Материалдар / Қазіргі шешендіктің түрлері. Ашық сабақ. 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазіргі шешендіктің түрлері. Ашық сабақ. 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
2364
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәні 11 сынып

Сабақтың тақырыбы : Қазіргі шешендіктің түрлері

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға қазіргі шешендіктің түрлерін таныстыру, білім дағдысын қалыптастыру, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып шешендіктің мазмұнын ұғындыру ;

ә) Тақырыпты түсіндіре отырып, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істеуді қалыптастыру;

б) Мәдени асыл қазыналарымызды құрметтеуге, шешендік сөздерді орнымен қолдана білуге, саналылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі : Білімді жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс, шығармашылық ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі : Интерактивті тақта, буклеттер,слайд, суреттер, тапсырмалар, тірек –сызбалар.

Пәнаралық байланыс : Әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушыларды топпен отырғызып, зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген жаттығуды тексеру.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Эпиграф: «Шешендік сөз дегеніміз – белгілі бір мәселені баяндау, сипаттау, белгілі бір ойдың ақиқаттығын түсіндіру, сөйтіп, ақылға қону жағын көздеу.Одан әрі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру»

Ахмет Байтұрсынұлы

Бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру және кезеңдеріне тоқталу.

І. Қайталау - оқу анасы. (сұрақ-жауап)
ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой. (қосымша дайындалып келген шығармашылық жұмыстарын тыңдау)
ІІІ. Кешенді талдау - кемел білім.(сөйлем талдау бөлімі)
ІV.Көркем сөзім - көрікті ойым.
(оқулықтағы жаттығулармен жұмыс)

V. Даналық сөзден дән ізде .( сұрақ-тапсырмаларға жауап алу

VI. Пысықтау, бағалау,қорытынды. (топтастыру әдісі)

Кіріспе сөз:

Қазіргі шешендіктің түрлері тақырыбы мен мазмұнына қарай бөлінеді.Шешендік сөздердің, шаршы топтың сипаты өзгерді: шешендер білім-ғылым, оқу-ағарту, тәлім-төрбие, мэдениет-өнер тақырыптарын қозғаған көркем сөз иелері- ақындар мен жазушылар, ғалымдар, журналистер болса, тындаушы топ-білім-ғылым, оқу-ағарту, мәдениет саласындағы көпшілік. Кейінгі қоғамда шешендік өнердің көрінетін орындары-жоғарыдағы тақырыптарға арналған жиналыс, конференция, съезд, семинар, диспуттар еді. Шешендік сөздің сипатына қарай яғни нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер тіл мәдениетін келтіретін шарттардың бастысына айналды. Шешендік сөз енді өлең түрімен емес, таза қара сөзбен айтылатын болды.Соңғы жылдары, яғни еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғаннан бастап шешендік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді. Елдін тәуелсіздігі өзімен бірге ойлау тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы тәуелсіздікті, тіл тәуелсіздігін қоса алып келді. Демократиялық қоғам өмірдің барлық саласында сөйлеу еркіндігін камтамасыз етті, әр түрлі саяси көзқарастағы топтар қалыптасты, дін тақырыбында шешіліп сөйлеуге мүмкіндік туды. Еліміздің Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылдануына байланысты сот істері қазақ тілінде жүргізіле бастады.

Республикадағы телеарналар мен радиохабарлар қазақ тілінде жүргізілуде, қазак баспасөз басылымдарының тілі өткірлене түсті. Осының бәрі қазақ тілінде шешен сөйлеу талабын күшейте түсері сөзсіз. Қазіргі шешендік сөздер мазмұны мен айтылуы жағынан алуан түрлі.



Түрлері:

1)білім-ғылымдық мазмұнды;
2) әлеуметтік –саяси мазмұнды;
3) әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды;
4) діни мазмұнды;
5) сотта қолданылатын сөздер.

Барлық шешендік сөздердің түрлеріне ортақ сипаттар: ақыл-ойды қозғау, ұғым-түсінігін кеңейту, білім беру, сезімге әсер ету, шындыққа иландыру.

Қайталау-білім анасы (сұрақтарға жауап алу)

Қызыл түстегі үлестірменің сұрақтары:
1. Шешендік өнер деген сөздің мағынасы неде?
2. Шешен болу үшін не қажет?
3. Шешендік өнер тарихы қай кезеңнен басталды?

Жасыл түстегі үлестірменің сұрақтары:
1. Шешендік өнер жайлы бір қанатты сөз оқы?
2. Шешендік өнердің 1-ші кезеңі қай ғасыр аралығы?
3. Шешендік сөз дегеніміз не?

Сары түстегі үлестірменің сұрақтары:
1. Шешендік өнердің 2-ші кезеңі қай ғасыр аралығы?
2. Шешендік сөз иелерін ата?
3. Шешендік өнердің теориясын жасаған кім?

Көк түстегі үлестірменің сұрақтары:
1. Шешендік өнердің 3-ші кезеңі қай ғасыр аралығы?
2. Шешендік сөздерден бір шумақ үзінді оқыңыз.
3. Шешендік өнерді зерттеушілер кімдер?

Қоңыр түстегі үлестірменің сұрақтары:
1. Шешендік өнердің 4-ші кезеңі қай ғасыр аралығы?
2. Шешендік өнердің 5-ші кезеңі қай ғасыр аралығы?
3. Қазіргі шешендіктің түрлерін ата?





ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой. (қосымша дайындалып келген шығармашылық жұмыстарын тыңдау)

Қосымша: слайд арқылы көрсету

1)білім-ғылымдық мазмұнды шешендік сөзінен «ғылыми шолу».
2) әлеуметтік –саяси мазмұнды шешендіктен «саяси шолу».
3) әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды сөздерден «құттықтау сөз».
4) діни мазмұнды шешендіктен «тілек сөз».
5) сот ісі шешендігіне қатысты « Елбасының сөзі».



1.білім-ғылымдық мазмұнды шешендік сөзінен «ғылыми шолу»

*Елбасы жолдауынан: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің әр елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі қажет».

*2013 жылдың қазан айында Жамбыл облысында Төле би Әлібекұлының 350 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланды.Тараз қаласында Төле би ескерткіші ашылды.Ол 30 тонналық граниттік тұғырға орнатылған биіктігі 5 метр, салмағы 5 тоннадан тұратын қола мүсін ескерткіш. Авторлары: Аманат Назарқұлов пен Тимур Ерленов

2.әлеуметтік –саяси мазмұнды шешендіктен «саяси шолу».

Бүгінгі жастарымызды патриоттыққа тәрбиелейтін мектеп қабырғасында «Жас қыран» , «Жас ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымы бастауыш және орта буындарда жақсы ,үздік оқитын оқушыларды қабылдауда.Арнайы бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіп,бала тәрбиесінде түрлі іс-шаралар атқаруда.Жас бүлдіршіндеріміз, ертеңгі жастар.Еліміздің жастары «Жас Отан» Жастар қанаты 2008 жылы құрылып, содан бері көптеген жұмыстарын көрсетті. 2009 жылы «Жастар жалыны –Отанға, жомарт жүрегі-жастарға!» ұранымен марафон өткізді. 2010 жылы «Есірткісіз өмір сүр» нашақорлыққа қарсы акция, 2013 жылы тамыз айында «Жастар –Ауылға!» жобасын жүзеге асырды. Жастарымыз саналы да білімді болып өсіп келеді. Жоғарғы сатымыз «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиямыз 18 қазан күні Астанада Тәуелсіздік сарайында кезектен тыс ХY съезін өткізді. Халқымыздың мүддесін қорғайтын ,ел игілігі үшін еңбек етіп келе жатқан саяси партия.


3) әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды сөздерден «құттықтау сөз»



Целиноград ауданының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында онкүндік мерекелік іс – шаралар өтілуде. Ақмол ауылында орналасқан “Алжир” мемориалдық мұражай кешеніне жақында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан делегация келді.Біздің мектебіміздің кітапханасында “Ауыл тарихы” тақырыбында арнайы бұрыш әзірленді.Аудан, ауыл тарихын ұрпаққа үлгі етіп, сынып сағаттарында аудан тарихымен танысып, ауылымыздың көркеюі жолында мерекелік шаралар өткізудеміз. Алдағы уақытта өтетін дүбірлі тойымыз құтты болсын!

4) діни мазмұнды шешендіктен «тілек сөз»

2013 жылы 19 ақпанда Қазақстан мұсылмандары VII құрылтайында Елбасы имамдармен кездесті. Бүгінгі күні мұсылмандардың басын біріктіріп, ел игілігі мен бірлігі тәрізді ортақ мақсатқа жұмылдыру басты назарда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Ержан қажы Малғажұлының тілегі: « Алла тағала Қасиетті Құранда дінді көркем тілде даналақпен жеткізуді бұйырған. Ықылас , ниетіміз түзу болсын! Дінімізді, тілімізді құрметтейік! Пайғамбарымыз ұрпақ тәрбиесі жайлы хадисінде: “Ата-ана өз бала –шағасына жақсы тәрбиеден артық ештеңе қалдырған емес” деген екен. Әл-Фараби бабамыз: “Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы” деген ұлағатты сөз қалдырған. Жастарымыз жай ағымдағы теріс уағыздардан аулақ болуы керек, адастырушы ағымдардан сақтанайық! Ислам бейбітшілікке шақыратын дін. Біздің мақсатымыз - даналық жолмен жүру» .

5) сот ісі шешендігіне қатысты « Елбасының сөзі»

2013 жылы Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы судьяларының ҮІ съезі болып өтті. Оның жұмысына Елбасы қатысты. сөзінен үзінді: “Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық баяндамасында біздің елдің сот жүйесі алдыңғы қатарда болуы керектігін нақты көрсеттім. Барлық құқық қорғау органдары ішінде ең жоғарғы тұрғаны Сот болып табылады.Әділқазылық ету әрбір соттың қасиетті парызы болып табылады. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз, ең бастысы би адал, әділ болу керек. «Қазы – халықтың ожданы» деген сөз бар”.



ІІІ. Кешенді талдау - кемел білім (сөйлем талдау бөлімі)

1.Шешендік сөздер – шебер тілмен айтылған халықтың шығармасы. (сөйлемге синтаксистік және морфологиялық талдау жаса)

2.Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз. (сан есімнің жасалуын түсіндір, қандай құрмалас сөйлем?)

3. Білімді оқушы көркем әдебиетті, ғылыми кітаптарды көп оқиды. (синтаксистік талдау жаса, сөздердің байланысуын көрсет)

4. Шешендік сөз тайға таңба басқандай айқын көрініп тұр. (тұрақты сөз тіркесін табыңыз, буын түрлерін анықта))

5.От ауызды, орақ тілді билер сөзді тауып айтқан.(синтаксистік талдау және билер сөзіне фонетикалық талдау жаса)

ІV.Көркем сөзім - көрікті ойым. (оқулықтағы жаттығулармен жұмыс)

1-ші топ: 35- жаттығумен жұмыс жүргізеді.Шешен тілінің көркемдігін білдіретін жолдарды табу.

2-ші топ: 36- жаттығу. Мәтіннен кекесінді, жағымсыз көзқарасты білдіретін сөздерді табу.

3-ші топ: 37-жаттығу Шешендіктегі негізгі ойды анықта.

4-ші топ: 38-жаттығу Қазіргі шешендіктің қай түріне жатады?

5-шә топ: 39- жаттығу Мазмұнын әңгімелеп бер.

V. Даналық сөзден дән ізде .( сұрақ-тапсырмаларға жауап алу)

1.Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)

2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)

3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)

4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)

5. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі )

«Топтастыру әдісі» бойынша шешендік өнер болуы үшін не қажет?

Тақтаға сөздерді жаздыру, сабақты қорытындылау

VI.Үй тапсырмасы, пысықтау, бағалау,қорытынды. (топтастыру әдісі)

Үйге: 40-жаттығу Жеті сұрақ негізінде сөзталасқа дайындалып келу.





Shape1























































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!