Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың ұлттық қолөнеріне оқушылардың шығармашылық ізденімпаздылығын дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қол еңбегін үйрету арқылы, олардың пәнге деген қызығушылықтарын шығармашылық еңбекке деген сүйіспеншілігін, эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру.Қол икемдігін жаттықтыру.Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақтың ұлттық қолөнеріне оқушылардың шығармашылық ізденімпаздылығын дамыту.

Рысқалиев Талғат Батырғалиұлы.

Атырау облысы,Қызылқоға ауданы,Миялы селосы

Миялы балалар саз мектебінің қолөнер пәнінің мұғалімі.


Кіріспе

Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту-мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат-оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет. Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу.

Екінші кезең -қиял, ұшқыр ой қалыптастыру.

Үшінші кезең – тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі.

Сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек.Хәкімжан Науырызбаев сәндік қолөнердің жасалу техникасының, технологияларының алуан түрлілігі оқушылардың өз ісін, кәсібін таңдауына мүмкіндік беретіндігін айтады. Сондай-ақ, ол сәндік қолөнерді жасау барысында зейінділік, ұқыптылық, талаптылық, тәртіптілік, белсенділік, еңбексүйгіштік, ұжымдық қызығушылық сияқты адамгершілік сапаларды қалыптастыру мүмкіндіктері негізінде оқушылардың шығармашылық белсенділігі дамитындығын көрсеткен. Халық өнерінің шығармашылығын игеру балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеп ғана қоймай, олардың саздан бұйымдар жасау, ою-өрнектер түрін құрастыру, өз ойымен өрбіту,ағаш ұқсату мен ою жұмыстарын орындау, тоқыма, кестелеу әдістерін меңгеру сияқты шығармашылық тұрғыдағы жұмыстармен өздігінен айналысуға құштарлықтарын оятады.


Негізгі бөлім.

Оқушыларға қол еңбегін үйрету арқылы, олардың пәнге деген қызығушылықтарын шығармашылық еңбекке деген сүйіспеншілігін, эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру.Қол икемдігін жаттықтыру.Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау. 4[40-55 бет-]

Мұғалім сабақтарда балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, түрлі ой салу, бағыт беру, іздендіру, көрнекі құралдарды пайдалану сияқты, балалардың ынтасын арттыратын, қызықтыратын тиімді әдістерді көптеп қолданса, оқушылардың ойлауын және қиялы мен ойын және олардың сөйлесуге, санамен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Қыздарда өтетін қол онер сабақтарында шығармашылық жоба үлгісіне өте көп көңіл бөлінеді.

оқушылардың шығармашылық жұмыстарын халықтың сәдік қолданбалы қолөнерінің бірі - ірі моншақтан әр түрлі бұйымдар тоқу, қағаздан себет, гүл салатын құтылар тоқып шығарудың орны ерекше. Сол себептен де оқушылар арасында моншақпен жұмыс олардың қызығушылығын арттырып, өз қолдарынан шыққа тамаша туындыларының әдемілігін көріп, оны өздері жасай білуді үйренуге ұмтылғанын көрсетті. 8{8-12 бет}Білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Сәндік қолданбалы пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай-ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.Сабақ барысында қыздарды тігінге үйретудегі мақсатым-халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық өнерлерімен оқушыларды жеке таныстырып, үйрету. Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Тұлғаның эстетикалық бейнесі өнер мен табиғатты қабылдауы және адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қызметі арқылы көрінеді. Талантты және дарынды оқушылардың бойында даму және шығармашылық қабілеттер өнердің түрлі саласында өз ерекшелігіне қарай көрінеді.Жеткіншек ұрпақты ұлттық сезім мен рухани тәрбиелеуде ұлттық ою-өрнектердің алатын орны ерекше. Қазақ халқының қолөнерінің арнасы кең, түрі сан алуан. 1{7-10 бет}

Халқымыздың өмір тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Өнердің басқа да түрлері секілді қолданбалы қолөнері технология пәнінде ұлттық ою-өрнекті қастерлеуге жол ашады. Дәстүрлі қазақ өнерінің

ерекшелігін айтқанда, қазақ өміріндегі ежелден дамыған ою-өрнек ерекше эстетикалық сезімді үнсіз айғақтайды. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақталуда.Адамдар ертеден-ақ өздерін


қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды.

Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Бүгінгі таңда қайта дамып, бай мазмұн, жаңа түр тауып, өнер саласында биік деңгейде дамуда. Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді. Әрбір сабақта кәсіпке оқыту әрбір оқушының өмірі үшін өте қажет деп санаймын. Өйткені талаптанған бала әрқашан өз мақсатына жетеді.

Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты-мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрімен таныстыру, еңбекке деген шеберлігімен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздардың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс –тіршіліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата-бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау-баршамыздың парызымыз.6{6-13 бет}

Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу-ұлтжанды ұлғатты ұстаздардың абыройлы ісі.

қазақтың қолданбалы қолөнерінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні өте зор болмақ. Ұлттық тәрбие беру бесігіндегі оқушылардың ата-баба дәстүрін, мәдениетін, қолөнерін және азаматтық арнадағы асыл қасиеттерін еңбекке баули отырып, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, рухани мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, қол онер сабағында оқушыларға кәсіби технология пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою- біздің міндетіміз. Ұлттық мәдениетке

Өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек , мол іждағат, мейірімділікпен қоса, кәсіби дарын ізденімпаздық, іскерлік керек екендігін баса айтуымыз керек.

Бұл міндет- адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігімен мүддесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты.7{32-36 бет}






Қолөнер сабағы- мектеп оқушыларын рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің бірі. Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз:

1-тірек сызба

Shape1

ұлтжандылыққа;



Shape2

еңбекқорлыққа;





Shape3

Shape4

Shape5

ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету дағдылары


Shape7 Shape6

рухани мәдениетке;



іскерлікке;




Shape9 Shape8


Shape12 Shape10 Shape11

шыдамдылыққа;



Shape13

ізденімпаздылыққа.








Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында оқушылардың жалпы білімін көтеру, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырып, бүгінгі оқушы, ертеңгі жас маман екенін ескере отырып, оларға кәсіби білім беріп, қабілетін, дарынын аша білу, шығармашылыққа бағыт - бағдар беру әр мұғалімнің мақсаты болып табылады

Әр оқу пәні оқушы алдында мүмкіндігінше еңбек пен мамандықтар әлемін ашады. Сондай пәндердің бірі - қолонер - шеберлік сабақтарында оқушылар жан - жақты дүниетанымын қалыптастыра отырып, болашақта өмірге, өндіріске қажетті рухани ои орісін қыялын артыру шеберлікке,жетту үшін танбаи енбек ету қажетті екенін оқушыларға түсіндіру заман талабына сай өмірге бейімделген, еңбекті бағалайтын, үнемшіл ұрпақ тәрбиеленеді. Еңбек сабағында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізіледі.11{7-11 бет}

Шығармашылық - бұл жекелеген құрылым арқылы берілетін ақыл - ой жемісі, ол жеке тұлғаның бойында білім мен ептілік, қажырлы еңбектену мен қызығушылық қабілеттерінің әсерімен қоғамдық маңызды нәтиже. Жазушы Л. Толстой, суретші Репин, композитор Глинка өздерінің ұлы шығармаларын «1% талант, 99% еңбектің күшімен жасадық» деген екен. Сондықтан оқушының шығармашылық қабілетін дамыту да үлкен қажырлы еңбекті талап етеді20{8-9 бет}



2-тірек сызба

Shape14

Ғылыми негіздердің зертханалық - сарамандық жұмыстармен байланысы






Shape15

Оқушы білімінің өмірмен байланысы




Shape16

Алған білімін сапалы, жүйелі меңгеру






Shape17

шығармашылық қасиеттерді дамытудың негізгі тәсілдері








Shape18

Теория мен сарамандық әдістердің өзара байланысы


Shape19

Нәтижеге жету ынтасын қалыптастыру




Shape20

Іздену жұмыстарының ғылыми тұрғыда орындалуы













Қолөнерге ұштастыра білім мен тәрбие берудің түрі - шығармашылыққа баулу. Ал қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ, оқушы шығармашылықпен іске кіріседі. Еңбек үстінде шығармашылық ізденудің нәтижесінде алуан қолөнер туындылары дүниеге келеді15[9-12 бет].Халықтың қоғамдық өмірімен, қоғамдық тарихымен, күнкөрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екендігін көреміз. Оқушының шеберлігін қалыптастыру мақсатында қазақ халқының қол өнерін



оқытуды ұйымдастыру: мұғалімді оқушылардың ақыл-ойы мен практикалық іс-әрекетін белсендендіретін және олардың жүзеге асуын қамтамасыздандыратын оқыту формаларына, әдістеріне бағдарлауға; оқушылардың қазақ халқының қол өнерін үйрену барысындағы іс-әрекетін ұйымдастыруда орындаушылық іс-әрекетінің шығармашылық ізденіспен ұласуына; қазақ халқының қол өнерін үйрету процесінде технологиялық мәдениеттің барлық компоненттерін дамытуға; оқушыларды қазақ халқының қол өнер түрлерімен жұмыс жасауда мақсат қоя білуге, ақпарат алып, оған талдау бере білуге, жұмыс сапасының өлшемдерін анықтауға, қазақ халқының қол өнер түрлерін жасау процесінде оқушылардың оған деген қызығушылығын, сұранысын арттыруға, онымен әсерленуіне; қазақ халқының қол өнер түрлерін меңгеру барысындағы іскерлігі мен дағдысын мақсатты бірізділікте, кезеңдеп қалыптастыруға; мұғалім, оқушылар мен ата-аналардың ынтымақтастық қарым-қатынаста, ынтымақтастық шығармашылыққа жұмыс жасауына; мұғалімнің оқу материалдары мен қазақ халқының қол өнер түрлерін оқыту әдістемесін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыруына ықпал етті. 16{5-6 бет}

М.Краевский қазақтардың мына ерекшелігіне баса назар аударады: «…қыздарын кішкене кезінен бастап кесте тігіп, кілем тоқуға үйретеді, ал олар үлкейгенде осының бәрін өз бетінше жасауларын талап етеді». Үй иесі – анасы мен бірге мектептегі ұстаздар кішкентай жасынан қыздарды қолөнерге әдемі бұйымтайлардың ою-өрнектері мен суреттерін көрсете отырып баулыса. Оларға кілем тоқудағы жіпті иіру мен тоқудың жәй ғана тәсілдерін үйрете отырып, үлкейе келе күрделі технологиялық амалдарды жан – жақты меңгертіп. Осы кезеңдерде балаларда ыждаһаттылық, шыдамдылық, көркемдік талғам, өзбетінше жұмыс істеу, нақтылық, ұқыптылық сияқты қасиеттері қалыптасып отырады.19[55-59 бет]Жеткіншектер үшін сәндік-қолданбалы өнердің алуан түрлерін, дәстүрлі үлгілерін сипаттайтын техникалық әдістер мен шеберлік дағдыларын игеру маңызды. Мектеп практикасы жеткіншек жасы тұлғасының қалыптасуындағы маңызды кезең болып анықталады. Баланың осы жасында оның бейнелеу өнері сабақтарына қажетті психофизиологиялық жетілуі аяқталады. Іс-әрекеттерінің көптеген функционалдық көрсеткіштері (көз жұмысы, түр-түсті, көрінетін дүниенің басқа да аспектілері мен кеңістігін қабылдау қабілеті) толық нақтыланады. Олардың көркемдік процестің техникалық әдістерін үйренуге және орындауға белсенді қызығушылықтары пайда болады. 13[2-8 бет]

Қазіргі оқыту технологиясы барысында бала тек үйренуші ғана емес, үйренуші – шәкірттен белсенді үйретуші.


Өзіндік ой-пікірі бар жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесінде болуы керек. Еңбек сабақтарында немесе үйірмелерде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп ғана қоймай, соынмен бірге оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылайша балалар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады. Бастаған жұмысын тыңғылықты, қайта оралмайтындай дер кезінде аяқтап шығуға дағдыландыру. Іскерлігін, белсенділігі мен ой еңбегін және эстетеикалық мәдениетін дамытудағы міндетті негізінен қолөнер бұйымдарын жасау барысында жүзеге асыру.5{6-7 бет}

3Shape22 Shape21

Балалардың еңбек ету іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.

.Жұмыс орнын ұйымдастырып, тиімді пайдалану. Керекті материалдарды ұқыптап ретімен орналастыра білу.

-тірек сызба.







Shape23 Shape24 Shape26 Shape25

Оқушының еңбекке деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.



Ой-өрісін дамытып, баланың еңбекке деген ынта ықыласын нығайту



Shape27

Қолөнер үйірмесінің мақсаты



Shape28 Shape29



Shape30 Shape31

Оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалармен жекелеген жұмыстар жүргізу.



Балаларды өзінің жеке басы үшін ғана емес, сонымен қатар пайдалы іс үшін еңбек етуге үйрету



Shape32 Shape33 Shape34 Shape35




Shape37 Shape36

Қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбек, өнер адамдарын құрметтей білуге тәрбиелеу.

9. Еңбек етудің қажеттілігін сезінуін, бастаған ісін аяқтап шығуда табандылық танытуын қадағалау.










I.Ұйымдастыру кезеңі: Бүгінгі ашық сабақ II-сынып оқушылары.

II.Үйге берілген тапсырмаға келетін болсақ.Өткен сабақ тақырыбы:Балалар өткен сабақта біз «Гипстен торсық жасап келу» тақырыбында үйге тапсырма берген болатынмын (үйге берген тапсырманы тексеру).Ендеше балалар сендерге өткен сабағымызды қысқаша қайталап өтейін.

Тостаған дегеніміз-Тостаған Ағаштан жасалған кішілеу дөңгелек ыдыс осылай аталады. Көне дәуір адамдары бұл сияқты ыдысты кез келген ағаштан ойып жасауға еңбек құралдары тапшы болғаны тарихтан белгілі. Дегенмен, алғаш ағашты кесіп, одан ойып ыдыс жасамаса да бір лажын тапқан болу керек. Ол лаж — ағаш қабығы. Онда да кез келген ағаш емес, қайыңның қабығы. Қайыңның қабығы қазіргі тілімізде «тоз» болып аталатыны баршамызға аян. Осы мағынадағы бұл атау ертедегі түркі жазба ескерткіштерінен қазіргі күнге дейін сақталған. Мысалы, якуттарда «туос», өзбек тілінде «түс», туваларда «тос». Ал хакас тілінде «түүс» сөзі — тоздан жасалған ыдыс мағынасын білдіреді. Мұның өзі біздің жорамалымыздың шындықтан алшақ еместігінің айғағы. Хакас тіліндегі тұлғаға қазақ тіліне тән жұрнақтар қосыла отырып (тос + та + ған), «тостаған» қалпына дейін жеткен. Егер бұны ерте кездегі дәстүрмен түсіндірсек, «тоздан жасалған ыдыс» болмақ.Жақсы шебердің қолынан шыққан тостағаны нағыз өнер туындысына айналады.Тостағанды малшылар мал баға шыққанда қоржынына салып,қанжығысына байлап жүреді. Шөлдегенде торсықтағы сусынын тостағанға кұйып ішеді.

4-тірек сызба.

Shape38

Жұмыс жасау барысындаұстанатын қауіпсіздік ережелер.


Shape40 Shape39

Shape42 Shape41

Бояғанда бояу көзге тамып кетпеуден сақтану

Тегістеу жұмысында сақтану .



Shape44 Shape43

Пышақпен жұмыс жасағанда колды кесіп кетпеуін

Жұмыс жасайтын жерімізді таза ұстау.







Shape45

өз жұмысың мен жұмыс құралдарына ұқыппен қарау.






III. Жаңа сабақ; Сабақтың тақырыбы:« Мүсін өнері»

Мүсіннің шығу тарихына тоқталсақ. Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған.

Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.

Мүсіндеу өнері - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі..

Мүсіндеменің ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланатын материалдарына (тас, металл, саз, балауыз, ағаш, гипс, тағы басқа) байланыстыМүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материал бола алады. Мысалы ағаш, түрлі тастар, саз балшықтар, металл, пластилин т. б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы - саз балшық пен пластилин.

Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мүсін жасағанда қолданылатын басты қолданылатын құралдар: тақтайша, каркас, қалақша т. б. Мүсін орындағанда арнайы киім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасы былғанбауы тиіс. Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы..Жаңа терминдерге түсінік беру.

Біз бүгінгі сабақта ежелгі қазақ халқының көшіп қонуға ыңғайлы баспанасы киіз үй макетін құрып үйренейік.

«Киіз үй макеті»

Қазақтың ұлттық қолөнеріндегі ағаштан жасалған бұйымдарды түсіндіру. Осы киіз үй макетіне керекті материалдарды алу. Бойынша киіз үй макетінің жасау үлгісін көрсету.Оның ішінде шаңырақ, кереге, есік, уық және тағы басқа заттардың қалай біріктіріліп жасалынатыны туралы айтып түсіндіру. Оқушылардың эскизге қарап отырып, киіз үйді құрастыру әдістерін түсіндіру.

Қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік:

1.Гипс үстімізге ластамау

2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қою

3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.

4. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсеу.

5. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.

6. гипспен жұмыс соңында қолыңды жу.



Shape50 Shape46 Shape47 Shape48 Shape49

Керекті құрал-жабдықтар.


Shape51 Shape52 Shape53 Shape54

Карандаш,

Кисті,алжапқыш.

Тегістеуіш,пы-

шақ,қолсүрткіш

Қайшы,гипс

бояу,су,

5литр(Пластик) құты қалдықтары





1.Оқушылар бүгінгі ашық сабағымызда жасалатын жұмысымыз гипстен киіз үй жасау.Гипстен жасалған киіз үй жаңаша үлгіде ой қиялмен шыққан туынды сол жұмысты сіздерге үйретейін .Керекті материалды дайындап алып жұмысымызды бастаймыз.Алдымен гипсті алып керекті мөлшерде езіп аламыз керекті бес литр пластик құтыны орта жағын кесіп аламыз бізге керекті беткі жағын алып езілген гипсті ішкі жағыннан құйып жағамыз жағып болган соң кебіуін кутеміз кеуіп болган соң пластик құтынын екінші бөлігіне киіз үйдің астыңғы жағына гипс құйып кепкенін күтіп құтыны кесіп алып асты үстінгі жағын бір -бірімен бекіттіреміз қалған жұмысымызды эскизге қарап толықтырамыз ою-өрнек бояу тәсілдері.

