Қазіргі жастардың сөйлеу тілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі жастардың сөйлеу тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастардың сөйлеу тілі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі жастардың сөйлеу тілі

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егеменді еліміздің ертеңі, тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі, ділмәр бабаларымыздан, ақылман аналарымыздан берілген киелі сөзіміздің иесі. Ел іргесі бекіп, тіліміздің мәртебесі үстем болып, технологияның қарыштап дамыған шағында бүгінгі өскелең ұрпақтың сөйлеу тілі көңіл көңшітпейді. Жастардың тілінің шұбарланып, қалай болса солай сөйлеуі қатты белең алды десем артық айтқандық емес. Бүгінгі заманауи жастар тілінде қазақ тілінің қалыбына сыймайтын «фразеологизмдер» жетерлік. Тіліміздің шұбарлануы туралы сөз болғанда бірден ойымызға орыс-ағылшын сөздерін қосып сөйлеуі келеді. Бұдан бөлек жастар тіліндегі жаргондар да қазіргі сөйлеу тілімізді бұзып бара жатқанын күнделікті өмірде кездестіріп жүрміз. әбден бұзып, қалай болса солай қолданатындығынан да көруге болады. Мәселен, лақтырып кету, лапша ілу, құлақтан тебу, алдап кету, сындырып кету, бөшке жару сияқты тұрақты тіркестер қазіргі жастар тіліне әбден орнығып, тұрақты тіркестерге айналып барды. Жаһандану заманында ұлттық болмысымызды сақтап қалу үшін ата-бабамыз қалдырған ұлт тіліндегі сөз жауһарларын ұмытпай, керісінше ұлықтауымыз керек. Сөз соңын ақын Қадыр Мырза Әлінің мына өлең шумақтарымен өрнектегім келеді:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Әрбір сөзімізді орынды қолданып, ойы мазмұнды, тыңдаушысын баурап алардай шұрайлы тіліміздің шырайын кетірмейік жас достар. Тіл тазалығын сақтауды әрбір жас буын өзімізден бастайық. Өйткені сөзден құдіретті нәрсе жоқ. Дана халқымызда «адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген нақыл сөз бар. Олай болса, ана тілімізді қадір тұтып, ардақтайық, өз елінде өгейлік көруіне жол бермейік. Ол үшін жоғарыда айтқанымдай әркім өзінен бастағаны абзал. Ана тіліміздің ертеңгі тағдыры сіз бен біздің қолымызда!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2024
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі