Павлодар педагогикалық университетініңстуденті,
Сембаева А.С
ғылыми жетекшісі: Утилова А.М
Қазіргі қоғамдағы білім беру мәселелері
Аннотация: Мақалада ақпараттық қоғам жағдайында медиа-білім беру мен оқыту үдерістерінің өркениетті бағыттарының жан-жақты талдауы қарастырылады. Қазіргі өмірдегі компьютерлік технологиялар негізінде туындаған ақпараттық білім берудің маңыздылығы айқындалады. Технологияларды дамытуға баса назар аудару – өзекті үрдіс екендігі анықталды. Егер «медиа-білім» мен «медиа-мәдениет» негіздерін үйретуге арналған жүйелі бағдарламалар әзірленіп, енгізілетін болса, білім беру экономикадан ажырамас бөлікке айналады. Осылайша, «ақпараттық экономика» ұғымының мәні ашылады. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына әлеуметтік жіктелген қызмет түрлері арқылы «кіреді». Білім – қоғамның әлеуметтік-кәсіби құрылымының өнімді факторы. Жалпы білім беру жүйесін ілгерілету тәжірибесі әртүрлі. Соңғы жылдардағы бұл саладағы реформалардың түпкі мақсаты – білім беру саласында академиямен бірлесіп қашықтан оқытуды жетілдіру. Осы бағытта білім берудің үш деңгейлі жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура), тестілеу әдістемесі, білім беру жүйесіне кредиттік технологияны енгізу – қоғам көзқарастарының әртүрлілігіне қарамастан – өмір шындығы.
Кілт сөздер: ақпараттық қоғам, медиа-білім, медиа-мәдениет, ақпараттық технологиялар, ақпараттық экономика, қашықтан оқыту, білім беру реформалары, білім берудің үш деңгейлі жүйесі, тестілеу әдістемесі, кредиттік технология, әлеуметтік құрылым, білім беру жүйесі, білім беруді цифрландыру
.
Аннотация: В статье рассматриваются подробный анализ хода цивилизованных процессов медиаобразования и обучения в контексте информационного общества, вытекающих информационного образования компьютерных технологий в современной жизни. Выяснилось, что упор на развитие технологий является актуальным процессом. Если будут разработаны и внедрены систематические программы обучения основам «медиаобразования» и «медиакультуры», образование станет неотъемлемой частью экономики. Таким образом, раскрывается содержание нового понятия «информационная экономика». Система образования «входит» в социальную структуру общества через социально классифицированные виды деятельности. Образование является продуктивным фактором социальной профессиональной структуры общества. Есть разный опыт продвижения системы общего образования. Конечная цель реформ в этой области в последние годы — улучшить дистанционное обучение в сфере образования совместно с академией. В этом направлении трехуровневая система обучения (бакалавриат, магистратура, докторантура), методика тестирования, внедрение кредитной технологии в систему образования, несмотря на разнообразие взглядов общественности — реалии жизни.
Ключевые слова: информационное общество, медиаобразование, медиакультура, информационные технологии, информационная экономика, дистанционное обучение, образовательные реформы, трехуровневая система образования, методика тестирования, кредитная технология, социальная структура, система образования, цифровизация образования.
Abstract: The article presents a detailed analysis of the civilizational processes of media education and learning in the context of the information society, arising from the integration of computer technologies into modern life. It was revealed that emphasis on technological development is a highly relevant process. If systematic programs for teaching the basics of "media education" and "media culture" are developed and implemented, education will become an integral part of the economy. Thus, the content of the new concept of "information economy" is disclosed. The education system enters the social structure of society through socially classified types of activities. Education is a productive factor in the social and professional structure of society. There is diverse experience in advancing the general education system. The ultimate goal of recent reforms in this area is to improve distance learning in cooperation with academic institutions. In this direction, a three-level system of education (bachelor's, master's, doctorate), testing methodology, and the introduction of the credit system into the educational process — despite public diversity of opinion — have become a reality of life.
Keywords: information society, media education, media culture, information technologies, information economy, distance learning, educational reforms, three-level education system, testing methodology, credit technology, social structure, education system, digitalization of education.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін өзгертуге әкелуде. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылуда. Сапалы терең білімді меңгеруге жастарымыздың жеткілікті дәрежеде цифрлық технологиядан сауаттылығы бар деп есептейміз, себебі олар өз өмірлерінде жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Оффлайн режимдегі оқыту — интернет ресурстарының (электрондық пошта т.б.) ұстаз бен шәкірт арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар — интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы. Осы технология бойынша оқытуды ұйымдастырып, бүкіләлемдік желі көмегімен барлық компьютерлерді бір желіге біріктіріп сабақ өтуші тұлғаны тьютор деп атайды.
Осы жұмысты жандандырып, бірорталықтанған білім беру мен оқытудың жаңа әдістерін бағдарламалармен цифрландыру қажет. Қазақстан соңғы жылдары компьютерлік техника мен технологиялардың қарқынды дамуына байланысты мемлекетті басқарудағы ақпараттық жүйені қолдану заман талабына айналып отыр. Сондықтан ақпараттық жүйенің дамуын қарастыру мемлекетті басқарудың тәсілі ретінде өзекті мәселе болып отыр. Бүгінде ең бастысы — дамудың нарықтық жағдайында маңызды болып есептелетін, ақпараттық технологиялық және техникалық құралдардың ұсынысы мен сұранысы негізінде мемлекетті басқарудың ақпараттық жүйесінің қажеттігі туындап отыр.
Постиндустриалды теория аясында бірқатар авторлар жаңа технологиялық өркендеуден белгі сипаттарына көңіл аударады. Постиндустриалды теорияны жақтаушылар ақпараттық технологияны мысалға алып, болып жатқан технологиялық өзгерістердің ішкі мәнін көрсетеді. Ақпараттық қоғамда ең алдымен, өндірісті ұйымдастырудың түрі, сипаты, мазмұны өзгереді. Енді индустриалдық қоғамдағыдай өндірістің шоғырлануының керегі жоқ. Ақпараттық технологиялар көмегімен алшақ орналасқан өндірістік үдерістерді әрі экономикалық орталықтан басқаруға болады. Ақпараттық қоғамда кеңселік басқарудың мәні төмендейді және жұмысшылар өз міндеттерін өздігінен атқарады, ал әрбір ұйымдасқан ұжымдар белгілі бір міндетті шешуге бағытталады. Құндылықтың түпкі мазмұны алмасады, мұнда қоғам компаниялардан тек экономикалық емес, әлеуметтік мәселені шешуді талап етеді.
Тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамның белсенділігі артып, олардың қызметі әр түрлі тұтынушылардың талабымен үйлесім таба бастайды. Ақпараттарды жүйелі және желілік зерттеулердің әдістемелік қарқындылығы өте жоғары деңгейге көтеріледі, бұл белгілі бір түрде ұжым мен үй шаруашылығы арасындағы өзара қарым-қатынасты біртұтастандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ макродеңгейдегі секілді микродеңгейлік мәліметтерге де көбірек көңіл бөлінеді, сондықтан әлеуметтанудағы желілік зерттеу жүйесінің дамуы үшін негіздер пайда болады.
Желілік тәсіл жан-жақты мағынаға ие, оның төңірегінде пәнаралық талдаулар жүргізуге болады. Техникалық жетістіктерді негізге ала отырып қарастырғанда, болып жатқан ғаламдық өзгерістер талдауын былай ерекшелеуге болады: Ақпараттық төңкеріс адамзат қызметінің барлық аймағын қамтыған жағдайда, мәдениетті, рухани бай қоғам мен жаңа экономиканы қалыптастырудағы кездесетін қиындықтарды талдап-саралау алдыңғы орынға шығады. М. Кастельстің пікірі бойынша желі дегеніміз — ғаламдық бәсекелестік және мемлекеттің технологиялық құралдары қатарындағы іске асатын екі маңызды бөлігі [1]. Ақпарат басқа желілерге қарағанда кез келген бөгет шекарасынан өте алатын қор болып есептеледі, сондықтан да, әлемдік жаһандану үдерістерін таратушы бола алады. Ақпараттық қорды іске асыру оны желілік құрылымдарда орындау арқылы жүзеге асады. Ақпарат дамудың барлық басқа да қорларына қарағанда бірден-бір орын алатын ерекше қор болып табылады.
Күшті қарқынмен келе жатқан әлемдік технологиялар нарығымен бірге халықаралық ақпарат нарығы да өсуде, ал ақпарат үнемі жаңартуды қажет ететін, қымбат тұратын құнды тауар болып отыр және солай болып қала береді. Ақпарат қоғамының ерекшеліктерін төмендегідей бірқатар өзіндік белгілермен сипаттауға болады: жастардың мамандықты жоғары деңгейде білім алуға мүмкіндік беретін, қоғамның ой-өрісі мен ғылыми күш-жігерін арттыруды ұдайы ендіретін білім беру жүйесінің дамуын қалыптастыру; жаңа компьютерлік технологияларды құрастырып өндіру және әлеуметтік зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін ғылыми бөлімдердің, ғылыми орталықтардың, арнайы зерттеу жүргізетін зертханалардың барлық ұжымдарда қолжетімді болуы; тез әрекет ететін, жаңа құрылғылармен жабдықталған, арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етілген, еске сақтайтын, тез қабылдайтын параметрлері бар сенімді, қымбат емес компьютерлердің халыққа қолжетімді болуы үшін көптеп енгізілуі және т.б. мәселелер мемлекет көлемінде сөз жүзінде емес, нақты іске асырылуы қажет.
Қазақстан тұрғындарының интернетті үнемі пайдаланатындар көрсеткіші әлі де болса төмен деңгейде. Іс жүзінде барлық университеттер интернетке қосылуға рұқсат алған. Бірақ әлеуметке қолжетімділігі көңілге қонымды емес. Соңғы кездері шалғай аудандардағы тұрғындарды оқытудың тиімді әдісі ретінде қашықтан оқыту әдісіне көп мән берілуде. Ақпараттық қоғамдағы жаңа өмір салты азаматтардың саяси-экономикалық шешімдерді қабылдауына жағдай жасайды. Ақпараттық технологияның дамуы «метатехнологияның» туындауына әкеледі, мұны қолданушылар мен бұл технологияны ендірушілер арасында бәсекелестікке кең жол ашады. Метатехнология — пайдаланушының оларды әзірлеушілермен түсінуіне мүмкіндік бермейтін технологиялар. Тікелей көшіру немесе артта қалу себебінен мүмкін емес немесе білім мен ресурстардың жетіспеуі себебінен жүзеге асырылмайды. Сондай-ақ, ақша құндылығы өз мәнін азайтып, технологияға орын берген ақпараттық қоғам орнауына жағдай туғызады.
Негізінен технология қоғамдағы процестердің өзіне тән өзіндік ырғағын едәуір арттыра отырып, адамның ортаға әсер ету үдерісін жеделдетеді. Алайда, технологиялардың өздері баяу дамуда (адамзат тарихында жүйенің құрылымын өзгерткен екі революция ғана болды. Біз бұл жерде индустриялық революцияларды айтып отырмыз. Оның өзі әлі де болса толыққанды зерттелмеген). Яғни, технология — ақыл-ой табиғатқа әсер ететін, ақыл-ойдың қатысуынсыз дамитын механизм.
Қазақстан Республикасындағы интернет нарығын талдау — ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның маңызды бөлігі ретінде қалыптасып, қоғамдық байланыстың орталықтанған компьютерлендіру жүйесі түрінде және «барлығы үшін» үлгісін тұтынуда жаппай коммуникацияның ыңғайлы инфрақұрылымы ретінде қоғамның назарын өзіне аударып отыр.
«Білім экономикасы» термині бүгінде дамудың постиндустриалды кезеңінің синонимі ретінде қолданылады, онда дәстүрлі экономика секторлары жаңа элементтермен табиғи үйлесімділік тауып, барлық жүйені міндетті түрде жаңа сапаға көтереді. Кейде «білім экономикасын» заманауи инновациялық-индустриалды экономикада экономикалық ортаға жоғары технологиялардың әсерінен туындайтын әр түрлі өзгерістердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі [2]. Дегенмен де, «білім экономикасының» өзіндік ерекшелік белгілері бар:
Материалдық құндылықтардың интеллектуалдық құндылықтарымен салыстырғанда айтарлықтай арзандауы. Бұған сенімді болу үшін, бүгінгі таңда жетістікке жетіп отырған белгілі бір компанияның қазіргі құнымен, он жыл бұрынғы құнын салыстырмалы түрде қарап, оның активтерінің құрылымы қалай өзгергендігін көруге болады.
Нарықты жаһандану. Бұрын географиялық орналасу бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын факторлардың бірі болса, қазір бұл факторлар өз маңыздылығын жоя бастайды, дегенмен мыңдаған шақырымдағы басқа континенттегі бәсекелестер саны арта түседі. Мысалы, АҚШ-та адам үйден шықпай-ақ жолаушылар самолетін иеленген жағдай тіркелген. Барлық авиаөнеркәсіп диллерімен ғаламтор арқылы алдын ала хабарласып, өзіне тиімдірек ұсынысты таңдап, ұшақты сатып алған факторларды мысалға келтіруге болады.
Адам факторындағы «білім экономикасы» адамның сана-сезімін басты қозғаушы күшке айналдырады. Тек «білім экономикасы» жағдайында ғана жаңа идеялар, креативті ойлар, жаңа міндеттер қою, оларды жүзеге асырудағы нақты әдістер қыруар пайда әкеледі. Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдердің негізінде адамның терең ақыл-ойы жатыр. Жаңа идеяларды тудыратын адамдар өте құнды капиталға айналды [3]. Сәйкесінше, мұндай адами капитал факторларын басқару әдісі де өзгеріске ұшырайды. Мұнда тек жаңа басқару алгоритмі үстемдік етеді. Мысалы, Microsoft компаниясының басшылығы бүкіл әлемдегі аппараттық жаңа технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы тек талантты мамандарды жинап, оларға компанияның көптеген миллиард доллар тұратын акцияларын беру арқылы қызметкерлерінің компанияның қаржылық-экономикалық қызметінің нәтижесіне қызығушылығын арттыра түсті. Креативті ойлар мен өлшемдердің теориялық негіздемесі австро-американдық экономист Й. Шумпетердің жұмыстарынан көрініс тапты [4]. Ол алғаш рет шығармашылықты экономикалық дамудың басты факторы ретінде қарастырды.
Халықтың жаппай сауаттылығы — орта білімнің жалпыға бірдейлігі мен жоғары білім алу мүмкіндігінің жоғары деңгейі, барлық сатылардағы терең оқу, білім беру бағдарламаларының ғылыми тереңдігі, ғылыми-зерттеу бағыттарының жан-жақтылығы, кез келген халықаралық өлшем бойынша білім мен ғылымдағы орасан үлкен кадрлық әлеует — кеңістік кезеңдегі даусыз тарихи жетістіктердің жемісі. Оқу орындарының желісін жетілдіру үрдісі олардың құрылымдарын жақсартумен қатар жүруде. Жоғары кәсіби білім интернационализациялауды арттыру үшін білім беру қызметтерінің сапасын кезең-кезеңімен арттыру, «еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі» және «жоғары оқу орны мен мамандық мәртебесіне байланысты» қағидасы мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, мемлекеттік-жекеше білім беруге кредит беру жүйесін одан әрі жетілдіру; жетекші шетелдік оқу орындарымен әріптестікті дамыту (мобильділік негізінде); техникалық білім беруді дамыту жөніндегі күш-жігерді шоғырландыра отырып, жоғары білім беру саласында техникалық білім беруге ерекше назар аудару — жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізуге түрткі. Біз әрбір қазақстандықтың нақты мамандықтың кәсіби иесі болуына мүмкіндік жасайтын жүйе құруымыз қажет.
Қорыта айтқанда, қазіргі жаңа ІТ технологиялық қоғамға өткен заманда жастарға технологияларды меңгеруіне көбірек көңіл бөлуді қолға алу — кезек күттірмейтін үдеріс екендігі айқындалды. Оларға «медиабілім» мен «медиамәдениеттің» негіздерін жан-жақты оқытатын жүйелі бағдарламалар жасалып, іске асырылса, білім экономиканың ажырамас құндылығына айналары сөзсіз. Сонымен «ақпараттанған экономика» деген жаңа ұғымдардың мазмұны ашыла түседі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына «шығуды» әлеуметтік жіктелген қызметтің көмегімен жүзеге асырады. Білім — қоғамның әлеуметтік-кәсіби құрылымының ендіруші факторы ретінде көрініс табады. Ол әрбір адамның әлеуметтік құрылымдағы әлеуметтенуі мен әлеуметтік мобильділіктің негізгі арнасы болуы шарт.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
О трилогии Мануэля Кастельса "Информационная эпоха: экономика, общество и культура" // Подготовке перевода книги имела поддержка и помощь коллег, сочетающих качества специалистов в области экономики и социологии и знатоков английского. С.П.Баньковской, к.с.н. И.Ф.Девятко. О.И. Шкаратан, Москва, 1998. С. 1-17.
-
Иноземцев В. Л. Эпоха разобщенности: размышления о мире ХХІ века / Даниел Белл, Владислав Иноземцев. Мысль: Центр исслед. постиндустриального о-ва, 2007. — 303 с. ISBN 978-5-903844-01-2.
-
Климов С.М. Интеллектуальные ресурсы организации. — СПб., 2000.
-
Шумпетер Й. Теория экономического развития. — М.: Прогресс, 1982.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз