Қазыналы Қаратау –киелі өлке!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазыналы Қаратау –киелі өлке!

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда қазыналы өлке туралы мәліметтер келтірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазыналы Қаратау –киелі өлке!


Талас ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік - батысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 12,2 мың км². Аудан орталығы – Қаратау қаласы Тараздан солтүстік - батысқа қарай 105 км жерде орналасқан.

Солтүстігінде Мойынқұм ауданымен, шығысында Байзақ ауданымен, батысында Сарысу және Түркістан облысының Бәйдібек аудандарымен, оңтүстігінде ЖамбылЖуалы аудандарымен шектеседі.

Аудан жері, негізінен, жазық, тек оның қиыр оңтүстік - батысы ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасының оңтүстік - шығыс бөлігі орналасқан. Ауданның ең биік жері де осы тұста (1109 м). Солтүстігі Мойынқұмға ұласады. Мұндағы тау-төбелердің ішіндегі ең биік жері Кемпіртөбе тауы (409 м). Жер қойнауында ірі кен орындары барланған. Онда әктас, доломит, мәрмәр және гранит, уран, табиғи газ, алтын, гипс, барит, хальцедон, минералды бұлақтар тағы басқа кен орындары бар.

Аудан жерімен Талас, Аса, Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. Билікөл, Ақкөл, Ақжар, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдері бар. Жері сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр топырақты, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Өсімдіктерінен: жусан, баялыш, шеңгел, жыңғыл, жүзгін, изен, теріскен, күйреуік, сексеуіл өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, саршұнақ, аламан, тасбақа, кесіртке, жыланның бірнеше түрі кездеседі.

Аудан аумағында ежелгі тарихи-архитектуралық ескерткіштер көптеп кездеседі. Ауданнан 56 Социалистік Еңбек Ері, 2 Кеңес Одағының Батырлары шыққан.

Талас ауданының тарихи жәдігерлерге бай өлке екенін кеңестік ғалымдар ғана емес, патшалық Ресейдің аймақ билеушілері мен жиһанкездері жазудай жазып-ақ кеткен. Солардың ішінде зиялысының бірі – Әулиеатаның билеушісі һәм Сібір географиялық қоғамының мүшесі Каллаур мырза еді. Бертін келе қазақтың өз ғалымдары Әлкей Марғұланнан бастап С.Жолдасбаевқа дейін Қаратаудың құр-қиянын шарлап, ақыры ежелгі адамдардың тұрақтарын, олардың пайдаланған құралдарын тауып, ғылыми бағасын берді.
Қаратау қаласының солтүстігіндегі 18 шақы­рым жердегі «Кептер төбенің» ежелгі адамдардың тұрағы болғаны, оның бұрынғы атауларының «Тәңірқазған», «Бөріқазған» екендігі дәлелденген. Сол төңіректегі кемерлердегі «Шапантайдан» бастап, Найзақызылға дейінгі тастарға шекілеп салынған таңбалардың адамзаттың алғашқы жазулары екендігін және дәлелдеді.

Адамзат тарихында үш мәрте топан су қаптап, мұз дәуірі орнап, осыдан 30-40 мың жыл бұрын Қаратау қыраттары пайда болғанда ежелгі адамдар тасты қашап, киіз үйге ұқсас тұрақ жасап, соны мекен еткен. Тәңірқазған мен Бөріқазғанды сол дәуірдің жәдігері деп бағалаған ғалымдарымыз оны ғылыми айналымға кіргізіп, оқулықтарға жаздырды.

Сан ғасыр бойы адам баласына мекен болған Тәңірқазғанның тұрақ үйшігіне нөсерлетіп жауын жауса да ішіне бір тамшы су тамбауының өзі таңғаларлық емес пе? Одан шығысқа қарайғы татыранды жердегі Бөріқазған тұрағының құлап, үйіндіге айналғаны өкінішті-ақ. Осындай адамзаттың алғашқы тұрақтары Қаратау жоталарының бірінде Қарой ауылының маңында Шабақты өзенінің бойында кездесетінін көзіміз көрді. Ең ғажайыбы тасты ойып, 3 метрге дейін адам денесі сиярлықтай етіп қазылған үңгірде ары қарай киіз үй пішіндес екі бөлменің барлығы кімді де болса таңғалдыратындай.
Таяуда тарихи орындарды әдейі аралап, суретке түсіріп қайттық.
Оған себеп жоқ емес. Қолымызға тиген ақындар Баймаханбет Ахмет пен Ж.Ырысдәулетұлының «Қос иірім» деп аталатын жыр жинағындағы ескі қиссаның қозғау салғаны. Қисса иесі – Жанұзақ жырау. Бұрын-соңды қазақ жырауларының ішінен есімін кездестірген емеспіз. Оның сол дәуірдегі батыр-билердің ұраншысы болғаны және тәп-тәуір жыршы екендігі даусыз. Әттең, жыр-қиссасының толық нұсқасы жетпей, ұйқасының өз мәнінен ажырағандығы көзге ұрып-ақ тұр. Әйтпесе үш жүздің басын біріктіретін тегеурінді туынды екендігіне шүбә келтіре алмайсың.
Сол қиссада Қарауыл батырдың немере-шөберелерінің қолына қылыш-найза алып, төтеннен келген он бес мың қалмаққа қарсы шығып, оларды қырып-жойып, жоңғарларды сары­уайымға салғаны туралы жырланады.
Белгілі тарихшы Әбдіқадыр Жүргеновтің қазақ-қалмақ соғысының үш ғасырға созылғаны жөнінде негіздеп ғылыми мақала жазғанынан хабардармыз. Соның ішінде 1718-1723 жылдары қалмақтар қазақ жеріне 7 мәрте жойқын соққы беріп, ақыры бірлігі жоқ қазақтың тоз-тозы шығып «Қаратаудың басынан көш келеді» деген күйге түскені мәлім. Қисса оқиғасында сол дәуір суреттеледі.
Не керек, саны аз Қарауылдың 6 баласы 300 сарбазымен Бөріқазған мен Тәңірқазғанды сағалап, күші бірнеше басым жаудан жеңіліп, осы арада түгел қырғын тауып, көмусіз қалады.

Тәңірқазғанның бойында кішігірім Күйген көл жатыр. Аңыз бойынша сол жерде қалың қамысты қалқалап жатқан жоңғарларды қамаққа алған қазақ сарбаздары жан-жағынан өрт қойып, оларды қырғынға ұшыратқан. Алайда қазақ сарбаздарын жеңе алмаған жаулары садақтарының ұштарына у жағып, сол арқылы жеңіске жеткен.

Жауға кеткен есені қайтармаққа Қарауылдың бір ұрпағы Ботақан қолына қару алып, сарбаз жинап жоңғарларға қарсы шығады. Жоңғар қалмақтарының жиырма мыңдық түменіне атой салған жаужүректердің қолбасшысы Қарауылұлы Кәдірберді, кіші жүзден Сәмеке батыр, Есмырза батыр (Ұлы жүз Ошақты), Тілігінен Қосай, Досай батырлар, оған қоса: Жаныс, Шымыр батыры, Түгел екен деседі. Түгел туған Сүтен де, Абас, Ағынай, Бөгенбай, Хан сарбазы Барақ та, Дәуітпен тең деседі, – деп жырлайды жырау. Содан жоңғардың жиырма мыңына сегіз мың қазақ сарбазы қарсы тұрып, Таластың әр аймағында жан алып, жан берісіп, ақыры жеңіп шығады.

Соңғы жылдары ежелгі Тамды қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Ежелгі ескерткіштер саналатын Абдулла ишан, Қарақожа, Ноғай ишан мешіттері, ХІ-ХVІІ ғасырдың куәсі саналатын Ақкесене де бар. Еліміз тәуелсіздігін жариялаған соң, халықтың қолдауымен Үшарал ауылында Саңырық батырдың, Ойық ауылында Бөлтірік би шешенінің кесенелері тұрғызылған.

Қаратау баурайындағы Қотырбұлақ әулие, Арбатас әулие, Жарғантас және Тамды әулие деген жерлерге де соңғы жылдары кесенелер салынып, ел жұрттың баратын, емделетін, сыйынатын орнына айнала бастағаны қуантады.

Былтыр Талас ауданына 95 жыл, Қаратау қаласына 60 жыл толды. Ауданда орналасқан барлық тарихи, мәдени, археологиялық нысандар сақталып болашақ ұрпағымызға мұра болса деп тілейміз.




  1. Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол» газеті. Талас ауданы. https://aqjolgazet.kz/24501/qaratau-talas-oniri-tarihi-eskertk/sport-zhane-turizm/

  2. Талас ауданы. https://kk.wikipedia.org/wiki/

  3. «Талас ескерткіштері» ашылу тарихы мен зерттелуі. Бахтыбаев М. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., Хабаршы. Тарих сериясы. №4 (87). 2017. 82-89 б.

  4. Таласские памятники. https://bitig.kz/?lang=r&mod=1&tid=3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.03.2024
279
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі