400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық және зияткер ойындары 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабаққа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім. Қазақтың ұлттық және зияткер ойындары

Мектеп: №15 мектеп-гимназия

Күні: 24.12.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Маханов Ү.А.

Сынып: 6А қыздар, 6Әқыздар, 6Б ұлдар

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Зияткерлік ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.5.7 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаттары

Зияткерлік ойындар жарысын ұйымдастырып, өткізе алады.

Бағалау критерийлері

Ойында тактика және стратегияның мағынасын біледі.

Ойын кезінде тактика және стратегияны көрсете алады.

Ойын өткізеді ұйымдастыра алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

қазақ ұлттық ойныдарындағы өздерінің қозғалыс дағдыларын және стратегиялық ойлауын талқылай, салыстыра және талдай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • ұлттық, зияткерлік

  • стратегия, тактика, жүріс

  • «Тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау), «шахматтар»,

  • рөлдер: ойыншы, төреші

  • команда, қарсылас, шабуылдау, қорғаныс

ережелер, бағалау, адал ойын

Пәнаралық байланыс

Математика, Қазақстан тарихы

Құндылықтарды дарыту

Қарым қатынас, шындық, патриотизм

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша Қазақтың ұлттық ойындарының тапсырмаларын көрсету.

Бастапқы білім

Гимнастика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

12 мин.













Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім:

Ұйымдасқан түрде мектеп спорт залына кіріп бір қатарға сапқа тұру.

Спорттық киімдеріне назар аудару.

Кезекшінің рапортын қабылдау.

Сәлемдесу. «Түзеліңдер!»«Тік тұрыңдар!»

«Сәлеметсіздер ме? Еркін тұрыңдар.»

Сыныпты тексеру.

Сабақтың тақырыбын жариялау.

Қауіпсіздік ережесін түсіндіру.

Ширату:

Оңға, солға, кері айнал!

Жалпы денені қыздыру жаттығулары.

Жүру жаттығулары:

1. Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру

2. Қол желкеде өкшемен жүру

3. Қолда аяғымызға тигізіп жүру

4. Қол алда жартылай отырып жүру

5. Қол белде толық отырып жүру

6. Қол белде отырып екі жанға секіріп жүру

Жүгіру жаттығулары:

1.Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру

2.Қол белде аяқты алға лақтырып жүру

3.Қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру

4.Қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру

5.Қол белде жанымызбен жүгіру

Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар:

1)Мойын, қол, иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;

2) Дене (кеуде,арқа,қарын) бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;

3) Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.


Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.

Ұсынылатын қызмет түрлеріне байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.



Сабақтың ортасы

13 мин.





(Т, ҚБ) «Бес табан». Сынып екі топқа бөлінеді.

Алаңға көмбе сызығы сызылады. Осы жерге әр қатысушы екі топайдан тігеді. Көмбе сызығынан бес табан өлшеніп сызық сызылады. Бұл бес табан сызығы болады. Бес табан сызығынан 5 метр қашықтықта атыс сызығы сызылады. Осы сызықтан ойыншылар кезек-кезек көмбедегі топайды қатты құлаштап атып, тігілген кенейлерді көмбедегі сызықтан әрі қарай 5 табан сызығынан шығаруы керек.

Ойыншылар екіге бөлініп сақаларын иіріп ату кезегін анықтап алады, содан кейін атуды бастайды. Көмбеден шыққан топай атқан ойыншыныкі болып есептеледі. Егер ол көмбеден шығара алмаса, сақа тиген топай қайта тігіледі де келесі ойыншы атады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Ең көп топай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады.

«Бес табан»

ойынына сілтеме

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, тоғызқұмалақ тақтайшалары.


Сабақтың ортасы

10 мин.

Волейбол ойыны


Сабақтың соңы

5 мин

1. Сапқа түрғызу

2. Рефлекция

3. Үйге тапсырма


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау диалог және қолдау көрсету тәсілдері:

- Нені үйрендіңіздер?

-Қандай сұрақтарыңыз бар?

-қандай көмек қажет?

Саралаудың қорытынды тәсілі қалыптастырушы бағалауды орындауда жүзеге асады:

Ашық сұрақтарға жауап алу, жекек жұмыста бірін өзін-өзі бағалау, жұптар арасында бағалау, мұғалімнің шолуы, дескриптор арқылы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. сабақ соңында оқушылар рефлекция жасайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі