Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Қазіргі заманның мұғалімі қандай болу керек?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманның мұғалімі қандай болу керек?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі заманның мұғалімі қандай болу керек?

Толкынбекова Дильназ Бауыржанқызы

Жезқазған қаласы №10 ЖОББМ

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Ғ.Қайырбеков



«Ұстаз – мектептің жаны, жүрегі, адам жанының инженері» «Адам бойындағы күллі қасиет – күннің нұры мен ананың сүтінен» «Дей тұрғанмен, ұстаз алдын көрмеген кісіге күннің нұры да, ананың сүті де қасиет боп дари қоюы, қиын-ау! Ұстаз көрмеген кісі – үлгі-өнеге көрмеген кісі. Үлгісіз, өнегесіз кісіде қандай қасиет болмақ? Асылы, адам өзінің азаматтығы үшін, алдымен, ұстазға қарыздар» «Ұстаздық мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мен рухани жан дүниесіне үңіле білу. Ұстаз болу – даналықты жүрекпен ұға білу. Даналық – қазақтың қанында бұрыннан бар қасиет. Осы қасиетті бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру – ұстаз біткеннің ұлы арманы. Баққан шәкіртің дана болып жатса одан асқан бақ болар ма?! Ұстаздық – даналық!

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» Жақсы ұстаз – нұр. Нұр – білім. «Адам баласының қадір-қасиеті – білімінде» Сол нұр білім – ұстаздың құзыретінде. Ендеше қадір-қасиеттің адам бойында бүршік жаруы – ұстаздың шеберлігі мен біліктілігінде. Қасиеті жоқ нәрсе қадірсіз. Адам бойындағы қасиеттерін оята алмаса, ұстаз қадірсіз. Адам тағдыры – ұстаз қолында. Олай болса, ұстаз болу – көзсіз батырлық, даналық, даралық, ұлылық!

Мектепке «тарыдай болып кірген баланы таудай азамат» етіп шығару – қандай бақыт десеңізші! Бұл – күнделікті тіршілікте ел іздеп жүрген бақыт емес. Бұл – азабы мен қиыншылығы ақылдың, табандылықтың, ізденістің, шыдамдылықтың, төзімділіктің, сабырлылықтың, парасаттылықтың күшімен жеңіске жеткен бақыт! Ұстаз бақыты шәкіртінің сапасымен өлшенеді. Шәкіртін жетістікке жеткізу үшін ұстаз қанша күш-қайрат, қанша уақыт жұмсайды?! Қанша кітап оқиды?! Қанша сағат ізденеді, еңбектенеді. Бұл сұрақтардың жауабы жоқ. Қарапайым, адал ұстаз еңбегінің өтеуін ешкімнен сұрамайды. Бұл – ұстаз бойындағы ешкімге ұқсамайтын ерекше қасиеті. Күннің нұры жылуын Жер бетіне қанша сепсе де, онысын ешкімге міндетсімейді. Ұстаз да сондай. Ұстаздан басқа маман иелері шектеулі уақытпен ғана еңбек етеді. Ұстаз ертеңгі сабағы үшін күнмен, түнмен санаспайды. «Ұстаздық ету – өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» Жер бетінде адам тәрбиелеуден асқан бақыт, абыройлы іс жоқ.

Әлем жаһандану үрдісін бастан кешіп жатқанда әр ел өз ұрпағының болашағына алаңдайды. Бүгінгі күннің талабы – қашықтықтан оқыту мен тәрбиелеу. Осындай сәтте ұрпақ болашағы мен өз ұлтының құндылығын ойлаған ұстаз өткенге, бүгінге саналы барлау жасап ізденуі керек: ол – ұлттық білім, ұлттық мектеп, ұлттық тәлім-тәрбие, ұлттық үлгі-өнеге, даналық ойлар... бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухани қазынаң.

Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сықылды заттарды, көріністерді құр жадына, есіне ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болатынын, тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір саңлаусыз соқыр болар еді. Адам ойлау арқасында ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай білетін адам – шын мағынасымен адам», – деп ой топшылауы бүгінгі заманға жарқын болашақтың нұрлы жолын көрсетіп тұрғандай. Шынында, ой тоқтаса, мәнді тіршілік те, сәнді өмір де тоқтайды.

Өз ұлтының рухани мұраларын меңгермеген ұрпақ әлемдік бәсекеге төтеп бере алмайды. Сондықтан әлемдік білім стандарты мен ұлттық төл технологияны сабақтастыра қатар алып жүру – әр жаңашыл ұстаздың күнделікті шығармашылық ізденісіне айналуға тиіс. Өз ұлтын шексіз сүйе білген ұрпақ басқа ұлтты да жан-тәнімен сүйе біледі. Меніңше, ұстаз арманы адамзат баласының бір-біріне деген махаббатын сөндірмей, ұлттың рухани асыл қазынасын қатар алып жүруі керек. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген ғұлама Абай сөзі әр қазақтың, тіпті адамзаттың жүрегінде шамшырақтай жанып от шашып тұруы абзал.

Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға,- деген хакім Абайдың даналық сөзі – мен үшін тек ұстазға ғана айтылған емес, әлем жұртына да дабыл қағып тұрғандай.

Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген, аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ...., жұрттың бәріне.... жақсылық пен ізгілік көрсетіп.... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.» деген Әл-Фарабидің сөзі мұғалімнің ішкі білім қуатына бағытталып айтылған. Ұстаз осы сапалық қасиетпен бірге бүгінгі компьютерлік сауттылықты, сандық, инновациялық технологияларды, қашықтықтан оқытудың әр түрлі тетіктері мен бағдарламаларын жетік меңгеруге тиіс. Бұл құрылғыларды меңгермеген ұстазға бүгінде сабақ өткізу қиынға соғады. Дей тұрғанмен, тек осы құралдарға ғана сеніп сабақ берген мұғалімнің алдынан адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті, әдепті, тәрбиелі ұрпақ өсіп шықпайды. Тек ақпаратты білімдерді мол алып шыққанмен, адами қасиеттері ашылмаған, робот секілді біреудің айтқанымен ғана жүретін, өзіндік пікірі жоқ жандар қалыптасады. Бойларындағы қабілеттері ғана жұмыс жасайды да қасиеттері өшеді. Қасиеті ашылмаған ұрпақ қоғамға зияндық қана жасайды. Осы тұрғыдан ойлағанда адам баласына бабалардан мұра болып қалған рухани даналықтан ешқашан да қол үзуге болмайды. Рухани азық бізді қауіп-қатерден, жамандық пен надандықтан, түрлі азғындықтан құтқарады. Сондықтан ұстаздың жан дүниесі рухани бай болу керек.

Менің құрдастарым сандық ақпараттық құралдарға тәуелді. Біз оларсыз өмір сүре алмайтын сияқтымыз. Іздегеніміздің бәрін ғаламтордан табамыз. Тіпті ойланғымыз да келмейді. Себебі дайын өнімге үйренгенбіз. Жалқаулық, еріншектік, енжарлық, ойсыздық басып алды. Үнемі гаджеттерде отыру адамның ойлау жүйесін зақымдайды екен. Адамның өзі ойлануына тиістіні ойлатпайды. Бәрі дайын тұрған соң ойлауға ерінесің. Қозғалып жұмыс істегің де келмейді. Бұл айтпаса да түсінікті, адамның денсаулығын бұзады. Денсаулық бұзылған соң, өмірде қандай мән, қандай сән қалады.?! Адам қозғалмаса, ойланбаса, ешкіммен байланысқа түспесе, мәңгүрт болмай ма?! Сондықтан мұндай ақпараттық құралдар адамның жеке тұлға болып жетілуіне өз кедергісін келтіреді. Ендеше ұрпақ тәрбиесінде ішкі жан дүниесі ұлттық рухани қазынамен сусындаған, бүгінгі заман жаңалығы мен технологиясын қатар меңгерген, елінің келешегіне жаны ауыратын, сауатты да білгір, өз ұлты мен жерін сүйетін мамандар қажет.

«Адам баласын өз жан дүниесі жасап шығарады» Ендеше мұғалім әрбір балаға өз ойы өзі үшін де, ғалам үшін де өте қажетті екендігін, ойды дамыту үшін «білім бұлағы – кітапты» оқып, түрлі рухани әрекетке, ізденіске ұмтылуға міндетті екендігін сезіндіруі керек. Кітап ақылға ақыл, білімге білім қосады, ойға қуат береді. Ой адамға қызмет етеді. Ой – идея. Идея – өмір. Өмірге нұр, шуақ шашатын – ұстаз ақылы. Идея әлем үшін қымбат. Шет ел жастардың ойымен жаңаруда. Мұғалімнің инновациялық мәдениеті оқушының сабақ үстіндегі белсенді іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырудан көрінеді. Жаңашыл, білімді ұстаз жастардың ойын, идеясын лаулатып жаңаша өмір жасауға жетелейді. Бала өз ойымен айналасы қуат алып жатқанын сезгенде қиялына қанат бітіп шабыттанады, ізденеді. Әр сабақтан нәр алып дағдыланған бала кітапқа, көркем туындыларды оқуға бетбұрыс жасайды. Ұстаздың белсенділігі мен шеберлігі, жаңашылдығы мен білімділігі шәкірт шабытын оятады. Ұлтының асыл қасиетін қанына сіңіре отырып адам бойындағы киелі қасиеттерді оята білген ұстаз – нағыз ұстаз. Ұлы ұстаз!

«Ұстаз – ұлылық, шәкірт – мәңгілік!» деген қанатты сөз бала қасиетін аша білген ұстаздарға арналып айтылса керек-ті! Ендеше бүгінгі заманның ұстазы бабалар үніне құлақ түріп, өз ұлтының рухани шығармашылығын терең меңгеріп, қашықтықтан оқытудың қыр-сырын жетік біліп, үнемі өзін әлем жаңалықтарымен жетілдіріп, үздіксіз оқу мен ізденуді тоқтатпайтын, ары таза, жаны бай, рухы мықты, ниеті адал, кемел білімнің иесі болуы керек. «Адал болмаған адам ұстаз бола алмайды» деген Б.Момышұлының қанатты ойы әр ұстаздың зердесінде нұр шашып тұрса, өмірде адам баласын өкіндірер іс жасалмас еді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.07.2021
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12