жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қазіргі кездегі иновациялық технологияларды пайдаланудың жетістіктері»
Тарих пәнін оқытудағы аймақтық компоненттің рөлі
Қазақстан Республикасының заманауи даму жағдайында бәсекеге қабілетті әлеуметтік және экономикалық жағдайдың өзгеруіне дайын, белсенді әрекет жасап, жақсылыққа қарай өзгертетін тұлға қажет. Осындай тұлғаны мемлекетіміздің дамуын, жақсылықтары мен жетістіктерін сараптамай, өзіңнің өлкеңнің тарихын білмей қалыптастыру қиын. Өткенді өзгерту мүмкін емес, қазіргіні түзету және келешекке әсер ету – шындық. Қазіргі қоғамның жағдайына шынайы көзқараспен қарап, жетістіктерін сараптау оның келешектегі дамуын жобалауға мүмкіндік береді . Н.Назарбаев «Тарих толқындары» еңбегінде « Бізге, ертедегі ұлы халықтың ұрпақтарына қатыгездікке жол бермей, өткенге, қазіргі уақытқа және болашаққа дұрыс көзқараспен қарауға уақыт жетті» деп атап көрсетті . Даму статусы кезеңінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті еркін, жетістікке жеткен, зайырлы мемлекет болды. Оның жоғары жетістіктерінің арасында тұрақты саяси жағдай, әлемдік әйгілі державаларды мойындату, тұрақты демократиялық үрдістер, нарықтық экономика, әртүрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтармен келісу, барлық азаматтардың денсаулығы, білімі, жетістігі. Н.Назарбаевтың « Қазақстан-2050 » халыққа жолдауында: «Ұлттың тарихи санасын қалыптастыруда бізге жұмысты жалғастыру қажет... Біздің қасиетті тарихымыз, даңқты ата-бабаларымыздың естеліктері қазіргі жағдайда қиындықтарды жеңуге көмектесетініне, сенемін». Осы орайда елбасы әр адам өзінің туып өскен аймағынан бастаған жөн деген. Ал бұл дегеніміз – аймақтық компоненттік рөлі өте маңызды деуге болады, және біз білмейтін ақпараттармен мәліметтерді білеміз . Біздің өркениеттік мақсатымыздың бірі - әлемнің ең озық елдерінің даму дәрежесімен терезе теңестіру, дүниежүзілік бәсекеде қатар жүру. Еліміздегі өзгерістер білім беру жүйесіне де көптеген мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау, «біз» - деген ұғымды қалыптастыру және өзі туып өскен аймағын тереңірек білуі - негізгі субъект болмақ. Осы орайда елбасының жылдағы халыққа арналған жолдауында, елімізді бәсекеге барынша қабілетті мемлекеттердің қатарына қосу маңызды орын алатынын көрсетті. Өз елінің жер –суын, табиғат байлығын, қыр –сырын , экономикадағы өзгерістер мен қатынастарын біліп, даму болашағын оқып – үйрену арқылы санасына сіңіріп, сол білімді ұрпағына мұра етіп қалдыру – әр елдің төл перзентінің азаматтық борышы. Тарих сабағында аймақтық компонент, оқушылардың ой – өрісін танымдық қызығуын дамытуға ,шығармашылық іс –әрекетке баулиды . Сарамандық іскерлікті және ақыл –ойды қалыптастыруда көп ықпал етеді, себебі өлкені танудың обьектілері – туған жер табиғаты , оның халқы, шаруашылығы , өткен тарихы мен бүгіні , өнері мен мәдениеті . Осы аймақтық компоненте өлкетану курсы өте маңызды рөл атқарады .Өлкетану арқылы оқушыларды айналадағы ортаны қорғауға баулып, олардың экологиялық білімін жетілдіріп, келер ұрпаққа қолда барды жоғалтып алмай жеткізуге міндеттеу керек .Әркімнің кішкене Отаны өз туған жері , өскен ортасы , өз отбасы бар . Олай болса кәусар ауасын жұтып , мөлдір суын ішіп, төсінде емін еркін сайран салған өз өлкеңді құрметтеу , өмір бойы жүрегіңнің түбінде оған деген сарқылмас ыстық сезімді сақтау , әркәмнің қасиетті борышы . Ол оқушының жалпы білім деңгейін , эстетикалық , Отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына да әсер етеді .
Аймақтық компоненттерді сабақта қолдану өз аймағын терең білуге көмектеседі . Өз аймағының тарихына шолу жасай отырып , оны кешегісі мен бүгінгісін біледі , табиғатына таңдана қарап , оның флорасы мен фаунасының тарихымен танысады ,яғни өз аймағының жұмбағына бойлай еніп ,шешімін табуға тырысады . Міне осыдан бастап оқушылардың бойында патриоттық рух қалыптасады . Олардың « мен » деген менталитеті жоғарылап ,туған елге ,жерге деген қызығушылық сезімдері қалыптасады. Жалпы білім беретін орта мектептерде ғылым негіздерінен білім беру және оларды аймақтық мәліметтермен толықтыру мұғалім арқылы жүзеге асады .
Жұмыс барысында алдыма бірнеше сұрақ қойылды, олар:
- Аймақтық компонент нені білдіреді? - Мектеп бағдарламасына аймақтық компонент қажет пе? - Аймақтың компонентті қолданғанда қандай қиыншылық байқалады? - Аймақтық компонентті жаңа технологиялармен қалай байланыстырамын?
Жоспар жасағанда, ізденіс жұмыстарын өткізгенде осы сұрақтарды шешу жолдары қарастырылып, отырды. Аймақтық компоненті қолданудағы мақсатым – жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерін зерттей отырып, оқушылар бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие беру.
-
Оқушылардың өз Отанының қасиетін сезініп, тарихын танып.Отан алдындағы жауапкершілігін ұғынып және өзі өсіп – өнген аймаққа деген сүйіспеншілігін арттыру, мақтаныш сенімін тудыру арқылы өз елінің патриотын, тәрбиелеу.
-
Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін ұдайы кеңейте отырып ,экологиялық салауаттылыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу
-
Ұлтжанды, ымырашыл, өз аймағын сыйлатын адам тәрбиелеу
-
Табиғат байлықтарының тарихын танып біліп күтіп баптауға,бақылау жүргізуге ,ұқыпты қарауға баулу
-
Сол аймақтың табиғатына деген сезім құштарлығын арттыру
-
Аймақты компоненті қолдана отырып экологиялық ахуалдарды зерттеу. Осы мақсатты орындау қазіргі өзекті мәселелердің бірі. Ал енді бұл мақсатты жүзеге асыру үшін не істеу керек ?
Біріншіден, « Тарих көші талай шұбап өткен жер, талай ұрпақ өсіп өліп төккен тер» деп аңызға айналған Шығыс өңірінің табиғаттының тарихын , дәстүрін зерттеуді,мақсат еттік.
Екіншіден, Шығыс Қазақстан облысы «аңыздар елі» болғандықтан , табиғатты жырлаған аты әлемге әйгілі ақын – жазушылардың өмірімен таныстыру. Ол оқу жұмысы, сыныптан тыс жұмысы, мектептен тыс жұмысы ретінде жүргізіледі. Зерттеу, іздену жұмысы, кітапханамен тығыз байланысты жұмыс түрлері атқарылады.
