Қазақтың ұлттық ойындарын дене
шынықтыру пәнінде қолдану
Қазақтың ұлттық және
спорттық ойындарының да өзіндік тарихы, даму
жолдары,қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи
деректерге қарағанда, бізге жеткенұлт ойындарының біразы
сонау көне заманнан басталады. Демек: Қазақстан
жеріндеқалыптасқан алғашқы құрылыс
халқымыздың ұлттық ойындарын да туғызған. «Бес тас»,
«Асық»,»Садақ ату», сияқты ұлт ойындары шамамен алғанда
осыдан бес мыңжылдар бұрын ойналғандығы жайында айта келіп
ағылшын ғалымы З.Маккей «Бұл ойындардың барлығы дерлік
Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында
тарағанға ұқсайды» - дейді.
Ұлт
ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік –
экономикалық жағдай негізінде толығып, тұрмысқа
сіңіп, өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, Қазақстан
жеріндегі алғашқы қауымдастық құрылыста қалыптасқан
«Аң аулау», «Таяқ жүгірту», «Садақату», «Қақпа тас»,
«Қарагие» ойындары келесі дәуірлерде қайталау толығу
процесінде «Аң аулау», «Құс салу», «Жамбы ату», болып
аттары өзгеріп, мазмұны
сақталып қалды.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі
– халықтың ұлттық ойындары көп салалы,
көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні
жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі
кең өсіп – жетілуіне,
эстетикалық мәдениетінқалыптастыруға тәрбиелейтін
негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог
В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы,
парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек.
Фольклортанушы ғалымӘ.Диваев «Қазақ балаларының ойындары»
деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі:
«...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он
бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы
жастар...».
Осының негізінде қазақтыңұлттық ойындарын үш
топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға
лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш,
алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал
одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлықоржын,
бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу,
орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады.
Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа
тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз
тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады
Біз
болашақ ұрпағымызға
тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды,
дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан – ұрпаққа
жалғасуына жағдай жасауымыз қажет.
Бұл
ретте ойындардың мәні өте зор. Оларды қолдану
негізінен дене тәрбиесі сабақтарында, спорттық жарыстар,
серуендер кезінде жүзеге асады. Орайы келсе тіл дамыту мен
көркем әдебиет сабақтарында да пайдаланған жөн. Себебі осы
пәндерде санаға көбірек салмақ түседі. Сондай
кезде өтетін тақырыпқа байланысты қимыл –қозғалыстар,
жаттығулар, жаңылтпаштар, дене тәрбиесі, сергіту
уақыттарынұйымдастырса, баланың денесі ширап, көңілі
көтеріліп, сабақ материалдарынқабылдау сапасы да артады.
Балалар ойын барысында еркін тапқырлық әрекет байқатады,
сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ықылас,
ерік және т.б. түрлі психикалық түйсік пен сезімділікке
тәрбиеленеді.
Халық ойынын көп ойнаған,
халық фольклорынан мол сусындаған бала сол
халықтың тынысымен дем алатыны және сол ойындар арқылы өз
халқының салт – дәстүріне, туған
жерінің географиялық жағдайына, яғни табиғат
ерекшеліктеріне мән беріп өсері
сөзсіз.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі
кездеседі. Ол өлең-тақпақтардыңнегізгі мақсаты
тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке
баулу, қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз
бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға
тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар
да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз
биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе
тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады.
Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы -
балалардың бойында өнердің, білімнің,
тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру
екенін аңғару қиын емес.
Халықтық педагогиканың ең бір көне
тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы
бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске
асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды
отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады.
Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге»,
«Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу»,
«Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке
деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра
отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа
меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары
тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей
келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп
топтастырған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
-
Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі –
Алматы; Рауан, 1994.
-
Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері.
//Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б.
28-31.
-
Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні
бойынша тесттік тапсырмалар жинағы.
Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС
баспаханасы. -150б.
-
Жеке тұлғаның рухани дамуындағы дене
мәдениетінің рөлі //«Шоқан тағлымы 14»
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Т.6.-
Көкшетау, 2009. – Б.222-224.