жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қимылды ойындар жинағы 5-6 жастағы балаларға
« Паравоз »
№1.
Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп
тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға
үйрету.
Мазмұны: Қатар-қатар
тұрайық,
Кәне, кәне, сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын
Паравозы пойыздың
Кімнің, апай, бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың?!
Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала
паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соның
артынан ұстап тұра бастайды.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да!
Пш-пш, пш-пш!-біз кеттік
Жүрісті біз гулетіп
Жүрісті біз гулетіп
Гу-гу, гу-гу, гуілдеп
Қалып қойма біріңде
Пш-пш, пш-пш!-біз кеттік жүрісті біз
үдеттік.
« Ұшты-ұшты »
№2
Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын,
аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.
Ойынның
мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады.
Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру
шарт.Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де ,
ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып
тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты,
ұлғая түседі. Бастаушы
Ойынды былай жүргізеді.
Ұшты-ұшты сұңқар ұшты
( қол көтереді)
Ұшты-ұшты қарға ұшты
( қол көтереді)
Ұшты-ұшты арба ұшты
( қол көтермейді)
Ұшты-ұшты дауыл ұшты
( қол көтермейді)
Ұшты-ұшты ұшақ ұшты
( қол көтереді)
Ұшты-ұшты торғай ұшты
( қол көтереді)
Ұшты-ұшты жылан ұшты
( қол көтермейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы
жеңеді.
« Ақ қоян
»№3
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа
баулу.
Ойын
мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала
ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды
айнала жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян-ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй-әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші-
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған
қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға
тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да
үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян
болады.
« Қасқырлар мен лақтар »
№4
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке
тәрбиелеу.
Ойын
мазмұны: Аралары 10-15 адым қашықтықта « қора » мен
« өріс » сызылады.
Ойнаушылар үйлерінде
тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке лақ
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп—деген сөздерден
Кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске » беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2-3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады.Осылайша ойын жалғасады.
« Қаздар »
№6
Мақсаты: Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыту
және қаздардың тіршілігімен таныстыру.
Керекті
құралдар: ( сырнай немесе сылдырмақ).
Ойын
мазмұны: Қысқаша
әңгіме, қаз өте сақ
құс,
ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандардың соңында жүреді.
Егер қауіп төнсе, ана қаз екеуі екеулеп балапандарын қорғайды.
Қаздар көк шалғында шөп жейді. Барлық балаларға сырнай үлестіріліп,
ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жүрген
қаздарды бейнелеп, баяу сырнай тартады. Тәрбиеші белгісімен қауіп
төнгенде, ата қаз
сырнайды қатты 2-3 рет тартып белгі береді. Осы кезде балалар қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына жиналады. Ойын қайталанып, ата қаз сайланады.
« Төбеде доп қуу »
№7
Мақсаты: Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке
үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын
мазмұны: Ойынға қатысушылардың барлығы екі топқа бөлінеді.
Әр топтың ойыншылары бірінің артына екеуден сапқа тұрады. Ал
капитан өз командасының алдында болады. Команда бірінен бірі 3-4
метр жерде тұрады. Капитандар бір-бір волейбол добын алады да, оны
екі қолымен төбелеріне көтереді. Жетекшінің « Бастаңдар » деген
командасы бойынша олар допты басынан асыра артындағы ойыншыға, осы
әдіспен келесі ойыншыға береді. Ойын одан әрі қарай жүгіреді,
сөйтіп өз тобының алдына келіп тұрады. Доп тағы да колонаның соңына
кетеді. Ол топ капитандарының қолына екінші рет қайта тигенше ойын
осылай айнала береді. Капитан өз орнына келіп,
бірінші
болып, допты жоғары көтергенде команда ұтып шығады.
« Күн мен түн »
№8
Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға
баулу.
Ойын
мазмұны: Балалар бірі « Күн» , екіншісі « Түн» тобы болып
екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады.
Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап
тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары
үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар
қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады.
Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.
« Көги-гөк »
№9
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Ойын
мазмұны: Тақпақ айтып, бір қызды « кемпір» етіп сайлайды.
Қалғандары қаз болады. « Кемпір» шетке шығып тұрады, басқа
ойыншылар қаздай тізіліп, бірінің соңынан бірі
ұстап:
Гөк, гөк, көги көк,
Гөк, гөк, көги гөк.
Гөк, гөк, көги гөк,-деп қаздың жүрісіне еліктей ақырын оң мен солға шайқалып, « кемпірдің» қасына келеді.
Бірінші келген балаға беріп: « Жоғалтпаңдар!»-деп тапсырады.
Балалар айнала жүріп, қайтадан қаздай тізіліп « кемпірге» келеді.
« Кемпір»
Әлгің қайда?
Қалды сайда!-деп сұрайды.
Балалар бәрі бірдей.
Әлгің қайда?-
Қалды сайда!-деп жауап береді. Олай болса сендердің біріңді алып қаламын, деп « кемпір» балаларға бас салады. Балалар тізбегін жазбай қаша жөнелуі керек. Қолға түскен біреуін « кемпір» қасына алып қала береді. Ойын барлық балаларды түгел ұстап болғанша қайта жалғаса береді.
« Түлкі мен қаздар
»№10
Мақсаты: Түлкі мен қаздың қимылын жасауға,
жылдамдыққа баулу.
Ойын
мазмұны: Балалар залдың бір шетінде тұрады. Олар қаз
болып ойнайды. Бір бала түлкі болады. Ол залдың екінші шетінде
тұрады. « Түлкінің » қимылын жасап әнді « Түлкі» бастайды. Қаздың
қимылын жасап, « Қаздар» оған жауап
береді.
Ән біткенде « Қаздар» қашады, « Түлкі» қуады.
Ұсталған бала « Түлкі» болады.
Түлкі: Қаңқ-қаңқ қалың
қаз,
Қашсаң пана табылмас.
Қаздар: Қулықты қой, қу
түлкі,
Аузыңды жап әрі қаш!
Түлкі: Мамыр, мамыр, мамыр
қаз,
Мамырламай бері бас.
Қаздар: Қой, қой, түлкі, сұм
түлкі,
Балапандар әлі жас.
Түлкі: Тыңдамаймын
сөзіңді,
Ұстап жеймін қане, қаш.
« Ақ сандық, көк сандық »
№11
Мақсаты: Күштілікке, шапшаңдыққа, ептілікке
баулу.
Ойын
мазмұны: Екі бала бір-біріне арқаларын беріп, қол
ұстасып отыру керек. Ойынды жүргізуші
өлеңдетіп.
« Ертең ауылым көшеді,
Уық-буын шешеді.
Қара қойым қашады,
Құмалағын шашады.
Ақ сандық, көк сандық,
Арқан тарт, кілем арт!»
Соңғы « арт» сөзі балаларға берілген белгі, ол айтылған кезде қол ұстасып отырған балалар тез тұруы керек. Қайсысы қарсыласын арқалап кетсе, арқадағы бала үй жануарларының дауыстарын салуы керек.
« Ит пен қоян
»№12
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Ойын
барысы: Ойын жазық алаңда ойналады. Бір бала ит
болады да, қалғаны қоян болады. Бұдан кейін « ит», « қояндарды»
қуып ұстауға тырысады. Өзі ұстаған балалардың барлығын итке
айналдарды. Сөйтіп барлық қояндар итке айналғанша ойын жалғаса
береді.
« Аққу-қаздар »
№13
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа
тәрбиелеу.
Ойын
мазмұны: Алаңның бір шетіне қаздар тұратын
үй белгіленеді, қарсы шетіне бақташы тұрады. Үйдің бір жақ
бүйірінде қасқыр тұратын үңгір болады. Алаңның қалған жері жайылым
болады. Бақташы қаздарды жайылымға қуып шығады, олар жайылып
жүреді.
Бақташы: Қаздар, қаздар,
қаңқылдап,
Барасыңдар қай жаққа.
Қаздар: Айна көлі жалтылдап,
Жатқан жасыл аймаққа.
Бақташы: Біздің жерге түсе кет,
Түсіп сусын іше кет.
Қаздар: Сіздің жерге түсеміз
Түсіп сусын ішеміз.
Бақташы: Болсын онда жол жайлы!
Қаздар: Бізге ол жаққа болмайды,
Жолды тосып тұр сұр қасқыр.
Бақташы: Олай болса, қалаған,
Жақтарыңа бар аман.
Қаздар қанаттарын жайып, жайылым арқылы үйлеріне ұшады, ал қасқыр үңгіршек жүгіріп шығып, оларды ұстауға тырысады. Ұсталған қаздар қасқырдың үңгіріне қарай жүреді. Бірнеше рет жүгірістен кейін қасқырдың ұстаған қаздарфын санайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.
« Қарағайлы ормандағы аю »
№14
Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын
мазмұны: Алаңның бір жағына аюдың іңі сызылады.
Екінші жағына үй белгіленеді, онда балалар тұрады. Тәрбиеші інде
отырған аюды таңдап алады. Тәрбиеші « балалар», серуендеуге
барыңдар! –дегенде балалар үйден шығып орманға барады. Олар хормен
мына өлеңді айтады.
Аю жүрген орманнан
Жидек тере мен барғам
Аю отыр гүрілдеп,
Жарамайды мұның,-деп
« Гүрілдеп» дегенде аю балаларды қуады. Аю кімге жетсе, сол ұсталған болады. Үйдің сыртынан асып кеткен балаларды ұстауға болмайды.
« Аңшылар мен қояндар »
№15
Мақсаты: Балаларды қоян болып секіруге, аңшыдан
қорғануға үйрету.
Ойын
мазмұны: Алаңның бір жағына аңшы, келесі жақта қояндарға
орын белгіленеді. Әрбір үйде 2-3 қоян болады. Белгі бойынша қояндар
үйінен шығып, жайылымда қос аяқтап, секіріп жүреді. Тәрбиеші: «
Аңшы» дегенде қояндар үйлеріне жүгіреді. Аңшы бала оларға доп
лақтырады. Доп тиген қояндар атылған болып саналады. Аңшы оны өзіне
алып кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.
« Аюлар мен аралар »
№16
Ойын
мазмұны: Омарта алаңның бір жағында болады. Бір шетте
аюдың, араның үңгірі. Ойыншылар тең емес екі топқа бөлінеді.
Көпшілігі бал аралары. Белгі бойынша аралар омартадан ұшып шығып
бал іздеп, шалғынға қарай ұшады. Олар ұшып кетісімен аюлар омартаға
жармасып бал жейді. Тәрбиеші: « Аюлар!»-дегенде аралар омартаға
қарай ұшады, ал аюлар үңгіріне қашады. Үлгере алмаған аюды аралар
шағып алады. Ара шаққан аюлар келесі ойынға қатыспайды.
« Тым-тырақай
»№17
Ойын
мазмұны: Ойнаушы балалар шеңберге тұрады да, бір баланы
санамақ айтып, ортаға шығарады. Балалар тәрбиешінің
белгісімен:
Ал, кәнеки балалар,
Бір, екі, үш-деп санаңдар
Бір, екі, үш—
Ал тараңдар-деп
Жан-жаққа бытырай қашады. Оларды ортада тұрған бала ұстап алу керек. Екі, үш бала ұсталған соң тәрбиеші бір, екі, үш деп санағанша балалар тез шеңбер құрып тұрады. Ойын қайта басталады
« Кім баяу
»№18
Ойын
мазмұны: Балалар тәрбиешімен бірге жүгіріп келе
жатыр. Күтпеген жерден тәрбиеші: « Ал кәне көрелік» . Сендердің
іштеріңнен кім өте баяу, аяқтың ұшымен жүре алады. Міне
былай-дейді. Балалар аяқтарының ұшын көтеріп, мүмкіндігінше жай
жүруге тырысады. Олар сол жүріп келе жатқан бағытта жүруді
жалғастыра береді. Содан кейін тәрбиеші білдірмей бір жаққа қарай
шегініп: « Ал енді бәрің де маған қарай жүгіріңдер»,-дейді. Балалар
тәрбиеші апайға жүгіреді. Тәрбиеші кімнің жақсы орындағанын айтып
мадақтайды.
« Соқыртеке » №19
Ойын бастаушы « Соқыртеке» болып белгіленген ойыншының көзін байлап, оны бөлменің ортасына апарып, бірнеше рет шыр-көбелек айналдырады, содан кейін былай деп сұрайды:
-
Мысық, мысық неде тұрсың? -
Күбіде. -
Не бар екен күбіде? -
Бар боп шықты ашытпа. -
Бізді емес, тышқанды ұста.
Осы сөздерден кейін ойынға қатысушылар жан-жаққа тарап қашады, ал «
Соқыртеке» оларды қуады. Ол кімді ұстаса, сол « Соқыртеке» болады.
Ойын тәртібі: Егер « Соқыртекенің» бір затқа соғылардай қаупі
болса, ойыншылар « От»! деп айқай салып, оған ескертеді. Бірақ бұл
сөзді « Соқыртекеден» қашып құтыла алмайтын жағдайға ұшыраған
ойыншының оның бағытын өзгерту үшін айтуына болмайды. Ойын
ережесінде бір заттың артына тығылуға немесе өте алысқа қашып
кетугей рұқсат жоқ.
Ойыншылар өздерін ұстатпау үшін « Соқыртекеден» жалтырып кете алады, тізе бүгіп немесе төрттағандап жүріп, құтылып кетуіне болады. « Соқыртеке» көзін байлаған орамалды шешпес бұрын, қолға түскен ойыншыны танып, есімін атауға тиіс.
« Доп кімде?»№20
Жүрісі: Бір бала жүргізуші болады. Бір бала ортада көзін жұмып тұрады. Қойған балалар шеңбер жасап, қолдарын артына ұстап, иықтарын тақап тұрады ( қолдары ішінен қарағанда көрінбеу керек ).
Сыртта жүрген бала сездірмей, шеңбердің сыртын айналып жүріп, бір баланың қолына ұстатады да өзі алысқа барып тұрады да « болды» дейді.
Ортадағы бала көзін ашып, шеңбердің ішінде тұрып, кімде екенін ( көзінің т.б) біліп айту керек. Тапса допты алады. Таппаса-басын шайқайды. Сол кезде добы бар бала теріс айналып, допты көрсетеді. Сенде-деген жоғары көтеруі тиіс.
« Қазан доп »
№21
Ойыншылар шеңбер жасап тұрып, әрқайсысы аяғының астынан диаметрі
0,5 кішкентай щұңқыр жасап немесе шеңбер сызып, алады да, сол
шеңбердің ортасына қолындағы таяқты бір ұшын тигізіп ұстап тұрады.
Шұңқырлардың арақашықтығы 1—2 м болады. Ойын бастаушы балалар
айнала тұрған шеңбердің ортасынан диаметрі 1м болатын үлкен шұңқыр
немесе шеңбер сызып алып, қолындағы гаяғымен кішкентай резеңке,
үлкен теннис не хоккей добын балалар тұрған шеңбердің сыртын айнала
жылжып, солардың біреуінің қазанына түсіруге
әрекеттенеді.
Егер балалардың біреуі келе жатқан допты қазанына түсірмеу ниетімен оны кері соғып жіберем деп, шұңқырын бос қалдырып қойса, ойын бастаушы оның шұңқырын иелене қояды. Ал қазансыз қалған әлгі бала ойынды әрі қарай жалғастырады. Егер бастаушы добын ортадағы үлкен қазанға түсірсе, ойыншылардың барлығы да тез орындарын ауыстыруға тиіс.
Мынадайда ойын бастаушы да бір орынға ие болып, орынсыз қалған бала, ойын бастаушы болады.
Ойын барысында допты тек таяқпен соғып, қазан-шұңқырларды да тек таяқпен қорғау керек.
Шұңқырларын аяқпен басып жүруге рұқсат
етілмейді.
« Қу түлкі »
№22
Жүрісі: Балалар бір-біріне бір адымдай ара
қашықтықта тұрады ( шеңбер жасап ). Балалар көздерін жұмып тұрады.
Тәрбиеші шеңберді айналып жүріп білдіртпей бір баланы түртеді. Сол
бала түлкі болады. Балалар көздерін ашып бір-біріне мұқият қарайды.
Қу түлкі сен қайдасың? Үш рет айтқанда қу түлкі ортаға қолын
көтеріп мен мындамын деп жүгіріп шығу керек. Барлық балалар
жан-жаққа қашады. Қу түлкі ұстап алуы керек.
« Тышқан аулау
»№23
Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Аз топ қол ұстасып шеңбер жасайды. Олар тышқан ұстаушылар. Қалғандары тышқандар, олар шеңберді айналып жүреді. Тәрбиеші « қақпаны аш » дегенде шеңбердегі балалар қолдарын босатып жоғарға көтеріп тұрады. Тышқандар өтіп жүреді. Тәрбиеші қол шапалақтағанда, шеңбердегілер қолдарын түсіріп, шеңбер ұстай қою керек. Ішінде қалғандары ұстаған тышқан алады. Олар жиналып шеңбер жасауға дайындалады, олар қақпан жасап тышқан ұстаушы болады. Ойын жалғаса береді.
« Қармақ »№24
Жүрісі: Балалар шеңбер жасап тұрады. Шеңбердің ортасында тәрбиеші. Ұшына құм салынған қапшық байланған жіпті төменнен айналдырады. Балалар мұқият қарап тұрады. Өзіне келгенде жіптен секіріп үлгере алмаған бала, ойыннан уақытша шығады. Жіптері кері бағытта да айналдыруға болады. Егер секіру қиын болса, кейін қарай секіріп кетуге болады.
« Қуғыншы »№25
Бір баланы қуғыншылыққа тағайындайды. Қалғандары әр жерге тұрады.
Тәрбиеші 1-2-3 қу дегенде қуғыншы қуады, қалғандары қашады. Қуғыншы қол тигізген бала шетіне шыға береді. 3-4 бала жиналғанша қуады. Содан соң ойын аяқталады.
Қайта қуғыншы дайындалады.
Ескертетін жайт: Қуғыншы басқа балаларды айыру
үшін қуғыншыға белгі беруі керек. Қолына лента немесе киім кигізу (
бөлек ) т.б
« Өрмекші мен шыбындар
»№26
Жүрісі: Бұл ойында бір баланы өрмекші етіп тағайындайды. Қалғандары шыбын болып ызыңдап шашырап ұшып жүгіріп жүреді. Тәрбиеші өрмекші келді деп сигнал бергенде балалар әртүрлі пішін жасап қатып қалады. Көзін жұмып аузын ашып т.б. бет әлпетін түрлі етіп тұрып қалуға болады. Өрмекші келгенде белгілі бір уақытта қозғалмауы керек ( көзі, беті де). Өрмекші қозғалып қойған, көзін қағып т.б. баланы іздеп ұстап алады. Ұсталған баланың бірі өрмекші болып ауыса береді.
« Айгөлек
»№27
Ойын көгалда, алаңда өтеді. Ойнаушылар көп болса, ойын соншалықты
қызық өтеді. Ойнаушылар тең болып екі топқа бөлінеді де арасы 15-20
адымдай қарама-қарсы екі сызықтың бойына қатарға тұрады. Екі жаққа
кере созылған бірінің қолдарынан бірі ұстайды. Ойын жүргізуші екі
топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы бірге көтеріңкі дауыспен
өлеңдетіп:
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдын жүзі дөңгелек
Теміршіден дем шығар
Үзеңгіден тер шығар
Ақ терек пен көк терек
Бізден саған кім керек?
Екінші топтың ойыншылары жауап береді.
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек
Теміршіден дем шығар
Үзеңгіден тер шығар
Ақ терек пен көк терек
Бізге мұнда Айдос керек.
Аты
аталған бала жүгірген бетімен шақырған қатардағы ойыншылардың
қолдарын жаздырып бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса,
онда ортаға келіп, өзі қолдарын жаздыра алмаған екі ойыншының
ұйғаруымен өнер көрсетеді. Болған соң қайтадан барып
тұрады.
« Жіптің үстімен доп лақтыру
»№28
Екі ағаштың немесе гимнастикалық бағанның арасына, баланың
көкірегінен асатындай биіктікте, жіп немесе сетка тартылады. Жіптің
екі жағынан, оған 1 м жерде сызық жүргізіледі. Балалар тобы ( екі
жағынан 4-6 адамнан ) сызықтың екі жағында бір-біріне қарама-қарсы
тұрады. Шетте тұрған балалардың біреуі допты қабылдайды.
Тәрбиешінің « Баста» деген белгісі бойынша ол допты, сетка арқылы,
қарсысында тұрған балаға
лақтырады. Ол допты
қабылдап,
жанында тұрған балаға жібереді т.б. Доп ең соңғы ойнаушы топтардың
қандай қателіктер жібергенін атап көрсетеді.
« Бақалар
»№29
Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек
форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай
тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан
орындықтарда отырады. Орындықта отырған балалармен бірге тәрбиеші
мынандай өлең айтады.
Бақалар басы қалтаңдап,
Шоршиды жолда талтаңдап.
Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ
Жүгіреді талтақтап.
Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады ( бақаларды шошытады), бақалар шалшық суға-қызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді.
Ойын аяқталған кезде, балалар рөльдерімен
алмасады.
« Трамвай »№31
Балалар бір-бірімен қол ұстасып, екі-екіден бөлменің қабырғасын жағалай немесе алаңның бір жағында калоннамен сапқа тұрады, жіптің шеті байланған. Тәрбиеші бөлменің кез келген бір бұрышында тұрады, қолында үш түсті: сары, қызыл, және жасыл жалауша. Тәрбиеші жасыл түсті жалаушаны көтереді, балалардың бәрі жүгіреді трамвай қозғалып, жүре бастайды. Балалар тәрбиешіге дейін жүгіріп келеді де жалауша алмаспады екен деп қарайды, егер жасыл жалау көтерілген күйінде тұрса, трамвайдың жүрісі жалғастырыла береді, егер сары немесе қызыл жалауша көтерілсе, балалар тоқтап, жасыл түсті жалаушаның көтерілгенін күтеді. Егер ойнауға талапкер көп болса, онда аялдама жасауға болады, онда балалар демалып, трамвайдың келуін күтеді. Трамвай аялдамаға жақындағанда, жүрісін баяулатады да тоқтайды, жолаушылардың бірі трамвайдан түсіп, екіншілері мініп жатады. Тәрбиеші жасыл жалаушаны көтеріп: жүруге рұқсат дейді
« Шар жарылды
»№31
Тәрбиеші мен он шақты бала қол ұстаса шеңбер жасап
«
пф-пф-пф»-деп қолдарын кере шеңберді үлкейтіп кеңейте береді.
Тәрбиеші « шар жарылды»-деп дауыстап қалғанда балалар қолдан жібере
салып «ой»-деп отыра кетеді. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнатып
балаларды қол ұстаса шеңбер жасап тұруға
үйретеді.
« Қараторғай ұялары
»№32
Алаңда дөңгелек шеңберлер сызылады: ойнаушылардың санынан біреуі кем болады. Бұл торғай ұялары.
Барлық балалар-қараторғайлар. Олар алаңда
емін-еркін жүгіріп ұшып жүреді. « Үйге қайтыңдар» деген белгі
бойынша барлығы ұяларға жүгіреді. Ал, балалардың ішінен біреуі
ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады. Тәрбиеші
ойынның аяқ кезінде ( балалар әлі жүгіріп жүрген кезде) тағы бір
дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы
бар болып шығады.
« Масаны ұста
»№33
Ойнаушылар бір-бірінен қол созымдай жерде дөңгеленіп, ортаға қарап тұрады. Қолына шыбық ұстаған тәрбиеші ортада тұрады. Шыбықтың ұзындығы 1-1,5м, оған картон қағаздан жасалған маса байланады. Тәрбиеші масаны шыбықпен балалардан жоғарылау етіп айналдырып өтеді. Маса үстерінен ұшып бара жатқан кезде, балалар оны ұстауға тырысып, секіреді. Масаны кім ұстаса: « Мен ұстадым»,-дейді. Бұдан кейін тәрбиеші шыбықпен балалардың үстінен тағы да айналдырады. Ойынды қайталап бастар алдында тәрбиеші балаларға 1-2 қадам кейін шегіну керек екенін ескерту керек, өйткені балалар масаны ұстаймыз деп секірген кезде шеңберді аздап тарылтады.
Шыбықпен масаны айналдырған кезде, тәрбиеші
балалар масаны ұстап алатындай биіктікте, біресе жоғарылатып,
біресе төмендетіп тұруы керек.
« Тақияға кім тез
жетеді?»№34
Балалар дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына тақиясын алып әуенмен жүреді. Әуен тоқтаған кезде, тоқтаған жердегі екі баланың ортасына тақияны тоса қояды. Екі бала екі жаққа шеңбер бойымен жүреді. Кім тақияға тез қолын жеткізсе сол жетеді. Жеткен бала жеңімпаз атанады. Осылайша ойын жалғасады.
« Кім шапшаң?»№35
Балалар саппен келе жатып, тәрбиеші белгі берісімен, жан-жаққа бытырап, ойнап кетеді. Екінші белгімен тез өз орындарына тұра қалады. Тәрбиеші «1,2,3» деп санағанша балалар тұрып үлгеруі керек. Кімнің тез, дұрыс тұрғанын атап айтылып, жаңылған балаға ескерту берілед
« Қояндар »№36
Залдың бір шетіне 5-6 үйшіктер сызылады. Олардың алдына орындықтар қойылады. Қарсы бетте күзетшінің үйі бар. Үй мен қояндар күркесі арасында ойнайтын алаңдар болады. Қояндар күркелерінде жүресінен отырады. Күзетші күркелерінен қояндарды жайылысқа шығарады. Қояндар секіреді, билейді, ойнайды. Тәрбиеші « түлкі» келіп қалар үйлеріңе қайтыңдар дегенде үйлеріне орындық астынан еңбектей өтеді. Ойынға шыққанда да орындық астынан еңбектей шығады. Ойынға шық дегенше күркелерінде отыра береді.
« Қыдыруға барайық
»№37
Балалар алаңның ( бөлменің ) жан-жағына қойылған орындықтарда
отырады. Тәрбиеші балалардың біреуіне жақындап келеді де, оны
өзімен бірге қыдыруға шақырады. Ол бала тәрбиешінің артына тұрады.
Тағы сондай. Тәрбиеші осылайша 6-8 баланы жинайды да олармен бірге
алаңда 1-2 айналып өтеді. « Үйге! Үйге!» деген белгі бойынша
балалар орындарына жүгіреді.
Тәрбиеші басқа балаларға
келеді,
ойын одан әрі жалғастырылады« Ұялардағы балапан құстар
»№38
Алаңның немесе бөлменің әр шетінде 3-4 ұя жасалады. Құстар ұяларға орналасады. Тәрбиеші белгісі бойынша олар ұяларынан ұшып шығады да ( кедергілерден аттап өтеді) алаңда ұшып жүреді. Тәрбиеші алаңның біресе ана жағында, біресе мына жағында құстар жем беріп тұрады: балалар жүресінен отырып, саусақтарының ұшымен тізесіін соғады ( дән шоқып жеген болады ). Бұдан кейін олар тағы аздап жүгіріп, ойнап жүреді, одан соң тәрбиеші: « Балапан құстар, ұяларыңа барыңдар»,-дейді. Балалар, жүгіріп тағы да кедергілерден өтіп өздерінің ұяларына отырады.
Ойын 4-5 рет қайталанады. Қайталанған кезде жаңа
қимылдар қосуға болады. Мысалы, шеңберден шығарда алдымен екі
аяғымен секіріп өтіп, одан кейін ұшуды ұсынуға
болады.
« Жалаушаны тап ( қайда тығылғанын тап
)№39
Балалар бөлменің қабырғасынан жағалай ұзына-бойына немесе алаңның бір жағына отырады. Тәрбиеші балаларға жалаушаны көрсетеді де, оны жасыратынын айтады. Тәрбиеші балаларға орындарынан тұрып, теріс қарауды ұсынады да жалаушаны жасырып: « Ал іздеңдер,»-дейді. Балалар тығылған жалаушаны іздей бастайды. Жалаушаны кім бірінші болып тапса, ол ойын қайталанған кезде жалаушаны жасыру құқығына ие болады. Жалаушаны балалар бірден таба алмайтындай етіп жасыру керек. Бірақ, егер балалар жалаушаны ұзақ уақыт таба алмаса, онда тәрбиеші жалауша тығылған жерге келіп, сол маңнан іздеуді ұсынады. Жалаушаны бала жасыратын кезде, оған дұрыс орын табуға көмектесу керек.
Жалаушаны басқа нәрсемен ауыстыруға
болады.
« Қасқыр қақпан
»№40
Балалар екі топқа бөлініп үлкендер « қақпа » екіншісі « қасқырлар » болады. Үлкен топтағы балалар қол ұстаса шеңбер құра жүріп өлең айтады.
Қасқыр түссе қораға,
Ұстамас бола ма
Қол ұстасып тұрайық
Қасқыр қақпан құрайық
Қане қақпан берік бол,
Қасқырды тұр жолатпай
Қасқыр, қасқыр келіп көр!
Қақпан, қақпан берік бол- дегеннен кейін қолдарын жоғары көтереді, осы сәтте « қасқырлар » шеңбер тасасындағы « қой » қораға лап қояды. Егер ойын басқарушының « жап » деген сөзінен кейін барлығы тез қолдарын түсіріп, отыра қойса, ортада қалған « қасқырлар » « қақпан » тобына қосылады. Ал өтіп кеткендері ойынды жалғастырады

