400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗЫНА ІЗДЕУШІЛЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҚАЗЫНА ІЗДЕУШІЛЕР»


Слейхан Бакатжан

№10 «Наурыз» б/б тәрбиешісі


Мақсаты: Балалардың іздемпаздық арқылы шеберліктерін, қарапайым математикалық негіздерін қалыптастыру және шыңдау. Дүниетанымдылығын артттыру.

Білімділік:  1-ден 5-ке дейін сандарды бекіту, бөлшек, бүтін ұғымдарын қалыптастыру, кеңістікті бағдарлауға үйрету, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Балалардың ойын арқылы тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын, ойлай білуін, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын дамыту. Математикаға қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік: Достыққа, бірлікке, сыйластыққа, көмек беруге, ұжыммен біріге жеңіске жетуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қазына - қымбат мүлік, асыл тастар, алтын-күміс бұйымдар, ақшалар сияқты құндылықтардың сақталған жері.

Билингвалды сыңары: достық-дружба, қазына-сокровище.

Көрнекілігі: «Бағыт», «Пішіндер», «Гүлдер», «Лабиринт», «Бөлігін тап», «Санап шық» ойындарының көрнекіліктері, қайықтар (бала басына), видеоролик, аудиожазбалар (музыкалық суйемелдеу), шыны бөтелке (ішінде карта), сандық (ішінде бала басына сыйлық).
Оқу барысы:

I Ұйымдастырушы қозғаушы:

Видеоролик «Қайық жасау»: Тәрбиеші топта балалармен сұрақ-жауап жүргізеді: көктемнің белгілері туралы. Суға ағызатын қайық жасауды ұсынады (оригами). Балалар қайықты жасап біткен соң тәрбиешімен бірге топтан шығады. Видеоролик аяқталады. Залға тәрбиеші мен қайық ұстаған балалар кіреді.

  • Балалар, сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар, керемет қайықтар жасадыңдар. Енді осы қайықтарымызды көлге ағызамыз (имитация: жасанды көл).

Балалар көлді айнала шеңбер құрып тұрады.

  • Балалар, қайықтарымызды суға жібермес бұрын оларды «Достық қайықтары» деп атайық. Осы «Достық қайықтарын» жақсы тілекпен суға жіберейік!

Шаттық шеңбер «Достық»

Көз екеу, қас екеу,

Екеу және аяқ та.

Қол екеу, құлақ екеу,

Жүрек жалғыз бірақ та.

Сол жүрекпен достықты,

Мәңгі адал, шын сақта!

  • Жарайсындар, балалар! Осы достықтарыңды мәңгі сақтап, бір-біріне үнемі көмектесіп жүріңдер.

Билингвалды сыңары: достық-дружба .

  • Ал енді қайықты суға жібереміз.

Тосын сәт «Бөтелке»

  • Балалар, мынау не болды екен? Қане, ашып көрейік (ішінен карта табылады).

ІІ Ұйымдастырушылық –ізденістік:

  • Балалар, мына картада қазынаға апарар жол көрсетілген.

Сөздік жұмыс: Қазына - қымбат мүлік, асыл тастар, алтын-күміс бұйымдар, ақшалар сияқты құндылықтардың сақталған жері.

Билингвалды сыңары: қазына-сокровище.

  • Қазынаны іздейміз бе? (ия)

  • Олай болса ауызбіршілікпен, бір-бірімізге көмек бере отырып, достығымызды дәлелдеп қазына іздеуге кеттік, балалар! Карта жәй карта емес екен, мұнда жұмбақталған тапсырмалар бар екен, соларды орындасақ қана қазынаны табады екенбіз.

  1. Қимылды ойын

Мақсаты: Зейінді дамыту. Оң және сол ұғымдарын бекіту.

Шарты: Тақпақты тыңдап, айтылғанын орындау.

Ал, қатарға тұрыңдар,

3 қадам алға аттап,

2 рет секір-секір.

Оң қолыңды алға соз,

Сол қолыңды алға соз,

Көңілді шапалақтап,

Бірінші бағытты тап.

Жерде бағытпен көрсетілген тапсырмалар тұрады (әр тапсырмаға бір бағыт: стрелка).

  1. Ойын «Бағыт»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлау. Логикалық ойлауын дамыту.

Шарты: Үстел үстіндегі аңдарды бағыт бойынша қойып шығу.

Аңдарды бағыттап

Келесі кезеңге жол тап!

  1. Ойын «Пішіндер»

Мақсаты: Пішіндер туралы білімдерін бекіте отырып зейіндерін арттыру.

Шарты: Үстел үстіне тақтадағыдай пішіндерден кілемше жасау. Орындарын дәл тауып, пішіндерді, олардың түсін атап шығу. Көлемдерін салыстыру.

Пішіндерден үлгіні қайталасаңдар

Келесі жұмбақтың есігін ашасындар!

  1. Ойын «Гүлдер»

Мақсаты: 1-ден 5-ке дейін сандарды бекіту, тура және кері санау, цифр мен санын дәл табу.

Шарты: Гүл егетін ыдыстың сыртына жазылған цифрасына сәйкес гүлдің жапырақшаларын санап қою.

Баққа гүл өсірсеңдер,

Қазынаға тез жетесіңдер!

  1. Сергіту сәті «Лабиринт» (тыныс алу жаттығулары)

Үрлеп допты домалат

Сонда жолың қысқарады!

  1. Ойын «Бөлігін тап»

Мақсаты: Логикалық ойлауын дамыта отырып, берілген заттың жартысын тура табу.

Шарты: Шатасқан жануарлардың бөліктерін тауып қосу.

Екі жарты бір бүтін

Тапшы аңның бөлігін!

  1. Ойын «Санап шық»

Мақсаты: Неше ұғымын, санауды бекіту.

Шарты: Аңды санау (қоян, қасқыр, аю, т.б.) цифрын тауып қою.

Аңдардың санын тапсаңдар,

Қазынаға апарар жолды аяқтайсындар!

Тәрбиеші: - Балалар, біз карта бойынша барлық тапсырманы орындаған сияқтымыз. Өйткені картада былай деп жазыпты:

Жасасын достық,

Біз бірге болдық!

Тапсырманы орындап

Қазынаны таптық! (жасырылған сандықты табады).

  • Алайда, сандық ашылмай жатыр! Сандықтын бетінде хат ілініп тұр. Мұнда не жазылған екен?

Ойлан, зер сал,

Жауабын айт.

Сандықты ашып

Сыйлықты алып қайт!

  • Балалар, бізге жұмбақтын жауабын тапсаңдар, сандық ашылады деп тұрған сияқты. Қане, олай болса ойланып сұрақтарына жауап берейік.

  1. Ойын «Логика»

  1. Бұтақта бірнеше құстар болды. Содан төртеуі ұшып кетті, тек 1 құс қалды. Басында қанша болды?

  2. Тауықтар қоршауды айналып жүрді. Қарасам, тауықтың 4 аяғы бар екен. Қанша тауық бар?

  3. Бір велосипедте 2 дөңгелек бар. Екі велосипедтің неше дөңгелегі бар?

ІІІ Қорытынды

Сандық ашылады, ішінде кітап (бала басына), шоколадты тиындар бар. Балаларға ең басты қазына-ол білім екенін түсіндіру. Қазынаны іздеу жолында балалар көптеген білім жинағанын айтып мадақтау. Кітап пен тиындарды сыйға тарту.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
360
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі