"Қазіргі қазақ әндерінің тілі" ғылыми жоба

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазіргі қазақ әндерінің тілі" ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жобада қазіргі қазақ әндерінің тілі, соның ішінде кірме сөздер мен жаргон сөздердің қолданысы туралы зерттеу жұмысы көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы «Қазіргі қазақ әндерінің тілі»






























Мазмұны:


І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Қазақ әндерінің өткені мен бүгіні

2.2«Әннің де естісі бар, есері бар» Қазіргі қазақ әндерінің тілі

2.3«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы...» Қазақ әндеріндегі кірме сөздер

2.4Қазақ әндеріндегі жаргон сөздер мен варваризмдер

ІІІ.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

САУАЛНАМА

ІҮ.Қорытынды

Ү.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

































Аннотация

Жұмыстың өзектілігі:Қазіргі кезде сұранысқа ие болып тұрған, сөз мәдениеті сақталмайтын ән мен киноның қаптап кетуі қазақ тілінің мәртебесін түсірудің бірден бір себебі екенін, ұлттық менталитетімізге қайшы екендігін, шұбарланған, лас сөздермен былғанған әндердің күннен-күнге көбеюі тілдік сананың төмендеуін көрсететінін дәлелдеу.Бұл мәселені тілтанымдық тұрғыдан ғана емес, ұлттық мәселе ретінде қарастыру. 

Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты: Арзан, мағынасыз әндердердің қазақ әдеби тіліне қауіп төндіріп тұрғандығы, тіл нормаларының бұрмалануына, сауатсыздықты насихаттауға әкеп соғатын әсерін көрсету. Тілімізге жаргондардың, варваризмдердің және кірме сөздердің көптеп енуі тіл нормаларын бұзатындығын анықтау.Тіл тазалығын, әдеби норманы сақтауды насихаттау.

Деректілік негіздері: Жобамды жазу кезінде ғаламтор деректеріне, қазіргі қазақ әндері, тіл тазалығы туралы баспа беттеріндегі мақалаларға , ғылыми кітаптарға, тіл мәселесінің жанашырларының пікірлеріне шолу жасалды. Қазіргі трендтегі хит әндердің жинағы және сұхбаттар.

Ғылыми жаңалығы: Қазіргі қазақ әндерінің тілінде қолданылатын кірме сөздер, жаргон, варваризмдердің әсерінетілтанымдық тұрғыдан баға беру, ұлттық мәселе тұрғысынан талдау жасау.

Күтілетін нәтиже:

Осы жұмысым арқылы өз ортамда сөз мәдениеті жоғары ән тыңдауды насихаттаймын

2. Мағынасыз, лас сөздермен былғанған әндердің ұлт болашағы үшін кері әсерін айта отырып, таза сөйлеуге, ән тыңдауға талғаммен қарауға шақырамын

3 .Тақырып негізінде жинақталған материалдар қазақ тілі пәнінде, пән бойынша факультативтік курстарда қолдануға болады.

4.Тәрбие сағаттары мен дебат ойындарында тақырып немес қарар ретінде пайдалануға ұсынамын.

І.Кіріспе

Ән –құдіретті жанр, жан дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды сәулелі
өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Ән тағдыры, жалпы ән проблемасы тек
композиторлар мен әншілердің, музыка зерттеушілері мен өнер
қайраткерлерінің ғана жанашырлығын қажет етпейді. Ән тағдыры –халықтық
проблема. Олай болғанда, ән әлеміндегі түрлі өзекті мәселелерге халық үн қосуы керек деп ойлаймын. Қазіргі кездегі шындыққа жүгінсек ән салу, ән шығару өнерімізді төмендетіп алғанымызды көбі мойындайтын болар.Бүгінгі таңда экологиялық табиғат аясының тазалығы қандай қажет болса, ән тағдыры, ән болашағы да халқымызды әсіресе жастарды солай мазаласа екен деймін. Халық даналығы «әні бардың –сәні бар» дейді. Ал бүгін ше? Бүгінгі күні хит, тренд болып жатқан Ирина Қайратовнаның, Say Mo, Nurik Smit-тердің былапыт сөзге толы әндерін халықтың сәні деп айта аламыз ба? Алаңдататыны-осы әндердің мектеп жасындағы жасөспірімдердің сүйікті әніне айналғаны. Әннің басынан аяғына дейінгі сөздері-боқтық. Боқтық, былапыт, өзіне түсініксіз шетел сөздерін тыңдап өскен жас ұрпақ ертеңгі күні ұлттық мәдениеті мен ұлттық тілін біле ме, ұлтқа жани аши ма деген сұрақтар мені мазалайды. Қазіргі әндердің әуені, сөз жоқ, бірден ырғаққа елітіп әкетеді.Бұл әндерді өзім әуені мен ырғағы жақсы болғасын тыңдағам, бірақ сөздерін естігенде неге қазақ әндерінің деңгейі осылай түсті деген ой келді. Менің осы тақырыпты алғанымның да себебі-осы еді. Осы жобам арқылы қазақ әндеріндегі варваризм, жаргон, кірме сөздердің тілімізге, менталитетімізге, ұлттық мәдениетімізге кері әсерін тигізіп жатқанын, сонымен қатар, қазіргі әнге кірме сөздердің көптеп қолданылуы ана тіліміздің шұбарлануына әкелетінін, тіл мәртебесінің аяқасты болып жатқанындәлелдегім келеді. Әнге шетел сөздерін қосудың қажеттілігі қайдан пайда болды деген сауалдарға жауап іздедім. Менің ойымша, заманауи ән мен киноның тілінің шұбарлануы – ұлтымызға төнген қауіп.



ІІ Негізгі бөлім

2.1 Қазақ әндерінің өткені мен бүгіні

Қазақ халқының ән өнері ерте кезеңнен бері қалыптасып, дамып, тұрақты орныққан асыл қазына. Ежелгі фольклор саласындағы музыканың бір бөлігін құрайды. Ән өнері адамзаттың іңгалап туғанынан бастап өмірден өткенінен дейін құлағында сақталатын дыбысы. Осы орайда Абайдың өзі:

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнынан кірер денең», - деп бекер айтпаса керек. Ән  - халықтың ұлттық мұрасы. Ән ұлттың ежелден қалыптасқан сарынды да сазды үні. Әннің өзі ішінен ұлттық өнерге қарай негізделіп, әр ұлттың болмысына сай қалыптасып, орын алады. Ән өнері ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Оның дәлелі халық әндерінің ауыздан-ауызға таралып, одан бөлек нотаға түскен әндердің жинақталуы осының көрінісі.[1]

Қазақ халқының тарихында күрделі орын алған үлкенді-кішілі оқиғалардың қай-қайсысы болса да халық әнінің мазмұнынан көрініс тапқан. Ән –сан ғасырлық тарихы бар, талай-талай ұрпақтан өткен жол-жөнекей жөнделіп, өңделіп, жаңарып бізге жеткен жанр. Ғасырлар елегінен өткен әндер айшықтана, әрленіп музыкалық өнердің інжуіне, асыл қазынасына айнала берген.Халық әндерінде, XX ғасырдың бас кезі мен екінші жартысындағы әндердің тақырыбына назар аударсақ, қазіргідей «ғашықпын», «сүйемін», «махаббатым», «жылама» деген тақырыптар жоқ. Жарына немесе ғашығына арналған әндердің тақырыптарының өзі астарлы, бейнелі сөз тіркестерінен құралып, әндердің атауының өзі жанама түрде болып келген. Мысалы: «Айқызыл гүл», «Ақ саусақ, қыпша бел», «А,құрбым,айдай ау», «Алтын сырға,жез түйме», «Аман бол,құрбым», «Айқаракөз» ,т.б. Үкілі Ыбырайдың әйгілі «Гәкку» әнін Камила атты сүйген қызына арнап шығарған, мұнда ғашығы аққу құсқа баланып, ән қайырмасындағы аққу құстың үніне ұласатын «гәкку, гәкку» деген одағайлармен шебер үйлесім тауып,автордың ой-қиялынан туған арман мен зарды бейнелейді..[2] «Осындай астарлы түрде айтылатын әндер бүгінгі эстрададан сиреп кетті» деген пікірді қазақ эстрадасының жұлдыздары С.Медеуов, Р.Рымбаева, С.Майғазиев сынды әншілеріміз өз сұхбаттарында айтып жүр. Әндердің тақырыбындағы жан-жақтылық жоғалып, эстраданың барлығы дерлік махаббат  тақырыбын арқау еткен. Эстрадағы әндердің тақырып тапшылығын өткен әндерді еске түсіріп, салыстырып қарасақ бірден байқаймыз. Мысалы, менің әжемнің замандастары бас босқанда Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», «Қайықта», «Ақ бантик» сынды әндерін ерекше шырқайды. Бұл әндер қанша жылдан бері айтылып келе жатса да әлі сұранысқа ие, сөздері де, әуені де ел есінде сақталған. Аталған әндердің сөзінде менің махаббатым, «махаббат Гавайға апарады», «бұл менің зайыбым, мен сенің айғырың» деген сезімін тіке сипаттайтын не тұрпайы естілетін сөздер жоқ. Сезімді астарлап берген. «Арсы жағасында» әнінде «Сені іздеп арманым, сыр бойын шарладым» деп арманын, сағынышы, нәзік сезімін махаббатын астарлап жеткізсе жеткізсе, қазіргі әндерде «Айта алмаса несіне бұл махаббат?» деп бірден айта салады. Жақсы, бұл да заман талабы дейік, бірақ қазіргі әндерде сәнге айналған боқтық сөз, кірме сөздерді жастар сұранысын қанағаттандырамыз деп енгізуі дұрыс па? Қазіргі қазақ әндерінің көркемдік ерекшелігіне назар аударсақ ат үсті жасалған дүние екенін байқаймыз. Әндердегі өлшем - өрнектер, бейнелеу құралдарының қолданылуында поэзияның ішкі заңдылықтарына сай кемейді. Бүгінгі ән әлеміндегі поэзиямыз жүректен шықпай, ұйқас қуалаушылық, жаттанды, қайталауға толы болып бара жатыр.[3] Мектеп оқушысы әрі жасөспірім болған соң, мен де қазіргі әндерді тыңдаймын. Жоба тақырыбын ашу үшін қазіргі хит әндердің біразын тыңдап, осы мәселе туралы айтылған, жазылған пікірлерді саралауға тура келді. Жалпы, қазіргі қазақ әндерінің сөздерінің бұрмалануы, тілдік қолданыстардың орынсыздығы туралы филология, философия ғылымдарының кандидаттары мен докторлары, журналистер мен қазақ эстрадасының, қазақ өнерінің жанашырларының көптеген баяндама, мақала, сұхбаттары бар екен. Осыған қарап, ән сөздерінің бұрмалануы мен шұбарлану бүгінгі күннің өзекті проблемасы екеніне тағы көз жеткіздім. Зерттеліп, айтылып жүрген мәселе болса да өзім сияқты мектеп оқушыларының осындай «есер» әндерге неге құмар екендігін, жастар арасында әуен не әннің мазмұны маңызды екендігін, өздері тыңдап жүрген әндердің болашағы, ана тіліміздің мәртебесіне деген көзқарастарын білу-мен үшін маңызды.

Әннің, жалпы қоғамдағы қай саланың болмасын қолданыстағы сөздері мен терминдері заман жаңарған сайын жаңа сөздермен, кірме сөздермен толығып отырады. Жаһандану заманында ән де, өнер де, мәдениет пен білім, денсаулық сақтау саласы да тек төл сөздерді қолдану керек деген қағиданың болмайтыны, оының орынсыз екенін де білемін, алайда, ұлттық дүниетаным, ұлттық тіл, ұлттық менталитет, сөйлеу мәдениеті өз деңгейінде сақталғанын қалаймын. Осы жұмысым арқылы, ең болмағанда мектеп оқушылары мен айналамдағы достарыма сәл болса да көмегім тисе деймін.

































2.2«Әннің де естісі бар, есері бар» Қазіргі қазақ әндерінің тілі

«Әннің де естісі бар, есері бар» деп Абай атамыз айтқандай, қазір әннің стилі мен тілі заманға сай өзгерді. Бір әннің сөзін тыңдап, боқтық сөз бен кірме сөзден құлақ тұнда, бір әнді тыңдап, әншінің даусы мен орындауынан есінегің не ұйқың келіп не бір сөздің мың қайталануынан әнді өшіре саласың.

Музыка — адамның эмоциясына, санасына әсер ететін идеологиялық құрал. Кейінгі жылдары Қазақстандағы жас әншілер сапалы, қазақша әндер жазып, айтып жүр. Әсіресе, тіл, тарих, саясат, ұлт тақырыбын қозғайтын әндер танымал болып жатыр. Сөйтіп жастар арасында қазақша әндерді тыңдау кәдімгі трендке айналды. Музыкатанушы Мерей Сембай ауқымды мәдени бетбұрысқа ықпал еткен әндердің мағынасы мен әуенін талдап берген. [4] Мерей Сембайдың айтуынша, қазір қазақ әндері экспериментке толы. Кез келген жанрда айтатын әншілерді, әндерді табуға болады. Қазір джаз, soul, RB, рэп, блюз, электрон музыка жанры танымал болып жатыр. Оған қоса ескі өлеңдерді жаңаша өңдеу сәнге айналды. Мәселен, әншілер қазақтың ескі әндерін loung, bossa nova стилінде де айтып жатыр.

Музыкатанушы Ninety one тобының, Мархаба Сәбидің, Мирас Жүгінісовтің және Yenlik-тің әндерін талдапты. Ал енді сол Ninety one тобының «Жүр мәпелеп » деген әні «Ютуб» каналында 4 айда 995 000 қаралым жинапты, тыңдарман тарапынан 1333 пікір қалдырған. Әнінің сөзі мынау:

Сыйлы болып біледі, болғанмен ұяң

Жүр мәпелеп, екеуіңің ұяң

Ұрысу не жығу болмайды ғой е

Жанұя ол кие-екі ақ ой е

Қиын болу үй , жылы үйді ел жұмағым дейді

Онда кілкей ән мен күй және де жұпар иіс

Ілес оған, ілес соңынан, ілес соғыла, Ілес қуа!

Ілес оған, ілес соңынан, ілес соғыла, Ілес қуа!

Өзіңдей сүй, қуан!

Өзіңдей сүй, қуан!

Өзіңдей сүй, қуан!

Өзіңдей сүй, қуан!

Сенен туады!

Мына әннің сөзіне мен мүлде түсінбедім. Қай тілде айтып жатқаны да түсініксіз болды. Осы әннің бейнебаянының астындағы тыңдармандардың комментариіне қарасам, бұл ән «супер» Көпшілігі «гениально», «қоғамдағы мәселені қозғаған», «не деген талант иелері», «бұл өлеңнің сөздерінің мағынасы терең екен», «красивый казахский язык. А слова просто пушка» т.б пікірлерден көз сүрінеді.

Тағы тір әнге назар аударайық. V $ X V PRiNCE тобының «Су» деген әні.

Бiраз грязь, кызыл көзді кұртып жіберейн

Брат трәпкі берш, мына жерді сүртіп жіберейін

Өзім барып алып кетем, күтші мин

Даже пятка қалдырсаң да, ренжiмейм

Қайшы, гриндер, крышка, кағаз

Жарты литр, жига, магаз

Айтшы кiмге қандай заказ?

Бәрі дайын, енді бізге керек. Ал, осыны ән деп айтуға келе ме? Біз ән деп айтуға аузымыз бармаса да, тыңдаушылары аз емес. «Ютубта» 35 миллион қаралым жинаған. Пікір қалдырушылар тек қазақстандықтар емес, армения, түріктер, шешендер, өзбектер мен орыстар т.б ұлт өкілдері бар. Барлығы оң пікір қалдырған, демек тыңдарманның талғамынан да талабынан да шығып отыр деген сөз. Бұл әндерді жазған адамдар бір нәрсе жасап жатып, өтіп бара жатып, сүрініп бара жатып шығара салғандай болып көрінеді маған. Абай атамыз айтқан «есер» әндердің қазіргі замандағы көрінісі осы әндер дер едім.

Жалпы, қазіргі кезде осындай мағынасыз ән өте көп екеніне көзім жетті. Сауалнама нәтижесінде де, тойларда да, өзіміз, яғни оқушылар арасында да әннің сөзіне емес, ырғағына мән беретініміз айдан анық көрініп отыр. Бұл әндердің әуені қосылса, ырғағына еріксіз билегіміз келеді. Сондықтан да музыкатанушылардың да, әншілердің де айтатыны «біз қазіргі қоғамның сұранысын қанағаттандырудамыз» дейді. Қазіргі қазақ әндерінің осындай мағынасыз сөз бен келіссіз ұйқасқа құрылатыны, бір сөзден тұратын әндер екені өз алдына, қазіргі әндерге варваризм, жаргон, кірме сөздерді қолдану трендке айналған. Қазір хит болып жатқан қай әннің сөзін алсақ та кірме сөздерсіз бір ән жоқ десем қате болмайтын болар.








2.3«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы...» Қазақ әндеріндегі кірме сөздер

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы- деп өлеңнің, тілдің тазалығын жоғары қойған Абай атамыздың бұл өлеңін қазіргі әндердің сөзінің авторына айтса, қалай қабылдауы мүмкін? Қазіргі қоғамда ақынға-бишара, білімсіз деп, әнші мен тыңдаушыға надан, сөз танымайсың деп айта аламыз ба? Біз емес, өнертанушы, музыкатанушы не сыншылар айта алмайды, айтса да нәтиже шығып жатқан жоқ. 21 ғасыр ұрпағын «Альфа» ұрпақтары дейміз. Олардың ерекшелігі заманауи технология, гаджеттермен, сондағы ақпараттармен тәрбиеленуі, білім алуы. Мұндай ұрпақтар еліктегіш келеді. Альфа ұрпақ өмір мен интернетті түбегейлі біріктіреді. Ғалымдар оларды футуролог деп атайды. Қолына гаджет ұстап өмірге келгендер әлемді цифрлы технология арқылы таниды. Олар жаялықта жатып-ақ кезінде біз білген ақпараттан он есе көп ақпарат қабылдайды. Альфа ұрпақ үшін өзге елдің тілі, жері, салт-дәстүрі өте қызық. Сондықтан келешекте бұл ұрпақ жаңа әлем құру үшін кез-келген елдің, тілдің адамдарымен тіл табысып кете алады. Сонда бұл ұрпақ тап бүгінгідей кірме сөздерге құрылған әндер мен фильмдерді қабылдап өсетін болса, өзге елдің мәдениетіне еліктеп өсетін болса ұлтымыздың тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрі не болады деген сұрақ мазалайды.
https://ernur.kz/tarbiye/ .alfa-balalar-2010-zhyldan-bastap-tughan-balalardy-urugha-bolmaidy

Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздерсөз тіркестеріжұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер»«калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. [3] Тілімізге кірме сөздерді қабылдау мен қолдануоларды орфографиялық нор-

маларымызға сәйкес жазу мәселесі  бір ғасыр бойы күн тәртібінен түспей келедіХХ ғасыр басында ардақты А.Байтұрсынұлы «Жат сөздерді басқалармәселенорыстар өз тілінің заңына үйлестіріп алғандасолай алуға біздің де қақымыз бар» десеХДосмұхамедұлы  «Тілге кірген жат сөздер де сіңу үшінтілге «өзілік» болуы үшін сол тілдің  заңымен өзгеріптанымастай халге келуі керекБүйтпесе жат сөздер бұралқы болыптілдің шырқын бұзадытілге зиян береді» деполарды тілімізге икемдеп қолдандыОлардың көзі кеткеннен кейін біз жат сөздерді қабылдаудың  жаңа тәртібін белгілепкірме сөздерді өзгеріссіз алуға көштікСол жолмен  әлі келемізӘлі күнге дейін қазақ қоғамында «Өзге тіл сөздерін өзгертпей  алғаннан тілге келер зиян жоқолар сөздік қорымызды байытады» деген пікір үстемБұрын орыс тілінің сөздерін қаз -қалпында қабылдап келсекенді ағылшын сөздерін  өзгертпей алуға құмарлар артып келедіАл шын негізінде өз тізгініне ие бола алмай қалған кейбір халықтар болмасакез келген ұлт тілі өзге тілден сөз алғанда оны өз тілінің табиғатына икемдеп алады. [5] Келтірілген пікірлерге сүйенсек, кірме сөздерді алсақ та икемдеп, өз тілімізге лайықтап алуымыз керек. Кірме сөздер Абай атамыздың өлеңдерінде де көп қолданылған. Қазақ әндерінде де бар. Мысалы халық әні «16 қызда» «молодушка» «не стоит жить теуге» деген кірме сөздер бар, бірақ әзіл ән түрінде болғасын әннің болмысын өзгертіп тұрған жоқ. Ал қазіргі әндердегі кірме сөздер түгел түйдегімен қолданылады. Бұлай қолданысты тіл мамандары «гибрид» деп атайды. «Гибрид деген бір сөзі орысша, бір сөзі ағылшынша. Я болмаса бір түбірі қазақша, бір түбірі ағылшынша немесе екеуі де ағылшынша. Оның бәрі тіл мәдениетіне кері әсерін береді. Әзірлеушілер неғұрлым ондай сөздерді көп қолданса, соғұрлым ол креативті, сәнді болып көрінетін жағдайға жеткізеді», - дейді филиология ғылымдарының магистрі А. Сейітбекова.

Мысалы:

Достарым менің золотой (Рахымжан Жақайым) Әні: Ж.Айымбетов, сөзі: М.Түнқатар
Жүрегім менің молодой,
Достарым менің золотой,
Бауырларым бар дорогой,
Пах, шіркін ғажап қой!

Жылтыр көйлек (Еркебұлан Құмаров) Әні мен сөзі қарақалпақстандық Сәрсенбек Жеткербаев
Если ты хочешь сақина куплю
Сақина куплю
Құдаша оңаша сөзім бар саған
Сүйемін өзіңді құлақ сал маған
Сенші маған.

Э мен на Рахате (Ганвест)
Мен на кайфе э
В акурате э
Белый дым заряжен
В аппарате э
Еду быстро э
Тема катит э
Денег много э
Всегда платят
Мен на рахате
Кыздар на рахате
Мен горячий парень
На халате э

Берілген ән мәтіні қарапайым ауызекі тілдің ( мен на кафэ, в акурате, молодой, золотой, сақина куплю) үлгісімен жазылған. Ешқандай әдеби, көркемдік жоқ. Ұлтымыздың таным-түсінігіне тән емес әндердің көбеюі– тілдік қана емес, әлеуметтік мәселе. Қазіргі қазақ әндерінің сөз мазмұнына қарасақ, рухани мәдениетіміздің қандай халде екенін айтпай-ақ болжап білуге болады. Көптыңдалатын, ес-түссіз билеп жүрген әндеріміздің сөзінде мән, мазмұн жоқ. Мысалы Шәмші қалдаяқовтың бүкіл қазақ орындайтын «Ана туралы жыр» әні бар болғаны 2млн 400 мың қаралым жинаса, Ганвесттің «На рахате» әні 25 млн қаралым жинаған. Ал, Ескендір Хасанғалиевтің екінші әнұранымызға айналған «Атамекен » әні 609 мың қаралым жинаса, Ирина Кайратовнаның «Көк ту» деген әні 15 млн қаралым жинаған. Осы сандардан- ақ біздің қоғамның талғамын, тыңдарманның талап деңгейін байқауға болады. Бұл сандарды салыстыруға да келмейді.










































2.4. Қазақ әндеріндегі жаргон сөздер мен варваризмдер

Жаргон (ағылш. slang; jargon;) - әлеуметтiк диалект; айналымдарды ерекше лексикамен және фразеологиямен, экспрессиялылықты әңгiме аралық тiлден және сөз жасау құралдардың ерекше қолдануымен айырмашылығы болады, бiрақ меншiктi фонетикалық және грамматикалық жүйемен ие болмайды. Жаргондық лексиканың бөлiгi - әлеуметтiк топ. Олардың ортақ қорының сөзi форманы өзгерте алады. Жаргонның лексикасы қайта мағыналау, метафоризации, қайта ресiмдеу, дыбыстық қысқарту сонымен бiрге басқа тiлдегi сөздер және морфемалардың белсендi меңгеруi. Мысалы: үй - пәтер, бакстер - долларлар, қол арба - автокөлiк, тартып қалсын - кетсiн, баскет - баскетбол, чувак - (сыған тiлден) жiгiт. Жаргон қазiр тілімізде, әсiресе, (жастар сленгi) жастардың тiлiнде [1] Варваризм сөздерге бір тілдің өзінде баламасы бола тұрып, сол тілге қажеттілігі болмаса да, басқа тілден орынсыз қолданылған сөздер де (ужасно деген сөздің қазақшасы — сұмдық, дальше дегеннің бублеті — әрі, әрі қapaй, отлично — өте жақсы т.б.), ауызекі сөйлеу мен халық ақындарының шығармаларында тыңдаушының көңілін тауып күлдіру, әзіл-қалжың айту максатымен де («Киргизский красивой, Қыздары оның сұлуы-ай, я прошу поцелуй, He женатый, холостой» (Жаяу Мүса), қоғамдағы жағымсыз, қу бұзақы адамдардың екі жүзді мінез-келбетін, жексұрын қылықтарын халық алдында мазақ, сықақ етіп, келемеждеу мысқалдау мақсатымен де, қаламгердің өз геройларын басқадан айрықша көрсету үшін қолданған варваризмдері де (— Нешево, нешево, — деді ол, суыққа піскен беті алмадай қызара бөртіп, — не бойся, он хороший (C.M), жатады.

Қазақ әндерінде қазір осы жаргондар мен варваризмдер өте көп қолданылады. Мысалы, қазіргі трендтегі әндердің бірі Ирина Кайратовнаның орындауындағы «Чина» әні. «Ютуб» каналында 80 млн 964 мың 866 қаралым жинаған. Қалдырған пікірлер де керемет. Енді әннің сөзі мынау:

Короче, Чинаны білсең, болды
Кұлақ салып тында Чина братандарыңды
Бәрін білетін ағаларым аман бол
Иісіне оның қыздар жатып алғандай
Қалғаны и так таниды Чина братанды
Бәрі сыйлайды оны, бүкіл қалада
Нағыз жігіт деп осыны айт
Енді, Иісіне сай — оның астына тай керек
Иісіне сай, астына тай
Уайымдамаймын, аузыма май
Иісіне сай, астына тай
Уайымдамаймын, аузыма май
Немесе: мағынасы, мәні жоқ әндердің бірі «Зың-зың»

Ал Мика болса ваще дын дын дын

Көздері оның дәу дәу дәу дәу

Шықтым үйден формамды үтіктеп

- че қалай брат?

- Ептеп, ет жеп

Бүгінге цель қалаға шығу

Арасында 3-4 қыз сындыру

Көздері банкі прямой осанка

- Чо там брат, делай

- Перед как танка

Құралай көз, қолаң шаш.

Алма мойын қиғаш қас

Хопс попс Дженифер Лопс

Сен менің Айфоным

Мен Стив Джобс

Баланс болмаса майл ру агент

Сенің фигураң ат екен

Құлаққа түрпідей тиетін, бір сөзі он рет қайталанатын тағы бір әннің сөзін көрейік:

Взрослые не понимают что происходит с нашей современной молодожью
Әңгіменің түбіне никто не даст ответ мне на вопрос как? почему?
Маған пох кім сенің көкең, маған нах керек емес кокаин
Маған пох кім сенің көкең, маған нах керек емес кокаин
Маған пох, мағына, маған пох маған пох мағына
Маған пох, мағына, маған пох мағына мағына
Маған пох-пох-пох, мағына-на-на
Мұндай әндер құлақты жауыр қылып, ана тілінің деңгейін таптаудан басқа тыңдаушыға, әсіресе, жастарға еш тәрбие бермейді.

Тіл тазалығына келгенде тіл мамандары бізге Әзербайжан елінің тәжірибесін алу керегін айтты.

«Әзербайжанда Қазақстандағыдай ана тілінің дамуына қызмет ететін және оны зерттейтін Насими атындағы Тіл білімі институты бар. Онда 1991 жылы латын әліпбиіне көшкеннен кейін, тіл тазалығы мәселесімен қызу айналысатын – мониторинг бөлімі ашылды. Бұл бөлім әзербайжан тілінің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тіл тазалығын сақтау және БАҚ, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, ел алдында жүретін адамдардың (әртіс, әнші, қоғам қайраткерлері, журналистер, ғалымдар) әзербайжан тілі нормасына сәйкес қолданылуын, фонетикалық және грамматикалық қателердің болмауын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Қазіргі кезде бөлім ел президенті Гейдар Әлиевтің «Әзербайжан тілінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету туралы» жарлығы негізінде өз алдына дербес «Мониторинг орталығы» ретінде құрылды. Осы орталыққа ел президентінің өзі тікелей төрағалық етеді. Тіл тазалығын сақтау туралы жарлықты бұзған жеке және заңды тұлғаларға заң бойынша айыппұл салынып, тиісті әкімшілік шаралар қолданылатын болады.» деп көрсетілген. Бізге де осындай заң керек-ақ. Қазір жастар арасындағы музыкалық сленгтердің ерешеліктері көрсетіліп, шығу тарихы зерттеліп, қазақ лингвистикасына әсері талқыланады. Жұмыстың негізі лингвистика тұрғысынан өзекті әрі маңызды болып табылады. Себебі, американдық мәдениеттің ықпалы қазақ халқының тілдік қорына өз әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта, қазақ тіл білімінде заман талабына сай кейбір жаңашылдықтар зерттеуден тыс немесе зерттей түсуді қажет етіп отыр. Мұның бірі — жастар арасында қолданысқа ие музыкалық сленгтер. Жаргон сөздер тек ауызекі сөйлеуде ғана емес, сонымен қатар газет-журналдар бетінде, кино мен теледидарда көрініс тауып жүр. Жастар жаргондары жалпы қазіргі тіл үшін өте маңызды үрдістерді айқындап, олардың жан-жақты зерттелуінсіз тілдің лингвистикалық сипаты толық бола алмай отыр. Аталмыш тіл ішіндегі тілдің ерекшелігі- оның кең өріс алуында болып отыр. Зерттеулер көрсеткендей, жаргондарды сөздерді 13–23 жас аралығында, оның ішінде ұлдардың 50 пайызы, арулар қауымының 33 пайызы кең қолданады. Көбінесе сленгтердің мол ауқымын музыкадан,әсіресе хип-хоп жанрынан таба аламыз. Себебі бұл қазіргі таңда ең актуалды қолданыс өрісі, тіпті мәдениетіне берік Қытай мен Жапон елі де ерік берген сала болып табылады. Бүгінгі күні қандай бір тіл болмасын жастар тілі мәселесі лингивстердің назарына ие болып отыр. Біздің қоғамда сленг сөздер күнделікті ауызекі сөйлеуде кең тарауда және өскелең ұрпақтың сауатына әсер етуде. Алайда бұл сөздер өз бетінше өте маңызды, себебі олар- бүгінгі тіршіліктің бір көрінісі, заман талабы, әлемдік көштен қалмаудың бір жолы. Сол себепті қанша алдыңғы буын ескертіп айтса да, аталмыш «тіл ішіндегі тілдің» өмір сүруі әлі жалғаспақ. Жастар арасындағы жаргондар мен варваризмдердің құрылуына музыканың үлесі зор екені белгілі болды.










Практикалық бөлім. Сауалнама нәтижелері

Сұрақтар үш буын өкілдеріне қойылды. Сауалнама қазіргі әндер тіліндегі варваризмдер мен жаргон сөздердің болашақ ұрпаққа, тіліміздің ертеңіне, патриоттық сезімдеріне тигізер әсерін бақылау мақсатында жүргізілді. Сауалнамаға мектебіміздегі

  1. 5-7-сынып оқушылары

  2. 9-11-сынып оқушылары

  3. Мектеп ұстаздары

  4. Ауыл тұрғындары қатысты

Сауалнамаға мынадай сұрақтар алынды:




Сауалнама нәтижесінде:

Жасөспірімдердің қазақ ән әлеміндегі тілдік танымдары зерттелді, еліміздегі жастардың көпшілігі тілге қатысты жауапкершілікті ескермейтіндіктері, тіл мәселесіне немқұрайлы қарайтындықтары анықталды.




















Қорытынды:


Біздің ортада қазақ әндерінің тілі қазақ әдеби тіліне қауіп төндіріп тұрғандығы, тіл нормаларының бұрмалануына, сауатсыздықты насихаттауға әкеп соғатын әсері туралы пікірлер жиі айтылады.Әдеби тілімізге жүйелік жаргондардың енуі тіл нормаларын бұзады. Ана тілімен сусындап өскен жастардың тіл мәдениетін бұзып қана қоймай, мемлекеттік тіл мәртебесін төмендетеді, бай тілдің жоғалуына әкеп соғады. Осы жұмысым арқылы өз ортамда сөз мәдениеті жоғары ән тыңдауды насихаттаймын

2. Мағынасыз, лас сөздермен былғанған әндердің ұлт болашағы үшін кері әсерін айта отырып, таза сөйлеуге, ән тыңдауға талғаммен қарауға шақырамын

3 .Тақырып негізінде жинақталған материалдар қазақ тілі пәнінде, пән бойынша факультативтік курстарда қолдануға болады.

4.Тәрбие сағаттары мен дебат ойындарында тақырып немес қарар ретінде пайдалануға ұсынамын.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2025
324
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі