Материалдар / Қазақтың ырым-тыйым сөздері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақтың ырым-тыйым сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып, оны өмірде тиімді пайдала білу. Ырым-тыйым сөздері негізінде адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қырқүйек 2019
3223
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ-ТЫЙЫМ СӨЗДЕРІ



Аңдатпа: тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып, оны өмірде тиімді пайдала білу. Ырым-тыйым сөздері негізінде адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Кілт сөздер: ырым-тыйымдар, тағам, от, қыз, бала, ыдыс-аяқ, дәлелдеу, дәріптеу.


Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Тыйым сөздерді қолдана отырып, тыйым салынған әрекеттерден аулақ болу. Тыйым сөз орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған. Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп.

Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.

Үй айнала жүгірме.

Босағаны керме, құшақтама.

Табалдырықты баспа, отырма.

Үйді сабама, малды басқа сабама.

Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.

Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.

Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.

Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.

Тізеңді құшақтама.

Өтірік жылама.

Сыпырғышты тік қойма.

Бейуақытта жылама, ұйықтама.

Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.

Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіліңді тигізбе.

Аманатқа қиянат жасама.

Өтірік куәлік жасама.

Таңертеңгі асты тастама.

Қолыңды кеудеңе қойма.

Ерніңді шығарма.

Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым - тыйымдар жүйесі халқымыздың өмірінде, салт - санасында, әдет - ғұрпында, тұрмыс- тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі. Ырым-тыйым сөздері арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді ескерту. Ырым мен тыйым сөздер бір- бірімен сабақтас, өзектес болады. Халық ұғымдағы ырым ұрпаққа өнегесі, шапағаты тиетін, ізгі қасиеттер жұғысты болса екен деп қолданылатын ғұрыптың түрі.

Ырым – халқымыздың тәлім, тәрбиелік қызметі бар салт- дәстүрлерінің ішіндегі қызық әрі ойланарлық ғұрыптарының бірі. Ырымның ұлттық салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптарды қалыптастырудағы орны зор. Жас ұрпақтың өзін өзі ұстау, тіл әдебімен адамдар арасында қатынас түзе білуінде ерекше орынға ие. Ырымда тәрбиелік мәні бар сенім-наным, жосын- жоралғылар көп.

Ырым – ешқандай ерсілігі , оғаштығы жоқ ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Ырым сөздер – белгілі бір наным салдарынан адамдардың санасында қалыптасып қалған, психологиялық-эмоциялық сезім күйлерін, иланымдарын білдіретін сөздер.

Тыйым – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» – деген мақал осыған байланысты шыққан.

Тыйым – жаман істерден жиреніп, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатында шыққан халықтық педагогикалық ұғым. Тыйым сөздер – белгілі бір іс-әрекеттерді тыю мақсатында ырымдармен байланысты айтылатын сөздер.Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

Ас адамның арқауы, “тойдым” емес, “қанағат” деген жөн (ыдыс-аяққа, тағамға байланысты ырым-тыйым.

Қанағат қарын тойғызады.

Қазақ асты ерекше қадірлейтін халық. Сондықтан ас – ауқатқа, тағамға байланысты қалыптасқан ырым – тыйымдар астың қадірін арттыруға, ысырапшылдыққа жол бермеуге бағытталғаны сөзсіз.

Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.

Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.

Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.

Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.

Нанды бір қолыңмен үзбе. Ас – атасы нан. Кемтар адамдар ғана нанды бір қолмен үзеді.

Нанның қиқымын жесе – бай боласың дейді.

Тұзды шашуға, басуға болмайды. Астың иманы тұз деп қарайды. Тұз төгілсе, ырыс төгіледі, дәм шамданады, үйден ас кетеді деген ырым – тыйымдар бар.

Пышақты, қаруды, балтаны, қамшыны аттама. Ер азаматтың қару-жарағы. Әр ер азамат үшін бұл қару-жарақтар киелі. Киесі ұруы мүмкін деген ырым бар деседі.

Ішіп отырған шайға сама түссе-қонақ келеді.

Асты үрлеме, асты жамандама.

Пышақтың жүзін жалама, шалқасынан қойма. Пышақ шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.

Ақты төкпе, малдың желіні кетеді.

Жанып тұрған шырақты үрлемейді.

Отпен ойнамайды,отты аттамайды, отқа түкірмейді, ақ таяды, адам ұмытшақтық дертіне тап болады деседі.

Біреудің үйі өртенсе, арты жақсылық болады.

Күлді баспайды, үй жанына төкпейді. Күлдегі жын-шайтандар адамға ауру болып жабысады екен. Күлді басса – нас басады.

Жанып жатқан оттан аттап өтуге, аяқпен таптауға,шашып тастауға болмайды. Адам өледі деген ырым бар.

Қызға қырық үйден тыйым

Қызы бар үйдің есігі сықырлақ.

Қызға жілік ұстатпайды. Қызға жілік ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.

Түн мезгілінде әйел адам жуған кірін жаюына болмайды.

Жас келіншек аяғы ауыр кезінде түйе етін жемейді. Себебі түйе баласын көп уақыт көтеріп мезгілінде тумайды деген ырым бар.

Әйелге күш көрсетпе.

Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.

Қыз бала шашын жайып жүрмейді. Ата – баба салтында тек жақыны қайтыс болған әйел ғана шашын жайған. Яғни, қаралы әйел ғана шашын жайған.

Балаға қатысты тыйым

Қазақ халқы ұрпақ қамын ойлайтын, бала өсіріп тәрбиелеуге аса назар бөлетін ұлт. Қазақ бала туралы «Балаңды бес жасқа дейін хандай көр, он бес жасқа дейін жұмса, он бестен ары онымен досыңдай ақылдас» деген екен.

1. Бесікті сатуға, кез-келген адамға беруге, аяқ астына тастауға болмайды. Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады. Бос бесіктің өзін анда – санда отпен аластап, жын-шайтаннан қорғаған.

2. Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.

3. Баланың қарын шашын адам аяғы баспайтын жерге көміп тастайды. Өйткені, бала бақытсыздыққа ұшырайды.

4. Баланы шошытпа.

5. Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп тыйым салған.

6. Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қасқырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен туындаған.

7. Шөбересінің алақанынан су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.

8. Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келеді деп қуанады.

9. Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді.

Әр халықтың тарихында салт-дәстүрдің қызметінің орны өте жоғары. Оны ештеңемен теңеуге де айырбастауға да болмайды. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу, сатқындардың белгісі дейді батыр Бауыржан Момышұлы. Не істейсің қазір өз ұлтын сыйламайтын, салт-дәстүрден ада қазақтар өте көп. Маскүнем еркек жартылай жалаңаш қыз-келіншек, жастар. Жастарда патриоттық сезім аз. Басқа ұлттың тәрбиесіне, үлгісіне құмар. Болашақ ұрпақ өз елін, жұртын сүймесе, болашақ та жоқ деген сөз. Сондықтан, жасөспірім балалардың бойында патриоттық сезім, елін, халқын сүйе білуге тәрбиелеуде, қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері, тыйым сөздерінің мәні зор.

Халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазыналарын ұрпақ санасына жеткізуде, мектеп пен ата-аналардың қарым-қатынастары, ынтымақтастықтары, мектепте өткізілетін тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралардың орны ерекше. Әсіресе салт-дәстүрлерге арналған ырым-тыйым сөздер мен сенімге арналған ырым сөздерінің тұрмыста молырақ пайдалануын көздеген жөн. Жас ұрпақты жаман әдеттен, жаман пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда тәрбиелік мәні зор. Үлкен кісілер жат қылық көрсетіп қалған жастарға: «Олай істеме, жаман болады» деп жатады.Әрбір тыйымның, ырымның өмірден алынған тәрбиелік мағынасы бар, тәлім-тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай және бала тәрбиесінде атқаратын рөлі зор. Біздің ата-бабаларымыздың даналығы соншалықты – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп.

Ғұлама ғалым Әл - Фарабидың: «Адамға бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады. Халқың сүйген адам, салтын да сүюге тиіс. Тәрбиенің арқауы – әдептілік дегендей, адамдық тәрбиенің алтын арқауы да, халық педагогикасының қайнар бастауы да – әдептілік. Ұл-қызына көрсетер инабатты үлгісі жоқ, әдебі жоқ халық болмайды. Жас ұрпақтағы ұлттық сананы қалыптастыруда ырым-тыйым сөздердің алатын орны ерекше. Әдептілікке бас имеген, әдептіліктен нәр алмаған, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты құрметтемеген адам өз ұрпағына не бере алады? Сондықтан да құрметті білім алушылар, ата-бабамыздың бізге қалдырған мұрасын құрметтеп, оған терең үңіліп, мағынасын ұғайық. Салт-дәстүрімізді сыйлайық. Қазақ халқы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға бай халық, әрбір тыйым мен ырымның біздің өмірімізде, тәрбиемізде алатын орны ерекше, сол себепті де әдептен озбайық, өнегелі болайық.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең - Алматы «Ғылым» 1999ж.

  2. Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі – Алматы «Өнер» 2005ж.

  3. «Жеті қазына» Сейт Кенжеахметұлы - «Ана тілі» ЖШС Алматы 2005ж.

  4. Үй тұрмысындағы тыйым сөздер Әуесбай Т. – «Ана тілі» газеті

№ 49 , 8 маусым 1995ж.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!