400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі журналистердің білімсіздігі

Материал туралы қысқаша түсінік
​Мақалада журналистикадағы кәсіби сауаттылыққа баса назар аударылады. Журналистердің қоғамдағы рөлі айқындалады. Сондай-ақ, зерттеу жұмысында жалған ақпараттың зияны мен салдары туралы сөз қозғалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі журналистердің білімсіздігі

Аннотация

Мақалада журналистикадағы кәсіби сауаттылыққа баса назар аударылады. Журналистердің қоғамдағы рөлі айқындалады. Сондай-ақ, зерттеу жұмысында жалған ақпараттың зияны мен салдары туралы сөз қозғалады.

Түйін сөздер: кәсіби сауаттылық, журналистика, заң, жалған ақпарат.

Аннотация

В статье основное внимание уделяется профессиональной грамотности в журналистике. Определяется роль журналистов в обществе. Также в исследовательской работе речь идет о вреде и последствиях дезинформации.

Ключевые слова: профессиональная грамотность, журналистика, закон, дезинформация.

Abstract

The article focuses on professional literacy in journalism. The role of journalists in society is determined. Also in the research work we are talking about the harm and consequences of misinformation.

Keywords: professional literacy, journalism, law, disinformation.



Қазақ журналистикасына төнген басты қауіп – кәсіби сауатсыздық. Бұл қазақ тіліндегі әріптерді қате жазу немесе ана тілімізде ойымызды еркін жеткізе алмау емес. Бұл – қоғамға қате ой салу.

Айналамызда орын алып жатқан әрбір іске үн қату, әр оқиғаны талдау, әрбір құбылысты баламасыз елге жеткізу журналистердің қызметі ғана емес, халық алдындағы борышы. Қалың әлеуметтің сауатын көтерумен қатар, санасына әсер етіп, ұлт сапасын жақсарту да – қалам ұстаған қауым мен ақпарат сүзген қаламгердің міндеті. Сол себептен, қаламы қарышты журналистер үшін сауатсыздық пен білімсіздікке жол беруге болмайды. Жалған ақпаратпен ел ішін улау, қоғамда қате пікір қалыптастыру кәсіби журналист үшін жат қылық.

Қазіргі таңда ақпараттың байыбына бармай, жылдамдыққа жел беріп, жалған ақпарттың етегінде кететін журналистің баршылық. Бүгінде жалған ақпараттың басым бөлігі саяси бағытта өрбіп келеді. Жалған ақпарат тарататындар жаңалық легімен бөлісіп ғана қоймай, қоғамда резонанс тудырып, халықтың белгілі бір ой түйіуіне итермелейді.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев былай деп жазады:

«Жалған ақпараттарды абыройды түсіруші не шиеленіс туғызу әрекеті ғана емес, нақты бір адамға психологиялық шабуыл деп те атаған жөн. Әрине, танымал адамдардың бұған еті үйренген. Бірақ, олардың жақындары мен туыстарына да соққы тиіп жатады. Әрбір репост пен лайктың артында жазықсыз адамдардың тағдыры тұруы мүмкін. Бір бизнесмен туралы WhatsApp-та жалған ақпарат тарады. Бір күнді істің мән-жайы анықталды. Бірақ, кәсіпкердің әкесі ауруханаға түсті. Оның денсаулығына зақым келді. Жалған хабардың артында кім тұрғанын ешкім білмейді».

Жалған хабар тарату үрдісі індетпен күрес кезінде, қаңтар оқиғасы кезінде де ерекше белең алды.

Пандемия кезінде белгілі бір сайтта Арқалықтағы короновирус жұқтырған әйел туралы ақпарат тараған. Хабар:

«Кеше Арқалық пен Жітіқарада екі адам госпитальға жатқызылған. Оның біреуі – ер адам, екіншісі – әйел. Олардың Ақмола облысында коронавирустан қаза тапқан әйелмен бір пойызда отырғаны анықталған. Екеуінен қан алынып, талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Екеуі де карантин аяқталғанша дәрігерлердің бақылауында болады» деген мәтінде жарияланған.

Артынша Қостанай облысының полиция департаменті дереу зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Арқалықта короновируспен ауырып жатқан адам жоқ екенін анықтаған. Бұл ақпарат Арқалық тұрғындарын алаңдатқаны анық.

Ал қаңтар оқиғасы кезінде жалған ақпарат фактісі бойынша 11 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде қамауға алынған адамдардың санына байланысты, мемлеттік шығынға байланысты жалған фактілер жиі жарияланған. Түрмеге тоғытылған күдіктілердің аты-жөніне дейін қате ақпараттар берілген. Бұл қоғам ішіне іріткі салудың бір жолы десек те болады.

Сондықтан, ең алдымен, қоғам айнасы болып табылатын журналистер қауымы жалған ақпараттан аулақ болуы керек. Журналистің білім ғана емес, құқық жағынан да сауатты болғаны абзал.

Осы тұста заң бағытындағы журналист, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Серік Жұмабекұлының келесі бір сөзі мақаламыздың мәнін ашып, журналистикадағы сауаттылықты түйіндейді:

«Бізде кез келген сала­ның өз заңы бар. Әр қыз­меттің, әр міндеттің өз заңы, өз құқығы бар. Заңгерлердің өзі бұл саланы күнде оқыса да, зерттесе де әлі күнге түбіне жете алар емес. Ең алғаш болып сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңды біз қабылдадық. Осы заң күні бүгінге дейін же­тілдіріліп келеді. Құқықтық мемлекетте қаншама заңнамалар бар. Міне, біздің пән журналистерге осы заң мен құқықты оқытып келеді. Бұл дегеніңіз қоғамда қыз­мет ететін күрделі саланы үй­рету. Журналист тек бір саланы немесе өз құқығын ғана оқымайды, барлық саланың заңымен қалай жұмыс істеу керектігін университет қабырғасынан біліп шығады. Журналист деген әрбір адам тағдыры мен қоғам оқиғасына қатысушы, арашашы және үн қатысушы ғана емес, ол осы адамзат өмірінің сақшысы, дүниедегі барлық заңдылықтар сақталып, әділ қоғам орнауын тікелей бақылаушы іспетті. Сондықтан да журналисттің сауатын көтеру дамыған қоғамның ілгері басуына зор әсер етеді».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.12.2023
153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі