Қимылды ойындар
«Ұстағыштар» (ленталармен)
Мақсаты: балаларды бір-біріне кедергі жасамай жүгіруге, сигнал бойынша тез әрекет етуге үйрету.
«Еденде қалмаңдар»
Мақсаты: балаларды залдың айналасына шашырап жүгіруге үйрету, текшелерге, орындықтарға қолдың көмегінсіз секіріп мінуге, олардан жеңіл секіріп түсуге үйрету. Сигнал бойынша әрекет ету қабілетін бекіту. Жылдамдықты дамыту
«Тышқан»
Мақсаты: балаларды бір-біріне кедергі жасамай, шеңберде және шеңберден тоғысқан қолмен жүгіруге, сигнал бойынша әрекет етуге үйрету.Кеңістікті бағдарлауға, жылдамдықты, бағдарды дамыту
«Қу түлкі»
Мақсаты: балаларды бір-біріне кедергі жасамай жүгіруге, сигнал бойынша әрекет етуге, ойын алаңына бағдарлануға үйрету. Жылдамдықты дамыту
«Орныңды тап»
Мақсаты: балаларды сигнал бойынша әрекет етуге, аланның бір жағынан екінші жағына жылдам жүгіруге үйрету.
«Арқан тарту»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балаларды қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғүрып, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
«Жапалақ»
Мақсаты: балаларды бір-біріне кедергі жасамай жүгіруге, ойын аланына бағдарлануға үйрету.
«Соқыр теке»
Мақсаты: Балаларды шапшандыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу, ойынның атына сәйкес үй жануарларымен таныстыру.
«Орамал тастамақ»
Мақсаты: Баланың бірегей қабілеттерін ретті және жүйелі жетілдіріп отыру, ойын барысында қимылдарды мәнерлі жеткізуге дағдыландыру. Балаларды ұжымдық шығармашылыққа және берілген іске үлкен жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.
«Аюлар мен аралар»
Мақсаты: балаларды гимнастикалық қабырғаға көтерілуге,шашырап жүгіруге үйрету. Батылдықты, жылдамдықты дамыту
«Ақсерек-көксерек»
Мақсаты: Балаларға ортада ӛзін дұрыс ұстауға үйрету, ойын арасында тек өзінің тапсырмасын орындап қоймай, ӛзінің тобындағы достарына да кӛмектесе білуге үйрету, достық сезімін ояту.
«Доптар мектебі»
Мақсаты: балалардың доппен әр түрлі іс-әрекеттерді орындау қабілетін бекіту.
«Қыз –қуу»
Мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын жетілдіру. Ұлтық ойынға деген қызығушылық сезімдерін дамыту арқылы ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баули тәрбиелеу. Ойын арқылы салт – дәстүрді түсініп қастерлеуге ұлттыққұндылықты білуге үйрету.
«Кеглиді көзде»
Мақсаты: балаларды допты домалатуға үйрету, кеглиді 1,5-2 м қашықтықтан қағып алуға жаттықтыру. Көз мөлшерін дамыту.
«Түйілген орамал»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулып, санай білуге үйрету. Ұлттық ойындарға қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
«Жалаудан асырып лақтыр»
Мақсаты:Лақтыру күшін, көз манометрін дамыту, бұлшық еттерін күшейту.
«Шығыршыққа тигіз»
Мақсаты: балаларды оң сол қолымен бағыттай отырып, көлденең нысанаға құм салынған қаптарды лақтыруға үйрету. Көз манометрін, лақтыру дәлдігін дамыту.
«Тақия тастамақ»
Мақсаты:
Қазақтың ұлттық бас киімнің бірі тақиямен таныстыру, танымдық
қабілеттерін жетілдіру. Жылдамдыққа тәрбиелеу.
«Өрт сөндірушілер жаттығуда»
Мақсаты:Қолдар мен аяқтардың үйлестірілген жұмысын, жылдамдықты дамыту.
«Айгөлек»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, талғампаздыққа баулу. Сөз өнерлерін байту.
«Қармақ»
Мақсаты:балаларды бір орында екі аяқпен секіруге, жартылай иілген аяққа қонуға үйрету,жылдамдықты дамыту.
«Аңшылар»
Мақсаты:
Балаларды қырағылыққа, көздегіштікке, шапшаңдыққа үйрету.
«Төмпешіктен төмпешікке дейін»
Мақсаты:екі немесе бір аяқпен төмпешіктен төмпешікке секіру арқылы балаларды ойын алаңының бір жағынан екінші жағына қозғалуға үйрету, тепе-теңдікті сақтау қабілеттерін дамыту.
«Хан талапай»
Мақсаты:Балаларды асықпен таныстыру, қазақтың ӛте ежелгі ұлттық ойыны
екендігі жайында әңгімелеу, балаларды санай білуге үйрету
« Кім аз секіреді»
Мақсаты: балаларды қолдың күшті толқынын жасауға, екі аяққа қону арқылы ұзындыққа секіруге үйрету, бұлшық еттерін күшейту.
«Теңге алу»
Мақсаты:Атпен шаба білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Онға дейін санай білуге
үйрету.
«Бос орын»
Мақсаты: балаларды қарама-қарсы бағытта жылдам жүгіруге үйрету. Жылдам реакцияны, назарды дамыту.
«Сақина жасыру»
Мақсаты: Бас бармақпен басқа саусақтарды біріктіре отырып кезекпен сақина жасау ойлау қабілетін дамыту, қол саусақтарының моторикасын дамыту.
«Қарсы жүгіріс»
Мақсаты: балаларды ойын алаңының бір жағынан екінші жағына жылдам қарқынмен жүгіруге үйрету. Назарды, қозғалыс жылдамдығын дамыту
«Қуыр-қуыр қуырмаш»
Мақсаты: Қол маторикасын дамытады, саусақты сипалау арқылы ойлау қабілетін жетілдіреді.
«Аударыспақ»
Мақсаты: Балаларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу. - ағзаның қимыл-қозғалыс мүмкіндіктерін арттыру және қозғалыс үйлесімдігін дамыту
«Белбеу соқ»
Мақсаты: Бірқалыпты жүгірісті орындау. «Белбеу тастау» ойынын үйрету. Ойындар арқылы икемділік, ойлау қабілеттерін дамыту.
Арқан тарту.
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.
Орамал тастамақ
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.
Ақсерек-көксерек.
Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Қыз –қуу
Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.
Түйілген орамал.
Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.
Сақина жасыру
Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.
Соқыр теке.
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.
Қуыр-қуыр қуырмаш.
Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:
-ортанғы саусағымды тапшы,-дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса,ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.
1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап бередуі: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады. Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.
Сен тұр қойыңа бар.
Сен тұр түйеңе бар
Сен тұр жылқыңа бар
Сен тұр сиырыңа бар
Сен кішкентай әлі жас екенсің
Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.
Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:
Қуыр-қуыр, қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әжең келсе есік аш
Қасқыр келсе мықтап бас
Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды. Осыларды істеп бола беріп:
Мына жерде қой бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде түлкі бар
- деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды
Хан талапай.
Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.
Аударыспақ
Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады. Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын «ағаш аттан» аударып түсуі шарт. Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады. Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.
Теңге ілу.
Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға тез жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
«Асық ату» - Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз