400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі қазақ тіліндегі диалект сөздердің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі диалект сөздердің өзіңдік ерекшеліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі – өзіндік даму жолы бар, бай әрі көркем тілдердің бірі. Оның құрамында әдеби тілге тән жалпыхалықтық сөздермен қатар, белгілі бір аймақ тұрғындарына ғана тән диалект сөздер де кездеседі. Диалект сөздер – тілдік бірліктердің әдеби тілден тыс қолданысқа ие, белгілі өңірде ғана жиі қолданылатын түрлері болып табылады.

 

Қазіргі қазақ тіліндегі диалект сөздердің қалыптасуына тарихи, географиялық, әлеуметтік және мәдени факторлар әсер еткен. Бұл сөздер, негізінен, үш бағытта байқалады: біріншіден, көне түркі сөздерінің сақталуы; екіншіден, басқа тілдерден енген лексикалық бірліктер; үшіншіден, тұрмыс-тіршілікке, шаруашылыққа байланысты туған ерекшеліктер. Мысалы, Батыс Қазақстанда «түс» сөзі орнына «ұйқы», ал Оңтүстік өңірде «шелек» орнына «черек» сөзі қолданылуы мүмкін.


Жергілікті тіл ерекшеліктері қалада біршама орнығып қалған немесе орталыққа жақын жерде тұратын тұрғындардың тілімен салыстырғанда, көбінесе орталықтан шалғай жерлерде, ауылдық жерлерді мекен ететін адамдардың тілінде жиі кездеседі. Мұндай ерекшеліктерді олар жергілікті ерекшелік ретінде қабылдамауы да, әдеби тілге тән норма есебінде тануы да мүмкін.

 

Диалект сөздер белгілі бір өңірдің мәдениеті мен тарихи ерекшеліктерін бейнелейді. Олар тілдің аймақтық көрінісі ретінде қарастырылады. Алайда қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының, интернет пен әлеуметтік желілердің ықпалы диалект сөздердің қолданыс аясын тарылтып келеді.

 

Ж.Досқараев көптеген сөздер моңғол, қалмақ сөздерімен ұқсас келетінін айта келіп, бірнеше мысал келтіреді. Қазақ-моңғол тілдерінде: Көл – гөл, бұлақ – бұлағ, малақай (құлақшын) – малақай (бөрік), саба (қымыз құятын ыдыс) – саба (ыдыс, нәрсе сақтайтын орын, қалта, т.б.). Сабын, сүлдер (құр сүлдері) – сабуын, сүлдір, елек (елеуіш) – елек (елеуіш), темекі – тамаг, насыбай – насыва, таға (аттың тағасы, қара) (сын.мағ) – тақа, хара, ары – ару, бұрыс – бұру, мүлде – мүлта болып жазылады.


Сол себепті диалект сөздерді жинақтау, зерттеу және оларды тіл білімінің қорына енгізу – қазақ тілінің тарихи дамуын тану мен тіл байлығын сақтауда маңызды рөл атқарады деп есептеймін


Жұмағали Фейруза Маратқызы

4-курс студенті

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 мамыр
104
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі