Қазақтың сазгері, әншісі - Біржан сал

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың сазгері, әншісі - Біржан сал

Материал туралы қысқаша түсінік
Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дамуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы білім бөлімі бойынша «Балалар өнер мектебінің» жедел басқару құқығындағы МКҚК



Қысқа мерзімді (күнделікті) жоспары

Сабақтың тақырыбы Біржан сал Қожағұлұлы

Бөлім

Теория бөлімі

Педагогтыың Т.А.Ә

Маккашова Жаннат Жаукеновнаа

Күні


Секция немесе үйірме атауы, топ

Қазақ музыка әдебиеті 3 сынып

Сабақтың мақсаты

Біржансал өмірімен танысу,әндерінің қазақ музыкасында алатын орны ерекше екенін ұғыну



Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

/уақыты/

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ресрустар

І Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару, қызығушылығын ояту. Оқу құралдарын тексеру

Мұғаліммен амандасу, құралдарын шығару, сабаққа дайындалады

Оқушылар амандасады

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардан үйге берілген тпсырманы сұрау

Тақырыпты ауызша сұрау

Оқушыларды бағалап, көтермелеу

Өткен тақыраптың мазмұнын айту


Үйге берілген тапсырманы барлық оқушылар орындауы.

Тақырыпты өз бетінше талдау. Берілген сұрақтарға жауап береді

Суреттер, плакаттар т.б

ІІІ Жаңа сабақ

Кожағұлұлы Біржан Сал (1834–1897 жж.)

Ол 1834 жылы Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. Орта жүз Керей тайпасы Ақсарынан шыққан.[1]

1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.

Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал «Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.


Жаңа сабақты түсініп, сабақ барысында қойылған сұрақтарға жауап беру. Тақырыпты талдау. Эпостық жырларды тыңдайды Оқушылар пікірімен бөліседі











Оқушылар жаңа сабақта өткен тақырыпты дәптеріне жазып алу


Эпостық жырларды тыңдау арқылы, мағынасын ұғыну, тақырыпқа сәйкес ой түйіндейді.




https://youtu.be/DGv8uQ_lO7M

























https://youtu.be/BXtb168bu7whttps://youtu.be/BXtb168bu7w

ІҮ Үй тапсырмасы

Өмірі мен шығармалары туралы мазмұнын айту, әндерін тыңдау

Берілген тапсырманы орындау


Оқып келген тапсырманың түсінігін айту


Ү Қорытынды

Біржан сал өмірі мен шығармалары туралы сұрау

Сұрақ - жауап


Оқушылар бір – біріне сұрақ қою арқылы жауап береді

Дұрыс жауап беруге тырысады

Кері рефлекция





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2023
384
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі