Қазақтың ұлттық ойындары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындары балабақша тәрбиешілері мен әдебиет,тарих,дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық ойындары.
Сабақтың мақсаты:

  • Барлығы: Ұлттық ойындарды үйренеді.

  • Көбі: Тақырыпты түсініп оқуына орай ойын толық жеткізуге , ауыз-екі сөйлеуге, тілдік қорлары дамиды.

  • Кейбірі: Ұлттық ойындарды ойнай алады.


- Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру
- Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру
- Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: видео ролик,презентация

Сабақтың түрі: түсіндіру,ойнау,жарыс.

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:сұрақ беру, жауап алу, жарыс т.б.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих,дене шынықтыру

Сабақтың барысы:

Бүгінгі сабағымызда «Ұлттық ойындар» жайлы сөз етеміз.Сабақ барысында қазақ халқындағы ойын түрлері туралы айтамыз.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Жылулық шеңбері. Психологиялық дайындық.
Жаңа сабақ.

Сүйінші сұраймын.Бүгіннен бастап ұлттық ойындар бойынша сабағымыз басталды.

(1.бейнеролик) Сүйіншіні қандай жағдайда сұраймыз?

Кіріспе сөз: Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан, әділетті, өнерлі, жерін, елін сүйетін азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра қалдырған. Соның бірі - ұлттық ойындар.
Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «жамбы ату», «Орамал тастау» бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді.

«Сәлем-сөздің атасы» демекші,сәлемдесу түрлерін қайталап,сәлемдесіп алайық! (2.бейнеролик)Қай кезде сәлемдесеміз? Қалай сәлемдесеміз?
Мұғалім: Ал балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі?
Балалар тақта алдына шығып слайд бойынша ұлттық ойындары туралы мәлімет береді, ойын шартымен таныстырады.
1. №1слайд«Тоғызқұмалақ» – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Ойынды екі ойыншы ойнайды. Тоғызқұмалақ ойында мынадай сөздерді пайдаланады: құмалақ, қазан, отау, бастаушы, қостаушы, тұздық. Ойын баланың ойлау қабілеттерін арттырады.
2. №2слайд «Қыз қуу» дәстүрге де, ойынға да жататын қазақ арасына кең тараған көңілді көрініс. Оның шарты – қыз атпен қашады, жігіт оны қуып жетсе бетінен сүйеді де, кейін қашады. Енді қыз қуып жетсе, оны қамшының астына алады. Бұл қызықты дәстүр әлі де жалғасып келе жатыр.
3. №3слайд «Ақшамшық» (сақина салу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он – он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз - жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір - біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала - қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді.
4. №4слайд «Арқан тартысу»- Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ой - ын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8 - 10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он – он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.

5. №5слайд «Теңге алу» - Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма - жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.
6.№6слайд «Алтыбақан»- Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір - бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын - сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш - үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады.
7. №7слайд «Ат сайысы. Бәйге» - Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т. б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын - ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.
Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25 - 100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай - сала, бел - белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.
8. №8слайд «Аударыспақ»- Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе - жекке шығып, бірін - бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.
9. №9слайд «Айгөлек»- Оны қыз - жігіттер екі топқа бөлініп, қаз - қатар тұрып, бір - бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек - ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы:
«Айгөлек - ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!», - деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді.
10. №10слайд «Көкпар»- Ұлттық ат ойыны. Әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір - бірінен ала қашып, мәз - мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған.
Көкпарда басы кесілген серке тартылады.
11.№11слайд «Соқыртеке»- Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.
12. №12слайд «Асық ату»- балалар асықтарды тізеді. Ататын асық «Сақа» деп аталады. Асықтарды тізіп қояды, сақамен атып түсірген асықтарды ойыншы өзіне алады, көп асық жинаған бала жеңімпаз аталады.
Мұғалім: Ал енді кезек жұмбаққа келді. Қане кім тапқыр, жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Жылға дер едім ақпайды
Жылан дер едім шақпайды. /арқан/
2. Алты аяқты, төрт көзді
Екі ауызды, бір сөзді.
Ынтымақты ел кезді. /ат мінген адам/
3. Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді. /ертоқым/
Жарайсыңдар балалар, дұрыс таптыңдар.
Қорытынды:
1. Балалар, бүгін біз сабақта не үйрендік?
2. Ұлттық ойындары нешеге бөлінеді және түрлерін ата?
3. Спорттық ұлттық ойындарына қайсысы жатады?
4. Ойлау қабілетін арттыратын ойындарды ата.

Жоспарланған нәтиже

Білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана білу, яғни ойнау. 

Сабақта оқушылар ойын түрлерінен үлкен эстетикалық , тәрбиелік маңызы зор мағлұматтар алды.

Ұлттық ойындарда білу керек талаптар:

  • Оқушы ойын түрлерін ойнауда сөйлеу мақамын білу керек.

  • Ұлттық ойын түрлерін ,ойнау ережелерін білуі керек.

  • Нақты тақырып бойынша өзіндік талдау жасауды білу керек.

Өте керемет! Енді осы ойындарды өзіміз ойнаймыз,үйренеміз.
Мадақтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2018
1527
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі