Қазіргі оқытушының рөлдік
бейнесі.
Жабинова Анара
Динмуханбетовна, химия пәнінің
оқытушысы
ШЖҚ
«Басқару Колледжі»,Астана қаласы
Аннотация: Данная статья
посвящена анализу изменений в образовательной системе, вызванных
технологическим прогрессом и социальными трансформациями.
Рассматриваются новые роли преподавателя (модератор, фасилитатор,
тьютор) в контексте концепций SPOD,
VUCA
и BANI, а также особенности
поколения Z. Автор подчеркивает
необходимость адаптации образовательных методов под потребности
этого поколения, включая использование цифровых платформ,
интерактивных инструментов и персонализированных подходов. Статья
акцентирует внимание на важности профессионального роста и
трансформации ролевого репертуара преподавателей, чтобы обеспечить
подготовку конкурентоспособных специалистов в быстро меняющемся
мире.
Ключевые
слова: образовательная система,
технологический прогресс, социальные
трансформации, SPOD,
VUCA,
BANI,
поколение Z, цифровая грамотность,
новые методы обучения, ролевой
репертуар.
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген
ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін
туындатуда. Білім беру жүйесі – әр елдің болашағын айқындайтын,
әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас
құрылым. Соңғы жылдары білім жүйесіндегі өзгерістер қарқынды дамып
жатыр, соған бүгінгі оқытушы дайын ба? дайын болу үшін нені
ескеруіміз керек?, оқытушының қазіргі білім саласында атқаратын
рөлдік бейнесі? деген сұрақтар туындайды. "Қоршаған әлем"
аббревиатураларына сүйенетін болсақ қоршаған әлем өзгерді, онымен
бірге жеке адам да өзгерді. Оның ішінде адамның ойлауы. Бұл өзгеріс
кезеңдерін SPOD, VUCA, BANI аббревиатуралары арқылы сипаттайтын
болсақ.
|
SPOD
|
VUCA
|
BANI
|
|
Steady-тұрақты;
Predictable- болжамды;
Ordinary-қарапайым;
Definite-анықталған.
|
Volatility-өзгермелі;
Uncertainty-белгісіз;
Сomplexity-күрделі;
Ambiguity-екіұшты.
|
Brittle-нәзік;
Anxious-мазасыз;
Nonlinear- қиындық;
Incomprehensible-түсініксіз.
|
SPOD ХХ ғасырда, есептеу
техникасы мен интернеттің жаппай таралуына дейін болған қоршаған
әлемді сипаттайды. Бұл әлемді мына өлең сөздерімен сипаттауға
болатын «…завтра будет так-же как вчера…»[2]. Техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесі түсінікті және болжамды болды. Білім
орталықтары кімді және қалай оқыту керек екендігін білді. Жұмыс
берушілердің сұранысын бірнеше жылға болжай алды. SPOD әлемінде ХХ
ғасырда дидактиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский сипаттаған
ұстаздың бейнесі тарады. Яғни оқытушы – негізінен 4 рөлдік бейнеде
болды. 1. бағбан: бақшада өсімдіктерді сүйіспеншілікпен
өсіретін.
2 сәулетші: адамзаттың әр
қырын асықпай білім нәрімен қалайды. 3 мүсінші: адамдардың ақыл-ойы
мен жанын мұқият тегістеп, қашайды; 4. қолбасшы: күшті жетекші.
Тұтастай алғанда, бұл әлем тұрақты, болжамды, қарапайым еді. 1980
жылдардың соңында SPOD әлемінің орнына VUCA-әлемі келді. Енді
тұрақты, болжамды, қарапайым әлемнің орнына өзгермелі, белгісіз,
күрделі әлем басты. Осы кезде техниканың, технологияның қарқынды
дамуы басталды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі де,
оқытушы бейнесі де өзгеріске ұшырады. «Искусство быть другим» атты
В. Левидің кітабынан мұғалімнің рөлдік репертуары туралы ұсынылған
бейнесі осы кезге сай келеді. (1968) Оның айтуы бойынша оқытушы
ақпарат беруші, кеңесші, сарапшы, көшбасшы, ұйымдастырушы,
тәлімгер, ағартушы, күтуші, қамқоршы, тәрбиеші, дос, дәрігер,
психотерапевт, зерттеуші, бақылаушы, уағызшы, суретші, әзілқой,
бағалаушы, сыншы, судья, бақылаушы, нұсқаушы, жаттықтырушы. 2020
жылдағы COVID-19 пандемиясының келуі білім саласын толығымен
өзгертті. Онлайын сабақтар, бейнесабақтар, білім беру
платформалары. Бұның барлығы цифлық техниканың қарқынды дамуына
әкелді. Енді бұл кездегі өзгерістерді VUCA әлемі түсіндіре алмады.
VUCA ортасын алмастыратын жаңа шындықты сипаттауға арналған BANI
аббревиатурасын футуролог Джамаис Кашио ұсынды (Cascio, Jamais).
Bani аббревиатурасындағы әрбір сөз автор енді бұлыңғыр
белгісіздікті емес, хаос кеңістігін білдіреді. Өзгергіштік
нәзіктікке айналды, белгісіздік мазасыздыққа, ал екіұштылық
түсініксіз болды. Жаңа әлем жаңа тәсілдерді қажет етеді.
SPOD-әлемінде ұстаз білім көзі болды. VUCA – әлемінде ұстаз - білім
әлеміне жетекші, навигатор. Вани-әлемінде ұстаз -білім беру
мазмұнының модераторы, конструкторы. 2022 жылы техникалық және
кәсіптік ұйымдарында академиялық дербестік енгізілді. Ол
мемлекеттік жалпыға міндетті талаптардың негізінде білім беру
стандарттарын, кәсіптік стандарттарды, кәсіптік WorldSkills
стандарттары мен аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс
берушілермен бірігіп білім беру бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік
береді. Әлемнің соншалықты тез өзеруіне байланысты біз енді
теориялық білімді бес жыл оқып, содан кейін жұмыс берушінің
арқасында мамандықты меңгере алмаймыз. Осы стандарттарды жүзеге
асыру үшін, бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін оқытушылар
өзерінің білім берудегі әдіс- тәсілдеріне өзгерістер енгізді.
Өйткені біздің алдымызда студент болып Z ұрпағы (зумерлер) отыр.
Олар технологиямен тығыз байланысты әлемде өсті, сондықтан цифрлық
сауаттылық – олардың басты ерекшелігі. Бұл ұрпақ:
-
технологияға бейім: интернет, смартфондар, әлеуметтік
желілер олардың күнделікті өмірінің бөлігі.
-
қысқа әрі
нақты ақпаратты жақсы қабылдайды (видеолар, мемдер, қысқа
посттар).
-
қашықтан
жұмыс істеуге және жаңа форматтар мен құралдарды қолдануды
ұнатады.
Сондықтан күнделікті сабақ
жоспарына олардың осы ерекшеліктерін ескере отырып,
оларды
қызықтыратын әдістерді қолдану қажет.
-
Жұмыс
процесінде заманауи құралдар мен платформаларды пайдаланыңыз.
Мысалы: чат-боттар, онлайн жиналыстар, цифрлық қосымшалар,
геймификация, интернеттегі платформалар,
мобильді қосымшалар және жұмыс істеуге арналған интерактивті
құралдар.
-
Ұзақ
мәтіндерге қарағанда қысқа әрі маңызды ақпаратты артық
көреді. Қысқа және жарқын бейнелерді,
(TikTok, YouTube). инфографиканы немесе мемдерді пайдаланыңыз. Оқу
бағдарламаларын, воркшоптарды және онлайн курстарды
қосыңыз.
-
Өздерін
әртүрлі рөлдерде немесе жобаларда сынап көруге мүмкіндік
беріңіз. Үнемі кері байланыс беріп,
олардың жетістіктері мен ұсыныстарын мойындаңыз.
Сонда ғана біз жақсы
жетістіктерге жетеміз. Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, кез
келген қиыншылықты жеңе білетін, өз бетімен шешім қабылдайтын
тұлға, маман дайындаймыз. Ал оқу процесінде
оқытушы:
-
Фасилитатор
-
Модератор
-
Коуч
-
Тьютор
-
Стартап-тәлімгер
-
Мотиватор
бұлар фантастикалық әңгіме
кейіпкерлері емес, бұл қазіргі білім саласында оқытушының атқаратын
рөлдік репертуарындағы жаңа бенесі.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
https://www.dekanblog.ru/2022/09/strategicheskii-menegement/abbreviatury-spod-vuca-bani-plyus-pdca-i-hadi/
2.Леви В.
Искусство быть другим. – М., 1968.
3. Зимняя
И.А. Педагогическая психология. – М., 2000.
4.
https://journal.sovcombank.ru/zhizn/teoriya-pokolenii-x-y-z-i-bebi-bumerov-po-godam