"Қазақтың тіліне ғашық болған ақын" атты сабақ жоспары 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақтың тіліне ғашық болған ақын" атты сабақ жоспары 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлты орыс, бірақ қазақ тіліндегі ақын-айтыскер Надежда Лушникова "Қазақтың тіліне ғашық болған ақын" атты сабақ жоспары. 8 сынып оқушыларына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ekonomikalyq litsei» ЖШС
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің қысқамерзімді сабақ жоспары 8 сынып


Сабақ тақырыбы: Қазақтың тіліне ғашық болған ақын.

Тарау немесе бөлім атауы:

Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті.


Мұғалімнің аты-жөні

Осипбекова Н. А.

Күні

28. 04. 2022

Сынып

Сабаққа қатысқаны:

Сабаққа келмегендер:

Бағдарламаға сай сабақтың мақсаты

8.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау;

8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

8.5.2.1 жазба жұмыстарында кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Сабақтың мақсаты

(Smart мақсат)

Мәтін мазмұнын меңгеріп, құрмалас сөйлем жасауды жаттығу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. (Оқушыларға ескерту: әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай) – 5 мин

«Айтыс» тақырыбын қайталау, жаңа сабақпен байланыстыру. (quizlet.com сайтында жасалған карточкалады пайдаланамын)

-Айтыс қазақ әдебиетінің қандай жанры?

-Айтыстың ерекшелігі қандай?

-Айтыс адамды неге үйретеді?

-Айтыс нені қажет етеді?

-Айтыскер ақын қандай үш өнерді білу керек?

-Айтыстың қандай түрлері бар?

-Ең көне айтыс қалай аталады?

-Айтыстың қай түрі қазір айтылмайды?

-Айтыстың қай түрі ұзату тойында айтылады?

-Айтыстың қай түрі жұмбаққа құралады?

-Қай айтыста әзіл-күлкі көп болады?

-Қай айтыста әлеуметтік мәселелер көтеріледі?

-Қазіргі кезде айтыстың қай түрі жиі өткізіледі?

-Халық неге айтыскерлерді ерекше құрметтейді, жақсы көреді?

ІІ. Жаңа мәтінмен жұмыс. Талаптарын айту: мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап бере алу, мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, түрін анықтау.

«Болжау» әдісін қолдану. Тақтада кілт сөздері жазылған.

Кілт сөздері: орыс қызы, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, айтыс.

МҰҒАЛІМНІҢ СҰРАҒЫ: - Балалар, кілт сөздерге қараңдар. Қалай ойлайсыңдар, мәтін не туралы, кім туралы болады? (Кілт сөздермен сөйлем құру, мазмұнын болжау) – 5 минут

Надежда Лушникова қатысқан «Қыз бен жігіт айтысынан» үзінді көрсетемін.

  • Бұл айтыскерді білесіңдер ме? Көрермендер бұл айтыскерді қалай қарсы алды? Қалай ойласыңдар, бұл айтыскер жеңе ме, жеңіле ме? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)

Оқушыларға үлестірілген мәтінді кезекпен оқу:

Айтыскер ақын Надежда Лушникова 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданында дүниеге келген. Оның ұлты орыс, бірақ қазақ мектебінде білім алған. Надежда мектепті үздік бітіргеннен кейін, педагогикалық институтта филолог мамандығын меңгерген. Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен 27 жыл сабақ берген. Жас кезінен домбыра тартып, ән салған. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін жетік меңгерген. Ол жазба әрі суырыпсалма ақындығымен танылған. Алматы облыстық, аудандық айтыстарға қатысып, қарсыластарын жеңген. Бұл айтыскердің жауабы ұтқыр болғаны соншалықты-қарсыласы біраз уақыт сөз таба алмайтын.

Надежда Лушниковамен сұхбатынан:

-Надежда апай, Сіз қазақ отбасына келін болдыңыз. Қазақ халқы несімен Сізге жақын болды?

- Мен қазақтың даласындай кең жүрегін, кең пейілін ұнаттым. Қазақ халқы-бауырмал халық, олар ар-ұятты жоғары бағалайды. Осы қасиеттерімен маған ұнайды. Мен кішкентай кезімнен қазақ тілін үйрендім, және осы тілде жазылған көптеген жырларын оқыдым. Қазақ тілінде жазылған жырларға ғашық болдым. Қазақ жерінде туғаныма мақтанамын. Мен Сәмен батырдың ұрпағы Тұрлыбекпен шаңырақ көтердім. Үш қызымыз - Құралай, Қарлығаш, Ләйлә, ұлымыз - Жәнібек бар. Мен қазақ халқына қарыздармын.

-Надежда апай, қазіргі қоғамда айтыстың рөлі қандай?

-Айтыста үлкен мәселелерді көтереді. Халыққа қоғамның зиян жақтарын ашық айтады. Нәтижесінде бұл мәселелер талқыланып, дұрыс шешім қабылданады.

-Жастарға Сіз қандай кеңес берер едіңіз?

- Болашақта бақытты болу үшін, Отанына, халқына адал қызмет етіңдер деп айтқым келеді!

Мәтіннен кейінгі жұмыс:

1. Мәтін бойынша сұрақ қою; қойған сұраққа жауап беру. (оқушылар мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді)

2. Тұрақты тіркестерге оқушылардың назарын аудару: «Шаңырақ көтердім», «мен қазақ халқына қарыздармын» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табу, түрін анықтау.

1

Оның ұлты орыс, бірақ қазақ мектебінде білім алған.


2

Надежда мектепті үздік бітіргеннен кейін, педагогикалық институтта филолог мамандығын меңгерген.



3

Алматы облыстық, аудандық айтыстарға қатысып, қарсыластарын жеңген.



4

Бұл айтыскердің жауабы ұтқыр болғаны соншалықты-қарсыласы біраз уақыт сөз таба алмайтын.


5

Қазақ халқы-бауырмал халық, олар ар-ұятты жоғары бағалайды.



6

Мен кішкентай кезімнен қазақ тілін үйрендім, және осы тілде жазылған көптеген жырларын оқыдым.


7

Нәтижесінде бұл мәселелер талқыланып, дұрыс шешім қабылданады.



8

Өз мемлекетіне лайықты тұлға болу үшін, Отанына, халқына адал қызмет етіңдер деп айтқым келеді!



4. Мәтін мазмұны бойынша құрмалас сөйлемдерді толықтыру:

1. Надежда Лушникованың ұлты орыс, бірақ ...

2. Ол қазақ тілін жақсы меңгерген, себебі...

3. Надежда Тұрлыбекпен шаңырақ көтергеннен кейін, ...

4. ...., сондықтан ол «мен қазақ халқына қарыздармын» деп айтады.

5. ....., себебі халыққа қоғамның зиян жақтарын ашық айтады.

6. Болашақта бақытты болғыларың келсе, ...

7. Қазақ халқына келін болғандықтан, ....

Қорытынды. Оқушылар өз ұпайларын санайды, мұғалім бағалайды.

Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2022
745
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі