Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі.
Молдабекова Э. К.
М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші. Шымкент қаласы
Мақсаты: жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшуде жаңа технологияның әдіс-тәсілдері мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыру.
«Халықтың кемеліне келіп
өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтың
біртуар перзенті Шоқан Уалиханов айтқандай еліміз өз тәуелсіздігін
алғаннан кейін білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде.
Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы
жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Халқының болашағы
үшін білімнің даңғыл жолын салған Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім –
мектептің жүрегі» деп босқа айтпаған. Әрбір мұғалім өзін мектептің
жүрегімін деп есептеп, мектептің жанын кіргізердей дәрежеде болуы
тиіс. Өз ісіне аса ықыласпен ден қоя отырып, құзырлы мұғалім
ретінде баланың жүрегіне білім нәрін себе білуі
тиіс.
Білімді және тәрбиелі, дүниетанымы кең, ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу
үшін – сындарлы оқыту теориясын сабақ үдерісінің негізгі көзіне
айналдыру қажет.
Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы
мақсат – ұстаздар өз тәжірибелерін үнемі жетілдіру.Жаңа
әдіс-тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып
табылады. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы өмір сұранысына сай
білімі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып
жетілдіре алатын азамат тәрбиелеу оның өзін белсенді жағдайға қоя
алатын жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын тиімді
пайдаланумен тікелей байланысты.
Оны өз дәрежесінде
пайдаланудың оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор.
Оқытудың тиімділігін арттыру үшін біз, мұғалімдер қауымы әр сабақта
жаңа технологияларды қолдануымыз қажет. Себебі жаңа
технологиялардың ерекшелігі - оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі.
Яғни, тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке
тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру),
өзін-өзі дамыту, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру,
белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге
деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру және
жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға
жетелейді.
Жалпы орта білім беру жүйесінің қазіргі
талаптары білім беру үдерісін үнемі дамытып отыруды қажет етеді.
Сапаны арттырудың және білім беруді дамытудың негізгі белгілерінің
бірі - әдістемелік деңгейді арттыру болып табылады. Әрбір мұғалім
үшін өз қорында топқа және кіші топтарға бөлу ережелерінің болуы
қажет. Топтарға бөлу тренинг динамикасына зор әсер етеді. Кейде
топқа бөлудің түрлері жаттығу орындауға немесе оның мазмұны, өту
жолы қызу талдауға жағдай жасайды. Топтық жұмыс тиімді
және ұтымды болуы қажет. Яғни, оқушыларға берілетін тапсырма
бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы
керек.
Топтық және жұптық жұмыс
жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі
тапсырмаларды шешуді көздейді. Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған
топтық жұмыста оқушылардың топпен жұмыста басқаларды
тыңдау, бірін-бірі сыйлау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу
дағдысы қалыптаса түседі. Топтастыру, эссе, Венн диаграммасы,
кубизм, семантикалық карта, дәстүрлі емес жолды өлең, еркін жазу,
түртіп алу жүйесі, ойлан, жұптас, бөліс сияқты сабақ мақсатына
қызмет ететін, оқушының әр кезеңде өз бетімен жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін элементтерін оқушы деңгейіне қарай топтық
сабақ жоспарына енгізіп, қолдану оқушылардың қабілеттерін
арттырады. Топтау
әдістерінің тиімділігі
мынадай:
Оқушылардың бір-біріне
жолдастық, достық қарым-қатынастары
дамиды
Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге,
үйретуге бейім болады.
Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн-
жобаларын біледі, оны қолдана
алады.
Бір сабақтың үстінде берілген тапсырмаларды,
бір-біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты
ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің
арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына
көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады. Қазіргі уақытта
оқушыларды қашықтан оқытып, синхронды немесе асинхронды
қарым-қатынас жасауда да топтық жұмыста ортақ пайдалану үшін
ашылған Google құжаттар мен кестелер өте ыңғайлы. Олар бір мезгілде
жұмыс жасауға, жұмыстарға пікір жазуға және жетілдіруге мүмкіндік
береді. Білім беруде пәннің мазмұнын терең білу, оқушыларға білім
берудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды шебер қолдана білу
оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Акт құралдарын қолдана
отырып, оқушыларды оқу іс-әрекетіне белсенді қатыстыратын және
оқылатын материалды терең түсінуіне көмектесетін қызықты
интербелсенді оқу ресурстары мен тартымды сабақтарды әзірлеуге
болады. Сабақ барысында қандай әдіс-тәсіл қолданылса да,
оқушылардың метатанымдық немесе өздігінен реттелетін оқуын дамытуға
ықпал ету оқытуда өте маңызды. Мысалы:
«Оқу мен
оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модуліндегі «Ойлар бұлты» әдісінің
жаңа тақырыпты бекіту , үй тапсырмасын сұрау мақсатында қолдану
тиімді. Себебі, біріншіден, жадыны дамытады. Оқушы жаңа тақырып
бойынша бір түйінді сөз жазады. Кез келген сөз емес, ерекше есте
қалған сөзді жазады.Кейін талқылау кезінде ол сөзді неліктен
жазғанын,ол сөздің жаңа тақырыппен қаншалықты байланыстылығын өзі
түсіндіреді.Екіншіден, бұл әдіс оқушының өз ісіне жауапкершілікпен
қарауға үйретеді. Егер оқушы бір сабақта тақырыпты меңгермеген
болып, басқа сөз жазса, келесі сабақта ол сыныптастарынан қалмай,
түйінді сөз жазарда ойланып жазады. Сол сөздің мағынасын өзі айтып
түсіндіретін болған соң, оқушы ойланып жазады, жауапкершілігі
артады. «Стикердегі диалог» әдісі. Бұл – үй тапсырмасын тексеруге,
қорытынды сынақ немесе қарапайым ереже сұрауға таптырмас әдіс.
Өйткені бұл әдісті қолданған кезде оқушы оқылған сұрақтың жауабын
білуі тиіс . Сонымен қатар бұл әдіс оқушыны тез ойлануға, есте
сақтау қабілетін дамытып,шапшаңдыққа үйретеді. Себебі, қағазда
жазылған сұрақ басқа, жауап та басқа. Осы жерде оқушының
шапшаңдығын, аңғарымпаздығын тануға болады. Сонымен қатар, бұл әдіс
сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнатуға да мүмкіндік береді.
Оқушылар өз сұрағының жауабын естуге тырысады және өзіндегі
жауаптың сұрағын тыңдауы тиіс. Осы жерде сынып оқушыларының
арасында сыйластық қалыптасып,бір- бірінің сөзін тыңдауға бейімделе
бастайды.
Ал оқушылардың сыни ойлауын дамыту, айтылым, оқылым, жазылым бойынша ой-өрісін , сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің тәсілдерін қолдану көп нәтиже береді. Сын тұрғысынан ойлау деген тіркесінде тұрғысынан деген термин ойдың мәселені шешу үдерісінде шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сыни сөзі «мақұлдау» немесе «теріске шығаруды» білдірмейді. « Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану » деп сипатталады. Ол маңызды мәселерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.( Ман 46- бет)» делінген. Сол себепті осы модульдің «Екі түрлі күнделік, РАФТ, 5 минуттық эссе, автор орындығы, Джигсо, Т кестесі » т.б. секілді әдіс-тәсілдері оқушының ойлануына, олардың көшбасшылық,шығармашылық қасиеттерін анықтауға, талдау мен бағалай білуге, щешімдер шығара алуға,нақты дәлелдер келтіруге үйретуге мүмкіндік береді. Сыни тұрғыдан ойлауға оқушыны жетелеу үшін дұрыс сұрақ қоюға үйрету шарт. Ж. Аймауытовтың « Баланың ынтасын арттыру үшін оқытатын нәрседе бір жаңашылдық болу керек», – деген сөзінде үлкен мән жатыр. Неге десеңіз, әр оқушы сабаққа келгенде жаңа білім алып шығуымен қатар, өзінің де белгісіз бір қырларын танытуы тиіс. Сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады, – деп Уильм Уорд айтқандай, әрбір жаңашыл мұғалім өзінің шығармашылық әрекетінде дәстүрлі стильден алшақтап, үнемі жаңашыл идеялар жетегінде жүрсе,білім сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Қазіргі инновациялық технологиялар - білім сапасын арттырудың кепілі”

шағым қалдыра аласыз