Үшіншіден, шығыс өңірінің экологиялық проблемалар туралы мәлімет жинап,олардың шешу жолдарын табу болды. Қазіргі қолданып жүрген технология - мұғалімнің сабақты жобалауда оқушының аймақтық компоненті меңгерудегі нәтижелі қарым - қатынас жасауына мүмкіншілік туғызады . Аймақтық компонентті «Қазақстан халықтар тарихы » курсында көптеген нәтижеге қол жеткіздім .Бұл курстың мақсаты : - Қазақстанда тұратын жергілікті халық пен басқа халықтардың аймақтың экономикалық – экологиялық дамуының тарихи заңдылықтарын ашу , олардың танымдық қабілеттерін тарихи мәліметтермен тәжірбелік жұмыс жасау дағдыларын дамытуға баулу , тарихи және азаматтық ,ұлттық сана – сезімін қалыптастыруға ,сонымен қатар бүкілазаматтық құндылықтарды ұғынуға білуге баулу .Осы курста аймақтық компонент талай жарыстар мен зерттеу жумыстарына арқау болды балаларға . Миссиясы – қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, жаңаратын табиғи ресурстарды тұрақты тиімді пайдалану, ормандылықты арттыру және флора мен фаунаның тарихын танып білуге, тұрғындардың салауатты, қауіпсіз өмір сүруі және өздерін жайлы сезінулері үшін қоршаған ортаның сапасын жақсарту. Осы мақсатта аймақтық компоненттин рөлі зор . Мұғалім аз уақытта жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістік терге жете алады. Оқудың дәстүрлі үрдісіне жаңа инновациялық технологияны енгізу - мұғалімге дәстүрлі формалар мен әдістерді оқушыға жеткізуге мүмкіндік береді. Ал осы технологияны аймақтық компонентті дамыту кезінде қолдану - оқушының ақыл - ой мәдениетін, білімін, сана сезімін көтеруіне көп әсер етеді. Бұл аймақтың өнеркәсіп рөлінің зор екенін оқушыларға айтып, олардың пайдасы мен зияндығы туралы да айта кету керек үдерісін қарқындатып, оқушының белсенділігін арттырып, аз уақыт ішінде мол материалды толықтыруға, оқушының өлке тарихын меңгеру дәрежесін бақылауға мүмкіндік туғызады. Мультимедиялық технологияларды қолдану - компьютерді, интернетті қолдану арқылы жүзеге асады. Сондықтан сабақтарға аймақтың компонентті қолдану алдында жүйелі жоспар құрып алған жөн. Берілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкестендіріп аймақтық компоненті қосылған қосымша жоспар құрылады. Бұл жоспардың мақсаты – оқушының белсенділігін жоғарылату, өз бетімен жұмыс істеп, ақпарат іздеуге машықтандыру, қызығушылығын ояту.
Оқушы алдымен « аймақтық компонент дегеннің не екенін біледі». Келесі этап,аймақтық компоненттің мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру.Тек осыдан кейін оқушыға өз ізденісі болатын тақырыптар ұсынылады 3 тоқсанда ол ізденіс жұмыстары бойынша конференция өткізіледі. Көзге ілінер жұмыстар толықтырылып, оқушының ғылыми – ізденіс жұмысына айналады. Мысалы: 2012 - 2013 оқу жылында 6 «д» сынып оқушысы Қайратқызы Ажар «Халық мұғалімі – Құмаш Нұрғалиев дара тұлға » деген тақырыппен қалалық ғылыми жобалар сайысына қатысты.Оның нәтижесінде қалалық сайыста 3-ші орынға ие болды . Сабақта аймақтық компоненті қолдану әдісінен бір көрініс. Компьютерді қолданып «Өз ойыным» сипатты, интеллектуалды ойын түрін өткіземін. Мысалы: «Кім жүйрік » тақырыбында кесте беріледі.Онда оқушылар аймақтың мәселерін ,экологиялық проблемаларын терең зерттеп ортаға өз ойларын айтады.
-
өз елінің, туған жерінің тарихымен, салт дәстүрімен, мәдениетімен таныстыру арқылы өз еліне деген сүйіспеншілік пайда болып, мақтаныш сезімі туады.
-
оқушы мен мұғалім бірлесе жұмыс істеу барысында көптеген нәтижеге ие болды, жазылған реферат, ізделінген мәлімет, жиналған материалдар, қолданылған әдебиет оқушы жадында, мұғалім қорында қалады.
Тарих пәнін оқытудағы аймақтық компоненттің рөлі
![]()
Оқушыларды өз бетінше ізденуге баулиды . Бұл тарих білімін тереңдетеді және оқушылардың құзіреттілігін арттырады
Оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуге
Ғылыми ізденіс жұмыстарының арттықшылығы
![]()
Алған білімдерін өмірде пайдалана білу
Табиғат аясында сабақ өткізу , топсеруен , таным жорық
Сарамандық жұмыс жасауға үйретеді
Аймақтық компонентте жергілікті жердің флора мен фаунасының тарихын зерттеу матиралдарын оқытуды көбінесе 6 – сынып , 8 – 9 сыныптарда пайдалануға болады.6 – сынып бойынша «Өзендер» , «Көрнекті жерлерін» , «Таулар» , «Табиғат байлықтары» , «Жергілікті жерден шыққан - ұлы тұлғалар » өткенде , ал 9 сыныпта «Қазақстан халқы » тақырыбын пайдалануға болады . Сонымен қатар «Қазақстан халықтар тарихы » факультативті сабақтың үлгісі жасалып, осы сабақта аймақтық компоненті көбірек қолданамын . Енді өз сабағымда жергілікті жер матиралдарын қалай пайдаланатыныма тоқталсам .
Аймақтық компонентті зерттеудің негізгі бағыттары
![]()
Географиялық –экологиялық бағыт
Флора мен фаунасының тарихын зерттеу
Тарихи атауларын және тарихи орындарын , ескерткіштерін
![]()
Өз аймағының табиғат құбылыстарын бақылауға , оның ой – қырының мінездемесін жазуға , қиялдау мен өздігінен пайымдауға үйренеді
Өз олкесінің тарихын зерттей отырып ,туған өлкедегі атақты жерлерді ,табиғи қорықтар мен ескерткіштердің тарихын танып біледі .
Мекендердің шежіресін , табиғаттың адам қоғамына пайдасын беруін зерттеу арқылы географиялық құбылыстың пайда болу,адамның табиғатқа тигізетін әсерін білуге .
Өз өлкеміздің тарихын зерттеу барысында ең көп қолданылатын жұмыстың түрі таным жорық , топсеруен сабақтары .Топсеруен кезінде оқушылар өздері бақылап , байқаған табиғаттың әсері мен ерекшеліктері мен адамдарды шаруашылық әрекетінен жер бедерінің өзгеруіне және әр түрлі географиялық обьектілер мен аймақтарды салыстыруға үйретеді . Табиғатта өткізген сабақтар оқушылардың кеңістік жағдайындағы түсінігінің дамуына көзбен және қараған тәсілдердің көмегі мен тарихи ескерткіштерді көріп ,қол мен ұстап ,қай кезеңнің тарихына жататынын анықтайды . Қорта айтқанда тарих сабағында аймақтық компонент – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген әдістемелердің , оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері. Жас тәуелсіз еліміздің өркениетке бастар жолы сапалы білім, ал соны қалыптастыратын негізгі орта мектеп десек, мектептің жүрегі мұғалім екендігі даусыз. Қазіргі заман талабына сай оқу әдістемелер,жаңа технологиялардан хабардар болу ертеңгі ұрпақтың болашағына ауадай қажет. Ал осы аймақтық компонент тарих сабағында қолдану,оқушылардың білімді ұрпақ тәрбиелеуге өз ықпалын тигізеді .
Бұл бағдарлама ақырында оқушының дамуына тиімді жағдайлар жиынтығын құрайды. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау денгейіне байланысты. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына , әлемдік сапа денгейіндегі білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін аймақтық компоненттерді қолдана білу . Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.
Болашақ ұрпақ жауапты , жігерлі болу үшін мұғалімнің жаңаша ойлау түрін, педагогикалық іс-әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана, мақсатымызға қол жеткіземіз. Елдің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айытқандай алдымызда қыруар шаруа күтіп тұр. Іс-әрекетімізбен шәкірттерімізге деген сүйіспеншілігімізді біріктіру арқылы, жаңа дәуірдің жаңа талабына нық қадаммен ілесе берейік!
Әдебиеттер тізімі
1) Ж.Әбілқасымқызы - «Қалбаның жайлап бөктерін» . Астана, 2002.
2) Р.Сәттімбекова – «Табиғатты қорағу». А: Рауан, 1992-92 б.
3) «Қазақстан мектебі журналы», №6, №10, №12, 2006ж.
4) Д.Е.Гуриков – «Экология – наука для всех», Алматы: «Қайнар», 1990ж.
5) Ә.Жайсанов, Ә.Сәтпеков – «Құт дарып, бақ қонған ел», 2008 ж.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген