Шығыс Түрiк
қағанаты (682-744)
Түрiк қағанаты
бөлiнгеннен кейiн олардың дамуы әртүрлі
болды.
682 жылы Қытаймен
соғыс барысында шығыс түркілер өздерiнiң мемлекетiн қайта құрды.
Қалпына келген мемлекет осы күнгі Монғолия аумағында құрылды. Шығыс
Түрiк қағанаты Қапаған қаған тұсында Орталық Азияны
бағындырды.
716 жылы Бiлге қаған
Шығыс Түрiк қағанатының билеушiсi болды. Бiлге қаған мен оның iнiсi
Күлтегiн Түрiк қағанатын қайта өркендеттi. Бiлге Қытаймен соғыстағы
жеңiсi арқылы ұтымды бейбiт келiсiмге қол жеткiздi. Қытай
императоры Түрiк ордасына үлкен көлемде жiбек жiбердi. Бұл Қытайдың
солтүстік шегарадағы бейбiт өмiр үшiн төлемі
еді.
731 жылы Күлтегiн,
көп ұзамай Бiлге дүние салды. Орхон
өзенi
маңында Бiлге мен
Күлтегiнге арналып құлпытастар орнатылды.
Бұл
құлпытастар Түрiк
қағанаты тарихының жылнамасы болып
табылады
Бiлге қаған
мұрагерлерi кезінде қағанат құлдырады. 744 жылы бiрiк-кен ұйғыр
және қарлұқ күштерi Шығыс Түрік қағанатын
талқандады.
Ашина әулетi өмiр
сүруiн тоқтатты.
Түргеш қағанаты
(704-756)
Түргештер VI ғасырда
Батыс Түрiк қағанатының құрамында болды. Олар Iле, Шу өзендерiнiң
аралығын қоныстанып, Шу түргештерi (сары түргеш) және Iле
түргештерi (қара түргеш) болып бөлiндi. VII ғасырдың соңында
түркілердiң Қытайға қарсы күресi түргеш тайпаларының күшеюiне
әкелдi. 704 жылы түргештер Жетiсуда өз саяси үстемдiгiн
орнатты.
Түргештер әулетiнiң
негiзiн Үшлiк қаған қалады. Үшлiк елдi 20 әкiмшiлiк аймаққа бөлдi,
оның әрқайсысы әскер шығарды. Ол бас орда етiп Шу өзенi бойындағы
Суяб қаласын белгiледi. Екiншi ордасы Iле өзенi бойындағы Күнгiт
қаласында болды.
Сыртқы
басқыншылармен белсенді күрес Сұлық қаған (715–738 жылдар) есімімен
байланысты. Сұлық қаған тұсында түргештердің ордасы Тараз қаласы
болды. Талантты қаған мемлекеттiң бұрынғы қуатын қалпына келтiре
алды. Сұлықтың дипломатиялық және әскери шаралары Қытай тарапынан
төнген қауiптiң алдын алды. Мұның өзi түргештердiң батыста
арабтарға қарсы әрекеттерiн жандандыруға мүмкiндiк
бердi.
Сұлық арабтарға
қарсы батыл қимылдағаны соншалық, олар оған Әбу Музахим (Сүзеген)
деген лақап ат қойды.
ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ
(756–940 жылдар)
Қарлұқтар – Алтай
мен Балқаш көлi аралығындағы жерлерді мекендеген көшпелі тайпалар.
Ибн әл-Факих (Х ға сыр) «олар (қарлұқтар) – көне түркілер» деп
жазды.
756 жылы қарлұқтар
түргештердi ығыстырып, Жетісу аумағына өздерiнiң саяси үстемдiгiн
орнатты.
VIII–Х ғасырларда
қарлұқ тайпалары Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейiнгi Қазақстанның
үлкен аумағына қоныстанды. Х ғасырдағы араб дерегінше: «Қарлұқтар
жерiн батыстан шығысқа дейiн жүрiп өту үшiн 30 күн қажет
болған».
Қарлұқ қағанатында
басқарудың әскери-әкiмшiлiк жүйесi орнықты. Мемлекет басында жабғу
болғанымен, олардың билiгi әлсізеді. Саяси-әлеуметтік құрылымы
жағынан феодалдық мемлекет
саналды.
Қарлұқтарда
жекеменшік дамыды.
Деректерге сәйкес,
қарлұқтар елiндегі 25 қала мен қоныстың
көпшiлiгi
Ұлы Жiбек
жолы бойында орналасты.
Араб басқыншылығы
нәтижесiнде
қағанат әлсiредi,
ал Қарлұқ қағанатына үлкен қауiп
Қашғар жағынан төндi.
940 жылы Қашғар түркiлері Баласағұн қаласын басып алды. Қарлұқ
қағанаты өмiр
сүруiн
тоқтат ты. 200 жылдай
өмiр
сүрген мемлекет тарихы аяқ талды.
|