Материалдар / Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2017
344
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»


Мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға музыкалық аспап туралы түсінік беру, қазақтың музыкалық аспаптарымен таныстыру және ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ                                                                                                   Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар, видео, слайд.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу, түгелдеу                                                                                                        2.Психологиялық тренинг

ІІ.Үй тапсырмасы: Музыка – халықтың рухани қазынасы

ІII.Жаңа сабақ

1.Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру                                                                                                       2.Жаңа сабақ материалын меңгерту

Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді.
Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.    Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы.

Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады. Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады. Мойнына перне байланады. Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады. Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады. Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап.

Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра. Домбыраның бір өзімен күй орындалады. Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды.

Бейнебаян:Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің орындауында Құрманғазының күйі «Адай»

Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап. Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады. Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 — 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын — шайтан жоламайды деп ырымдайды. (Үнтаспадан  Ықыластың «Жезкиік» күйін тыңдату)
Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады.

Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс — тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі — берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.
Шертер — қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер — қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады. Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған.

Асатаяқ — тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.

Соқпалы, ұрмалы аспаптар: дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл жәна тағы басқалар.

Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады.
Шаңқобыз — қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әуендері мен «Шаңқобыздың толғауы» сияқты күйі де бар.

Мүйіз сырнай — ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай — сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған.
Ұран — әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әр түрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар.
ІҮ.Сабақты бекіту

  1. Оқулықпен жұмыс: берілген материалмен танысу

  2. Домбырада «Еркем-ай» әнін орындатып үйрету

  3. Сөзжұмбақ шешу

Ү.Сабақты қорытындылау

1.Дидактикалық ойын: «Аспапты тану»
Ойын ережесі бойынша аспаптардың үні үнтаспадан тыңдатылады. Оқушылар қандай аспап екенін табулары керек.

2.Сұрақ-жауап
1. Қандай аспаптармен таныстыңдар?
2. Домбыра қандай бөліктерден тұрады?
3. Шертер аспабының құрылысы мен түрлері қандай болмақ?
4. Жетіген аспабының тиегі неден жасалған?
5. Асатаяқ аспабын қай кезде пайдаланады?
6.Шаңқобыз қалай ойналады?                                                                                                                                   7.Сыбызғы неден жасалады?

ҮІ.Оқушыларды бағалау

ҮІІ. Үй тапсырмасы:

  1. 27-33 бет оқу, «Бесік жыры»;

  2. Реферат «Қазақтың музыкалық аспаптары».



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!