15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақтың ұлттық ойындары 7-класс
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары |
Мектеп: №51 гимназия |
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Дабылдин Ж.Н., Итолин Н.И. |
||||
Сынып: 7-класс |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|||
Сабақ тақырыбы |
Қазақтың ұлттық ойындары |
||||
Оқу мақсаттары |
7.2.3.3 қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын талқылау және көрсете білу |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы орындай алады: қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастырады; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: біріккен әрі тиімді жұмыс көрсете біледі; Кейбір оқушылар орындай алады: біріккен және тиімді жұмыс дағдыларын талқылайды |
||||
Бағалау критерийлері |
Ұлттық ойындардың шарттарын нақты меңгереді, біріккен әрі тиімді жұмыс көрсете алады. |
||||
Тілдік мақсаттар
|
|
||||
Құндылықтарды дарыту |
Ұлттық салт-дәстүрге, туған жерге деген сүйіспеншілікке баулу. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек, математика, физика |
||||
Бастапқы білім
|
«Мен –саған, сен - маған» әдісі |
||||
|
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|
||
Сабақтың басы 10 минут
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, спорттық киімдеріне көңіл аудару, сабақтың басты міндеттерін хабарлау.
Саптық жаттығулар. Оңға бұрыл! Солға бұрыл! Кері айнал! Секіріспен солға! Бағыттаушы, оң иық алда, залдың бойымен алға адымдап бас! Жүгіріске дайындалу. Алаңды айналып жүгіріспен бас!
Оқушыларды жаттығуға әзірлеу мақсатында 4-5 айналым жеңіл жүгірту «Қара жорға» биін билету арқылы денені қыздыру.
Ой қозғау. Жаңа сабаққа қатысты құрал-жабдықтарды көрсету, соған байланысты сұрақтар қою 1.Жалпы спорт ойындары қандай құралдар арқылы ойналады? (доп, секіртпе, ракетка, ) 2.Алдарыңызда көрсетілген құралдар нені білдіреді? 3.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыздар? 4. Осы құралдар неден және қалай жасалады? 1-топ. «Дене тәрбиесі» 2-топ. «Көркем еңбек»
Әр пән көрсетілген |
Ысқырық, секундамер
қызыл ту, садақ, тоғызқұмалақ, арқан, т.б. |
|
||
Сабақтың ортасы
|
1. «Шалма тастау» ойыны Ж. Жалпы «Шалма тастау» ойыны жылқыға бұғалық салудан шыққан. Бұғалық салу дегенді қалай түсінесіңдер?
Н. Оқушылар, «Шалма ойынына» арқан мен 1 метр болатындай ағаш керек. Арқан есу — қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылған арқан жасау әдісі. Әуелі жүн түтіліп, қылмен араластырылады да, жіп есіледі. Бұдан соң екі қабатталып, арқан тілі шығарылады. Керегенің көзінен өткізілген арқан тілдері үш тармақталып сырттан шөмішпен шиыршықталып, іштен ұштары біріктіріле бұралады. Арқанның жуан-жіңішкелігі тілінің санына, беріктігі неден есілгеніне байланысты. Ж. Ал енді сол арқан мен таяқты пайдаланып, ойынның қалай ойналатынын тауып көріңіздер. Ойын шарты: Ойынға қатынасушылар жиналып келіп, алаңды жерді таңдап алады. Сол жерден көн белгіленеді, 10 м жерге қазық қағылады немесе бұтағын жоғары қаратып, қу томар тасталады. Содан кейін ұзындығы сол қазыққа немесе томарға еркін жететіндей арқан әзірленіп, бір жағын ілмектеп, шалма жасайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды да, соның басқаруымен жиналғандар кезектесіп әлгі қағылған қазыққа немесе томардың бұтағына шалманы кезектесіп тастай бастайды. Ол үшін белгіленген көнбеде тұрған ойыншы, арқанның бір ұшын сол қолына ұстайды да, екінші шалма жағын оң қолының шынтағына орап, шеңберлеп алады да қазыққа не томарлы бұтаққа лақтырады. Ойынға қатынасушылардың санына қарай кезек төрт-бес қайталанады. Шалманы нысанаға кім көп түсірсе, сол жеңеді.
2.«Тепе-теңдік» ойыны. Н. Бұл ойынға мына екі ағаштың өлшемі қандай болу керек деп ойлайсыңдар? Ж. Адамның тепе-теңдігін өзгерту үшін мына ағаштарды қалай орналастырамыз. Тепе-теңдік сақтауды қиындату үшін ағаш тостағанды қалай пайдалануға болады? Ойын шарты: Ойын далада немесе спорт залында өтеді. Жұмыр агаштың үстіне тақтай қойылады. Ойынға қатынасушы екі қолына екі тостаған алады. Біріне құм салынған, екіншісі бос. Тақтайдың үстіңе шығып салмағын тепе-теңдік жағдайға келтірген соң, оң қолындағы тостағандағы құмды екінші қолындағы бос тостағанға төкпей-шашпай ауыстырып төгу керек. Бұл тапсырманы мүлтіксіз орындаған ойыншы жүлдеге ие болады. Ойын нерві жүйесін шыңдап, ойыншыны өз денесін меңгере білуге, өте дәлдікке қалыптастырады.
3. «Жертаяқ» ойыны Н. Бұл ойынға ұзындығы 1 м екі ағаш беріледі. Сіздерге тапсырма: бір ағашты ұзындықтарын бірдей етіп беске қалай бөлеміз? Ж. Ойын шарты: Осы ағаштарды пайдаланып, бір топ қалашық құрастырады, екінші топ оны бұзады. Осы 5 ағаштан сендер қандай қалашық құрастырар едіңдер?
|
Арқан, ағаш
Дөңгелек томар ағаш, тақтай, ара, тостаған
Ағаш, ағаш бөлшектері, ара
|
|
||
Сабақтың соңы 3 минут |
1.Ұлттық ойындар арқылы қандай дене қасиеттерімізді дамыттық? 2. Ұлттық ойындардың құралдарын дайындауда сендердің қандай қасиеттерің дамыды?
|
|
|
||
Үй тапсырмасы
|
Қазіргі спорттық құрал-жабдықтармен ойналатын бір ұлттық ойын ойластыру және оның макетін жасау.
|
|
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген