Қазақтың салт дәстүрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың салт дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесі туралы айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Қазақтың салт-дәстүрі»

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы айту. Наурыз жыл басы, көктемнің алғашқы мерекесі. Малдар төлдеп, ағаштар бүршік атып, тіршілік оянған кезі екенін түсіндіріп, ой-өрісін кеңейту. Қазақтың салт-дәстүрін айтып, насихаттау.

Қостілдік компоненттер: көктем - весна - spring, наурыз мерекесі - весенний праздник, салт-дәстүр - традиция - tradition.Сәлеметсіздерме!

Доброе утро!

Good morning!

Шаттық шеңбер:

Армысыздар!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Деніміз сау болсын!

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн , бізге қонақ келеді.

Балалар шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру - іздестіру

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз көктем мезгілінің ерекшеліктері мен ауа-райының құбылыстарын және көктем мерекесі «Наурыз» туралы айтамыз.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Суреттермен жұмыс:

-Балалар мына суреттерде жылдың қай мезгілінің құбылыстары бейнеленген?

-Ал енді осы суреттер бойынша әңгіме құрастырайық.

-Көктем мезгілінің айлары қандай?

-Қазір көктемнің қай айы?

- Дұрыс балалар, қазір науры айы.

Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді екен. Ежелгі салт-дәстүр бойынша қазақ халқы жаңа жылды наурыздың 22 күні қарсы алған екен. Бұл күнді «Наурыз мерекесі» деп атайды. Наурыз мерекесіне ел-жұрт ерекше дайындық жасайды.

Осымен қатар, мерекеде әжелеріміз салт-дәстүрлерді жасап, түсіндіреді. Қазақтың салт-дәстүрлеріне мыналар жатады: шілдехана, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, тіл ашар және т.б. оларға жеке тоқталу үшін суреттерге назар аударыңдар!



(Әже келеді)

-Балалар, бізге әже қонаққа келіпті. Қош келдіңіз, әже! Біз қазақтың салт-дәстүрлері туралы сабақ өтіп жатырмыз. Бізге бесікке салу рәсімінің қалай өтетінін айтып беріңізші.



Әже: бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесікті аластатады. Жастықтары жұмсақ болады. Жастықтың астына пышақ, қайрақ салады. Сәбиді бесікке салуын әжемізге жолдаймыз. Әже бесікке салу рәсімін көрсетеді. Әже балаларға тәттілер таратып, бесік жырын жырлайды.



-Балалар, әжеміз не істеді?

-Иә, дұрыс айтасыңдар.

Әжеміз келіп салт-дәстүр түрін айтып берді, енді бізде әжеге өнерлерімізді көрсетеміз бе?





Әже: -Рахмет, балалар! Тақпақтарын ұнады, тақпақа жақсы айтады екенсіңдер.

Тәрбиеші: балалар, енді әжемізге рахметімізді айтып, қоштасайық.

Балалар жауап береді

-Көктем

-Жаңбыр жауады, салқындау болады.

-Көктемде ағаш бүршік ашады. Құстар жылы жаққа келеді.

-Көктемнің

-Наурыз, сәуір, мамыр

-наурыз

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар суретке қарап жауап береді.

Әжемен амандасады.



Әжені бар зейіндерімен көңіл бөліп тыңдайды.



Әженің әңгімесін қызыға тыңдап отырады.



-Әже қазақтың салт-дәстүрі - бесікке салу рәсімін әңгімелеп, көрсетті.

Балалар келісіп:

-Иә, деп жауап береді

Балалар әжеге тақпақтар айтып береді.

Балалар әжемен қоштасады.

Қорытындылау

Балалар, сабақта не үйрендік?

Міне, балалар, біз бүгін Наурыз мерекесі туралы білдік. Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрымен танысып, білдік. Сабағымызды осымен аяқтаймыз. Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау. Сабақ қалай өткенін сұрау.

Балалардың жауабы:

Наурыз туралы, салт-дәстүр туралы үйрендік.

Сабақ қызық болды, ұнады.




Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуді түсінеді.

Біледі: Қазақтың салт-дәстүрі бесікке салуды біледі

Ұғынады: Салт-дәстүрді сақтау керек екенін, маңызын ұғынады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2020
469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі