Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақтың ұлттық ойындары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы |
Қазақ ұлттық ойындары |
|
|
|||||||||||||||
Оқыту мақсаты, осы сабақта қол жеткізетін (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.2.3.3 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау |
|||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Әр-түрлі физикалық әрекеттерді пайдаланып, қазақтың ұлттық ойындарды ойнай алады |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Қазақтың ұлттық ойындарын біледі Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Мыналарды қамтиды:
«Бөрік жасырмақ» |
|||||||||||||||||
Тәрбиелеу құндылықтар |
Құрмет, жауапкершілік, коллаборативті мәдениет, өмір бойы оқу |
|||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика, физика, биология |
|||||||||||||||||
АКТ қолдану |
Ғаламтордан мәліметтер алу |
|||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Оқушылар алдыңғы сынып бойынша білімін сүрау не білетінін сұрақ арқылы анықтау. |
|||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері |
Сыныпта Жоспарланған іс-шаралар |
Ресурсы |
||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі 10-12 мин |
Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «ақсерекпен көксерек» ойынын ойнату. Жүгіріп орындалатын жаттығулар жиынтығы. бірінші топ құрал жабдықсыз орындалатын қарапайым жаттығулар кешенін құрады, сынып болып орындайды. (қол мен иық буындарына, мойынға және денеге, аяққа және жалпы денеге арналған); екінші топ құрал жабдықпен орындалатын жаттығулар кешенін құрады, сыныпқа ұсынады (нығыздалған доппен, секіргішпен, гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада). Оқушылардан сұрау - Әр түрлі бұлшық еттер топтарын жаттықтыратын жаттығуларды неліктен орындау қажет.(оқушылардың жауаптарын тыңдау, жауаптарына қарай бағалау) |
Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар. |
||||||||||||||||
Негізгі бөлім 28-30 мин. |
1-тапсырма Арқан тарту — ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам немесе сыныптың адам санына тең бөлінуге болады, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау. Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау, нәтижелерін есепке алып екі жұлдыз бір тілек айту 2-тапсырма «Бөрік жасырмақ» ойынына қатынасушылар араларынан бір ойыншыны шығарып, алыстау жерге барып, бөрік немесе басқа бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойыншылар жасырған ойыншының тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға қам жасаса, онда иесі бермеуге тырысады. Бермеудің жағдайы екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып, бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын, бөріктің иесіне қол тигізіп күш жұмсауына болмайды. Қайткенде де алдап жүріп алып, оны ойын жүргізушіге ертіп келулері керек. Келесі жолы бөрікті жасыруға бөрікті әкелген ойыншы барады да, ойын жалғаса береді Сұрақ-жауап Қандай қиындықтар болды? Шешу жолдары? Оқушыларды орындаған жаттығуларына қарай талдау және бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы, |
Жүгіруге арналған жол және кең таза кеңістік. Фишкалар конустар,мұғалімге ысқырық, бор, секундомер Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар. https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I «Көршіңізге айтыңыз стратегиясы» |
||||||||||||||||
Қорытынды 5 мин. |
Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында ПОПС – формуласын қолдану арқылы оқушылардан кері байланыс алу, ол ПОПС – формуласындағы белгіленген төрт жағдаят бойынша оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазу сұралады Қосымша |
ПОПС – формуласы
|
||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? нәтижесін есепке алу арқылы |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Бақылау парағы, сұрақ жауап , бақылау,кері байланыс |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы ұлттық ойындар сабағындағы қауіпсіздік ережелері |
||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Бағалау өлшемдері
Бағалау өлшемдері |
Дескрипторы |
Ойын ережесін біледі |
Көкпар, ақсүйек ойындары ережесін тізбектейді |
Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді |
Ойын жағдайындағы әдіс-тәсілді көрсетеді |
Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады |
Сыныптасы қолданған әдіс-тәсілді бағалайды, ойын жағдайында әдіс-тәсілді жақсартуға ұсыныс береді. |
Кері байланыс
ПОПС - формуласы
|
|
Менің ойымша жүгіру.... |
|
Негіздеу |
Себебі .... |
|
Мысал келтіру |
Мен оны дәлелдей аламын.... |
|
Ой тастау |
Қорытындылай келе мен былай дер едім... |
Бағалау парағы: оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау