Материалдар / Қазіргі жағдайда шағын жинақты мектепте білім беруді ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазіргі жағдайда шағын жинақты мектепте білім беруді ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
шағын жинақты мектептерді білім беруді тиімді ұйымдастыру, сапалы нәтижеге жету. жаңартылған білім мазмұны бойынша сыни талдау дағдыларын қолдануды жетілдіру. Информатика пәнін оқытуда қолданылатын заманауи технологиялардың қолданылуы, тиімділігі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі жағдайда шағын жинақты мектепте білім беруді ұйымдастыру

Қазіргі болып жатқан жағдай бәрімізді де алаңдатуда. Әлемде болып жатқан осындай жаман кеселдің кім-кімге де оңай тиіп жатпағаны белгілі. Мейлі ол дамыған мемлекетте болса да аталмыш пандемияға қарсы тұру қиынға соғып тұр. Бұл жағдай кез келген салаға өз әсерін тигизібей қоймасы анық, болып та жатыр. Өзімізге қатысты білім саласына кіріссек. Мен қатардағы қарапайым мұғаліммін. 2019 жылы бастап біздің елімізге енген бұл індет бәрімізді абдыратып тастағаны рас. Білім саласында біраз қиындықтар туындатты. Online режимде сабақ өту, оқушылармен кері байланыс жасау мүмкіндігі шектеулі болды.

Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Себебі ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен, оқушы саны да кеміп келе жатыр.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім алып келе жатқан оқушылар және дәл осы бағдарламамен жұмыс жасап келе жатқан ұстаздар тынбай еңбектеніп келе жатыр. Заман талабынан қалмай, ақпараттық технологияның даму кезеңіне тұспа-тұс келіп жатқан дәл осы сәтте оқушыларды оқуға деген қызығушылығын оятып, сапалы нәтиже көрсету мұғалімге түскен ауыр салмақ болмақ. Оқытудың түрлі формалары мен түрлі форматтағы оқытудың жаңа технолгияларын сабақақа тиімді етіп ұйымдастыру асқан шеберлікті талап етеді.

Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Қазіргі  базалық білім беру – жеткілікті  білімнің төменгі шегі. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі. Оқушыны деңгейіне бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында  деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып шығармашылыққа ұмтылады.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.

Мен информатика пәні мұғлімімін, осы орайда өз пәніме негізделе отырып, баяндамамды ары қарай сабақтастырсам:

Информатика пәнін оқытуда кітаппен де компьютерде әр түрлі бағдарламалармен практикалық жұмыстар орындау, сабақ арасында формативті бағалау жұргізіу кері байланыс алу тәртібін тиімді ұйымдастырып, уақытты ұтымды пайдалану өте маңызды. Мұғалім өзіне жауапкершілікті сезіне отырып, оқу мақсаты мен сабақ мақсатына жетуге әрекет жасау керек. Сабақ жоспарын тапсырмаларын оқушыларға ыңғайлы етіп, ерекшеліктерін ескере отырп жасаған дұрыс.

  • Оқу үдерісі кезеңдерінде информатика пәнін оқытуда Smart технологияларын қолдану қажеттілігіне негізделеді. Кәсіби қызметтің мазмұнына өзгеріс енгізіп, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда сандық білімдік қорларын, интернет сервистерді қолдану қабілеттерін қалыптастыруға  мүмкіндік береді.

SMART технология – жаңа заманның құралы. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда шығармашылыққа көп мүмкіндік береді.

  • SMART  тақтаның ерекшелігі:

  • екі қолданушы бір уақытта қолдана алады, яғни, тақтада бір уақытта жазып, сурет салуға және  жасалған жұмысты файлда сақтауға мүмкіндік береді;

  • интерактивті тақтаның жұмыс жасау кеңістігі үлкейтілген;

Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың артықшылықтары:

  • Барлық жастағы оқушыларға тиімді;

  • Оқытушыға Web-сайттар және басқа да ресурстармен жұмыс жасай отырып, материалдарды оқушыларға жеткізуді күшейтеді;

  • Сыныпта талқылау мен араласуға кең мүмкіндік береді;



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!