Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың ұлттық киімдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық киімдерді насихаттайтын, дәріптейтін сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Бейнелеу өнері, 6-сынып

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,

Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер

шығармашылық орталығының

қосымша білім беру педагогі,

бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Құнанова Қалампыр Қуанышқалиқызы

Тақырыбы:

Қазақтың ұлттық киімі

Мақсаты

Дәстүрлі ұлттық киім түрлерін ажырату, түстер мен ою-өрнек үйлесімділігін түсіну арқылы қазіргі заманға сай киім үлгісін жасап үйрену.

Күтілетін нәтиже

А)Ұлттық киім үлгілерін ажырата біледі, олардың атауларын атайды, күрделі емес киім үлгісін сала алады.

В) Киімдегі түстер мен ою-өрнектердің үйлесімділігін түсінеді, оларды қолданылуына қарай ажырата біледі.

С) Дәстүрлі ұлттық киім үлгісін негізге ала отырып, қазіргі заманғы киім үлгісін жасай алады.

Сабақтың типі

Жаңа материалды меңгерту

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Бағалау парағы, «Он сұрақ» әдісі, «Құпия зат» әдісі, «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау, «Тақырыптық теннис» әдісі, топқа бөлу, «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі, постер құру, «Аквариумдағы балық» әдісі, Шығармашылық тапсырмалар

Сабаққа керекті жабдықтар

Мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, музыкалық құрылғы, таныстырылымдар, тақтаның безендірілуі: қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің суреттері ою-өрнектермен әшекейленген киімдер туралы кітаптардан көрме, қазақтың ұлттық киім үлгісі кигізілген моникен.

Сурет салуға қажетті жабдықтар

А-3 парағы, түрлі-түсті қарындаштар, акварель бояуы, қарындаш, өшіргіш

Музыкалық қатар

«Қазақ қызы» әуені, қазақша күй әуендері

Пәнаралық байланыс

Еңбекке баулу, геометрия, тарих, әдебиет

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен амандасу. Журналға жоқ оқушыны белгілеу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды қадағалау. Бүгінгі сабақта орындалатын тапсырмалар қатары жазылған бағалау парағы табысталады.

Өткен сабаққа шолу жасау

«Он сұрақ» әдісі

Мұғалім: -Оқушылар, көңіл-күйлеріңіз қалай?

(Ортаға бір оқушыны шақырып маңдайына оған көрсетпей өткен тақырыпқа байланысты бір сөзді жасырады. Оны табу үшін оқушы сыныптастарына 10 сұрақ қоюға мүмкіндігі бар. Ал, басқа оқушылар қойылған сұраққа тек «Иә», немесе «Жоқ» деп жауап береді.)

Мұғаліммен амандасады. Бағалау парағы таратылады. Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді.

І.Ой шақыру

(жұмыстың диалогті түрі)


«Құпия зат» әдісімен тақтада ұлттық киім киген қазақтың қызы жасырылады. Оқушылар осыған байланысты 5 сұрақ құрастырулары керек. Бұл не? деген сұрақтар қойылмайды.

Сұрақ қойған оқушыны ортаға шығарып жауап тыңдалғаннан кейін сыныптастары олардың сұрақтарының қаншалықты дұрыс қойылғандығын «Бағдаршам» түстері арқылы бағалайды.

«Қазақ қызы» әнінің бейне жазбасы тыңдалады.

Сұрақтарын оқиды. Бірнеше оқушының сұрақтары тыңдалғаннан кейін экраннан жауап көрінеді.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалайды.

Ән не туралы айтылғандығы сараланады.




ІІ. Жаңа материалға өту кезеңі

«Тақырыптық теннис» әдісімен сыныптағы 15 оқушыны 3 оқушыдан 5 топқа бөлемін. Теннис ойынындағыдай 1 оқушы судья екі ойыншы болады. Судья есептеп отырады. Кім қаншалықты ұпай жинағанын,ал екі ойыншы қазақтың ұлттық киімдерінен білетіндерін кезектестіре айта бастайды. 2 минут уақыт ішінде аяқтап, есеп жарияланады.

3 оқушыдан бөлінеді. Сөздерді атайды. Ұпай есептелінеді.

2. Негізгі бөлім


Топқа бөлу. «Киім үлгілері» арқылы топтасады. Үш топқа үш түрлі мәтін ұсынылады. Әрқайсысы мәтінді оқып шығады. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісімен талқылап, сыныптастарымен бөліседі. Сыныптастарының ой толғауын «Бағдаршам» түстері арқылы бағалайды.

Топқа бөлінеді. Мәтінді оқиды, талдайды, бір-бірін бағалайды.

3.Машықтық жұмыс

Постер құру. «Жаңа заманғы ұлттық киім үлгісі» деген тақырып беріледі.

«Аквариумдағы балық» әдісімен қорғайды.

(Экраннан салыстыру үшін суреттер көрсетіледі).

Постер құрайды, қорғайды, бағалайды, салыстырады.

4.Қорытынды


Шығармашылық тапсырмалар

1 топқа суреттер беріледі сол суреттер қандай атауда топтастыруға болады. Неғұрлым көп болғаны жақсы.

2-топқа ұлттық киім түрлері жазылған сөздер қатары анаграмма түрінде беріледі. Көп сөз құрастырып шығарулары керек.

3-топқа Сөйлем құрау. Кесте беріледі. Кестеде берілген әр сөзге қызықты етіп сөйлем құрастыру. Әңгіме түрінде жазуға да болады.

Топ болып шығармашылық тапсырмаларды орындайды. 1 оқушы қорғайды. Бір-бірін бағалайды.

Бағалау

Кері байланыс жазу

Оқушы қолына берілген бағалау парағы арқылы бағалайды. Қорытынды баға шығарылады.


Кері байланыс парағы

3:2:1


Бағалау парағы бойынша қорытынды бағалау.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағазға мына сұрақтар бойынша жазып, мұғалімге қалдырып кетеді.




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.01.2018
496
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі