Материалдар / Қимыл- қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Жүру мен жүгіру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қимыл- қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Жүру мен жүгіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіл атлетикалық жаттығуларды (домалау, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау) жақсы менгерген оқушы спорттық элементтері бар жеңіл атлетиканың кез келген түрімен айналысып кете алады. Жеңіл атлетика адамзат баласымен бірге жасап, бірге дамып келе жатқан спорттық ең көне түрі болып есептеледі. Жеңіл атлетиканың жеткен жетістіктері қазіргі кезде басқа спорт түрлерінің үлкен ықпалын тигізіп келеді. Өйткені спорттың барлық түрі де осы жеңіл атлетиканың жүру, жүгіру, секіру, лақтыру сияқты негізгі жаттығулары арқылы жетіліп, дамиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
2570
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс № ___


Тақырыбы: Қимыл- қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Жүру мен жүгіру.


Жоспары:

  1. Жеңіл атлетика жаттығуларының жиынтығы

  2. Жүру мен жүгіру

  3. Жеңіл атлетикаға бастапқы оқыту және негізгі әдістер


Жеңіл атлетика жаттығуларының жиынтығы

Жеңіл атлетика – ежелден келе жатқан дене жаттығуларының бірі. Жеңіл атлетиканы бұрын көбінесе көпшіліктің алдында цирк өнерін көрсететін артистер жиі пайдаланып келген болатын. Дене тәрбиесі — қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн тәртібінде спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз [4;5].

Жеңіл атлетикалық жаттығуларды (домалау, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау) жақсы менгерген оқушы спорттық элементтері бар жеңіл атлетиканың кез келген түрімен айналысып кете алады. Жеңіл атлетика адамзат баласымен бірге жасап, бірге дамып келе жатқан спорттық ең көне түрі болып есептеледі. Жеңіл атлетиканың жеткен жетістіктері қазіргі кезде басқа спорт түрлерінің үлкен ықпалын тигізіп келеді. Өйткені спорттың барлық түрі де осы жеңіл атлетиканың жүру, жүгіру, секіру, лақтыру сияқты негізгі жаттығулары арқылы жетіліп, дамиды.

Елімізде ерікті дене шынықтыру - спорт қоғамдары жұмыстарын қайта жандандыра бастады. Соның бірі «Жастар» спорт қоғамы. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жасөспірімдердің арасында дене шыныққыру - сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен шұғылдану қажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа кызығушылық артады [4;5].

Дене жаттығулары, сылап-сипау, қозғалыс және спорттық ойындар, жүру, жүгіру, шынығу, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары болып табылады.

Айтылған құралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәніне ие. Бұл, біріншіден дене жаттығулары арқылы қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты жэне шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынтандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқын тигеннен болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттыгуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділікті қолдайды.

Жаттықтыру әдістемелері мен құралдары

Жеңіл атлетика спортында жаттықтырудың өте көп әдістемелері мен құралдары қолданылады. Жаттығу құралдарына - адамдарды жаттықтыру үшін «нені қолдану керек?» деген сұрққа жауап алынады. Жаттығу әдістемелеріне «қалай қолдану керек?» деген сұраққа жауап беріледі. Жаттығу мақсатына байланысты әртүрлі құралдар мен әдістемелер таңдап алынады. Жеңіл атлетикада жаттығу құралдарына әртүрлі дене жаттығулары, гигиеналық факторлар және табиғат аясын пайдалану (күн, су, ауа т.б.) жатқызылады.

Дене жаттығулары жеңіл атлеттерді дайындауда басты құрал болып табылады. Дене жаттығулары негізгі құрал ретінде бес түрге бөлінеді: негізгі, жалпы дамыту, арнайы, көмекші және бейімдеуші жаттығулар.  Негізгі жаттығу түрлеріне таңдап алынған, маманданған спорт түріне қажетті барлық жаттығу түрлері енеді.

Жалпы дамыту жаттықтыруларын қолдану арқылы спортшының дене қаблеттерінің жан-жақты дамуына әсер етеді, оның өзі екі түрге бөлінеді, бірі басқа спорт түрлерінде қолданылатын жаттығуларды пайдалану, екіншісі заттарды қолдану немесе қолданбау арқылы орындалатын жаттығулар. Мысалы, ауыр доптар, таяқтар, зілтемірлер, секіргіш жіптер т.б. қолдану. Арнайы жаттығуларды пайдалану арқылы маманданған спорт түріне қажетті арнайы дене қаблеттерін арттыруға және сол спорт түрінде пайдалынатын әдіс, тәсілдік жаттығуларды жетілдіреді. Арнайы жаттығулар өзінің түрі жағынан бұлшық еттер мен адамның жүйке жүйесіне әсері жағынан негізгі жаттығуларға ұқсас келеді. 

Арнайы жаттығуларды орындату арқылы сол спорт түріне қажетті дене күш қаблеттерді арттырады, организмнің төзімділігін күшейтеді. Бейімдеуші жаттығулар да өз ерекшелігі жағынан негізгі жаттығуларға ұқсас болып келеді бірақ олар маманданған спорт түріндегі қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдерді дұрыс үйрету, қателіктерді түзету үшін қолданылады.

Көмекші жаттығулар спортшыны демалту, сергіту мақсатында қолданылады, оған басқа спорт түрлерінде берілетін жаттығулар көбірек енгізіледі.  Спортшы дайындығының сапасы үшін жоғарыда көрсетілген жаттығу құралдарын дұрыс таңдау және дұрыс пайдалану маңызды болып келеді. Барлық қолданылатын жаттығу түрлерінде олардың негізгі ерекшеліктерін анықтау маңызды. Оларға: бастапқы қалып, қозғалысқа түсетін негізгі дене мүшелері, қоғалыс бағыты, қозғалыстың кеңдігі, қозғалыс жылдамдығы, жұмсалатын күш мөлшері, қозғалыстардың үйлесімдігі, жаттығуды қайталау жиілігі, жаттығуды орындау ұзақтығы жатады. Бір жаттығу түрінің бөлімін немесе бөлігін жиі қайталатып жаттықтыру, оның арнайы жаттығу түрі екендігін көрсетеді.

Жаттығу түрін неғұрлым кең аяда орындату адамның иілгіштігін арттырады, жиі және тез қайталату жылдамдық қаблетті арттырады. Жеңіл атлеттерді жаттықтыру кезінде төмендегідей негізгі жаттықтыру әдістемелері қолданылады: қайталау, ауыспалы, үзілісті, бір қалыпты, жарыстық әдістемелер жатады.

Қайталау әдістемесі ерекшелігі, берілген жаттығу түрін көп рет қайталау тапсырмасынан тұрады.

Ауыспалы жаттығу әдістемесінде, жаттығуды қайталау барысында орындау жылдамдығы өзгеріп отырады.

Үзілісті әдістемеде берілген жаттығу тапсырмасын алдынала белгіленген демалыс үзілістері арқылы қайталап орындау міндеттеледі.

Бірқалыпты бұл әдістеме көбіне циклдық спорт түрлерінде қолданылады (жүгіру, спорттық жүру т.б.) тапсырма, спортшыға барлық белгіленген қашықтықты бірқалыпты жылдамдықты сақтап өту тапсырылады.

Жарыстық әдістеме бұл жағдайда спортшы тапсырманы ең жоғарғы қарқында жарыс ережесін толық сақтау жағдайында орындайды, немесе жарысқа қатысу кезінде орындайды, спортшы мақсаты ең жоғарғы көрсеткіш көрсетуге тырысу. Бұл әдістеме спортшының жалпы дайындық мөлшерін, спорттық бапқа ену кезеңін, психологиялық дайындығын сынау үшін қолданылады.

Спортшыны жаттықтыру сапасын арттыру мақсатында қосымша әдістемелік нұсқаулар қолданылады, оған: жаттығуды орындауды жеңілдету, орындау жылдамдығын төмендету, көрнекі белгілерді қолдану, дыбыс түрлерін қолдану, жаттығуды орындау кезінде тікелей көмектесу т.б.жатады. Жаттығуды жеңілдетіп орындатуға жүгіру қашықтығын азайту, жоғары секіру биіктігін аласарту т.б.әдістемелер қолданылады. Қозғалу жылдамдығын азайтуға жүгіру, секіру, бұрылу кезінде жаттығуды тоқтатып, қате орындалған тапсырмаларды түзету жұмыстары жүргізіледі. Көрнекі белгілерді қолдану берілген тапсырмаларды дұрыс және жылдам меңгеруге көмектеседі, кеңестікте қозғалуда өз мүмкіндіктерін дәл қолдануға үйретеді.


Жүру мен жүгіру

Спорттық жүру әдісі.

Спорттық жүрудің жай жүруден көптеген айырмашылығы бар: Қуатты итерілумен жанбастың тік білікпен бұрылуында, сермелген аяқтың алға қозғалуымен адым ұзарады, тізеден бүгілген аяқ өкшеден қойылды. Қолдың жедел қимылымен күш қуатын үнемдеу мен бұлшық етті босатумен сипатталады. Спорттық жүрудің басты талабы жермен тұрақты байланысты болуы. Екі аяқтың жерден алынуы ол жүгірудің басталуы болып есептеледі және спортшы ереже бұзды деп сайыстан босатылады [2;88].

Спорттық жүруге үйрету әдісі.

Үйретудің бірінші кезеңінде спорттық жүрумен жаңа айналысушыларға дұрыс әдіс түсінігін беру оқытушының басты міндеті, ол мынадай тәсілдермен шешілді; кино – бейне көрсету және бейне материялдарды жіктеу.

Жүгіру қозғалысының негізі.

Техникалық жеке даралығы. Әр спортшының дене дайындығы әр – түрлі болғанда жүгіру қозғалысы бірдей болмайды. Жеке өздігінен басқада қозғалысқа әсер ететін нәрселер жүргірушінің бойы, салмағы, сүйек дене құрылысы, бұлшық еттердің көлемі, ұзындығы, сымбаттылығы. Жүгірушілердің қозғалысы бірдей болып көрінгенмен, белгілі бір механика принциптеріне де байланысты, басқа бір жүгірушінің техникасын дәл қайталаса ол үлкен қателікке әкеледі. Тұрақты жылдамдылықпен жүгірген кезде дененің еңкею бұрышы Д.О.М-ға таяулау тік болып келеді. Ішкі бұлшық еттер қосындысы желдің қарама –қарсы күшіне тең күшпен әсер етеді және ішкі күштің ауырлығымен қоса желдің қарсы күшінен жүгіру нәтежесі кемиді. Тұрақты жылдымдылықпен жүгіргенде дененің еңкею бұрышы тік бағытқа ұмтылады, бірақ қозғалу кезінде денені сәл еңкейту желдің қарсы күшін бәсеңдетеді.

Жылдам жүгіруді үдеткенде еңкею бұрышы көбірек болуы абзал. Сонымен сөреден щыққан желаяқтың еңкею бұрышы ең көп мөлшерде байқалады, әр адым сайын еңкею азая береді. Бастапқы бірнеше адым жүгіргендегі ең ұзын адымнан қысқарақ болады, себебі денені алға еңкейткенде адым қысқаратыны белгілі. Бірақ спортшы адымнан соңғы адымға дейін адымды ұзартып жүгіру керек, көптеген жеңіл атлетиканы жаңа бастағандар қысқа қашықтықта жүгіретін әйгілі спортшылардың сөреден қозғалуына әсіресе 20м еңкейіп жүгіруін қайталауға тырысады. Бұл мүлдем қате түсінік, себебі әйгілі желаяқтардың денені еңкейтуі ол сөреден алынған жоғарғы жылдамдықтың нәтежесі. Дәлелдеу үшін сөрелік қалыпта тұрып жоғарғы жылдамдықпен жүгіріп байқауға болады. Егерде сіз белгілі жылдамдықпен жүгірсеңіз бірнеше адымнан кейін жоғары көтеріліп кетесіз. Бастапқы екпін алу жылдамдылығы жоғары болса, соғұрлым дене еңкею қалпында болады, бірақ ол сізге байланысты емес [3;6].

Жүгіру

Оқушылардың дене шынықтыруға тәрбиелеуде жүгіру жаттығуларының алатын орны ерекше. Жүгіру – табиғи қолданбалы жаттығулар. Жүгіру ішкі ағзаларға жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді, зат алмасу жүйесінің қызметін күшейтеді. Жүгіру арқылы жылдамдық, төзімділік, қозғалыс үйлесімділігі, қайсарлық, табандылық,қасиеттері тәрбиеленеді. Жүгіру жаттығуларына үйрету барысында төмендегі міндеттерді шешу қажет :оқушыларды дұрыс жүгіруге үйрету, ағзаға гигиеналық әсер етуші құрал ретінде қолдану [2;89].

Сабақта оқушыларға жеңіл жүгіру, жүруді жүгірумен ауыстырыу, бірінің артынан бірі жүгіру, қарама- қарсы жүгіру, тұлғаныдұрыс ұстап жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшелеп жүгіру, жоғары мәреден жүгіру, ырғақты дем алу үйретіледі.

Жүгіру жаттаығуына үйркту барысында жеңіл атлетика ережесіне сәйкес «аяқты итеру», аяқты сермеу түсініктерін білуге үйрету. Жүгіруге үйрену кезіндегі жаттығудың міндеті қол мен аяқтардың жақсы үйлесімімен жеңіл, тез, еркін, ілгері қарай ұмтылған қозғалысты қалыптастыру болып табылады [2;89].

Жүгіру жаттығуларның дұрыс орындалуы техникасынынң негізі: жүгірушінің денесі сәл алға шығыңқы, бас пен дененің бір сызықтың бойында, иық көтерілмейді, итерілетін аяқ, аяқтың ұшына қойылады, итерілу кезінде толық түзеледі, сермейтін аяқ, тіземен бүгіліп, бөксе алға, жоғары көтеріледі, қолдың шынтағы бүгіледі: аяқ пен қол қайшыланған әдіспен бір екпінде қозғалады, саусақтар жартылай бүгілген .

І - сынып оқушылармен жүгіру жаттығулары көбіне ойында қолданылады, өз еріктерімен іскерлік дағдылары жағдайына байланысты жүгіреді. Сондай-ақ, бірінші сынып оқушыларына жүру мен жүгіруді әртүрлі қимылдар арқылы екпінді өзгертіп, жүгіру арқылы үйретіледі.

І - сынып оқушыларын жүгіруге үйрету барысында мұрын арқылы дем алуды қадағалау қажет. Ал жоғары бастауыш сынып оқушылары әр екі- үш адамда дем алуын, сондай-ақ дем алу мен дем шығару сандар үйлесімділігі мен тең келуі қажет.

Сабақта ырғақты жүруге көңіл бөлу қажет . Ырғақты жүгіруге үйрету барсында мұғалім сапты өзі бастап ,жүгіру екпініне, ырғағына қажетті жағдай ұстауды ұсынады . Оқушылардың еркін , жеңіл жүгіруі аяқтың ұшымен орындалады. Алғашқыда жүгіру бір бағытта кейіннен жан-жаққа жүгіру ұсынылады.

2 – сынып оқушылармен жүгіруді жарыс топ, жұптасқан түрде өткізіледі. Бұл жүгіру түрлерін өткізу үшін жүгіретін жол 10-15 м-ден 3-4 бөлікке бөлінеді. Бірінші оқушылар жай, екінші – жылдам, үшінші- өте жылдам жүгіруді жылдам жүгіруге ауыстырады . Оқушылар жүгірудің негізгі техникасын дұрыс меңгергенннен кейін, жүруді жүгірумен алмастыра отырып, кедергілерден өту әдісі қарастырылады. Алғашқы кезде кедергі бір түрде болса, бірте-бірте түрленеді [2;91].

Жоғары сөреден жүгіру төмендегідей әдістер бойынша үйретіледі:

а. мұғалім көрсетеді және түсіндіреді;

ә. жоғары сөреде жүгірудің жеке бөліктері, бөлшектерін көрсетеді, түсіндіріледі;

б. бұйрық барысында қандай қалыпты ұстауы;

в. 2-3 оқушыға түсінгенің көрсетуі ұсынылады;

г. сыныптағы барлық оқушыларға үйретіледі .

«Сөреге» бұйрығы бойынша оқушылар сөрелік сызықтың алдына тұрады; бір аяқ сызықта, екінші аяқ жарты адым артта, аяқтар бірінің артына бірі, «Көңіл аудару» ұйрығында денені алға сәл еңкейтіп, бір қол бүгілген, бүкіл дене салмағы алда тұрған аяққа түседі. «Жүгіріндер» бұйрығында оқушылар жүгіре бастайды Жүгіру аяқтың ұшымен орындалады. Адым жылдамдыққа байланысты ұлғаяды .

Оқушылар бір қолға тіреліп, сөреге тұру әдісі де үйретіледі. Бұл сөреге тұруда сол сөрелік сызықтан 20-25 см қашықтықта қойылған, оң аяқ бірінші аяқтың артына 20-25 см қашықтыққа аяқтың ұшымен қойылады. Бұйрық бойынша жүгіру басталады.

Бірте –бірте үйрету әдістері

  1. Ойын барыснда еркін жүру

  2. 15 м арақашықтықта шағын топтардың жүгіруі

  3. Көлемі 80-40 см екі сызықтың ортасымен жүгіру

  4. Көлемі 60-80 см жүгіру кедергілерден жүгіру

  5. Жүгіруді жүрумен алмастыру. Жүру 50 м жүгіру, 20 м жүгіру, 15 м бірте-бірте жай жүру

  6. Үлкен адыммен жүру

  7. Аяқтың ұшымен жүгіру

8 Көлемі 40-50 м жолақтан жүгіру

9 Екі сызықтың ортасынан аяқтың ұшымен жүгіру

10 Көлемі 70- 100 см сызықтың ортасынан жүгіру

11 Қолдары әртүрлі қалыпта ұстап жүру

12 Қойылған заттар арқылы бағытты өзгертіп жүгіру

13 100 метрлік қашықтықта жүгіруді жүгірумен алмастыру

14 Бөксені жоғары көтеріп жүгіру

15 80-100 см сызық бойынша жүгіру

16 Белгіленген арықтан секіруді жүгірумен алмастыру

17 Доптар арқылы екі - үш адым жасап жүгіру

18 Жылдамдата жүгіру: 10 метр жай жүгіру, 15 метр жылдам жүгіру, қалған 150 метрде барлық күшін салып жылдам жүгіру, бірте – бірте жүгіруге ауыстыру

19 40 метрге жылдамдықпен жүгіру

20 150 метрге қашықтықта жүруді жүруге алмастыру

21 Кедергілерден жүгіру

22 Жоғары сөреден жүгіру

23 50 метрге жоғары сөреден жылдамдықпен жүгіру

24 Төбеге жүгіру , төменге жүгіру

25 200 метрге қашықтықта жүруді жүгірумен алмастырып жүгіру [2;92].

Жеңіл атлетикаға бастапқы оқыту және негізгі әдістер

Жүгіру жылдамдығы жоғары болса өкше құйрық еттеріне көп мөлшерде тиетін тәріздес. Демалу фазасындағы аяқтың алға қозғалыс әрекеті маятник тәріздес, бірақ аяқты қозғалтатын күш ол бұлшық еттер. Демалу фазасында аяқтың алға қозғалу кезінде тізе биіктігінің көтерілуі жүгіру жылдамдылығына байланыс-ты. Демалу фазасындағы аяқтың тербетіліп алға тасталу шегі арқы аяқтың итерілуінің аяқталуына байланысты. Осы қозғалу шегіне жеткенде, аяқ алға тасталғаннан кейін жоғарғы жағы қозғалту бағытын өзгертеді, табан бастапқыда алға содан кейін төмен артқа қозғалады. Адымның ұзындығын қамтамасыз ету үшін жетектеуші аяқ алға көп мөлшерде тасталмайды. Аяқтың адымының ұзаруы артта қалған итерілетін аяқтын күш әсерінен итерілу фазасында пайда болады. Жетекші аяқпен жерді тартуын дене проекциясын қою арқылы жүгіруші өзін алға тарта алмайды. Жетекші аяқ жерге қозғалып сермей тасталғанда демалу фазасы аяқталады. Жермен жүгірушінің дене проекциясының орнына қойылып тік байланыста болады.

Дем алу фазасы итерілу фазасына қарағанда ұзағырақ Спринтерлердің жермен байланысы 40% уақыт жағына сәл көбірек, екі табан жерден итерілгенде аяқ бір кезде дем алады. Орта және ұзын қашықтықтың әр адымында қозғалыс уақыттың жартысына тең. Тік фазасының басталуы жетекші аяқтың табаны жерге тиіп, дененің ортақ нүктесінің астына қойылады. Табанының сырт жақ қырына қойылғанда тізенің бүгілу моменті басталады. Осыдан кейін өкше жедел жерге тиеді, жерге түсуді тоқтатам деп күш жұмсаудың мүлде қажеті жоқ. Ортақ күш табанның алдына жылжығанда тірек фазасы аяқталады. Ол момент те жермен байланыста болады. Тірек фазасының аяқталуы деген итерілу (серпілу) фазасының басталуы деп қарау керек.

Итерілу фаза кезінде дене алға жылжиды, аяқтың жазылуы арқылы жермен байланыста болып және даму күші ортақ күштің артында орналасады. Дене алға қозғалған кезде өкше көтеріледі, тізе жазылып, соңынан тізе, табан буындары және табанның ұшы дене соңынан жедел түзетіледі, осымен итеру фазасы аяқталады. Спортшы түзу жүгірген кезде табанның сыртқы қырымен тік сызыққа қойылады. Аяқтан солға қарай өтетін күш әрекет сызығы ортақ күшті қызметке қосады, нәтижелік қозғалысқа әкеледі. Ол экцентрикалық итеру деп аталады.

Серпілу фаза кезінде оң аяқ санына әрекет арқылы және сол аяқ қозғалыс арқылы бүгіліп, алға жоғары жылжуы дем алу фазасында тұруы жамбастың сағат тілімен көлденең бағытта айналуын туындатады. Осы итерілу сонымен қоса денені көтеріп бірақ керекті ортақ күшті әр адымда өту үшін керекті күшті жұмсайды және алға жылжытады. Итерілу кезінде қандай болатын бұрылу реакциясын дененің жоғарғы жағы өзіне сіңіріп алады. Сонымен жанбас сағат тілінде тік бағытта бұрылса дененің жоғарғы жағы (қол, дене және иық) сағат тіліне қарама – қарсы қозғалады. Қолдың және иықтың қозғалысы.

Дененің жоғарғы жағы (қол, дене және иық, аяқтың эксцентрикалық раекциясын сіңіріп қарама – қарсы қозғалыс жасайды). Оң қол және иық алға қозғалады (және артқа) оң аяқпен белге, ал сол қол иық артқа және алға оң саусақпен бірге қозғалады

Қорытындылай келе дене тәрбиесі — қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Әр спорт түрінің ерекшелігіне байланысты әдіс-тәсілдерді орындау, шеберлігін жетілдіруде жеңілдетілген түрде қайталап орындау түрлерін қолдану, жаттығуды дұрыс меңгеруге көмектеседі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Дене шынықтыру. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жалпы орта білім беруге арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 48б.

  2. Мұхамеджанова Ұ. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі – Астана, 2017. – 200б.

  3. Оңғарбаев Д.Т. Жеңіл атлетикадағы функционалды және физикалық дайындықтарының негізі – Алматы, 2013.

  4. Тайжанов С. Жеңіл атлетика әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. – 252б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!