Қазіргі сән

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі сән

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпта Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша "Қазіргі сән" тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі сән

Мұғалімнің аты-жөні: Тулеугалиева Айгерім

Күні: 09.10.2018

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың негізделген оқу мақсаттары:

5.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: «Жастар киімі» мәтінін түсінеді. Шетелдік сән атауларымен танысады. Сұрақтарға жауап береді, жауаптарын дәлелдейді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Оқшау сөздер жайлы түсінеді. Мәтіннен оқшау сөздерді табады. Өздігінен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқшау сөздерді қатыстырып сөйлем құрай алады. Жұптық жұмыс жасайды. Қосымша ақпарат береді.

Бағалау критерийі

Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Оқшау сөздер жайлы мәлімет алады. «Стоп кадр», «Сұрақ-жауап», «Микрофон» әдістерін қолдана алады.

Ресурстар

Бағалау парақшалары, оқулық, А3, суреттер, үнтаспа, микрофон

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, еңбек

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт:

Сабақ барысы

Ресурстар

Ұйымдастыру 3 минут

1. Амандасу

2. Кезекші мәліметі

3. Психологиялық дайындық




Үй тапсырмасын сұрау 7 минут

«Микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау





микрофон

Ортасы

20 минут

Тыңдалым

Үнтаспадан «Жастар киімі» деп аталатын мәтінді тыңдайды. Шетелдік сән атауларын естеріне сақтап жазады.

Эклектика - стильдер косындысы, шанель, джинсалық, кантри, теңізші стильі, ағылшындық стиль


Айтылым

Сұрақтарға жауап береді

  1. Жастардың өз стилін іздейтін уақыты қай кез?

  2. Кез келген стиль мен екінші бір стильді үйлестіріп кию деген не?

  3. Эклектикалық стильдің басты белгісі не?

  4. Классикалық стильге қандай стильдер жатады?


ӘТН

Оқшау сөздер

Қаратпа сөздер. Сөйлеушінің назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздер қолданылады. Мысалы: Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз.

Қыстырма сөздер. Қыстырма сөздер өзі қатысқан сөйлемдерге сөйлеушінің көзқарасын - күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырма сөздер: мүмкін, сөз жоқ, әрине, шынында, сірә, меніңше, сөйтіп, сонымен т.б. Мысалы: Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.

Одағай сөздер. Одағайлар сөйлеушінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы: Па, шіркін! Дауысы дауыс-ақ екен. Жұмысты істеген соң осылай істеу керек, бәрекелді!


Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді теріп жазады.



Тапсырма:

Төмендегі сұрақтарға жұп болып жауап береді. Оқшау сөздерді пайдаланады.

  1. Сән өзгере ме? Не себепті өзгеріп отырады?

  2. Сәннің өзгерісі қай салада көрінеді?

  3. Балалардың киіміне сәннің қатысы бар ма?

  4. Сән неліктен ұзақ сақталмайды?

  5. Сән өнерін бағындыруды армандайсың ба?


Тапсырма: Өздері білетін оқшау сөздерді жазады

Қыстырма

Қаратпа

Одағай







Үнтаспа, суреттер












А3



























Таратпа қағаздар




Қорытынды 3 минут

Үй жұмысы: Оқшау сөздерді кірістіріп соңғы сән үлгісін сипаттап жазу.

Бағалау: белсене қатысқан оқушылар бағалау парақшаларымен бағаланады

Бағалау парақшалары



Әдіскер: Мусина К.С

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2018
1093
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі