Қазақтың салт-дәстүрлері

Шарана шайқау — Ұлттық салт-дәстүр.
Жаңа түскен жас келін туыс ауылдарды қыдырып жүргенде, көпті көрген даңсалы бәйбішелер, жас келінге «шілде суына сал» деп күміс теңге, моншақ-маржан, жүзік, сырға сияқты бұйым береді. Жас келіншек босанғанда, баланы шаранасынан шайқап жуып тазартады. Шарана суды қазақтар шілде суы деп атайды. Бағанағы берген нәрселерді суға салады, оны баланы шомылдырған әйелдер таласа-тармаса шарана суын шайқап алады. Оны қазақ кадесінде «шарана шайқау» деп атайды.

Кіндік шеше — әйел босанғанда көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін әйел.
Қазақтың салтындағы үлкен бір сыйлы ана, мол кәделі әйел «кіндік шеше» болып табылады. Туу үстінде баланың кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады.
Қазақтар екінің бірі, егіздің сыңарына баланың кіндігін кестіре бермейді, қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде беделі бар, мінезі жайраң қаққан, ақ еділ аналарға ғана кестіреді. Өйткені, бала кіндік кескен адамға тартады, кіндік апасы қандай болса, балада дәл сондай болады деп ырымдайды. Кіндік жолын алған әйел балаға ит көйлек әкеп кигізеді. Бала қырқынан шыққанша қарап, тамақ жасап беріп көмектеседі. Әуелі үлкен азамат болғанда, азамат боп толғанда да кіндік апасын құрметтеп, кәдесін өтеп жүреді. Оған кіндік кескені үшін мал атап, қымбат бұйым сыйға тартылады. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы Кіндік шешеге тартады деген түсінік бар.
Қазіргі уақытта кіншік шешенің міндетін дәрігер-акушер атқарады.
Қ
ыз
айттыру— дәстүр.
|
«Қыз айттырудың мұндай тәртібі Есім деген ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді» (Ы. Алтынсарин) |
Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді.«Анасын көріп қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни, болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден, аталы, іргелі ауылдан қарайды. Түқымында, тегінде ауруы бар отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «қыз айттыру» дейді. Бұл жолдың да түрлі ереже, тәртіптері бар. Егер балалар (ұл, қыз) жас болса, тіпті іште жатса да ерте келіп сөз байласады. Мұндай адамдар көбіне бірін-бірі жақсы білетін, өте сыйлы, дос кісілер арасында болады. Олар алдымен іште жатқан балаларын бір-біріне (әрине бірі ұл, бірі қыз болса) қосу туралы келіседі. «Атастыру» деген осы. Мұны «бел құда» дейді. Бесікте жатқан балаларды атастырса «бесік құда» дейді. Кейде қыз алған құда енді сол үйге өз қызға беретін болса, мұны «қарсы құда» дейді. Бұрын құда болған кісілер қүдалықты тағы жалғастыратын болса, оны «сүйек жаңғырту» деп атайды. Қыз бойжеткен, ұл ержеткен жағдайда екі жасты қосу «құда түсу» арқылы жасалады.
Қазақтың ертеден белгіленген заңы бойынша жеті атадан бері қыз алыспайды. Некелік ережеде әйел күйеуден 8 жас, еркек әйелден 25 жас үлкен болса, қосылуға рұқсат етілмейді. Әрине әмеңгерлік жолда бұл шектеуге қарамайтын жайлар да бола береді. «Қыз айттыру», баталасу жас отаудың беріктігін, сенім мен сыйластықтың негізін қалайды[1]

Табалдырық аттау - ұлттық дәстүр.
Ұл жақтың адамдары қыз жаққа құда түсе келгенде, қыздың жеңгелері құдаларды үйге кіргізбей табалдырық аттатпай тосып алады да, «табалдырық аттар бер» деп кәде сұрайды. Дайындалып келген құдалар көйлек-көншек, не ақша беріп, табалдырық кәдесін өтеп барып үйге кіреді, төрге шығады. Оны қазақ кәдесінде «табалдырық аттау» деп атайды.
Қазақта «табалдырықтан артық тау жоқ, кәдесін өтемесең одан асқан дау жоқ, жеңгеден озған жау жоқ» деп қалжың айтып кәде өтеп үйге кіруді жақсы салт, танысудың сыры, кісі сынаудың сыны еткен. Қазақта «табалдырықта бақ тұрады» табалдырықты құрметтемеген бағынан айырылады, «табалдырықтың екі жағында тұрып қол алыспайды, ондай жерде жау болатын адамдар ғана алысады» деп санайды

Құйрық-бауыр - қазақтың салты.
Қазақ жолында құда түсіп сөйлесіп, құдалық бекіскенде, қыздың әке-шешесі құдаларының алдына әкеліп малға бата жасатады, ақ сары бас қойын сояды. Мол ет асады, кәделі жілігін түгел қалдырмай асады. Көрші-қолаңдарын қалдырмай шақырады. Алдымен езіліп піскен қойдың май құйрығын әдемілеп ұсақтап турайды да оның үстіне шала піскен қойдың бауырын ұсақтап турап араластырады. Оның үстіне азырақ ырымдап ақ ыдыстан айран құяды да, құдалардың алдына әкеліп қояды. «Құйрық-бауыр жедік, құдай дестік, құда болдық» деп құдалықты осы кәдемен бекітеді. Оны қазақ кәдесінде «құйрық-бауыр» деп атайды.
Құйрық-бауыр жеуде екі жақ бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деген нанымды ырым жатыр.
Қазақ ырымында құдалық бекіспей тұрып, әсте «құйрық-бауыр» жемейді. Құдалық бекіп құйрық-бауыр жескен соң екі жақта әсте айнымайды.

Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.
Үйленудің қандай да түрі болмасын, қызына жасау беру — ата-ана мойынындағы борыш болып есептелетіндіктен, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дәстүрі бойынша қалыңдықтың туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйден шығармаған. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-анасы дайындайды. Бұған жақын туыс, ағайын адамдар да өз үлесін қосуына болады. Қазақ аналары қыз жасауына айырықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі, көріктеседі.
Жасау беру дәстүрі үйленген жастар, әсіресе, тұрмыс құрған қыз барған жерінде қиналмасын, ешкімге кіріптар болмай, өздерімен өздері күн көріп кетсін деген мақсаттан туған. Сондықтан жасау мүлкіне үй болу үшін ең қажет заттар кірген. Қазақ халқы қыздың жасауына ерекше көңіл бөліп, “жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді” деген. Бұрын жасауға сәукеле, кілем, текемет,ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әшекейлі бұйымдар, сауын мал, салт ат, т.б. берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан.
19 ғасырдыңдың 1-жартысына дейін ірі байлар кейде жасауға күтуші қызды да қосқан.Ал 19 ғасырдың соңынан бастап жасауға пәуеске,самаурын, тігін машинасы қосылған. Жасауға берілетін мүлік түрлері әр заманның, аймақтың салтына қарай өзгеріп отырған. Мысалы,Абай ауылының ұзатылған қыздарының жасауна ұлы ақынның өлеңдер жинағын қосу салты болған. Қызды жасаумен ұзату дәстүрі қазір де бар.[1]
Қазақ аналары қыз жасауына айырықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі, көріктеседі.

Сәлем салу - дәстүр.
Келіннің жанұядағы қызметі
мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын
жұртына деген құрметі
мен сәлемі. Беташар кезінен бастап
сәлем салу басталады. Сәлемді ата-баба салтымен иіліп немесе
тізесін бүгіп салады. Ал сәлемге ие болған адам: - Бақытты бол,
балам! - деп ықыласын білдіреді немесе қарт аталар мен аналар жас
келіннің маңдайынан иіскеп, бақыт пен берекет тілейді. Жас келін
бір үйдің берекесін кіргізетін болашақ ана болғандықтан, ата-ене
үйлі-жайлы болып, бала-шағалы болуларына үлестерін қосады. "Жақсы
келін - қызыңдай, жақсы күйеу - ұлыңдай" деп қазақ даналары бекер
айтпаған.
Келіннің келін болып түсе сала, өзіне артылған міндеттері бар. Таңертең ерте шай қою, дастарқан жайып шай беру, үй тазалығы, ауылды жерде - ошақ басындағы қызметі, мал жайғастыруы, сиыр сауып, күбі пісу. Келін болып түскен күннің ертеңіне-ақ, таңертеңгісін, осы тірліктерге араласпас бұрын, ізеттілік көрсетіп, ата-енесіне тізе бүгіп, сәлем салады. Келін үлкендер алдында орамал тартып жүреді. Ол да ұлкендерге көрсеткен құрмет.

Киіт– құдалар арасында жасалатын дәстүрлі кәденің бірі.
Қазақ халқы арасында “құдалық белгісі киіт, қоныс белгісі – бейіт” деген мақал бар. Яғни киіт – құдалықтың негізгі белгілерінің бірі. Киіт – бас киіт, аяқ киіт болып бөлінеді. Құдаларды бастап барған үлкен адамға бас киіт беріледі де, қалған құдаларға екінші дәрежедегі (аяқ) киіт беріледі. Киіт келген құданың беделіне, алатын орнына қарай бөлінеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем, т.б. қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе, қой) берілген. Киіттің ең төменгі түрі кездемелермен бітеді. Қазақстанныңкейбір аймақтарында құда түспей-ақ тойы болғанда, сол үй ішіндегі адамдарға жеке-жеке арнап апарылған киімді де киіт деп атайды. Қазіргі кезде “қалың мал” төленбесе де, оның киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жоралғылары жасала береді.

Түйе мұрындық - салт - дәстүр.
Қазақ салтында қалыптасқан бір кәде «түйе мұрындық» деп аталады. Қызы ұзатылып көшіп келе жатқан көш көрші ауылдың тұсынан өткенде, көрші ауылдың әйелдері, көш алдынан арқан керіп тосады да, алдыңғы түйенің бұйдасынан, мұрындығынан мықтап ұстап алады, оны жүргізбей «түйе мұрындық» деген атпен кәде сұрайды. Көш бастап келе жатқан кексе әйел оған жол өтеп, көйлек беріп құтылады. Оны қазақ кадесінде «түйе мұрындық» деп атайды.

Есік көрсету, есік ашар — жаңа түскен келінді күйеу жігіттің туған-туысқандары мен дос-жарандарының өз үйлерімен таныстырумақсатымен қонаққа шақыру рәсімі.
Келін келген жеріндегі үлкен-кіші, ағайын жұртымен осылайша жақындасып, араласа бастайды. Осы рәсім арқылы келіннің үлкен кісілерді, кімнің кім екенін танып-біліп, оларға құрмет көрсетуіне жол ашылады. Есік көрсету рәсімі арқылы келіннің елмен таныс-білістігі артады, туыстарының жай-жапсарын толық ұғады. Кіммен қалай қарым-қатынас жасау керектігінің жөн-жосығын аңғарады.[1]
Есік ашқан келінді ақ басты аталар, ақ жаулықты аналар құрметтеп сыйлайды, сынай қарап тағылымды тәрбие береді, өмірдегі берекеге шақырады. Есік ашарға шақырылған келін құр қол бармайды, өз тойына келген жасаудан көйлек-көншек ала барады. Үлкендерді сыйлап алдынан өтпей, албаты сөйлемей әдептілік танытады, сыпайылық, сылықтық көрсетіп, жақсы жағымды келін екенін көрсетуге тырысады.

Өңір салу, отау көріктеу - Отқа шақырумен бірге болып жататын кәденің бірі.
|
"Мұнда ылғи бәйбішелер келеді. Ниеттері - келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір - киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі, сырмақ, ожау, қазан, бақыр, қасық, саба, арқан-жіп әкеліп, отауды көріктеп өз қолдарымен тағады. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер. Келін түскен үй өңір сала келген әйелдерді, отау иесі ақсарыбас қойын сойып, асты-үстіне тұсып күтеді, дән риза етіп қайтарады, келіннің қоржынындағы аспен бірге келген бұлдардан алады" (А. Жүнісұлы). |
Өңір салу - жас шаңыраққа құрмет және жәрдем десе де болады. Мұны соңғы кездерде үлкен адамдарыдң өзі естен шығарып алды

Құрсақ той, Құрсақ шашу — ұлттық салт-дәстүр.
"Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты ертеден келе жатқан дәстүр. Түрлі салт-дәстүрлерді білетін ақ жаулықты аналарымыздың айтар өсиеті мол. Келін үйге түскеннен соң, ененің одан күтетін үміті зор. Сондықтан, аяғының ауырлағанын байқаған өнегелі ене құрсақ шашу деген кішігірім той думан ұйымдастырады. Оның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару. Бұл, біріншіден,ертеңгі күні дүниеге келер нәрестенің алғашқы тойы болса, екінші жағынан аяғы ауыр ананың да қамын ойлап, соған жағдай жасаудың амалы. Думанды дастарқан жайылып, үлкен әйелдер жағы жас келінге батасын береді, ал құрбылары, абысындары білгенін айтып, ақыл-кеңес беріп, келіннің көңілін аулайды. Бойына бала бітісімен-ақ кейбір ананың асқа тәбеті шаппай, жерік болады. Оны "итжерік" деп атайды. Тәбеті шабатын тамағын тауып беру де ененің мойнында. Өйткені ертеңгі күні жерігі қанбаса, баланың толыққанды болып жетілуі екіталай. Егер жерігі қанбай жүрсе, кейін баланың аузынан сілекейі аға беретін болады деген ырым да бар. Сондықтан тойға келген әйелдер келінге арнап әр түрлі тағам әкеліп, дәм тигізеді. Жерік кезде жеген аста да көп мән бар. Тіпті баланың болашақта кім болатындығын соған қарап болжауға болатындығы ғылыми түрде дәлелденіп те отыр. Мысалы, анасы көкөніске жерік болса, бала ширақ, елгезек, өмірге құштар болады екен. Кесек көмірге жерік болса, бала болбыр, өмірге икемсіз болмақ. Ал, тек біреудің үйінің тамағын жегісі келіп тұрса, бала келешекте үйде тұрмайтын, үнемі түздің тірлігін тындыратын болып өседі екен... Жерік ананың қалауын тауып тойдырған адам сауапқа қалады деген де ырым бар. Сондықтан тойға келгендер аяғы ауыр әйелдің көңілін табуға тырысады. Бұл не жерін білмей әр нәрсеге аңсары ауған болашақ анаға көп көмек. "Жерік асын жеген жетілер, жерік асын жемеген кетілер" деп те жатады халқымыз. Осылайша жерік астың әрбірі ана мен баланың қажеттілігін өтейді.

Жарыс қазан– екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым.
Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан.[1]
Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдаққуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны. Егер әйел босана алмай одан ары қиналса, жарыс қазан асып отырған әйел қолына қара пышақты алып «қара қазан бұрын пісі мі, қара қатын бұрын туа ма?» деп, қолындағы пышақты қазанға жанып-жанып зіркілдейді. Қазақ мұны «жарыс қазан» деп атайды.

Төркіндеу — қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі.
Мұның негізі «төркін» деген сөзден шыққан. Ұзатылған қыздың төркін жұртына арнаулы (ресми) түрде баруы «төркіндеу» деп аталады. Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туыстары оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, қалаған затын беріп риза етіп аттандыруға тиіс. Төркіндеу — әр қыздың парызы және ол бір-ақ рет төркіндеп баруға хақысы бар. Төркіндеудің халықтық, дәстүрлік маңызы зор және ол әйелдерге ғана тән ғұрып.[1]
Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз бір жыл өткеннен кейін ғана төркініне барып қайтады. Жыл аунамай төркіндеуді жаман ырымға балайды. Ерекше өлім-жітім, той-томалақ, ас бергенде болмаса, жыл толмай төркініне бармайды. Ұзатылған қыздың жыл аунап төркіндеуінің өзіндік жолы, сыры, мәні мағынасы бар. Төркініне жалғыз күйеу баланы ғана сопитып ертіп баруды ерсі көрген. Қайта сәбиді көтеріп, төркіндесе, әдемі жарастық, жақсы жол болады. Үшеулеп келген күйеу, қыз, жиенге арнап ақ сары бас қой сойып, үлкен той жасап береді. Күйеумен қызға, балаға төс, асық жілік арнап асады. Кетерінде жиенге қырық шыбар тай (кей жерде қырық серкеш) қызына бұзаулы сиыр, күйеуге шапан жауып ат мінгізеді. Қызына әсте сыңар мал бермейді, жағдайына қарай құлынды бие, қозылы қой, боталы түйе, лақты ешкі береді. Онысы - «қуыс үйден құры шықпасын», «бала жолы - бал» десе, енді бір жағынан сыңар мал бермеуі - қызымыз сыңар қалмасын, дәні арылмасын, жан жарынан айырылмасын ылғи да жұп жүріп, ұрпақты болсын дегені. Ал жыл өтпей, уақыт жетпей төркіндетпеуі - ұзатылған қыз жат жерге бауыр бассын, үйіне қайта берсе, төсегінен суып қалмасын деп отбасына сүйспеншілігі артсын дегені.

Қыз алып қашу - үйлену ғұрпының бір түрі.
Халқымыздың дәстүрінде бұрын екі жас құда түсу жолымен, яғни әке таңдауы мен келісімі арқылы қосылған. Дегенмен кейбір жігіттер өзінің сүйген қызын алып қашу арқылы қосылған кездері де болған. Кейде оның арты үлкен жесір дауына айналған, өйткені ол кездебасы бос қыз бола бермеген. Олар ерте айттырылатын.

Қыз алып қашудың түрлері.
Қыз алып қашудың да түрлері көп. Мысалы, бірін-бірі сүйген жігіт пен қыз қашып кетіп қосылады. Ал кейбір жігіттер қыздың келісіміне қарамастан, зорлықпен алып қашады. Соңғыларының жарасып кететіндері де, кейін дәм-тұздары жараспайтындар да бар.

Қосымша мәлімет
Тарихтан белгілі болғандай, Қалқаман Мамырды, Кебек Еңлікті алып қашып қосылған. Әрине, оның арты қайғыға ұласқаны белгілі. Абайдың інісі, Құнанбайдың оқыған ұлы Халиолла Өскенбаев (1849-1870) өзінің сүйген қызын алып қашқан, бірақ қатал заман шешімі оларды қайта айырып жіберді.

Құда түсу - қазақтардың ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі.
Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп жасайды саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр, тағы басқа ырымдары мен кәде алымдары болады (“кәдеге” қараңыз). Құдалықты басқарып барған адам “бас құда” деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне “бауыздау құда” деп аталады.
Құда түсу- қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақ та бір-бірін сынап отырады.
Неке қияр , неке қию –

-
отбасын құрған адамдардың мемлекеттік азаматтық хал актілерінтіркеу (АХАЖ) органдарында тіркелу рәсімі;

2) Неке қияр дәстүрлері қазақ қоғамында молда және куәлікке алдын ала белгіленген екі жігіт арқылы атқарылған.
Ең алдымен неке суы дайындалады. Мұнда үлкен кесеге су құйылады да, оған аздап тұз, қант қосылып, сақина салынады. Су – екі жастың пәктігіне, тұз – егер жастардың біреуі келешекте опасыздық етіп, осы некені бұзса, дәм атуына, қант – екеуінің тату-тәтті өмір сүруіне ырымдалып қосылса, ал сақина неке ескерткіші ретінде салынады. Неке суына алтын немесе күміс сақина, тіпті кейде күміс мәнет салынуы мүмкін. Оған молда дұға оқып үшкіреді. Куәлар молданың тапсыруымен жастардың өз ықтиярларымен некелесетіндігін сұрап біледі, содан соң күйеудің жұбайына қамқоршы, ал қалыңдық еріне адал жар болуға міндетті екендігін айтып, олардан ант алады да, мұны жария түрде молдаға, көпшілікке жеткізеді. Әр сұраққа жауап алғаннан кейін олар міндетті түрде “куә жарын” айтып отырады. Молда Құранаяттарын оқығаннан кейін неке суын куәлар алдымен жас жұбайларға, одан соң қатысушыларға бір-бірден ұрттатып шығады, қолдарына сақина кигізіледі. Жиналған қауым жастарға ақ тілектерін айтып құттықтайды, ақсақалдар бата береді. Қазақ халқында сақталған Неке қияр дәстүрінде ислам мәдениетімен біте қайнасып кеткен байырғы жол-жоралғылардың да жиынтығы көрініс тапқан.[1]
Неке - қасиетті ұғым, беріктік шарты. Қазақ халқы мұны "ақ неке" деп ардақтайды. "Ақ некелі жарым" деп мақтанады. Бас қосқан ер мен әйелдің міндетті түрде некесі қиылады. Ол көпшілік алдында жасалады. Қосылған, бірақ некесі қиылмаған адамдарды халық "некесіз" деп сөккен және оларға салқын қараған. Олардың балалары да "некесіз туған"деген жаман атқа қалған. Рәсім барысында өлеңше ұйқасқан сөздер айтылып, содан соң, неке суы ішіледі. Бұдан кейін олардың некесі қиылып, ерлі-зайыпты адамдар болып саналады. Үлкендер жақсы тілек тілеп, қол жайып бата береді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақтың салт дәстүрлері

шағым қалдыра аласыз