«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»
Мақсаты:а) білімділік: оқушыларға музыкалық аспап туралы түсінік беру, қазақтың музыкалық аспаптарымен таныстыру және ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеуСабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар, видео, слайд.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі1.Амандасу, түгелдеу 2.Психологиялық тренингІІ.Үй тапсырмасы: Музыка – халықтың рухани қазынасыІII.Жаңа сабақ1.Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру 2.Жаңа сабақ материалын меңгертуМузыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді.Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы.Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады. Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады. Мойнына перне байланады. Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады. Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады. Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап.Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра. Домбыраның бір өзімен күй орындалады. Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды.Бейнебаян:Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің орындауында Құрманғазының күйі «Адай»Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап. Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады. Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 — 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жа