Материалдар / Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын технологиялар

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын технологиялар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Шілде 2024
103
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





















Кеңес



«Қазіргі кездегі білім беру ұымдарында қолданылатын технологиялар»



























Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:

1. Денсаулық сақтау технологиясы.

2. Дамыта оқыту технологиясы.

3. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ).

4. Ойын технологиясы.

5. Мнемотехника технологиясы.

6/ ТРИЗ технологиясы..

Мақсаты: Балаларға күнделікті ҰІӘ – де жаңа технологияны қолдану арқылы, балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Балалардың тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі – оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл-ойы, қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде жан-жақты қалыптасады. Балабақшада ойынның маңызы ерекше.Ойын барысында білім мен біліктілігін арттырамын. Тәрбиенің алдағы міндеттерінің бірі балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру болса, ойын – осы мәселенің шешімі. Балада ойлау қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Баланы ойната отырып сөйлетуде суретті әңгіме, дидактикалық ойынды сурет арқылы өткізу, шығарманы оқып таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу, құрастыру, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштармен қатар ертегі тыңдау әңгімелесу баланың тілдік құзіреттілігін, қызығушылығын арттырады.. Жаңадан шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы балалардың жаттауға, есте сақтауға деген ынталарының дамуына, тілдерін машықтандырғанына көз жеткіземіз. Күнделікті жаңа ҰОІӘ-де тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Мен әр тақпақ пен жаңылтпаштарға сызба-сурет салып көрнекілік ретінде пайдаланамын. Ойын түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпал тигізіп, таным, қатынас, шығармашылық, әлеумет, денсаулық салаларындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады. Ойын баланың ойлау, есте сақтау, салыстыру, қиялдау, еркін сезінуге, еркін сөйлеуге, жеке тұлға болып табылуына көмектеседі.

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада оның басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктер қажеттігі туындайды. Қазіргі мектепке дейінгі  ұйымдардың білім беру үдерісінде жаңа технологияларды  пайдалану жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс–тәсілдерін, жаңа педагогикалық технологияны игерген, психологиялық–педагогикалық диагностика үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог–зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.

Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады.

Қазір педагогика ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы», «оқытудың инновациялық технологиясы» деген ұғымдар кеңінен қолдануда. Технология – грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да болсын жаңа істегі шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Білім беру саласындағы “технология” ұғымы өндірістік үдерістердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық. Өндірістік үдерістердегі технология деп қолданғанда алдын-ала көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі өнім алуға кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін айтады. Кез-келген технологияның маңызы оның құрылымымен анықталады. Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады, әдістеме жоғары деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.

Инновациялық іс-әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік т.б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді. Қазіргі заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы.

Алайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды пайдалануда бірқатар қиындықтар байқалады, олар:

Педагогтардың технологиялардың құрамдас құрауыштарын жеткіліксіз білуі;

Тәжірибе барысында тұтас технологияны емес, оның элементтерін пайдалануы;

Педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жоқтығы;

Жұмыс тәжірибесіне сапа енгізуді бастамалайтын технология идеяларын қате түсіну.

Ең бастысы: алдыңғы қатарлы әр технологияда қарастырылған, баланы қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның рухани жан- дүниесінің баюына және әр баланы жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік дамуына жағдай жасау мәселесі ескерілмейді. Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана қолданылатын педагогикалық, білім беру жағдаяттарын тудырады.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына:аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану.

Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.

Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.

Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кеңінен пайдаланады.Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда.

Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиялық бағдарламаларға енгізілген ойын компоненттері үйренушінің танымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.

Балалар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық сияқты дағдылары мен іскерліктері қалыптасу керек. Сондықтан іс әрекеттерді байланыстыра отырып, сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми техникалық прогресстің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Осы мәселені шешудегі басты рөлдердің бірі мектепке дейінгі ұйымдарға жүктеледі.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы балалардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын жаңаша педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!