жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақтың ұлттық киім тарихы және өзіндік ерекшеліктері
Алматы электрмеханикалық колледжінің
«Дизайн» мамандығы бойынша
оқу өндіріс шебері Шайкенова Күлсін Берікжанқызы
Қазақтың ұлттық киім тарихы және өзіндік ерекшеліктері
Адам баласы киім киюді тек денеге қорғаныш қана қылып қоймай, табиғаттың өзі берген сымбатына сұлулық қосатын өнерге айналдырды. Әр ұлтты өзгеден айыратын, оның сыртқы сипатын анықтайтын белгілердің бірі – ұлттық киім. Сондықтан ұлттық киім әр халықтың материалдық мәдениетінің қомақты бір бөлігі болып саналады. Ұлттық санамыз қайта жаңғырып, түрлі халықтық мейрамдарда қазақы киімді киюді қайтадан салтқа айналдыруға тырысып жатқанымызбен ұлттық киім қазіргі өмірге терең сіңе алмай жатқанын айта кету керек. Өйткені бұл бағытта төмендегідей шешілмеген үлкен мәселелер кедергі болып тұр. Қазақтың ұлттық киімі әлі де толық зерттеліп болған жоқ, көбіне сыртқы формасына назар аударылып, киімнің ішкі мәні функциясына көңіл бөлінбей жатыр. Ұлттық киімнің әр түрін орнымен дұрыс қолданбай, бұрмалаушылыққа барып жүрміз. Ұлттық киім бар да, оны кию мәдениеті бар, біз сол мәдени дәстүрді жоғалтып алдық. Сондықтан біз мақаламызда осы жағына баса көңіл бөлеміз. Ұлттық киім дегенде, оған көбіне ғылыми – этнографиялық тұрғыдан келеміз де, оны адамның өзімен оның тұрмыс-әрекетімен байланыстыра қараймыз. Адам үшін киген киімі – дараланған тұлға болып көрінудің, жұрттың, қатарлас құрбы-құрдастарының назарын өзіне аударудың, ішкі сырын білдірудің бір жолы.
Адам киімімен өзінің махаббатын, басқаға деген сыйластық сезімін, көңіліндегі қуанышын, басқа түскен қайғысын білдіре алады. Киім адамдардың ара қатынасының бір тәсілі десек болады. Қазақтың ұлттық киімінің ішінде жастар киімінің де өз ерекшеліктері бар. Жас деңгейіне қарай бөліну ер адам киімінен гөрі әйел адам киіміне тән. Себебі, қыз, әйел киімі қашанда өзінің ритуалдық функциясын ғасырлар бойы қатаң сақтап отырады.
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қызұзату, келін түсіру тойларында ойын - сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу), сондай - ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.
Киім тақырыбына қалам тартқан этнограф С.Қасиманов қазақтың киімін сипатына қарай iштiк, сырттық, сулық, бiр киер, сәндiк және кейбiрiнде салтанат ғұрып киiмi деп бөледі. Бiр киер киiм деп қымбат маталардан әшекейлеп тiгiлген, той - думандарға, жиын - топтарға барғанда, өзге елге сапарға шыққанда киетiн сәндi киiмдердi атаған.
Қазақ халқының материалдық мәдениетінен көп дерек беретін деректер еңбектер бар. Соғыстан кейінгі жылдарда этнографиялық экспедициялар арқылы жинақталған киім-кешек кешенінің деректермелеріне сүйене отырып киім пішімімен өрнекті әшекейлері және қолданылған материалдарына қалалық тұрмыстың, саяси қоғамының ықпалы әсер еткені жайлы тарихи шолу жасалады. Саяхатшы, этнограф, жазушы Ш.Уәлихановтың сурет-теріндегі дәстүрлі киімдерді зерттеу мәнісі жайлы айтылады. Ол өте жақсы суретші болған. Ауыл ауылдарды аралап, қазақтың салт-дәстүрін, діні наным-сенімдерін, халықтың мінез-құлық ерекшеліктерін, аныздарын суреттеп жазып, құнды еңбектер қалдырған. Оған қоса Ш.Уәлиханов та үлкен қиім жиынтығын жинаған. «Менде әйел киімдерінің үлкен жиынтығы болса да, мен олардың киімдерін анықтап қарай бастадым» - деп , Ш.Уәлиханов барған жерінде адамдардың киген киімдерінің үлгілерін анғарып отырғанын жазып, оларды сөзбен сипаттап суреттеп отырған.
Ұлттық киім–бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет – ғұрып, салт - дәстүр халықтың хал - ахуалынан кең көлемде жан – жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты.
Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтардың киімді солға қаусыратыны сақ киімдерінде, орта ғасырларда түріктерде кездеседі.
Көшпенділердің киім үлгілерінің тігілу мен пішілу тәсілдерде сабақтастьқ сақталған. Көшпенділер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңір ашық, қаусырылатын кеуде киімі - шапанды адамзат өркениетіне қосқан.
Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. Сонда біздің ата - бабаларымыз, соның ішінде әйел заты қалай киінген? Мұндайда тарихи деректер, саяхатшылар жазбалары, көне сызба - суреттер сыр шертеді.
Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай - ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай - жұмыс киімдері, бір киер сәндік киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз - жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі. Сондай – ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар менбилердiң,бақсы-балгерлердiң,кедей шаруалардың,аңшы- саятшылардың т.б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.
Қазақтың ұлттық киімдерінің шығу тарихы
Киімнің пайда болу тарихына көңіл бөлсек, алғашқы адамзат өкілдері киім деген нәрсені ұғына білмеген. Төрттік дәуірден бастап маймыл тектес адамнан келе - келе матреархат дәуірінде адамдар туралы іс - әрекетін бейнелеу. Аң аулау пайда болғаннан кейін және де мұзбасу дәуірінде күннің күрт өзгеруіне байланысты аулаған аңдардың терілерін үстіне кие бастаған. Мысалы: Үйсіндер жануарлардың терісін өңдеу және аяқ киім, ішік, тері шалбар, бешпент тігу үшін тері илеу ісі дамыды. Ал ғұндарда мал терісінен суықта киетін сыртқы киімдер, бас киімдер, аяқ киімдер тігіп киген.
Киімнің шығу тарихын толық зерттеп, ежелгі тас дәуіріндегі палеолит және мезолит дәуіріндегі киімдердің пайда болуын зерттеу киімнің шығу тарихын әлі де біле бермейді. Біздің келешек ұрпаққа тәрбиелеп жатқан ұл – қыздарға таныстырып, оларды ұғындыру киім үлгілерін жарғақ, жырға, шидем, кебенек, аба, шалма т. б. Киімдерді суреттеп және де сол дәуірдің киімдерін қолдан тігіп, оларға үйретіп және киім тіккізіп ұғындыра білу, қазіргі жастарға киімнің эстетикалық жағын, оң әсер етуін көрсету, көз жеткізу.
Алғашқы киімді ерлері де, әйелдері де тек белдеріне байласа, кейіннен ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, аулаған аңдардың терілерін үстіне орап, барлық дене бітіміне орап байлап кигендігінің іс - әрекетін көрсету. Киімді көбінесе Орта Азиядағы алғашқы қауым өнімдері мал шаруашылығымен айналыса бастау көшіп қонып, жүруіне ыңғайлы етіп тігу.
Киімді малдың иленген терісінен, киіз бен қойдың, түйенің жүнінен дайындауға болады. Мысалы: тері тымақ, тері тон, күпі, кенеп, шекпен, сырмалы шапан, т.б. 10 ғасырда біздің ата – бабаларымыз табиғаттың тылсым күштеріне байланысты ежелден бастап кие бастаған киімнің дәл қай уақыттан бастап кие бастағаны белгісіз. Көбінесе киім отырықшы қалаларда жақсы дамыған, ол көшпелі мал шаруашылықта киім көбінесе малдың терілерінен және жүндерінен тігілген. Ал қазіргі таңда киім әр заманның өзіне лайық дамып келе жатқаны белгілі.
Киімнің даму тарихын алғандағы мақсатым, ертеңгі ұрпаққа кейінгі кезде сирек қолданатын киімдерді пайдалана отырып, неолит кезеңінен бастап шыққан иық және мықыннан киілетін киім түрлерін зерттеп, оны жас ұрпаққа жеткізу.
Киім адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәдениетімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдіктер, ағаштар, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Адамдар аң терілеріндегі жүндер мен түктерге денесі тигенде біртүрлі жұмсақтықпен жылылықты сезетін. Енді оларды үстіне жамылса, суықтан, жаңбыр мен желден қорғануға болатынын көрді. Бірақ тері жамылғылары аң аулау кезінде қолайсыз болған соң, енді оларды өздерінің денесіне ықшамдап тікті. Ол үшін сүйектерден ине жасады. Жануарлардың тарамыстарын жіп ретінде пайдаланды. Киім тігу мен киім кию осылай басталған.
Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінген. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа, киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы: үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; гректер гиматий; солтүстік халықтар теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен киім дайындайды. Аяқ киім түрлері ағаш, тері, көннен жасалады.
Кеуделі киім пішілуіне қарай тұйық және алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып бөлінеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктерін танытады. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күлпара) , балуан, батыр киімдері болған.
Жас ерекшеліктеріне қарай бала киімдері, бозбала киімі, бойжеткен киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше киімі, ақсақал киімдері үлгісінің әшекейі, тігілуі, сырылып кестеленуі әр түрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамдардың киімі денеге қонымды кең, мол пішілген, әшекейі аз, қарапайым кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат, шапан. Сонымен бірге бақсы киімі, сал – сері киімініңде өзіндік сәндік және кейбірінде салтанат киімі болады.
Бір киер киімдер қымбат маталардан әшекейлеп тігілген той – думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе – жекке түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген. Қазіргі заманғы киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ әскерилердің өзге де мамандықтардың арнаулы киімдері, сәндік киімдер түрлері бар.
Әрбір халықтың тұрмыс – салтында болған, орын алған жағдайлар тарихта өз ізін қалдырады. Қазақ халқының көнеден келе жатқан бір дәстүрлі мәдениеті – киім - кешегі. Киім – кешек белгілі бір халықтың тұрмыс салтының айнасы. Белгілі бір халықтың киім үлгілері, олардың уақыт кезеңдеріне қарай түрленуін бақылап, сол халықтың тарихын жасауға мүмкіндік береді.
Көне түркілік дәуірлерден күні бүгінге дейін қазақ тұтынған киім үлгілері сан алуан. Оларды атаулары да әр түрлі. Адамзат баласы жарық дүниеге келіп, тіршілік ете бастаған киім – кешектің де алғашқы үлгілері пайда бола бастады.
Адамзат қандай уақыт кезеңдерінен өтсе де, сол сияқты оның киім -кешегі де тарих ізі, уақыт табына жатады. Ертедегі ата - бабаларымыз киімді негізінен, мал терісінен тігіп киетін болған. Тері тымақ, тері тон, шарғаң шалбарлар болған. Ата – бабаларымыз бағзы заманда өздері бағып - қаққан мал терісін ғана пайдаланды десек заттық – тұрмыстық байлығын кемсіткен болып шығамыз. Көшпелі ел – табиғаттың перзенті. Көшпелі ел аңшылықпен айналысқан. Ата - бабаларымыз жан-жануар терісін қажетіне жаратқан.
Ата – бабаларымыздың рухани болмысының “көшпелі” еместігі көшпелілер мәдениетімен салыстыра қарағанда орта, табиғат, киімдер, яғни әлемді танып білуде өзіндік ережесі болған. Ол өткен мен болашақ арасындағы көзқарастың жүйесінде қалыптасты. Қазақ халқының қолөнері – ол көнеден келе жатқан тарихы өнегелі дәстүрі бар байырғы өнер. Қазақ ою - өрнектеріне жақын біз көне сақ өнерінен көруге болады.
Адам денесі қазақ түсінігінде бас кеуде және аяқ болып байланысады. Сондықтан қазақ киімінде баскиім, кеуде киімі, аяқ киімі басты орында тұрған. Сақ кезеңінің (7 – 6 э. б. д. д.) ескерткіштерінде “аңдық стиль” көбінесе тау ешкі, арқар, бұғы т.б. жануардың бейнесі бейнеленгенін білеміз. Мысалы: сақ жауынгерлерінің бас киіміндегі “Алтын таулар” үш биіктен тұрады: биік, орта және аласа.
Көне дәуірде сақтар мен массагеттер киімдерінің ерекшеліктері жайлы ежелгі қалымдар Геродот, Ктесий, Страбонда жазады. Олардың тақиясының немесе бөркінің төбесі үшкір болған, етікті былғарыдан тіккен, ал сырт киімдеріне ою – өрнектің орнына аңның, құстың бейнелерін салдырған. Мысалы: сақтар негізінен суретті өз батырлары мен көсемдерінің денесіне де салған. Ер адамның денесіндегі сурет батырлықтың белгісі болып табылады.
19 – 20 ғасырларды кебіс, етік, шәркей, шоқай көп тігілді. Мәсі байтөбе, киіз байпақтар қазірде қолданылады. Қазақы киімге қатысты зергерлік заттарға әр түрлі құстардың, бал арасының, көбелектің, ағаштың, жер – судың, тау – тастың кескінін беретін, ерте заманнан келе жатқан және оның ежелгі сақ, үйсін тайпаларының мәдени жетістіктерін бойымызға сіңірдік, яғни үйсіндерде жануарлардың терісін өңдеу және аяқ киім, ішік тері шалбарлар, бешпент тігу үшін тері илеу ісі дамыды.
Ал ғұндерде мал терісінен суықта киетін сыртқы киімдер, аяқ киімдер тігіп киген. Ежелгі түрік қағаны мен оның нөкерлері жайында қытай тарихшысы Сюань Цзян сонау ерте замандарда қаған немесе әскер басылар қытай жібегінен тігілген салтанатты киім киген деп айтуға болады, ал қарапайым жауынгерлердің киетіні – дәстүрлі теріден тігілген киімдер.
Жауынгерлік киімдердің көпшілігі металдан жасалатын, металдан тоқытуға жағдайы келе бермейтіндер сыртқы киімнің ішінен астыңғы қабатына көн қаптап арасына жүн, қыл салып сырылған көкірекше киген. Шалкиіз (15 – 16 ғ) айтатын. Жаумен жалғасса жыртылмас, Ерлерден жеңсізден игі тоны (жеңі жоқ тон) да жауынгерлік замана тоны. Заманның жаугерлік болған соң, киер киімің де жауынгерлік болады. Жауға аттанбай ауылда малға қарап қалған кісінің киері – күпі. Тәттіқара ақынның «Күпіңді сатып астыңа, Жең жастанып басыңа», дейтіні сондықтан. Күпі – кәрі, жас, әйел, еркек демей кие беретін шаруа киімі.
Күпі – матамен тыстап, ішіне түйенің қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық сырт киім. Күпі әрі жеңіл, әрі жылы болғандықтан оны әйелдер де, ерлер де киетін болған. Әйелдің күпісінің жағасы кестеленіп, жеңіне құндыз салынып тігіледі. Күпінің тысына барқыт, мәуіті сияқты мықты, әрі қалың матаны пайдаланады. Шапан сияқты күпінің де екі өңірі, артқы бойы, екі жеңі және жағасы болады. Күпіге көбінесе матадан қайырма жаға не тік жаға салынады.
Көшпелі өмірде жартылай жауынгершілік өмір, сол себептен ерлер киімінде еш өзгеріс бола қойған жоқ. Әрине той, сән – салтанат киімі өз алдына бір басқа. Ежелгі қыпшақ қыздары атқа мініп, ерлер мен бірге жауға шапқан деген сөз бар. Жауынгершілік заманда олар ер киімін киіп, ер қаруын асынған. Жайшылықта бейбіт те сәнді киіну – қазақ әйелдерінің салты.
20 ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойында өмір сүрген қазақтардың киім - кешегін палеэтнологиялық деректермен салыстырғанда С.И.Руденко күпінің қазақтардың ата - бабасына кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Бұл қазақтың ұлттық киімдерінің тарихының көшпелілер тарихымен тығыз байланысты екендігін білдіреді.
Тарихы мен ерекшеліктері киім адамды қоршаған ортаның әртүрлі әсерінен қорғап, денесіне сән береді. Қазақтың ұлттық киімдері оның бай тарихы – мәдени мұрасы өзге халықтардың киімдерінен басқаша және ерекше қасиетке, сән - салтанатқа ие. Қазақтар киімді солға қарай қаусырады. Бұл сақ тайпаларының киімдеріне, орта ғасырлардағы түріктерде кездесетін ерекшелік.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарасақ, 6 ғасырда Қазақстан территориясында көптеген түркі тайпаларын біріктірген қуатты мемлекет –Түркі қағанаты өмір сүрді. Ол Иран, Византия мемлекеттерінен сауда – саттық жасап, Ежелгі Русьтен қымбат бағалы аң терілерін, қымбат барқыт, алтындап тоқыған парша маталар сатып алып, көркем киім – кешектер тігіп дайындады.
Сол кезде қағанат жерінде адамдар жібектен тігілген киімдер киді. Қаған ордасында болған Қытай монахы Сюань Цзянь бұл жөнінде былай деп жазды: « Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, ал оның жанында жүрген нөкерлері қамқадан желбегей шапандар жамылған, қандай тамаша көрініс». Орта ғасырда қазақ жерінде өмір сүрген түркі тайпаларының бас және сыртқы киімдерінің үлгілері Орхон - Енесей ескерткіштері мен тас мүсіндерде сақталып қалған. 11 ғасырда Түркі қағанатының жері ұлы даланың ұлы перзенттері – қыпшақтардың қолына көшіп, көшпенділердің киім үлгілері әрі қарай баи түсті.
Қазақтың бірнеше ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы ұлы жүздің, оның руларының аттарымен де жеке бөлініп айтылды. Олар қыпшақ тымақ, адай, бөрі, және т.б.
Біздің ұлттық киімдеріміз географиялық аймағына қарай да ерекше үлгілер жасалған. Олардың кейбірін Жетісу үлгісі, Арқаның үлгісі деп бөліп жатады. Қазақтың ұлттық киім үлгілеріне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу тәсілдерінің де тигізген ықпалы мол. Қыпшақтардың ішкі – сыртқы киімдері көшіп - қонуға еркін, жүріп -тұруға, ауа – райының барлық жағдайларына қолайлы етіп тігілген. Негізінен, Еуропаға шалбар киюді үйреткен – Қыпшақтар. Олардың киімдері төзімді, ыңғайлы, қарапайым да әсем болған, мұндай киім киген адамдарға қыстың қаһарлы аязы, жаздың аптап ыстығы, күздің қара суығы, жауын –шашын ешбір қауіп – қатер төндіре алмаған.
Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұқанов былай деп жазды: « Адамға ауа – райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін киім қажет. Ертедегі адамдардың киім - кешектері мал терісінен жасалған. Әсіресе, тері сырт киім үшін пайдаланылады.
Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін
жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп тіккен.
Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше
өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат
төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың
өзінде - ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар
оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан,
бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді. Сонда біздің ата -
бабаларымыз, соның ішінде әйел заты қалай киінген ? Мұндайда тарихи
деректер, саяхатшылар жазбалары, көне сызба - суреттер сыр
шертеді.
Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық,
әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне
дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне
байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне
қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді.
Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби,
бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта
жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге
болатындай. Сондай – ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай –
жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер,
сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те
бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз -
жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене
мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп
жіктеледі.
Сондай – ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал – серiлердi, қожа – молдалардың , байлар мен билердiң, бақсы – балгерлердiң , кедей шаруалардың, аңшы – саятшылардың т.б. киiмдерi бiр – бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады. Әр ұлтты өзге ұлттан айыратын оның сыртқы сыйпатын анықтайтын белгілерінің бірі ұлттық киімі. Сондықтан ұлттық киім әр халықтың материалдық мәдениетінің бір бөлігі болып саналады. Ұлттық санамыз қайта жаңғырып түрлі мерекелерде қазақы киім киюді қайта салтқа айналдыруға тырысып жатқанмен ұлттық киім әлде болса қазіргі өмірге толық сіңісе қоған жоқ. Ұлттық киім бар да оны кию мәдениеті де бар. Біз сол мәдени дәстүрлі жоғалтып алмауымыз керек. Ал адамдар киіммен өзінің басқаға деген сыйластық сезімін, көңіліндегі қуаныш пен басқа түскен қайғысын да бідіре білген. Қазақтың ұлттық киімінің , жастар киімінің де өз ерекшеліктері бар. Жас деңгейіне қарай бөліну, ер адам киімінен гөрі, әйел адам киіміне тән. Ұлттық киімдерді дәстүрлі әдіспен әшекейлеп әзірлеу қолданбалы ою – өрнекті қолдану ғасырлар бойы сіңірген қазақ халқының өнері болып табылады. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктеріне тоқталсақ. Ондағы оюлардың өзі сонау ата – бабаларымыздың тарихымен астасып жатса керек және осы жылдарға жеткен ою - өрнек түрлерін 4 - топқа бөліп қараймыз.
Олар:
1-ші: Зооморфты (аң пішіндес)
2-ші: Өсімдік пішіндес
3-ші:Геометриялық денелер пішіндес
4-ші: Космогониялық пішіндес түр (көк әлеміне байланысты)
Әсіресе осы оюлардың ішінде өсімдік пішіндес ою - өрнекті көбіне қыз балалардың камзолына, сәукелесіне сәйкестендіріп салып отырған. Ал қазақ халқының жолға шығарда киетін киімдерінің өзіне салынатын оюларды да ерекше болған. Оларға аң пішіндес ою – өрнектер салып отырған.Себебі: «Жортқанда жолың болсын» - деп құстың , аңның бейнесіндегі оюларды келтірген. Сонымен қатар геометриялық оюларды да ер адамдардың киімдеріне салған.
Қазақтар ұлттық киім кигені дұрыс. Ұлттық киімнің тәрбиелік мәні зор. Рухты тәрбиелейді. Маңғыстау елінде ұлттық киімдердің қазіргі заманға сай үлгіде тігілген керемет киімдерін көруге болады. Менде осы ұлттық киімдеріміздің жандануына, ары қарай үлес қоссам деген ойдамын.
Киім үлгілерінің ұлттық көрінісінің нақыштары, өрнектері, айшықты, ырғақты, стильдерді өз ерекшеліктерімен құнды Ұлттық киімді әшекейлеп әзірлеу, қолданбалы ою - өрнекті қолдану, ол ғасырлар бойы сіңірген қазақ халқының өнері болып табылады.
Қазақ халқының ұлттық киімдері этнологиялық, экономикалық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той – думандарға , жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген.
Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәжекей.
Сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон.
Қазақ халқының ер

