400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесінен 6-сыныпқа жасалған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы

Махамбаев Жамбыл Торегалиевич

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Сабақ:

Дене шынықтыру

Күні :

Мұғалімнің аты – жөні :

Сынып : 6 сынып

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тоғызқұмалақ ойыны

Бөлім №4

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Оқу мақсаты

6.2.7.1 Жарыс кезінде адал ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және түсіндіру.

Сабақтың мақсаты


Тоғызқұмалақ ойынын үйрету және ойын арқылы патриотизмге тәрбиелеу

Бағалау критерилеріБағалау критерилері


Ойынның тарихын біледі.Ережесін біледі. Құмалақтың санын біледі,отаудың санын біледі.


Тоғызқұмалақ ойынын ойнайды. Жүру бағытын біледі.


Ойындағы жүру әдісін ,тұздық ашуды,тұздыққа құмалақ жинауды орындайды.

Тілдік мақсат


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: құмалақ,қазандық, тұздық, бастаушы,қоштаушы, отау, атсырау;


Талқылауға арналған сұрақтар :

жүріс әдістерін



Не себепті .... деп ойлайсыз?

Жүріс арқылы көп құмалақ жинау және ұтысқа жету;


Ишара :


Алдыңғы оқу:

Арқан тартыс ойыны.

Жоспар

Қысқа мерзімді жоспар









Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Сапқатұрғызу,сәлемдесу,түгендеу. Өткен сабаққа тоқталу. Сабақ тақырыбын , мақсатын айту.

Саптық жаттығулар; Оң-ға!,Сол-ға!,Арт-қа! Бұрыл.

Жүру әдістері:

- аяқтың ұшымен (екі қол жоғарыда,алақан бір-біріне қарайды) - қырымен(екі қол белде) -өкшемен(екі қол жанда)

Жүгіру әдістері: - спорттық жүріс ( қолмен көмектесу арқылы) -жеңіл жүгіріс (бір қалыпты) - тез жүгіріс (үдеумен) ЖДЖ орындау: оқушыларды төрт қатар сапқа тұрғызу, жартылай бұрылу, Б.қ. аяқ арасы иық кеңдігінде екі қол белде, басты оң жаққа, сол жаққа айналдыру (4 рет) қайталанады. Б.қ. аяқ арасы иық кеңдігінде қолды иықтан алға (4 рет),артқа(4 рет) айналдыру қайталанады. Б.қ. аяқ арасы иық кеңдігінде екі қол белді, оңға (4 рет),солға (4 рет) айналдыру қайталанады. Б.қ. аяқ арасы иық кеңдігінде екі қол тізеде,тізені ішке (4 рет),сыртқа (4 рет) айналдыру. қайталанады. Б.қ. еркін тұрыс,оң аяқта,сол аяқта,екі аяқта (4 рет) секіру қайталанады. тыныс алу жаттығулары. (бір,екі демді ішке алу,үш,төрт демді шығарамыз)

Оқу бағдарламасы, мұғалімге арналған нұсқаулық.

Ортасы































































































ҚБ























Дискриптор

Тақырыбы:Тоғызқұмалақ ойыны

Мақсаты: Оқушыларға патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және ойынды түсіндіру

5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

. «Даналық ұясы» ойыны әдісі арқылы орындау.

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс.

Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады.

Тақтаға әр бір оқушының отырған орны көрсетілген карта іліну керек. Соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын орналастырады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы басқа ұядан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.

беру арқылы бағаланады.

2) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

Негізгі мақсат – ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылар өздері күш салып, білу керек. Мұғалім тек көмектеседі, қосымша фактілер береді. Ол оқушылар қызметін басқарады, бағыт-бағдар береді.

Бірінші есептеу жолы

Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын қосамыз.

*Егер қосынды 10 немесе 10 - ға жетпейтін болса, қосындыдан 1 - ді шегереміз;

*Егер қосынды 10 - нан артық болса қосындыдан 10 санын шегереміз

*Егер қосынды 20 немесе 20 - дан артық болса, қосындыдан 19 - ды шегереміз. мысалы: 915=9+15=24 - 19=5

*Егер қосынды 29 - дан 37 - ге дейін болса, қосындыдан 28 - ді шегереміз мысалы: 824=8+24=32 - 28=4

*Егер қосынды 38 немесе одан көп болса, қосындыдан 37 - ні шегереміз

Мысалы: 636=6+36=42 - 37=5 беру арқылы бағаланады.



Екінші есептеу жолы

*Егер отауда 10 құмалақ жатса, аттас отауға барып түседі.

*Егер 19 құмалақ болса 1 айналым жасап, өз орнына келіп түседі.

* 28 құмалақ 1, 5 айналым жасап, қарсыластың аттас отауына түседі.

*37 құмалақ екі айналым жасап, өз орнына келіп түседі

. беру арқылы бағаланады.



3. Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

Тапсырмалар орындау, мысал-есептер шешу.

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:

• Құмалақ

• Қазан

• Отау

• Бастаушы

• Қоштаушы

• Тұздық

• Атсырау ( Анықтама беру)

Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу

315, 712, 524, 217, 819, 921, 737, беру арқылы бағаланады.


ІІІ кезең Деңгейлі тапсырмаларды орындау.

1. Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

І – деңгей тапсырмасы:

1.Тоғызқұмалақ ойынына жалпы қанша құмалақ қажет?

А) 81 б) 82 с) 162

2.бірінші жүретін ойыншыны не деп атайды?

А) бастаушы б)Қоштаушы с) Жүрүші

3.Ойын тақтасында жалпы неше отау бар?

А)9 б)18 с)16

4.Әр жақтың жеңіп алған құмалағын салатын орын.

А)отау б)тақта с)қазан

5.Қай отауға тұздық қойылмайды?

А)тоғызыншы отауға б)екінші отауға с)алтыншы отауға

ІІ-деңгей тапсырмасы:

Сәйкестендіру тесті

1.отау „ Көкмойын“

2. отау „Бел“

3.отау „Қандықақпан“

4.отау „Маңдай“

5. отау „Атөтпес“

6. отау „Тектұрмас“

7 .отау „Арт“

8 .отау „Белбасар“

9 .отау „Атсыратар“

ІІІ-деңгей тапсырмасы:

Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу: 315,712,524,217,819,921,737.Жүрісті дұрыс есептегенде құмалақтың қайсы отауға түсетіні анықталады.


-Тоғызқұмалақ ойын әдіс-тәсілдерін біледі.

-Жүрістерді дұрыс есептей алады


Соңы

Сабақты қорытындылау


Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың ұлттық ойын түріне кіре ме? Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген?

Әр бөлікте неше отау, неше қазандық бар?

Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз?

Тоғызқұмалақ терминдерін ата? Отаулардың аттарын білесің бе? Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз?

Жұп, тақ сандар
Үйге тапсырма
Тоғызқұмалақ тақтасындағы отау аттарының мағынасын
анықтау үшін іздену. 




Қосымша ақпарат

Ғаламтордан


Саралауға-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырмасын қалай түрлендіресіз?

Қабілет деңгейлеріне қарай топтарға бөлдім.

1-деңгей қызыл түс

Тапсырма: 1.Тоғызқұмалақ ойынына жалпы қанша құмалақ қажет?

А) 81 б) 82 с) 162

2.бірінші жүретін ойыншыны не деп атайды?

А) бастаушы б)Қоштаушы с) Жүрүші 3.Ойын тақтасында жалпы неше отау бар?

А)9 б)18 с)16

4.Әр жақтың жеңіп алған құмалағын салатын орын.

А)отау б)тақта с)қазан

5.Қай отауға тұздық қойылмайды?

А)тоғызыншы отауға б)екінші отауға с)алтыншы отауға



2 -деңгей- сары түс

Тапсырма: Сәйкестендіру тесті

1.отау „ Көкмойын“

2. отау „Бел“

3.отау „Қандықақпан“

4.отау „Маңдай“

5. отау „Атөтпес“

6. отау „Тектұрмас“

7 .отау „Арт“

8 .отау „Белбасар“

9 .отау „Атсыратар“

3-деңгей -көк түс

Т апсырма Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу: 315,712,524,217,819,921,737.Жүрісті дұрыс есептегенде құмалақтың қайсы отауға түсетіні анықталады.



Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау критерийлері

1. Оқушылардың сұраққа жауап беруі

2. Оқушының өз бетімен атқарған жұмысы.

4.Оқушының есептеу қабілеті.

5.Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

6.Тапсырмалар орындау, мысал-есептер шешу.

7.Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдерін білу.



Пәнаралық байланыс – математика, тарих, қазақ тілі.

Денсаулық және қауіпсіздік-оқушының ойлау жүйесін дамыту

АКТ – мен байланыс- видео ролик көрсету Құндылықтармен байланыс-қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау. (тәрбие элементі).

Оқушыларды бірін-бірі сыйлауға және бағалауға тәрбиелеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма ?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?


Орындалды; Ұлттық ойын туралы түсінік алды,тоғызқұмалақ ойынын үйренді.

Жаңа сабақ ретінде,топтық деңгейде өтті.

Саралау орташа деңгейде іске асты,тапсырмалар сәйкес болды, уақытты барынша тиімді пайдаландым.

Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )


1: «Даналық ұясы» ойын әдісі арқылы орындау


2: Оқушының өз бетінше жұмыс жасауы




Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?


1: Видео ролик көрсету арқылы


2: карточка беру арқылы


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ?


1: оқушы видео роликті көру арқылы сабақты тез түсіне білуі;


2: жарыс ретінде орындау арқылы оқушының қызығушылығын арттыру;













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі