғылым академиясы... – Алматы : Ғылым, 1989. - 160 б.
-
Таңдамалы/ Қ. Сәтбаев ; [құраст.: К. А. Ақышев, Т. М. Әлжанов] . – 2-бас. ,- Шымкент : Оңтүстік полиграфия , 2007.
-
Сатпаев К.И. Карсакпайсский район и его перспективы // Народное хозяйство Казахстана. 1928. № 1. С.109
-
Есенов Ш., Қаныш Сәтбаев коммунист, ғалым, азамат [Мәтін] / Есенов Ш. - Қазақ әдебиет. - 1969. - 05 апрель. № 14 (948).
-
Нысанбаев, Ә. Сәтбаевтың рухани әлемі/ Ә. Нысанбаев // Egemen Qazaqstan (Егемен Қазақстан). - 2019. - 10 сәуір (№ 68).- 9 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақтың Қанышының құнды еңбектері қашанда қастерлі мұра

шағым қалдыра аласыз