Техника қауіпсіздігін айту.


Жұмыстың жасалу жолы.





Сабақты қорытындылау. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру. өз жұмыстарын қалай қай әдіспен мүсіндегенін сұрап бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстырып қателерін айту.

Міне, балалар, сабақтың байырғы бастамасы, киіз үй құрылғысымен тереңірек таныстық. Қоршаған табиғат пен ғажайып гармониялық үйлесім тапқан, негізінен төрт түлік мал өнімдері мен жергілікті табиғат байлығының бірі – талдан тұратын, жинақы да жеңіл, қарапайым да қолайлы халық баспанасы – киіз үйдің жалпы құрылысы міне, осындай.

Қортынды : Оқушылардың технологиялық сауаттылығын қалыптастыру, мәдениет пен адамдар арасындағы адамгершілік қатынастарды қалыптастыру, әлеуметтік – еңбек бағытын үйретудегі білім мен қабілеттерін жетілдіру, кәсіпті өзіндік таңдауын тәрбиелеу.Ұлттық педагогиканың насихаттауда қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Соның ішінде технология сабағында халқымыздың қолөнеріне үйрету оқушыларға ұлттық дәстүрде тәрбие берудің артықшылығы көп. 12[43-47 бет]

Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулу мен қатар ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заман талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның , туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы іскерлікпен шығармашылыққа кіріседі. Оқыту үрдісінің ғылыми негізі мұғалімнің өз жұмысын жоспарлай білгеніне байланысты, сонымен бірге ол оқушының іс-әрекетін де ұйымдастыра білуінде. Оқыту бағдарламасының логикалық жүйілілігін сақтау, ең алдымен, күнтізбелік тақырыптық жоспарды дұрыс ұйымдастыру білуде.15[10-12 бет] «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп қазақ халқының ұлы, кемеңгер, данышпан ақыны Абай айтқандай, зерек те, іскер бес саусағынан өнер таматын шәкірттерді оқытуға, үйретуге біз, ұстаздар, әрқашанда дайынбыз. Бабаларымыздан жеткен асыл мұраны шаң басқан жерінен сілкіп, тот басқан бетін ашып, кейінгі ұрпаққа жеткізетін кез жетті деп ойлаймыз.Ұстаздық- ұлы ұғым, сондықтан ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпай, бойымыздағы білімімізді, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру міндетіміз.Ұлттық педагогиканың насихаттауда қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Соның ішінде технология сабағында халқымыздың қолөнеріне үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрде тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулу мен қатар ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заман талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген

бұйымның , туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы іскерлікпен шығармашылыққа кіріседі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Бейнелеу өнері,еңбекке баулу, музыка және сызу.Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. № 2 2016

2. Бейнелеу өнері. З. Айдарова М. Cауғабаева. Алматы « Атамұра» 2016

3.Бейнелеу өнері Алматы 2003

4. С. Нұрпейісов «Қазақ халқының ою-өрнегі»

5.К.Өстеміров, Н.Адамқұлов «Технология оқулығы» 7 сынып


6.Журнал «Мектептегі технология» № 6, 2006 жыл


7.С.Қ. Қасиманов «Ою-өрнек кешені»



8.Технология жалпы орта білім беретін мектептің 5-7 сыныптарына арналған

9.Бейнелеу өнері жалпы орта блім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған

10.Еңбекке баулу дидактикалық материалдар жалпы орта блім беретін мектептің 4-сыбына арналған.

11. С. Қасиманов. «Қазақ халқының қолөнері»

12. Шаңырақ. Үй – тұрмыс энциклопедиясы

13.Оразбаев Н. А. Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Ленинград –2007ж

14.«Мектептегі технология» №7 2009 ж.

15.Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы. 1997 ж.

16.Басенов Т. К. Казахский народный орнамент.

17.Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы. 2007 ж.

12

18 .Мұқанов Қ. Жүннен жасалатын бұйымдар. 1990 ж

19 .«Қазақ өнері» энциклопедиясы. – Алматы, 2002.

20. Ай сайын шығатын «Технология» Республикалық әдістемелік журналы.











































13











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
1119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі