Материалдар / Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
607
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көркем еңбек» пәнінің қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология

Мектеп: «М. Өтемісұлы атындағы №28 ЖОМ»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жармаханбетова М.Е.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль.


Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1 - тарихи және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету;


Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • әртүрлі халықтың ұлттық киімінің ерекшелігі туралы түсінік береді;

  • ұлттық киімнің заманауи модельдері (этностиль) туралы түсінігін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

- әртүрлі халықтың ұлттық киімінің түрлерін біледі, түсті гаммасы мен ою-өрнек түрлерін анықтайды;

- қазақтың ұлттық киімінің жас бойынша бөліну мәнін түсінеді;

- кейбір халықтардың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айыра біледі;

- этностильдегі ұлттық киім түрлерімен танысады.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады.

Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды.

Пәнге тән лексика және терминология:

- ұлттық киім, этностиль;

- түрлі халықтардың ұлттық костюмдерінің ерекшелігі туралы пән терминологиясын қолдану

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Сәндік-қолданбалы өнердегі суреттеу құралы … болып табылады.

Қазақтың ұлттық костюмінің түрлері басқалардан … ерекшеленеді.

Оны … ерекшелігіне қарай анықтауға болады.


Құндылықтарды дарыту



  • оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа;

  • өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  • азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге баулу;

  • топта жұмыс жасау арқылы адалдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Тарих – ұлттық костюм тарихы

Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер.

Бастапқы білім


Бұл екінші тоқсанның бірінші сабағы, оқушылар ұлттық киім туралы біледі, әртүрлі түрлерімен таныс болуы мүмкін. Сонымен қатар оқушылар этностильдегі киім туралы біледі.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басталуы

1-2 мин.








1-2 мин.


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды.


  1. Тақырыпты және сабақ мақсатын анықтау

Оқушылар тақтаға орналастырылған қазақтың ұлттық киімдері бейнеленген әртүрлі фотосуреттерді (мысалы, бас киімдер, аяқ киімдер, сыртқы киім, аксессуарлар) қарастырады және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Мұғалім тақтаға, оқушылар – альбомына немесе жұмыс дәптеріне қажетті жазбаны жазады, (1-4 слайд)




Альбом, оқушылардың жұмыс дәптерлері


Қазақтың ұлттық киімдері - бас киімдер, аяқ киімдер, сыртқы киім, аксессуарлар бейнеленген әртүрлі фотосуреттер


Сабақтың ортасы 3-5 минут.


















10мин.






























2-3 мин.

















5 мин.


































10 мин.










  1. Бірлескен әңгіме (5 слайд)

Мұғалім тақтаға бұрынғысына қосымша басқа ұлттық киімдер бейнеленген фотосуреттерді орналастырып, барлық оқушыларға суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруді ұсынады:

  • Бұл суреттерде не бейнеленген?

  • Оларды не біріктіреді?

  • Сипаттаңдар, олардың айырмашылығы неде?

  • Мұнда көрсетілген киімдердің негізгі түрлерін атай аласыңдар ма?

  • Ұлттық киімдердің қандай түрлерін немесе элементтерін білесіңдер?

Оқушылар бірлескен әңгімені негізгі сәттерін анықтай отырып, қорытындылайды, қажеттілігіне қарай альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады.

  1. Ақпаратпен жұмыс

Оқушылар бұл тапсырманы топта орындайды. Оқушылар түрлі халықтардың ұлттық киімдерінің әртүрлі түрлері бейнеленген карточканы таңдап, 4 топқа бірігеді.

Ары қарай – оқушылар топта мұғалімнің ұсынған әртүрлі ұлттың ұлттық костюмдері туралы ақпаратты (1 қосымша) зерттеулері және өздерінің зерттеу нәтижелерін кестеге (2 қосымша) жазулары тиіс:


Киімнің негізгі түрлері


Жасына қарай


Киім пішіні


Түс гаммасы


Ою-өрнекпен әшекейленуі



Мұғалім қажеттілігіне қарай оқушылардың сұрағына жауап бере отырып, жұмысты қорытындылайды.


  1. Бірлескен сұхбат

Мұғалім оқушыларға топта сұрақтарды талқылауды ұсынады:

  • Ойланыңдар, әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінің түсі мен пішінінде ұқсастық бар ма?

  • Әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінде қандай айырмашылық және неліктен екенін сипаттап бере аласыңдар ма?

Әр топ өз ойлары мен жауаптарын сыныптастарына айтады, мұғалім оны қажеттілігіне қарай түзетеді.


  1. Кестемен жұмыс. ҚБ арналған тапсырма

Оқушылар топта сол құрамда жұмыс жасауды жалғастырады. Сұрақ бойынша жұмыс барысында алдыңғы тапсырманың ақпаратын пайдалана отырып, оқушыларға келесі тапсырманы орындау ұсынылады: кестеде (3 қосымша) берілген критериялар бойынша әртүрлі ұлттың ұлттық киімдерінің ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтау және білу.


Сипаттамасы

Ерекшелігі

Ұқсастығы

Пішіні



Түс гаммасы



Ою-өрнек




Оқушылар өздерінің жауаптарын басқа топтарға айтады.


  1. Әңгімеге шолу

Мұғалім берілген тапсырманы - карточка бойынша бағалау түрін топ оқушыларына алдын ала таныстырады. (4 қосымша)

  • ? сұрақ қойыңдар;

  • + ақпаратты толықтырыңдар.


Оқушылар топта этникалық стиль, оның түрлері туралы презентациядағы ақпаратпен танысып, сұрақтарға жауап береді:

  • Этностиль деген не?

  • Оның бірнеше түрін атаңдар?

  • Этностильде заманауи киім дайындауға бола ма? Мысал келтіріңдер.

  • Сән өнеріндегі қандай отандық киім дизайнерлерін білесіңдер?

Этникалық стиль – киім жиынтығында белгілі бір халықтың (этнос) ұлттық костюмінің ерекшелігін жаңғыртатын стиль. Жиынтық дайындау барысында ең бастысы осы немесе өзге ұлттың киіміне тән пішім, материал, реңк, ою-өрнек, сән, аксессуарларды қолдану болып табылады.

(Сабақтың шектеулі уақытын ескере отырып, мұғалім оқушыларға этностильдегі заманауи киімдердің фотосуреттерін көрсете отырып, этностиль түсінігі туралы шағын ақпарат береді, сонымен қатар қазіргі қазақстандық дизайнерлер, мысалы: «Құрақ көрпе» - сән студиясы, Аида Кауменова, Ая Бапани, Балнур Асанова, «Сымбат» сән студиясы және т.б. туралы әңгімелеуге болады.

  1. ҚБ арналған тапсырма

Әр топ этностильдегі сәнді киімнің бір немесе бірнеше түрін таңдайды және бұл ақпаратты топтың әрбір қатысушысының белсенді қатысуы, сабақ тақырыбына сәйкес тайм-менеджменттің сақталуы ескерілетін, алдын ала талқыланған критериялар бойынша постер құрастыра отырып, басқа топқа ауызша немесе жазбаша таныстырады. Топтардың дайындаған постерлері келесі сабаққа қажет болуы мүмкін.





Беларусс, татар, орыс халқының ұлттық киімі бейнеленген фотосуреттер












http://ehistory.kazakh.ru/ehistory/41740.php

(Қазақтың ұлттық киімі)

http://wlooks.ru/nacionalnye-kostyumy/tatarskie/

(татар ұлттық киімі)


http://nazaccent.ru/content/4989-belorusskij-narodnyj-kostyum-strojnyj-obraz.html

(белорусс ұлттық киімі)


http://www.voxpopuli.kz/main/ra-krpe-nacionalnye-tradicii-sovremennyy-podhod-12331.html

(Құрақ көрпе)

http://kurakkorpe.kz/

Қазақ, татар, белорусс, орыс халқының ұлттық киімі туралы мәтінімен ақпараты бар дидактикалық материал.


Кесте



Кесте













Бағалау карточкалары




Презентация, этностиль және оның түрлері туралы ақпарат

Сабақтың соңы

2-3 мин.

Рефлексия (5 қосымша)

  • Мен ..... туралы көзқарасымды өзгерттім.

  • Мен ..... туралы көбірек білдім.

  • Мен ..... болатынына таңғалдым.

  • Мен ..... сезіндім.

  • Мен оған ..... қараймын.

Рефлексия

Саралау


Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады.

Оқушылар бір бірінің топтық жұмысын карточка бойынша бағалайды:

? сұрақ қойыңдар;

+ақпаратты толықтыр;


Үзілісте сыныптың ауасын тазарту.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!