Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту. Тәрбиелік – ой - саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйрету. Дамытушылық – сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу. III Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы. IY Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Қазақ әдебиеті Уақыты: Мұғалім:Бахова Рабига
Сабақтың атауы Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері
Сілтеме Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу,
Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік – ой - саналарын оятып, жақсы мінезге,
байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйрету.
Дамытушылық – сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы
сөйлеуге баулу.
III Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
IY Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз
айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер
2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 -
топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық
атмосферасы
– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды,
сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып
қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық
мейірімді адамдарға келеді.
Ұға білсең мені сен,
Бақытыммен бөлісем.
Жүрек сөзін жалғаймын,
Бәрін саған арнаймын!
Үй тапсырмасын
сұрау

Қызығушылықты ояту бөлімі.
«Иә», «Жоқ» стратегиясы
1. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиеті саласына жата
ма?
2. Шешендік сөздердің елге белгілі адамдарға қатысы бар
ма?
3. Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталған ба?
4. Шешендік сөздер тек дауларға байланысты ғана туған
ба?
5. Шешендік сөзде халықтың тіл байлығы байқала ма?
6. Айтушылары ұмыт болған шешендік сөздер кездесе ме?
7. Шешендік сөздерді аталы сөз деуге бола ма?
Мағынаны тану

Мағынаны тану бөлімі.
Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы –
1764, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665 -
1765) – қазақ халқының XYII - XYIII ғасырлардағы үш
ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.
Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған.
Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта


Page 2

жүздің бас биі еткен. Би Тәуке хан, кейін Сәмеке,
Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет
басқару ісіне жиі араласып, ішкі - сыртқы саясатта
хандарға ақыл - кеңестер беріп отырған. Хандықтың
бірлігін сақтау мақсатында Тәуке ханның «Жеті жарғы»
заңдар жинағын жасауға атсалысқан.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл,
Далба тауы бойында – 1787, сонда) - әйгілі жырау. Абылай
ханның ақылшы - биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие»
деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі
бүлкілдеп, түйдек - түйдек жырмен сөйлейтін болған.
Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш,
тілегімен түсін болжап, онысы дәлме - дәл келіп отырған.
Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен
Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол
өзінің ұзақ ғұмырында талай - талай тарихи оқиғаларды
басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында
тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш
жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел
басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.

Сөздікпен жұмыс.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және
эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық
поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру,
ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау
(абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір
жырауларына тән қасиет.

Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне,
ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып
отырған саяси тұлға. Жортуыл сәуегейі болған.

• «Қазыбек би мен Бұқар жырауды» жатқа оқып беремін.
• 3 - 4 оқушыға мәнерлеп, нақышына келтіре
оқыттырамын.
• Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін қайталап
электронды оқулықтан тыңдатамын.

Толғаныс бөлімі.
1. Бұқар жырау «бірден онға дейінгі санның мағынасын»
Қазыбектен неге сұрады?
2. Оның мағынасы қалай еді?
3. Қазыбек би шешен тілмен қайтіп жауап қатты?


Page 3


- Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің
балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма? (- Бар. Санамаққа
ұқсас.)
- Дұрыс - ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай
санамақтарды білесіңдер? Сөз мағыналары — негізгі
мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін
жатықтырады
Ой толғаныс Қосымша жадығат:
Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр.
Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін
ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа
негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп,
соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.

Он бір - қара жұмбақ
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.
Сөздікпен жұмыс:
Білеу – қамшы.
Үскі – тесетін, бұрғылайтын біз секілді құрал.
Торқа – бағалы жібек мата.
Үй тапсырмасы Шешендік сөзді жаттау.
Қазыбек бидің жауабын өз
ойларыңша таратып,
ойтолғау түрінде жазып
келу. Сөздікте берілген
ұғымдарды жаттау.
Күнделіктеріне жазады
Бағалау Бағалау парақшаларын
тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс


Page 4


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
05.05.2018
1197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12