|
|
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Абай облыстық білім басқармасы КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова» Управление образования Абайской области |
Положение СМК-ПП-5.3-70-02 Ғылыми жоба туралы Ереже/ Положение о научном проекте |
Издание /басылым 1/2023 Стр/бет. 0 из 10 |
ТАҚЫРЫБЫ:«ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ»
Ғылыми жоба авторы: Ибраимова Аяулым
Мамандығы, курсы: 01140100 «Бастауыш Білім Беру», ІІ курс
БББ 22-09-01 топ студенті
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Ғылыми жетекші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы
Сахариева Заида Дүйсеновна
Семей қаласы. 2023-2024 жыл
Мазмұны
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Педагогикалық идеялар мен технологиялар туралы жалпы түсінік.
2. Қазақтың Хан апасы – Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева.
3. Қ.Бітібаева – қазақ әдебиетін жаңаша оқытудың сара жолын салушы.
ІІІ Тәжірибелік бөлім
3.1 Зерттеу статистикасы.
3.2 Зерттеу нәтижелері.
3.3 Жаңашыл педагогтың қосқан үлесі, қайталанбас еңбегі.
ІV Қорытынды
Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Ұстаздықтың биік шыңына жеткен – Қанипа Бітібаеваның педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің оқытудағы маңызын анықтау.
Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:
-
Педагогикалық технология жайында ақпараттар жинау;
-
Қанипа Бітібаеваның ерен-еңбектерімен танысу
-
Оқытудағы Қ.Бітібаева педагогикалық әдістемесі мен технологиясының рөлін анықтау;
-
Ғылыми-әдістемелерінің, оқыту бағдарламаларының тиімділігін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу;
-
Зерттеу тәжірибесінің қорытындысы;
Зерттеу гипотезасы: Ұстаздың жаңашыл әдістемесінің тәжірибеде кеңінен қолданылатынын көрсету
Зерттеу объектісі: Педагогикалық технология, ғылыми-әдістемелік құрал
Зерттеу пәні: Қазақ тілі және әдебиет
Зерттеу әдістері: Теориялық (талдау, салыстыру, нәтижелерді жалпылау), эмпирикалық (бақылау).
Тәжірибелік маңызы: Оқушының қазақ әдебиетінен жүйелі, жан-жақты білім алып шығуына мүмкіндік беретін бірден-бір құнды еңбектер жинағын зерттеу.
Ғылыми жаңалығы: Қазақ әдебиетін оқытудағы ғылыми еңбектің әсерін білу.
І Кіріспе
Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ... түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, нәзік үн, әдемі түрден ләззат алып, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы» - деген екен Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде. «Шын адамды» тәрбиелейтін басты пән – әдебиет. Әдебиет сабағы оқушыны көркем шығарма арқылы сөз өнеріне, сұлулықты сезінуге, өмірді сүюге, жақсылыққа баулиды. Осы мақсатта әдебиетті оқыту заманға сай үнемі жетілдіріліп отырады. Қазақ әдебиетін жаңаша оқытудың сара жолын салған әдіскер-ғалымдардың бірегейі – Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева.
ІІ Негізгі бөлім
Қанипа Омарғалиқызы 1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Комсомол ауылында көп балалы отбасында дүниеге келді. Әкесі Бітібаев Омарғали, Ұлы Отан соғысының екінші топтағы мүгедегі (1970 жылы дүниеден өтті). Анасы Бітібаева Әзине – «Батыр ана» (1995 жылы қайтыс болды). Қанипа Бітібаева 1952-1959 жылдары Сталин атындағы жеті жылдық мектепті, 1963 жылы аудан орталығы Ақжар селосындағы Абай атындағы орта мектепті бітірді. Оқуға қаражат жинау мақсатында бір жыл механизатор болып жұмыс істеді. 1964-68 жылдар арасында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып, оны «үздік» дипломмен бітірді. 1968-80 жылдар арасында туған аулында мұғалім, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 1976 жылы облыстық директорлар семинарында атақты ұстаз СССР Халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев ұстаздың сабағына қатысады. Жас ұстаз еңбегіне таңдай қаға отырып, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігіне» ұсынады. Алғашқы күннен бастап, мектепте «Жас қалам» әдеби драма үйірмесін жүргізіп, ауылда кіші театр ашады. Аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға қол жеткізеді. Қ. Бітібаева 1977 жылы ауданда тұңғыш рет «Әдістемелік кабинет» жабдықтайды. Ол аудан мұғалімдерінің - ғылыми ізденіс орталығы, зертханасына айналады. Шалғай ауылдағы жас ұстаз еңбегі облысқа тарап, республикаға естіле бастайды. Ауданда, облыста іс-тәжірибесі таратылады. 1980 жылы Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернатына жұмысқа шақырылады. Республикалық «Шапағат», «Ақбұлақ» арналарына ұстаз туралы жеті рет хабар беріледі. Ұстаздың еңбегі дер кезінде бағаланып, Шығыс Қазақстандағы тұңғыш Бүкілодақтық «Крупская медалінің» иегері болады. 1990 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығы беріледі. Ұстаз Одақта бесінші, өз елімізде бірінші лауреат атанады.
Москвадағы осы сапарында оған «Народное образование» журналының білімді, беделді әрі Одаққа танымал тілшісі Лев Красновский жолығып, үш күн сұхбаттасып, интервью алады. Педагог-тілші Қанипаның іс-тәжірибесіне аса қызығып, «Одақта сіздей ұстаздар аз» деп ағынан жарылды. «Мен қолымда билігі бар адам болсам, Сізге бүгін-ақ «Халық мұғалімі» деген атақ берер едім» дейді. «Народное образование» журналының 1990 жылғы бесінші санында «Я сделала свою карьеру» атты мақаласын басады. Ұстаз қайда жүрмесін, қай мінбеде сөйлемесін, қай беделдінің алдында тұрмасын ешкімнен қаймықпай, туған тіл тағдырын, қазақ тілінде оқытатан мектептер мәселесін, ұстаздар жайын батыл көтеріп отырады. Сол себепті де әріптестері оны «Қазақтың Қанипасы» деп атай бастайды.
Ұстаздық жолда жанкешті еңбегіне «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері,
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің үздігі, СССР Халық Ағарту ісінің үздігі, Монғол Халық Республикасының «Даңқты ұстаз» атағы иегері, Республиканың «Ең үздік ұстазы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері, ШҚО, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования» медалінің иегері атанып, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының профессоры, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры, Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры, Қазақстан-Американдық еркін университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі сынды ғылыми атақтар мен марапаттар беріледі.
Ұстаз алдына Ресей, Қытай, Түркия елдерінен де ғалымдар, ұстаздар келіп, іс-тәжірибесімен танысады. Ұстаздың сабақтарына қатысқан академик З.Ахметов, атақты ғалым Т.Кәкішев, парламент мүшесі педагог-ғалым Ж.Наурызбай, ақын Ф.Оңғарсынова т.б жоғары баға береді. Ұстаз туралы жазылған Одақ, республика, облыс көлемінде жазылған 70-тен артатын мақалалар, очерктер, ақындар жыры, әріптестерінің пікірі – ұстаздың ерен еңбегінің куәсі.
Қанипа Омарғалиқызы соңғы 15 жылда республика ұстаздарына 4000 сағаттай дәріс оқып, ашық сабақтар берді.
Атаулы мектеп және Қ.Бітібаеваның іс-тәжірибесін Білім және ғылым министрлігі 3 бөлімді бейнефильм арқылы (республикадағы алғашқы бейнефильм) таратты. Қанипа Бітібаева «Ажар сто женских лиц» энциклопедия-журналына кірді. Ол «Живые легенды» номинациясында тұр.
Ұстаз тұлғасы, педагогикалық еңбегі туралы үш кітап жазылды. 2004 жылы «Қазақтың Қанипасы» атты кітап Г.Құдайбергенова, С.Әбішева, Б.Баймұқандардың авторлығымен жарық көрді. Бұл кітап 2005 жылы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен «Білім» баспасына қайтадан шығарылды. Сондай-ақ, 2005 жылы тарихшы ғалым Ғ.Қарасаевтың «Ұстаздықтың Хан апасы» атты кітабы жарық көрді.
Республикада тұңғыш рет
шыққан «Ұстаздық еткен жалықпас» очерктер жинағына «Егемен
Қазақстан» газетінің белгілі тілшісі С.Мәмет, облыстық «Дидар»
газетінің тілшісі, ақын Ә.Қаңтарбайдың авторлығымен «Қазақтың
Қанипасы» атты мақала
жарияланды [1].
.

1-4 сурет. Өскемендегі Жамбыл атындағы гимназиясында орналасқан КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Қанипа Бітібаеваның облыстық оқу-әдістемелік мұражайынан түсірілген марапаттар
ІІІ Тәжірбиелік бөлім
Қ.Бітібаева - ұстаздықтың биік шыңына жеткен, «Қазақтың Хан апасы» атанған, жаңашыл педагог. «Қайтсем қазақтың қара көздеріне, білімнің көзін жаңаша ашамын» деген ұстаз осы мақсатта зор еңбек етіп, 150-ден аса ғылыми-әдістемелік мақаланың, 40 кітаптың авторы. Қанипа Бітібаева әдебиетті оқыту бағдарламасын құрастырып, әдебиетті жаңаша оқытудың әдістемесін енгізіп, болашаққа бағдаршам етіп жариялады. «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «Әуезов шығармашылығын оқыту», «Сабақ түрлері мен үлгілері», «Мектепте Абай шығармашылығын оқыту», «Әдебиеттану», «Абайды таныту», «М.Әуезов – мектепте», «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», «Әдебиет оқулығы», «7-сынып әдебиетін оқыту әдістемесі», «5-9-сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту», «10-11-сынып әдебиетін тереңдетіп оқыту» сияқты мектеп ұстаздары үшін таптырмайтын көмекші құралға айналды.
Мен «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» (2000 ж), «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы» атты үш кітабы (2012 ж.), «Мектепте Абайды танытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы» (2013 ж) т.б. әдістемелік еңбектерін қарастырдым.
«Әдебиетті тереңдетіп оқыту» атты (2000 ж) оқу бағдарламасы. Бұл еңбек Қ.Бітібаеваның 10 жылдық шығармашылық ізденісінің, өзіндік тәжірибесінің жемісі. Басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, көркем шығарманы оқыту. Ұстаз 10-11 сыныптарға арналған әдебиетті оқытуды жаңа көзқарас тұрғысында қарастырады. Әдебиетті оқыту, қазақ ақын-жазушыларының шығармалары тарихи оқиғаларға байланысты кезеңдерге бөлінеді, жекелеген ақын-жазушылардың өмірі, шығармалары туралы бұрын айтылмай келген шындықты оқушыға танытуды көздейді. Әр тарихи кезеңдегі әдебиеттің дамуы, 1960-2000 жылдардағы поэзияны оқытуда аға буын, орта буын, жас буын шығармашылығы деп бөліп, олардың шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшелігін оқытуды ұсынады. Бағдарламаның бір ерекшелігі кезең-кезеңмен барлық ақын-жазушылардың шығармаларының қамтылуы болса, екінші бір артықшылығы – әр ақын-жазушы туралы ғылыми-зерттеу еңбектер тізімі беріліп отырады. Үшіншіден, оқытудың 3 түрін нұсқау ретінде таңдауға ұсынады: 1. Мұғалімнің басшылығымен оқып талданатын шығармалар. 2. Қосымша оқу арқылы талданатын шығармалар. 3. Өз бетімен оқып талдау, пікір айтуға негізделген шығармалар тізімі. Төртіншіден, әр автордың шығармаларын өткенде оқушылардың икем дағдысын дамыту үшін қойылатын талаптар айқын көрсетіледі. Мәселен, Шоқан туралы шағын мақала жаз, Ыбырай туралы толғау жаз, Абай шығармаларының поэтикалық тілінің сөздігін жаса, микро-мінездеме бер, пікір-сұхбат әзірле т.б. Сол сияқты пікір айту, салыстыру, поэтикалық талдау, реферат, тезис, эссе, рецензия-пікір жазу, реплика-диалог дайындау, романдарға әдеби талдау сияқты түрлі шығармашылық жұмыс түрлерін орындатуды ұсынады.
Оқу құралы әдістемелік нұсқау бірге берілгендіктен, оқушының қазақ әдебиетінен жүйелі, жан-жақты білім алып шығуына мүмкіндік беретін бірден-бір құнды еңбек деп санаймын.
Қанипа Бітібаева –Ұлы Абайдың мұраларын зерделеп, шығармаларын жас ұрпақтың санасына сіңіруге үлес қосқан тұлға. Абай туындыларын оқытуға негізделген екі, Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітап жазды. Бұл еңбектер әдебиетті оқыту әдістемесін байытқан туындылар. Республикада алғаш рет құрылған өзінің авторлық сыныптарында «Абайтану» курсын оқытты. «Абай шығармашылығын оқыту» атты оқу құралында (2013 ж) 5-11 сыныптарда Абайды оқыту тақырыбы қарастырылады. «Абай поэзиясын тақырып-тақырыпқа бөлшектемей, тұтастай қарастырса «Алланы сүю», «Әділетті сүю», «Адамды сүю» деген үш асыл қазынаны бөліп алуға болады. Абайды оқытуды осы үш сүюді басшылыққа алған жөн» дейді. Абай шығармаларын оқытудың тиімді әдістемесін ұсынады. Өлеңді үйге алдын ала оқып танысуға беруді және көмек-нұсқау қоса берілу керектігін айтады. Абайдың әрбір шығармасын оқу, талдау, пікірлесу сұрақтары, жалпы сыныптық, іздендіру бағытындағы топтық, барлық оқушыларға арналған, зерттеу негізіне арналған тапсырмалар т.б. беріледі. «Шығарманың мазмұнын, өз айтқанымызды неге мазмұндатамыз? Алдымызда өз ойы, пікірі бар шәкірт отырғанын ұмытпайық. Әдебиет сабағы – ой сабағы, ойлау сабағы, ойланту сабағы. Ойлау – шәкірт тарапынан, ойланту – ұстаз тарапынан» дейді. Алған әсері, қабылдауын айтуға дағдылану оқушы білімін тереңдететіне баса мән береді.
«Біздің бүгінгі күні алдымызға қоятын негізгі мақсатымыз – тілді қадірлеп, мәдениетті дамыта білетін, біздің жолымызды ары қарай жалғастырып, жетілдіріп әкететін азаматтар дайындау. Ол үшін біз тілімізді - ұлттық қазына, ал әдебиетімізді – өнер деп оқытуымыз қажет», - дейді ұстаз Қ.Бітібаева. Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой салу - ұстаз тарапынан, ойлану - шәкірт тарапынан, ойланту - (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады. «Ойланту, ой салу, ойлану» технологиясы арқылы:
• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгіліні пайдалана алады;
• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс табады [2].
Қ.Бітібаеваның атаулы еңбектері оқушының, ұстаздың зерттеушілік құзыреттілігін дамытуға негізделе отырып:
- іс жүзінде болашағы бар білім беру мақсатын жүзеге асыру;
- әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына жағдай жасау;
- білімді меңгерудегі өз жетістіктерін бағалаудың, өз білімдері мен іскерліктерін дамытудың жолдарын анықтау;
- әрбір оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістік деңгейін бағалау мүмкіндігін беру;
- оқушының әлеуметтік біліктілігін қамтамасыз етумен шұғылданады. Әдебиетті тереңдетіп оқытудың сара жолын салған әдіскер-ғалым Қанипа «Қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы» атты еңбегінде атаулы мектеп қызметінің құндылығы, әсіресе, оқулық, бағдарлама, оқу-әдістемелік құралдарын жазуда ауыл, қала мұғалімі мәселелері толық қамтылуында,- дейді Құдайбергенева К.С. [3]. Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының оқыту технологиясының құрылымын төмендегідей келтіруге болады:
|
1. |
Проблемалық ситуация қою технологиясы |
тақырыптық жоспар құрып, көмек-карточка немесе мәселелік тапсырма тәсілдерімен, практикалық жұмыс арқылы жасату. |
|
2. |
Жеделдетіп оқыту технологиясы |
алдын-ала тапсырмалар жүйесінен тезисжоспар жасап, цитатты-пікір дәлелдеме, тезис-аннотация, лекция, баяндама т.б жаздыру. |
|
3. |
Ұжымдық оқыту технологиясы |
өздік, жұптық, ұжымдық, қорытынды баға шығарып, топтық жұмыстар ұйымдастыру. |
|
4. |
Шығармашылық жұмыстарға баулу технологиясы |
іздендіруші тапсырмалар жүйесін жасап, интервью-тест, резюме жаздыру, пресс-конференция сабақтарын өткізу. Осындай технологияларды оқу–тәрбие жұмысында оқушының жеке басын дамытуға, оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталып отырады. |

5-сурет. Әдебиетті оқыту әдістемесі
Салыстыру
|
|
Дәстүрлі оқыту |
Педагогикалық технология арқылы оқыту |
|
Оқушы |
Білім мен дағдыны игереді |
Өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру. Проблемаларды өздері табу, ұсыну, өз беттерімен шешу, ойлау жүйесіне әсер ету дебат, айтыс, пікірсайыстары бойынша белсенділікке әсер ету |
|
Оқу үдерісі |
Ата-анасы баласына мамандық таңдайды, қай сыныпта оқуды ұсынады, шешеді. |
Оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін-өзі жетілдіру. Оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендіру «Оқу үшін – оқу» |
|
Нәтиже |
Бала мұғалімге, оқулыққа, ата-анаға тәуелді болады |
Өзін-өзі тану, «Менің» қалыптастыруға әрекеті |
1-сызба.
ІV Қорытынды
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінде қолданылатын педагогикалық технологиялар көптеп саналады. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне орай таңдап, тиімді пайдаланудың маңызы зор. Мен қазіргі қолданыстағы кең таралған технологияларды атап, олардың ерекшеліктерін қарастыруға тырыстым. Қазақтың Қанипасы қай мінбеде сөйлемесін, ешкімнен қаймықпай мектеп мәселелері, ұстаз туралы батыл жеткізе білген. «Таңымды «мектеп» деп атырып, кешімді «мектеп» деп батырып жүргенде 45 жылдың қалай өткенін байқамай да қалыппын, 45 минуттан 45 минутқа жалғасып жатқан ғұмыр кешіппін. Осы 45 минуттарда өмірімнің ең сәулелі, ең бақытты шақтары жатыр» дейді өзінің ғұмыры туралы «Егіз Өрім» атты педагогикалық эссесінде.
Бар ғұмырын Абайды зерттеуге арнаған ұлы жазушы М.Әуезов «Абай - жатқан бір дария, ал мен мен одан шөміштеп қана алдым» деген екен. «Аңсаған шөлде су тапса, бас қоймай ма бастауға» дейді Абай. Қанипа Бітібаеваның әдебиетті оқытуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ұстаздың жаңашыл әдістемесін мұғалімдер әдебиетті оқыту тәжірибесінде кеңінен пайдалануда. Ал мен болашақ ұстаз ретінде Қ.Бітібаеваның ғылыми еңбектерін оқып, зерттеу үстіндемін. Даңқты ұстаздың дария еңбегі мәңгілік мұра!
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қанипа Бітібаева Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту
министрлігі
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы.
https://rnpb.kz/bitibaeva-kanipa-omargalikyzy/k-bitibaevanyn-enbekteri
2. Бітібаева Қ.О. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы. Бірінші кітап. – Алматы, 2012.
3. Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы – педагогикалық технология көзі. – Алматы, 2001.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қ.Бітібаеваның педагогикалық еңбектері мен идеялары

шағым қалдыра аласыз