400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі заман балаларының мүмкіндігі

Материал туралы қысқаша түсінік
XXI ғасыр мүмкіндікке толы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі заман балаларының мүмкіндігі



Бұрынғы заман мен қазіргі кездегі балаларды салыстырсақ, олардың мінездері, тәрбиесі, басқа да қылықтары бәрі мүлдем басқа, тіпті, «жер мен көктей» деп айтуға да болады. Мүмкін, бұрынғы кездері сәби балалар балабақшада емес, ауылда ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп өскеннен бе, өзіміз, тіпті әке-шешенің әңгімесін бөлуге, әкенің бір көзқарасынан, мұғалімдердің көзінен қорқатынбыз. Енді қазіргі, яғни, ХХІ ғасырдың балаларын қарап отырсам, олардың қылықтары шектен шығып отырады. Мысалы, анама немесе әкеме айтамын деп, ұрысты деп сес көрсетіп, сөз қайтарады. Бірақ, қазіргі заманда ондайда, мүмкін. Негізі осы заманның балаларын, «ақыр заманның балалары» деп айтып жатамыз ғой. Бір олар жағымсыз қылықтар жасап жатса, «ақыр заманның балалары» деп тақырыпты жауып, мінезін, тәрбиесін түзетуге де тырыспаймыз.



Бала бақшаның пайдасы да бар, бірақ аса қатты тікелей зиянын да көріп тұрған жоқпын. Пайдасы, әрине, ата-аналарға көп, себебі, қазіргі заманда жұмыс істемесең, «далада қаласың» деген сауал бар. Жұмыс жасап, нан тауып, бала-шағаны асырау керек, «ал баланы кім қарайды?» дегенде, біздің балабақшаларымыз бар. Сәбилер таң атқаннан кешке дейін күтуші, тәрбиеші және басқа да балалармен араласып, тез сөйлеуге үйреніп, өзінің қоғамын көбейтіп, дамып отырады. Бұл — үйде жалғыз қамалып отырғаннан гөрі пайдалы нәрсе. Бірақ, менің ойымша, бала өзінің жақындарымен, ата-анасымен жиі қарым-қатынас жасау керек сияқты. Қазіргі заманда балалар мүлде ата-анасымен сөйлеспейді дегенім емес: бала таңертеңнен кешке дейін бала бақшада болса, үйге кешке қарай барады, кешкі асын ішіп, шаршап ұйқыға жатады. Осы тәртіп келесі күні де қайталана береді. Тек сенбі, жексенбі күндері, мүмкін кейбір отбасылар, бір-біріне көңіл бөліп, әңгімелесіп, қыдырып, бір-бірінің қал-жағдайын біліп жүретін шығар, бірақ көбінесе, жағдай әлгіндегі айтқандай болып шығады.



Қазіргі заман балалары, бұрынғы заманға қарағанда өте дамыған, мүмкіндігі көп. Олар тез сөйлеп үйренеді, кей балалар 1-2 жасынан сөйлеп кетеді, техниканы үлкендерден қарағанда тез ұғып алады да, тіпті, өзімізді үйретіп отыратын кездері де болады. Мен бұның жақсы ма, әлде жаман ба екенін білмеймін. Жастайынан вундеркинг болып жатқан балалар өте көп. Олар балабақшадан сөйлеп, жазып, кейбір кезде оқып, әр түрлі би, ән, спорттық үйірмелерге қатысып жатыр.



Баланың тәрбиесі — тек ата-аналары ғана емес, қоғамға да байланысты. Ең бастысы, әрдайым болашақ ұрпақтарымыздың нағыз азамат болып шығуына күш салайық!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.05.2023
429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі