"Қазіргі таңдағы отбасы мен балабақша ынтымақтастығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазіргі таңдағы отбасы мен балабақша ынтымақтастығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі таңдағы отбасы мен балабақша сабақтастығы.

Отбасында өсіп келе жатқан өмірдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі – ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы – отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы – өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Тәрбие отбасы мен балабақша қатынастарына тікелей байланысты. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді, ал балабақша оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпалында болады. Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам – оның ата-анасы. Ал ең әдемі де жарық үй –оның үйі. Жас баланың дамуында ата-ана орны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-ана өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына, тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-ана балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, дүние жұмбақтарын танытып, тағылым, талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелрі, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып баласын сабырлы болуға тәрбиелейді. Әрбір ата-ана – өз баласы үшін басты тұлға. Сондықтан да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады.

Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Отбасындағы тәрбие сапалы түрде ұйымдастырылып, дұрыс әдіспен және жас нәресте дүниеге келген күннен бастап оның өміріне қамқорлық танытып, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажетті жағдай жасайды. Бала дамуының қандай қырын алмайық, қай кезең болмасын, оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше.

Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата-ананың да, тәрбиеші ұстаздардың да атқаратын рөлі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса, сол ізбен алға қарай өседі. Ата-ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған-туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсініп, құрметтеп қарау керек екенін ұғындыруы дұрыс.

Ата-ана жауапкершілігі бәрінен биік. Сондықтан ата-ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына, қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауда әрбір ата-ана педагогикалық әдіс-тәсілдерге сүйенгені дұрыс.

Бала бақыты білімде. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды» дейді Ахмет Байтұрсынұлы.

Бала тәрбиесі – ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиегің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.

«Жаста білген, басқа сіңген тәлімің,

Өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас».

Балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді.

Баланы туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.

Осы екі арнада жүргізілген тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2018
346
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі